Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Курстык жумыстар

Тауарлы материалдық қорлар
Жоспар 
Кіріспе.
1. Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы. 
2. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу. 
3. Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу. 
4. Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі. 
5. Тауарлы – материалдық қорлар синтетикалық есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі. 
6. Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған . Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер. 
Тауарлы –материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады: 
1.Тауарлы –материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру. 
2.Тауарлы –материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу. 
3.Тауарлы –материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау. 
Курстық жұмыста «Энергия плюс» ЖШС практикалық материалдары қолданылған. 
«Энергия плюс» ЖШС 14 сәуірде 2003 жылы Қарағанды облысының Басқару юстициясында тіркелген. Серіктестік қызметінің мақсаты тауарлар нарығын кеңейту, пайда табу, қоғам қажеттігін қанағаттандыру. Энергия плюс» ЖШС негізінен мынадай іс –қызмет түрімен айналысады: 
- коммерциялық қызмет; 
- жанаржағар май сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудалау, сату; 
- күрделі құрылыс жұмыстары, жөңдеу, монтаждау жұмыстары; 
- көлікпен қамтамасыз ету; 
- қоғамдық тамақтандару пунктері мен азаматтардың демалыс орындарын ашып, олардың жұмысын ұйымдастыру; 
- ҚР заңында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері. 
Өз қызметінің барысында «Энергия плюс» ЖШС -ң қолданыстағы бухгалтерлік есептің негізгі заңдарын, бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспарын, қолдана отырып шаруашылық операцияларын жүзеге асырады. 
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – жоғарыда келтірілген міндеттерді және «Энергия плюс» ЖШС тауарлы –материалдық қор есебін ұйымдастыру мен оны одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады. 
Курстық жұмыста Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары, периодикалық басылымдар пайдалынады. 
1. Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы. 
Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет. 
13.11.96 жылғы № 3 бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар – бұл: 
1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар; 
2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау; 
3. Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер. 
Соған сәйкес тауарлы – материалдық қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады: 
II. Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс) 
III. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды. 
IV. Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді. 
V. Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар. 
VI. Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді. 
VII. Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді. 
VIII. Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар. 
IX. Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар. 
Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, №7 БЕС қарастырылған 4 әдістің бірін қолданамыз: 
- арнайы (идентификациялау) әдісі 
- орташа өлшемді әдіс – қорларды бастпқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі (Фифо) 
- қорларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі (Лифо) 
Мысалға, тауарлы – материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалаудың әдістерін қарастырылып отырған «Энергия плюс» ЖШС 2003 ж 1 қаңтарында қалған материалдар саны: 
- цемент – 200 тонна 60000 теңге шамасына; 
- бензин – А-95 – 100 литр 45000 теңге шамасына.

Күні Цемент Бензин А-95 
Кіріс шығыс кіріс шығыс 
Саны тонна 1 литрдің бағасы тенге Саны тонна Саны литр 1 литрдің бағасы тенге Сомасы, теңге Саны, литр 
Ай басына қалдық 20 3000 60000 100 45 4500 
Кіріс/шығыс 
02.01.03 10 3100 31000 15 50 
05.01.03 2 3200 6400 300 46 13800 
11.01.03 10 150 
20.01.03 17 3400 57800 500 45 22500 
25.01.03 12 300 
27.01.03 19 3400 64600 100 
28.01.03 100 
29.01.03 200 47 9400 100 
Кіріс/шығыс 48 - 159800 37 1000 - 45700 800 
Барлық қалдық пен кіріс 68 - 219800 * 1100 - 50200 * 
Ай соңындағы қалдық 31 * 300 * 


Есептен шығарылған материалдардың құны және екі ай соңына қалған материалдардың қалдығы әртүрлі әдіс бойынша жеке анықталады. 
Есептік кезеңнің соңына материалдардың қалдықтарының құнын анықтау үшін есептеу жолымен шығарылған формуланы пайдалану мүмкін: 
Есептік кезең соңында есептік кезеңнің қалған материалдардың = бастапқы қалдық + қалдықтарының құны + кіріс болған материалдар – шығыс болған материалдар. 
Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс негізінде материалдық қорлардың құны – ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелетін орташа бағасы түсіндірілген. 
Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы мынадай: 
Орташа құны = ∑ м.қ + ∑алын / К м.қ + К алын 
Мұндағы: 
∑ м.қ. – есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық құны; 
К м.қ.-есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық саны; 
∑алын – алынған материалдардың құны; 
К алын – алынған материалдардың саны. 
Біздің мысалда цементтің орташа өлшемдік құны мынаны құрады: 
60000 + 31000 + 6400 + 57800 + 64600/ 20 + 10 + 2 + 17 + 19 = 219800/68 ≈ 3232,35 теңге 
Орташа өлшем құнын, жұмсалған материалдардың санына көбейтсек [3232,35*(15+10+12) = 119996,95 теңге], ол да біз жұмсалған материалдардың құнын аламыз, ал ай соңындағы материалдардың қалдық санын орташа өлшем құнына көбейтіп – қалдық құнын аламыз. Цементтің ай соңына қалған қалдық құны – 100203,05 теңге құраған (31 тонна * 3232,35 теңге немесе 600000 +159800 – 119596,95). Тап осындай жолмен бензиннің де орташа өлшенген құнын шығарамыз. 
4500 + 13800 + 22500 + 9400 /100 + 300 + 500 + 200 = 50200/1100 ≈ 45,63 теңге 
Жұмсалған бензиннің құны 45,63 теңге * (50 + 150 + 300 + 100 + 100) = 36504 теңге. 
Қалдық құны 300 300 * 45,63 теңге немесе 4500             + 45700 – 36504       = 13696 теңге. 
Цемент 
Б.қ.: 20 тонна * 3000 бағасы = 60000 теңге 
Кіріс 
10 т * 3100 теңге = 31000 теңге 15 т * 3000 теңге = 45000 теңге 
2 т * 3200 = 6400 теңге 10 т * 5 т (20-15) * 3000 теңге = 15000 теңге 
5 т * 3100 = 15500 теңге 

Жиыны – 30500 теңге 
17 т * 3400 теңге = 57800 теңге 12 т – 5 т(10-5) * 3100 =15500 теңге 
19 т * 3400 теңге = 64600 теңге 2 т * 3200 = 6400 теңге 
5 т * 3400 = 17000 теңге 

Жиыны

Кіріс жиынтығы 159800 теңге Шығыстың жиынтығы 114400 теңге

"Фифо” әдісі – босасқыларды алғашқы сатып алу бағасы бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген – бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алғанның құнына негізделеді. Біздің мәлімет негізінде "Фифо” әдісі бойынша соңғы қалдықтың және жұмсалған материалдың құны мынаны құрайды: 
Ай соңында қалған қалдығы 31 тонна (17-5+19) * 3400 (1 тоннаның бағасы) = 105400 теңге. 
Бензин 
Бұл жерде де цементтің есебіне ұқсас етіп шығарылады. 
Соңына қалдығы 30 литр (200 * 47 және 100 * 45)/200 * 47 = 9400 теңге; 100 * 45 = 4500 теңге; 
Жиыны 13900 теңге. 
Шығыстың құны: 4500             + 45700 – 13900       = 36300 теңге немесе 50 литр * 45 теңге = 2250 теңге; 
150 литр * (50 литр * 45 теңге, 100 литр * 46 теңге )=6850 теңге 
300 литр * (200 литр * 46 теңге , 100 литр * 45 теңге )= 13700теңге 
100 литр * 450теңге = 4500 теңге 
100 литр * 45 = 4500 теңге 
100 литр * 45 = 4500 теңге 
Шығыс жиынтығы: 36300 теңге

"Лифо” әдісі - қорларды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі.Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ол ай соңындағы қорлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құны бірінші бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс.Менің мысалымда "Лифо” әдісінің көрсеткіштері мынандай болады: 
Цемент 
Б.қ. 20 тонна * 3000 бағасы = 31000 теңге 15 т * 3400 теңге = 51000 теңге 
2 т * 32000 теңге = 64000 теңге 
10 т * 3400 теңге = 34000 теңге 
12 тонна = 40600 теңге 
11 т * 3400 теңге = 37400 теңге 
1 т * 3200 теңге = 3200 теңге 
17 т * 3400 теңге =57800 теңге 
19 т * 3400 теңге = 6400 теңге

Кіріс жиынтығы: 159800 теңге Шығыс жиынтығы: 125600 теңге 
Соңғы қалдығы: 20 т * 3000 = теңге 
31 тоннаның құны 94200 теңге 10 т * 3100 = теңге 
1 т * 3200 = теңге 
Бензин 
Б. қ.: 100 * 45 = 13800 теңге 50 * 47 теңге = 2350теңге 
500 * 45 теңге = 22500 теңге 150 * 47 теңге = 1050 теңге 
300 * 45 теңге = 13500 теңге 
100 * 45 теңге = 4500 теңге 
100 * 45 теңге = 4500 теңге 
100 * 46 теңге = 4600 теңге 
200 * 47 теңге = 94500 теңге

Кіріс жиынтығы: 45700 теңге Шығыс жиынтығы: 36500 теңге

Соңғы жиынтығы: 300 литр құны 13700 теңге 200 * 46 теңге 
100 * 45 теңге 
Арнайы идентификациялау әдісі. Бұл әдіс запастардың есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады. Менің мысалымда цементтің шығысы мынадай болды делік: 
Б.Қ-ң 15 тоннасы *300 теңгемен - 4500 02.01.02. күні келіп түскеннің 12 тоннасы * 3100 20.01.02 келіп түскеннің 12 тоннасы * 3400 - 40800 
Шығыс жиыны 
Цемент қалдығынан қалғаны: 
Б.қ.-тан 5 * 3000 - 15000 теңге 
2 * 3200 - 6400 теңге 
20.10.02 келіп түскен 5 * 3400;(12-17) - 6400 теңге 
19 * 3400 - 1700 теңге 
Ай соңына қалған цементтің құны - 103000 теңге 
Бензин бойынша: 
Қалдықтан қалған 50 л * 45 теңгемен босатылған - 2250 теңге 
05.01.02 күні түскеннен 150 * 46 - 6900 теңге 
20.01.02 күні келіп түскеннен 300 * 45 - 13500 теңге 
20.01.02 күні келіп түскеннен 100 * 45 - 4500 теңге 
20.01.02 күні келіп түскеннен 100 * 45 - 4500 теңге 
05.01.02 күні келіп түскеннен 100 * 46 - 4600 теңге 
Шығыс жиыны - 36250 
Бензиннің қалдығынан қалғаны: 
Б.қ.-тан қалғаны: 
Б.қ. 50 * 45 - 2250 теңге 
05.01.02 күні келіп түскеннен 50 *46 - 2300 теңге 
29.01.02 күні келіп түскеннен 200 * 47 - 9400 теңге 
Ай соңына қалған бензиннің құны - 13950 теңге

Енді сапасын бағалаудың тәсілдерін салыстыруға болады:

Көрсеткіштер Орташа өлшемдердің құндық тәсілі "Фифо” әдісі "Лифо” әдісі Арнайы идентификациялау әдісі 
1 2 3 4 5 
Цемент

Запастардың шығысы:

Бірлік саны 

Құны, теңге 

37

119596,95

37

114400

37

125600

37

116800 
Қорлардың ай соңында қалдығы: 
Бірлік саны

Құны,теңге

31

100203,05

31

105400

31

94200

31

103000

Бензин А 95

Запастардың шығысы:

Бірлік саны

Құны,теңге 
800

36504

800

36300

800

36500

800

36250 
Запастардың ай соңында қалған қалдықтар:

Бірлік саңы

Құны, теңге 
300

13696

300

13900

300

13700

300

13950 
Жоғарыда келтірген кестеден көріп отырғандай, тауарлы – материалдық қорларды бағалаудың дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның таза табысын да, тұтас табысында , қаржылық жағдайына да мәнді әсер етуі мүмкін. Сондықтан оларды таңдағанда салыстырмалы қағиданы ұстаған жөн. Бір әдістен екінші бір әдіске көшер алдында, яғни екіншісінің біріншісінен басымдылығымен қатар мына жағдайларды да сақтау керек: 
- шаруашылық жүргізуші субьектінің есептік саясатына өзгерістерді енгізу; 
- бір әдістен екіншісіне көшуді, есепті жылдың басынан бастап енгізу; 
- дер кезінде тауарлы – материалдық қорлар қалдықтарына да және өткен жылдардың тартылмаған табысына да түзетулерді енгізу. 
Материалдың босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Қорлар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары қолданылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді : 
1310 «Шикізат және маиериалдар»; 
202 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар»; 
203 «Отын»; 
204 «Ыдыс және ыдыстық материалдар»; 
205 «Қосалқы бөлшектер»; 
206 «Басқа материалдар»; 
207 «Қайта өңдеуге берілген материалдар»; 
208 «Құрылыс материалдары». 
1310 «Шикізат және материалдар» шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар есепке алынады. 
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдың есебі бойынша аналитикалық шоттар аша алады. Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс шоттарда есепке алады. (002,003). 
Атап көрсетілген шоттар дебеті бойынша әртүрлі көздерден түскен тауарлы – материалдық қорлар операциялары, ал кредит бойынша тауарлы - материалдық қорлардың әртүрлі бағыттар бойынша шығарылу операциялары көрсетіледі. Шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа қосалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі.Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есеп – тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған) көрсетіледі. 
Мысал. «Шығыс» АҚ аяқ киімді өңдеу үшін, сары ЦЛ терісін жабдықтаушыларға тапсырыс берген, оның 1 дм 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім шарт жасақан соң, «Шығыс» ААҚ-на тапсырыс берген материалы келіп түскен. Барлық келіп түскен терінің мөлшері 3555,6 дм құраған, ал оның сомасы 3200004 теңге болған. Тасымалдау шығыны (түсірушілер жалақасы – 300000 және әлеуметтік - 56700 
( 300000-300000*10%*21%)) 356700 теңге құраған. Түсіруге дейінгі қоймада сақтау шығыны 630000 теңге құраған. «Шығыс» ААҚ теріні өңдеудің тәсілін жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңгеге дейін түсірген, нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы 16,67 % төмендеген. 
Біз бұл мысалда алынған терінің өзіндік құны 4545324 теңге немесе 1 дм –ты 127,84 теңге құраған: 
- сатып алу бағасы - 2758624 теңге (ҚҚС – сыз) 
- ҚДШ - 1156700 теңге (800000 + 356700); 
- Сақтау шығындары - 630000 теңгк. 
Енді біз осы операциялар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясын қарастырып көрейік. 
Рет № Шаруашылық операциялардың мазмұны Сома, мың, теңге Шоттар корреспонденциясы 
Дебет Кредит 
1 2 3 4 5 
1. ТМҚ жеткізіп беру үшін жабдықтаушыға аванс берілген 3200004 1610 1040 
2. Жабдықтаушыдан сары тері алынды: 
- материалдардың құнына 
- ҚҚС – ның сомасына

6. Таза сатылған құнына дейін материалдардың құны есептен шығарылды. 
Өзіндік құны 4545324 теңге болған. Таза сатылған құны 2300447 (3555,6*64,7) теңге құраған (ҚҚС-сыз). Материалдардың өзіндік құны оларды алумен байланысты шығыстарын қоспағанда 275864 теңге құраған. Таза сатылған құнының арасындағы айырмасы 4158177 теңге құраған (2758624 – 2300447)

2. Тауарлы –материалдық қорлардың түсуін құжатпен рәсімдеу.

Тауарлы – материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақатрдан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан. 
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы – материалдық қорды алған кезде алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде мынадай типтік құжаттар пайдалынады. 
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат беріледі.Біздің сенімхатымызға сүйенетін болсақ, «Энергия плюс» ЖШС атынан берілген №26 сенімхат №1 қосымшада берілген. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М – 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын -ала нөмірленген және түптелегн Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны төменде берілген. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғаға сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады. 
Бір қоймаға жататын тауарлы – материалдық қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладной нөмірі, күні көрсетілуі тиіс. 
Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Жабдықтаушылар тауарлы – материалдық қорларды босатқан кезде, әрбір жіберілген тауарлы – материалдық қорларды бақылау жасау үшін пайдалынады. Ал 3-шісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы- материалдық қорларды босатып біткен соң ең соңғы партиясының құжаттырмен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырылады. 
Жабдықтаушылардан сатып алушының қоймасына автотранспортпен ( қосымша №2) тауарлы –материалдық қорларды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалдары материалды жауапты тұлғасы жабдықтаушылардың экспидиторынан алған тауарлы –материалдық қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы – көліктік накладной мәселесімен салыстырады, ол екі дана жасалады. Егер олардың мәлімдемесінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, тауарлы –материалдық қорлар қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты адамда қалады. Ал егер сомасы мен санында айырмашылық болса, Акт жасалады. Ол екі дана қылып жасалады және оған жауаптылары қол қояды. 
Тауарлы – материалдық қорларды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелетін жүктердің операцияларына ұқсас болып келеді. 
Тауарлы – материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады: 
- шот фактура (№3 қосыша), онда: тауар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарлы – материалдық қорларды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген тауарлы – материалдық қорлардың атаулары мен саны құны, акцизделетін тауарлы – материалдық қорлардың сомасы т.б. 
Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдалынады. Ол бір ғана данада жазылады және ол қоймаға келіп түскен кезде толтырылады. Қосымша №4. 
Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады. Құндылықтарды қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, ал екіншісі – жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін , жабдықтау бөліміне жіберіледі. 
Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі Акт –ге тіркеледі. Екі данасы толтырылады, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға, ал екіншісі – бөлімшеді қалады. 
Материалдардың бөлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі. Кәсіпорындарда сынудың , бүлінудің, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен шығару үшін пайдалынады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1- ші дана бухгалтерияға жіберіліп, 2-шісі данасы бөлімшеді қалады. 
Сауда мекемелерінде тауарларды қабылдау, біріншіден кімнен тауар жеткізілген және ол қандай түрде – упаковка жасалған немесе упаковкасы алынған күйде ме. 
Сандық және сапалық тауарды жергілікті жабдықтаушылардан қабылдағанда жабдықтаушының қоймасында егер тауарлар менеджерлермен немесе жүргізушімен, онда қоймада, егер тауарлар көліктік жеткізушілермен әкелінсе. 
Тауарларды саны мен сапасы бойынша сату кәсіпорындарда боса, тауарлардың «тауарлардың сапасы мен саны және өнімнің қабылдауы»бекітілген тәртіпке сүйене отырып қабылданады, ол ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен бекітілген 
№ 1240 09.11.1994 ж және т.б. нормативтік актілерге байланысты. Тауарды қоймадан мекеме өкілі алуы үшін ол міндетті түрде сенімхат және куәлік көрсетуі тиіс. Жабдықтаушылармен тауар жіберілген кезде сенімхат алынады, ол менеджерге керекті тіркемелі құжаттар және тауарларды қабылдағанда жатғқан тауарлар қабылдағанда тауар көлемі, сапасы құжатқа сәйкес тексеріледі. Егер қабылданып жатқан тауар упаковка ішінде болса, онда міндетті түрде ілеспе құжат жазылуы тиіс «Тауар массасы брутто және орын мөлшері нақты тексерілмеген» және «Тауар құжаттама келтірілген сапаға сәйкес нақты тексерілмей қабылданды», бұл құжат тапсырған және қабылданған адамдардың қолдарымен рәсімделеді. 
Егер тауарларды қоймаға жабдықтаушы немесе жүргізуші үш – төрт тауарлы – көлік накладнойымен жеткізеді. 
Түскен тауарларды қоймада қабылдауды қойма меңгерушісі және МЖА сапасы және санын тексеріп қабылдайды. Жергілікті жабдықтаушылардан тауарларды қабылдау мерзімі тауар түскеннен бастап 10 күн, басқа қалалардағылардан – тауарлар станцияға түсу күннен кейін – 20 күн. Тез бұзылатын тауарларды 24 сағат ішінде сапасы мен санына сәйкес қабылданады. Егер тауарды қабылдау мерзімі кешіктірілсе, ол тауарайналымының көлемі азаюына әкеледі, ол дегеніміз шығындардың ұлғаюына және табыстың азаюына әкеліп соғады. Қабылдап алынағн қоймадағы тауарларды бағытталағн түрде тіркейді, ал ілеспе жабдықтаушы тауарлардың құжаттарырын қолдана отырып. Бұл үшін қойма меңгерушісі арнайы штамп қояды, онда келесілер көрсетіледі: 
Тауар қабылдау күні, нөмірі және ілеспе құжат күні, нақты өзіндік құны және бөлек ыдыстар, ал материалды жауапкершілік адам қолымен расталады.

Бұндай тауар қабылдауды құжаттық рәсімдеу тәртібі рационалды болып саналады, сондықтан құжат санын азайтып, оларды құруға жұмсалатын шығындарды азайтады. Егер тауар қабылдау бойынша келіспеушілік туындаған жағдайда бекілген тәртіпте акті жазылып, арнайы комиссия құрылады. Ол үшін шешім комиссия шешімміен сәйкес шешіледі. 
Тауарлы – материалдық қорларды жабдықтаушы жөнелткенде оған келесі құжаттар толтырылады: 
Тауарлық, есептік жіне көліктік. 
Тауарлық құжат – деп, жіберілген тауарлар саны мен сапасы, яғни толық мәлімет беріледі. Оларға: шоттар, счет – фактуралар, тауарлы – көліктік накладнойы, спецификасы. Жүк жіберуші түбіртегі және т.б. 
Есеп айырысу құжаттары – бұл түскен тауарларды түсіргенде есеп айырысу және жүк жіберушімен олар банқа беріледі. Мұндай құжаттарға: төлем талап – тапсырмасы. 
Көліктік - бұл құжаттар тасымалданған жүк көлемін және айқындайды және көліктік қызмет және көліктік органдарға есеп айырысуға арналған құжаттар.Тасымалдау үшін қолданылатын транспорт түрі: 
- теміржол накладнойы – теміржол көлігімен тасымалдайтын тауарлар. 
- Тауарлы – көліктік накладнойы – автокөліктік тасымалдайтын тасымалдайтын тауарлар екі бөлімнен тұрады: тауарлардың – транспорттық; 
- Коносамент – су жолымен тасымалданатын тауарлар; 
- Авиа накладнойы - әуе жолымен және су жолымен тасымалдайтын тауарларды жеткізгенде беріледі. Счет – фактураны сепке алу «Счет – фактураны тіркейтін журнал», бұл журнал есеп беру мерзіміне сәйкесті келесі түрде жүргізіледі. 
Тауар түріне байланысты және оның счет – фактурасын немесе тауарлы – көліктік накладнойыа жабдықтаушы көптеген басқа құжаттар беріледі, бір бөлігі мөлшерді растайды және түскен тауарлар санын, ал басқасы – сапасы және т.б. тауарлар бірлігі. 
ҚР заңына сәйкес «Стандартизация және сертификация жайлы» тауарлардың халық тұтыну үшін сертефикация жасалынады, ол тізімді Республика Парламенті тағайындайды. 
3. Тауарлы – матениалдық қорларды босатқанда рәсімделетін құжаттар.

Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай – ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Тауарлы – матералды қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады. 
Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді: 
Лимиттік – жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап –актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы, накладной. 
Жабдықтаушылар тауарларды босатқан кезде әрбір жіберілген бөлігіне 3 данада накладной (№5 қосымша) жазады. Онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі.Тауарларды босатып біткен соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға тапсырады. 
Лимиттік - жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдалынатын құндылықтарды бостау, сондай – ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және олрады есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік жинақмата карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік – жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да бостаылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылды. 
Қоймашының лимиттік – жинақтама картасын цех өкілі, ол цехтың лимиттік – жинақтама картасына қоймашы қол қояды. Цех өнім қорларды алу кезінде тікелей материалдар есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы лимиттік – жинақтама картаға қол қояды. 
Материалдарды айырбастауға арналған талап – актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай –ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: біріншісі алушыға, ал екінщісі – қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне – алушының өкілі қол қояды. 
Материалдарды босатуға арналған талап накладнойы. Босалқыларды субъектінің өз ішіндегі қозғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынан тыс жердегі шаруашылықтарына, сондай – ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдалынады. 
Ол екі дана дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда данасын алушыға, екіншісін – қоймаға, кейінірек бухгалтерияға өткізіледі. Бір данасы қоймаға, ал екіншісі цехқа құндылықтарды кіріске алуға негіз бола алады. 
Кәсіпорынның аумағынан тыс жерде орналасқан өз шаруашылықтарына немесе басқа мекемелерге материалдық құндылықтарды босатқан кезде талап – накладной келісімдердің, нарядтардың және басқа тиісті құжаттардың негізінде дайындалады. Бірінші данасы қоймаға материалды қоймаға босатуға негіз болады, ал екіншісі материалды қабылдап алушыға беріледі. Материалды босатқан кезде өзі алып кететін жағдай туса, алушы қол қойған талап-накладнойды, сондай-ақ егер қорлар кейін төленетін болып босатылып жатса, қоймашы есеп айырысу төлемдік құжаттарын толтыруға бухгалтерияға жібереді.

4. материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі.

Тауарлар мен ыдыстардың саны мен сапасын және ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін материалдардың жауапкершілік енгізілген және ол жүктелген қызметкерлер материалды жауапты тұлғалар деп аталады. 
Қоймадағы материалдық босалқыларды есепке алуды материалды ееспке алуды материалды жауаптыц немесе олардың келісімдерін жұмысын атқаратын есепшілер (операторлар) материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларында жүргізеді. Босалқылардың әрбір номенклатурысының нөміріне жекелеген карточкалар ашады да, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі. 
Алған карточкаларда қоймада материалдардың сақталатын орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады. Материалдарды ескере алудың толтырылған карточкасы төменде келтірілген. 
Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасының деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді. 
Бухгалтерияға берер алдында жазбалардың дұрыстығы және карточкадағы қалдықтардың шығарылуы қойманың өзінде тікелей тексеріледі. Материалдық құндылықтардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды бухгалтер қоймадағы «Құжаттарды қабылдау - өткізу тізімінің» негізінде қабылдайды. Тізім реестрдің нысаны төменде келтірілген. 
Жетіспеушілік және материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлауы тиіс. 
Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарының есепке алынатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстыра отырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынтығын бухгалтерияға қайтарады. 
Сөйтіп, қойма меңгерушісі материалдарды есепке алуға, олардың карточкаларын жүргізуге, құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп кітабынның қалдықтарын шығаруға міндетті. 
Есеп беру түрлері мен мәні. Материалды жауапты адам басшы тағайындаған белгілі бір мерзімде бухгалтерияға бірінші ретті кіріс және шығыс құжатын есеп беру ретінде тапсырып отыруы тиіс. Ол әрбір шаруашылық операциялар тауадың шығуы және түсуімен байланысты болады. Тауардың түсуі мен шығуы көлемі мен жиілігіне байланысты болады. 
Қызмет жасау саласына байланысты көтерме сауда кәсіпорында тауарлар түрі, тауарлық операциялар көлемі және құжат айналымы көп болғандықтан, аналитикалық есепке алу тауарларды бухгалтерияда материалды жауапкершілікті адамдар тіркемелелі құжаттарды тапсыру реестрі немесе тауарлап есеп беруді құрайды. Реестрда тек кіріс және шығыс құжаттарының аттары, олардың нөмірлері мен күні көрсетіледі. Соңында, құжаттар мөлшерін көрсетеді. (қосымша №7) Реестр – тек құжаттар тізімі, онда т.б. мәліметтер болмайды. Көтерме сатуда көп тараған және МЖА тауар қозғалысының есеп беру үлгісі «Тауарлық есеп беру», ол тауарлардың қордағы қозғалысын және қалдығын көрсетеді. 
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары бухгалтерлік есепке қаржылық – шаруашылық іс - әрекетке енгізгеннен бастап тауарлы операцияларды есепке алу әдісі өзгерді. Тауар түскенде бір бөлек шотта салық қосылған сома мөлшерін айқындайды, жіберушілерге орын толтыратын, сатып алғанда тауарлар екі бағада көрініс табады. Сату құнымен және бұл тауарлар МЖА-н есеп бағасымен алынып тасталады. Көтерме баға мен бөлек сату кәсіпорындарда өзгерісті ескере отырып келесі унифицияланған формадағы тауарлық есеп беруді төменде көрсетіп өтемін . Онда құру және толтыру тәртібінің ерекшелегі көрсетіліп өтіледі. Тауарлық есеп беру болады.304-305бет. 
Кәсіпорында кіші көлемде тауар кезінде МЖА және тауар жіберіп тұрғанда кіпріс- шығыс накладнойы екі көшірмеде жасалады. Бірінші көшірме тауар қабылдаған адамға жіберіледі, ал екіншісі - қоймада қалады. 
Әрбір МЖА есеп беруі аналитикалық тауарлар есебі, қаржы құралдардың есебі, ол қол астындағы тауарлардың көлемін айқындап отырады. 
МЖА есеп беруі кәсіпорында қандай үлгіде болмасын бірнеше бөлімнен тұрады. Есеп беру бастапқы бөлімді толтырудан басталады, онда кәсіпорынға аты мен нөмірі (бөлім, секция), фамилиясы және МЖА аты –жөні, айлық тауар айналым жоспары және тауарлы қалдықтардың нормативі; ол норматив мекеме басшының тағайындалған мөлшеріне сәйкесті келеді, есеп беру нөмірі және есеп беру мерзімі, қай мерзімге есеп беру құралатыны көрсетіледі. 
Есеп беру жыл басынан жыл соңына дейін МЖА-м бірінші нөмірден бастап нөмірленеді. Егер МЖА жұмысқа жыл ьасынан кіріспесе, сол жұмыс бастаған күннен бастап нөмірленеді. 
Есеп берудің келесі бөлімінде есеп беруде тауарлар мен ыдыстардың есеп беру жыл басына қалдығы жазылады, ол қалдықтар тексерілген және қабылданған бекітілген тәртіпке өткен жыл бойынша «Есеп беру мерзімінің аяғына қалдығы» немесе инвентаризациялық тексеруден алынады. Қалдықтар және тауарлар есеп беруінде мекеме есептік саясатын аналитикалық есеп есептік бағасымен көрсетіледі. МЖА көтерме кәсіпорында тауарлық есеп беруде бірінші бес бөлімдерін кіріс жән ешығыс бөлімінде толтырады, онда жеке нөмірі және кіріс және шығыс құжаттарының күні, жабдықтаушылардың және сатып алушыларды аттары, тауарлардың нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. 
Кіріс бөлімінде есеп беру әрбір кіріс құжатының әр бөлек жолда сол күнде жасалған операцияларға сәйкес пайда болу көздерімен түсуі, нөміріжәне құжат күні, нақты өзіндік құн бойынша қабылданған тауарлар және қабылданған ыдыстарды әрбір құжат бойынша. Б
Категория: Курстык жумыстар | Добавил: Frenzy (16.12.2012)
Просмотров: 2995 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4010
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!