Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Ашық сабақтар

Махамбет – егемен елдіктің өшпес рухы
Сабақтың тақырыбы:Махамбет – егемен елдіктің өшпес рухы. 
Сабақтың мақсаты: 
1. Білімдік. Махамбет шығармашылығының тарихы негіздері туралы оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру, жинақтап қотыру. 
2. Дамыту. Тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді деректермен, дәйексөзбен дәлелдеуге жаттықтыру, өз пікірін қорғай білу дағдыларына төселдіру. 
3. Тәрбиелік. Туған жерді сақтау, оны аянбай қорғау сезіміне баулу, балалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, ұлттық намысты қалыптастыру. 
Сабақтың түрі: бекіту сабағы 
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, салыстыру, топтастыру, ой жинақтау, көрнекілік. Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің портреті, ақынға арналған сөздер, бүкпе қағаздары, көрме, түрлі үлестірмелі перфокарталар. 
Сабақтың барысы. 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Оқушыларды ұйымдастыру. 
2. сабақтың құрылымы мен мақсатын түсіндіру. 
ІІ. Сабақтың мақсатын таныстыру. 
Ой қозғау. Мұғалімнің кіріапе сөзі. Мұхтар Шаханұлының өлеңін оқу. ..... Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала. 
Әр адамда өз анасынан басқа Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада. 
Болу керек құдіретті төрт ана, 
Туған жері түп қазығы айбыны, 
Туған тілі – сатылмайтын байлығы, 
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі. 
Қадамына шуақ шашар үнемі. 
Және туған тарихы, еске алуға қаншама. 
Ауыр әрі қасіретті болса да 
Төрт анаға әнін жалғай алмаған. 
Пенделердің басы қайда қалмаған? 
Төрт анасын қорғамаған халықтың 
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған. 
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы. 
Төрт ана үшін болған күрес – күрестің ұлысы! 
ХҮІІІ –ХІХ ғ.-ғы қазақ халқының басындағы ауыр оқиға жер дауы, жер қайғысы, жер зары болды. Бірі Махамбет елді бостандыққа жеткізу үшін әрі ақын, әрі батыр болған сияқты. 
ІІІ. Оқушы білімін тексеру. 
1. Салыстыру әдісі бойынша оқушы білімін тексеру. (Венн диаг-ны толтыру) 
А) І. топқа: Дулат Бибитайұлы – Махамбет Өтемісұлының өзіндік ерекшеліктерін жазу. 
ә) ІІ. топқа: ХҮІІІ ғасырдағы әдебиет - ХІХ ғасырдағы әдебиет 
б) ІІІ. топқа ХҮІІІ ғ. тарихи жағдай. 
2. Топтастыру әдісі бойынша тапсырмалар. 
А) І. топқа: «Махамбет өлеңдерінің ерекшелігі» 
Ә) ІІ. топқа « Махамбет кім ?» (батыр, шешен, жырау жыршы, абыз, күйші, әділ би, ақын). 
Б) ІІІ. топқа «Махамбеттің өлеңдері» - шығ-ы. 
3. Сәйкестендіру тапсырмасы бойынша самантикалық картаны толтыру. А) І. Топқа: 
1. «Ереуіл атқа ер салмай» 
2.« Қара қазан, сары бала қамы үшін» 
3.« Арыстан одан кім өткен ?!» 
4.« Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» 
5. «Мұнар күн»

ә) ІІ. топқа: 
1. Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс. 
2. Махамбеттің түрмеге қамалған ж. 
3. Қиялымолада болған үлкен айқас. 
4. Исатай мен Махамбеттің хан ордасына 2-ші рет аттанды. 
5. Ардагер ақынның дүние салған жылы.

б) ІІІ. топқа: 
1. «Бірінші тілек тілеңіз» 
2. «Ей, Абылай , Абылай» 
3. « Айныман» 
4. « Толарсақтан саз кешіп» 
5. « Соғыс» 
Ерлікке үндейді 
Отанына деген сүйіспеншілігі 
Исатайдың батырлығы . 
Ақынның ішкі сыры. 
Ханға наразылығы. 
Махаббат тақырыбы. 

ХІХ ғасырдың І ж. 
1829 ж. 
1836 ж.14 сәуір 
1837 ж. 2 қараша 
1846 ж. 1855 ж. 
Б.жырау 
А.Құнанбаев 
Д.Бабатайұлы 
Шортанбай Қ. 
Кемпірбай А. 
М.Өтемісұлы 

4. Тесттік сұрақтарға жауап алу ( 6 сұрақ 4- жауап) 
5. Ой жинақтау әдісі бойынша тапсырмалар ( ой. жин. кер.) 
а) І топқа: ақынның тортретін жазу. 
ә) ІІ топқа: ақынға мінездеме жазу. 
б) ІІІ топқа: ақынның өміріндерегін жазу 
6. Махамбет ерлігі, ақындығы ұнады ма? 
–Махамбеттей болуға қабілетің жете ме? 
«Бес жолды өлең» - ақынға арнап өлең ұйқастыру. 
7.Бүгінгі күннің Махамбеті болсам кіммен, немесе немен күресер едім? (пікір талас). 8. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу. 
ҮІ. Сабақты қорытындылау, бекіту. 
1. Оқушы белсенділігін жинақтап, қорыту. 
2. Тақтаға жазып ілінген ақын туралы пікірлерді оқып, түсіндіру. 
3. Алған ұпайлары бойынша бағалау. 
4. Үйге тапсырма: «Аттанып едім көп үшін...» тақырыбында шығарма жазу.

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: nauriz (31.01.2014)
Просмотров: 1447 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4010
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!