Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Ашық сабақтар

Тапқырлар сайысы
«Тапқырлар сайысы» 5-8 сыныптар
Скачать с сервера (300.0Kb) ]

Тақырып: Тапқырлар сайысы

Мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру;математикалық ойлауын тереңдету. 
Жоспар:1. Командалардың өздерін таныстыру. 
2. «Бәйге» 
3. «Мен – саған, сен – маған» 
4. «Көкпар» 
5. «Шырпылар шытырманы» 
6. «Санап көр» 
7. Үй жұмысын тексеру 
8. Капитандар сайысы 
9. Қорытынды. 
Сайыстың барысы: 

Әр команда 7-9 оқушыдан құрастырылған. 1-ші команда Әл-Фараби, 2-ші команда Әл-Хорезми, 3 бастаушы, қазылар алқасы. 
1-бастаушы: Көңілді тапқыштар,білгіштер 
Бар өнерін алдарына салады. 
Кім білімді,көп оқыған болса егер 
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. 
2-бастаушы: Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп 
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп 
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау 
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек. 
3-бастаушы: Есептен сайысады қос команда 
Алға озар ең мықтысы осы жолда 
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ 
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.

1. Командалардың танысуы. 
А) Танысу 
Әл-Хорезми. 
Өнер қуған математик жастармыз 
Есебіңді лезде шешіп тастармыз. 
Командамыз өңшең тапқыр қырандар 
Ерен туған «Вундер кинд» бастармыз.

Келешектің үмітіміз талапты 
Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр, 
Сегіз қырлы,өнер асып туғандар 
Оза шауып бәйге атындай жарап тұр.

Әл-Фараби. 
Егеменді қазақтың біз ұланы 
Өз туы бар,елтаңба,әнұраны, 
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың 
Самғайтын биіктерге тау қыраны.

Бабамыз Әл-Фараби өзің қолда 
Жеңіс тек біздер болар осы жолда 
Достар-ау,сендер де бір қолпаштаңдар 
Отырған дәл алдыда,он мен солда.

Б)Амандасу

Әл-Фараби: Бастары компьютердей 
Бойлары бәрі бірдей 
Жастықты бірге өткізген 
Құрбыларға өрімдей – сәлем!

Әл-Хорезми: Құны бір құрдас 
Жаны бір жандос 
Тілегі бір, жүрегі бір 
Бірге өскен жолдас 
Сендерге де бір сәлем!

В) Ұраны

Әл-Фараби: Бір аллаға сыйынып 
Кел, балалар,оқылық.

Әл-Хорезми: Тартысайық сайыста күш жігермен 
Айырлысайық қимас бір дос көңілмен.

Г) Қазылар алқасы тілек 
Әл-Фараби: Төр ағасы төбе билер-жюрилер 
Әділетпен кеңес құра біліңдер.

Әл-Хорезми: Әділеттен аспаңыздар 
Қиянатқа баспаңыздар. 
2. «Бәйге» 
Екі командаға сұрақ қойылады.Әрқайсысының жауабы тыңдалады.Дұрыс жауап бағаланады. 
1. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке 
Мықты болсаң,қанша екен тез есепте 
Алдында екеу,екеу келеді артында 
Екі-екіден келеді қос бүйірде. 

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: nauriz (04.11.2012)
Просмотров: 2480 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4010
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!