Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Математика

Жиындардың берілу тәсілдері
ЖИЫНДАРДЫҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ

 

Егер кез келген объектінің жиынға жататыны не жатпайтыны туралы айта алсақ, онда жиын берілді дейміз. Жиынды оның элементтерін атап шығу арқылы беруге болады. Мысалы жиын 1, 2, 3, 4, 5 сандарынан тұрса, ол жиынды былайша жазып көрсетеді А = {1,2,3,4,5}.

Осы жиынды басқаша да тәсілмен беруге болады А = {x / x Î N < 6}. Мұнда жиынның элементтерінің сипаттамалық қасиеті көрсетілген, яғни 6-дан кем барлық натурал сандар жиыны берілген. Бұл жиын екінші тәсілмен беріліп тұр, атап айтқандк жиынның элементтері натурал сандар және 6-дан кіші болу қасиеттері көрсетілген. Жиынды осы тәсілмен бергенде фигуралы жақшада оның элементі көрсетіліп, тік сызықтан кейін жиынның элементтерінің сипаттамалық қасиеті жазылады.

Элементтерінің саны аса көп болмаған жағдайда шекті жиындарды бірінші тәсілмен беруге болады. Ал, екінші тәсілмен шекті және шексіз жиындарды да беруге болады. Мысалы, М = {ΠR, 3 <  < 12} жиынын бірінші тәсілмен бере алмаймыз, өйткені ол шексіз жиын.

ЖАТТЫҒУЛАР

1.      Мына жиындардың элементтерін атап шығыңыз: А – «математика» сөзіндегі әртүрлі әріптердің жиыны; В – Қазақстандағы облыс орталықтарының жиыны; С – 215562 санындағы әртүрлі цифрлардың жиыны; Д - { x/x – аптаның «с» әрпімен басталатын күндерінің жиыны }.

2.      Сан өсіне мына жиындарды кескіндеңіз:

           

    

3.      АВ кесіндісін тұрғызыңыз. |АМ| = |ВМ| теңдігін қанағаттандыратындай М нүктелер жиынын табыңыз.

4.      Бұрыштың биссектрисасындағы нүктелер жиынының сипаттамалық қасиетін анықтаңыз.

5.      Жиындар элементтерінің сипаттамалық қасиеттерін формула арқылы жазыңыз:

а) А = {1;3;5;7;9;...};

ә) В = {5;10;15;20;25;...};

б) С = {2;4;8;16;32;...};

в) Е = {3;6;9;12;15;...}.


Жиындардың берілу тәсілдері
Категория: Математика | Добавил: nauriz (19.03.2012)
Просмотров: 4028 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4010
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!