Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Педагогика

А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы өзара сабақтастықты оқу-тәрбие үрдісіне оқыту мен тәрбиелеу мақсаты: шәкірттердің ойлануына, толғануына, пікір таластыруына ықпал ету, дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру, эстетикалық талғамын тәрбиелеу, адамгершілік әлеміне жетелеу, сабақты қызу еңбекке құру, оларды құр тыңдаушыдан еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы, ізденуші дәрежесіне жеткізу деп түсінген. 
Біз А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы сабақтастықты зерттей келе, олардың «толық адам» болуға ұмтылу идеясын алсақ, оған жету жолдарын білім, ғылым іздеу, өнер үйрену, еңбектенуді әдетке айналдыру, өзін-өзі жетілдіріп отыру, Аллаға, ақиқатқа, адамға сүйіспеншілікпен қарау, осылардың барлығы табылса «сонда толық боласың елден бөлек», ұлы ғұламалардың өмірбаянын оқытуда бірізділікті, жүйелілікті көздеумен бірге, біртіндеп өсу жолдарын көрсеттік. 
Біздің жасаған қорытындымыз бойынша Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ойларының сабақтастығығындағы студенттердің белсенділігінің көрінісін: олардың тақырыпты меңгеруге ынтасы, білуге ұмтылуы, өз қабілетіне сенімі, жұмыс істеуге құлшынуы мен құштарлығы, тапсырманы сенімді түрде қабылдауы, алған білімдері мен біліктерін практикада нәтижелі қолдана білуі, әрекеттенуі, дербестігі деп түсінуге болады. Жалпы А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтің педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру студенттердің өзін-өзі көрсете білу және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу дәрежесімен өлшенеді. 
Демек, бұдан шығатын қорытынды: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтің педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің 

Сурет 1 – А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбие, ұлттық мінез-құлықты байқататын ой-пікірлерінің өзара ықпалдастығы


оқу-тәрбие үрдісіне ендіруден туындайтын мотивациялық, мазмұндық, бағалау-нәтижелік компоненттерін құрайды. Бұның бәрі нақты деңгейлермен студенттердің белсенділік сипатының көмегімен шешімін табады. Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың педагогикалық ойларының сабақтастығындағы студенттердің белсенділігінің даму деңгейлерін 2-кестеден көруге болады. 
Мотивациялық компонент - Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларын оқып-үйренуге деген ынта-ықылас қою, қажетсіну, жаңа білім алуға студенттердің бағыттылығы, тәлім-тәрбиелік сезімге деген дұрыс сезімімен қамтамасыз етеді. 
Мазмұндық компонент - оқытушының тікелей немесе жанама түрде қатысуымен ұйымдастырылған жұмыс барысында игерілетін білім мен әрекет тәсілдерінің жүйесін қамтиды. Оны іске асыруда бұрыннан меңгерген біліміне сүйене отырып, ғылым негіздерін игеруі, практикалық тапсырмаларды өздігінен шешуі, ой дербестігі, шығармашылық әрекеті қалыптаспақ. 
Бағалау-нәтижелік компонент – оқудың нақты міндеттерін шешу барысында студенттердің жұмыстың мәні мен пайдасын ұғынуы, өз жұмысының сапасын бағалауы, өздігінен бақылау, өз жұмысының кемшіліктерін дер кезінде анықтап, оны түзетуі, өзін-өзі бағалауы. Оқыту үрдісінде студенттердің білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса құрамадас бөлігі болып есептеледі. 
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығындағы студенттердің белсенділігін дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелерінің көрсеткіштері төмендегідей белгілерді алуға мүмкіндік берді: 
- тәлім-тәрбиелік үрдісіндегі белсенділігі; 
- өздігінен шығармашылық әрекет жасауға ынтасы; 
- орындалатын жұмыстың мақсаты мен мәнін анықтай білуі 
- игерілген білімді практикады қолдана білуі 
- өз іс-әрекетіне баға беруі, өзіндік бақылауы. 
Осы келтірілген көрсеткіштің негізінде Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов шығармаларының педагогикалық идеяларының сабақтастығы арқылы студенттердің белсенділігін дамытуды мынадай өлшемдер арқылы анықтадық: 
- білімге қызығушылығы, жаңа білімді игеруге бағытталуы; 
- шығармашылық әс-әрекеті; 
- білімді тәжірбие жүзінде пайдалана білуі. 
Студенттердің ең жоғары деңгейі тәлім-тәрбиелік міндеттерді шешуде тиімді жолдарды пайдалана білуімен, ынта-ықыластың жоғары болуымен және өз әрекеттерін бақылап, өзіндік баға берумен сипатталады. Орта деңгейде студент тәлім-тәрбиелік әрекет деңгейін өз бетінше орындауда оқытушының көмегінің қажет етуімен сипатталады. Төменгі деңгейде студент тапсырманы үлгі бойынша оқытушының нұсқауымен орындайды. 
Студенттер арасында жүргізілген сауалнама, сұхбат, арнайы дайындалған сұрақтарға жауап алу барысында Абай, Шәкәрім, М.Әуезов мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ойлар сабақтастығын қаншалықты деңгейде меңгергені анықталды. Ол студенттердің білім сапасын мына деңгейлерде көрсетуге мүмкіндік берді. 
Төменгі деңгей. А.Құанабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ойлар жүйесін және тәлім-тәрбиелік мүмкіндігін анықтай білмеуі, түсінбеуі. 
Ортаңғы деңгей. Абай, Шәкәрім, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық иедялардың сабақтастығын анықтағанымен, жұмыс практикасында қолдана алмауы, оларға еркін сипаттама бере алмайды, тәлім-тәрбиелік ерекшеліктерін меңгеруге талпынысы үстірт, өз бетімен жұмыс істеуге қиналады. 
Жеткілікті деңгей. Абай, Шәкәрім, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ойлар жүйесін және тәлім-тәрбиелік мүмкіндігін білгенімен, оларға еркін сипаттама беруде қиналады, материалдарыд оқытушының көмегімен пайдаланады. 
Жоғарғы деңгей. Студенттердің ғылыми педагогикадағы тәлім-тәрбиелік ойлар жүйесіне сүйене отырып, Абай, Шәкәрім, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығын анықтай алуы және оны жұмыс практикасында қолдану мүмкіндіктерін: мазмұны, әдіс-тәсілдері, формаларын нақты өлшемдер арқылы сұрыптай біледі, құралдарды, көрнекіліктерді іс-тәжірбиесінде шығармашылық ізденіспен, еркін пайдаланады. 
Тәжірбиелік-эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. 
Бірініші - кезең. Тәжірбиелік-эксперимент жұмыстардың ұйымдастырудың анықтау кезеңінде өткізілген сабақтардың нәтижесі анықталып, сабақ кезінде оқылған 
шығармалардың педагогикалық мазмұнын толық түсінбеуі, оны игеруге деген қызығушылығының төмен деңгейде болуы, өздерінің педагогикалық ойларын дұрыс жеткізе алмауы, өз беттерімен педагогикалық шығармалардың көзқарастарын іздестіріп, жұмыс істеуге талпынбауы, шығармашылықа аса көңіл бөлмейтіндіктерін байқадық. 
Анықтау экспериментінің нәтижесінде төмендегідей қорытынды шығардық: 
- студенттердің сабақтағы белсенділігі төмен; 
- өздігінен шығармашылық әрекет жасауға дайын емес; 
орындаған жұмыстың мақсаты мен мәнін анықтай алмайды, игерілген білімді практикада қолдануға әрекет жасамайды; өз іс-әрекетіне баға беруі, өзіндік бағалауы нашар. Сондықтан осы олқылықтарды толтыру мақсатында жоғары оқу орындарының, әсіресе, педагогика мамандығы бойынша арнайы курс ендірілуі керек деп ұйғарып, оның бағдарламасын түзіп, іс жүзінде тексеру жұмысын жүргіздік, оны екінші кезеңде қарастырамыз. 
Екінші - кезең. Қалыптастыру кезеңінде тәжірбиелік жұмысымыз үш ғұламаның шығармаларын студенттерге тапсырмаларды орындату, оны оқу үрдісіне тексеру, өздігінен және дербес орындайтын тапсырмалар арқылы белсенділігін дамытып, білім деңгейлерін жетілдіру негізінде өтті. Сонымен қоса арнайы бағдарламалары жасалып, оқу үрдісінде сынақтан өткізілді, нәтижелері, қорытындылары кафедра мәжілісінде, әдістемелік бірлестіктің отырысында талқыланды. 
Кесте 2 - Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың тәлім-тәрбиелік ойларының сабақтастығындағы студенттердің белсенділігінің даму деңгейлеріы 

Компоненттері Деңгейлері Студенттердің оқу белсенділігінің сипаты 
Мотивациялық Жоғары Білімдерге қол жеткізу тәсілдерін ұдайы жетілдіруге бағытталуымен ерекшеленеді 
Орта Білімді игеруге ынталы жұмыс істейді, қиындықты жеңуге белсенділік танытады 
Төменгі Қызығушылығы төмен, тапсырманы орындауға ынта қоймайды, жаңа білімді бағытталуы төмен 
Мазмұндық Жоғары Шығарманы оқығанда тақырыптың ең басты идеясын түсініп, жаңғыртады, мақсаттары мен міндеттерді анықтай біледі, жұмыстың толық жоспарын жасайды, шығармашылық жұмыстарды жоғары дәрежеде атқарады 
Орта Тақырыптың жалпы мазмұнын түсініп, осы негізде мақсат қояды, бірақ оны міндеттерде нақтыламайды, игерілген материалдың ерекшелігін әрқашанда ескере бермейді, өзін-өзі бақылауға ішінара белсенділік көрсетеді 
Төменгі Оқылатын материалдың ерекшелігін және оның мақсатын ескермейді, жоспарлау алға қойылған мақсатсыз іске асырылады, өзін-өзі бақылауға көңіл бөлмейді 
Бақылау- 
Нәтижелік Жоғары Студент өзінің оқу-тәрбие әрекетінің мақсатын өз бетінше айқындайды, үнемі өз бетінше білім алады, жұмыстың мақсаттыры мен міндеттеріне байланысты өзін-өзі бақылайды 
Орта Оқу-тәрбие әрекетті оқытушының көмегімен жүзеге асырады, осы негізде тапсырманың мақсатын өзі айқындайды, өз бетінше білім алуға талпынады 
Төменгі Оқу-тәрбие әрекет мақсатын ат үсті қабылдайды, өз бетінше жұмыс істеуге, өз бетінше білім алуға талпынбайды

Арнайы курс бағдарламасы: Тақырыбы: "Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оларды педагогикалық үрдіске ендіру” 
Бұл курсты педагог емес мамандықтар үшін де оқуға болады. Арнайы курс психология, педагогиканың теориясы, тәрбиелеу әдістемесі, философия, тарих пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан, осы пәндермен қатар не болмаса олардан соң оқыту тиімді нәтижелер беруі күмәнсіз. 
Курс бойынша оқылатын дәріс, семинар жұмыстармен бірге реферат жазу, өзіндік жұмыстар астарласып қатар жүреді. Қазіргі кезде барлық жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесі ендірілуде. Осыған орай, арнайы курстың тақырыптары бойынша өзіндік жұмыс орындауға болады. 
Арнайы курстың мақсаты педагогика тарихында алған білімдерін тереңдетіп, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М. Әуезовтың шығармаларындағы педагогикалық ойлардың сабақтастығын талдау арқылы бүгінгі тәлім-тәрбие проблемаларын шешудегі маңызын ашып көрсету. 
Арнайы курстың мақсатына қарай мынадай міндеттері белгіленді: 
1. Абай, Шәкәрім, Әуезовтың қазақ халқының қоғамдық өміріндегі және тарихи даму кезеңдеріндегі алатын орнын ағартушылық қызметі тұсынан сабақтастығына сипаттама беру. 
2. Абай, Шәкәрім, Әуезов мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің сабақтастығын ашып көрсету; 
3. Абай, Шәкәрім, Әуезовтың тәлім-тәрбиелік идеяларын бүгінгі педагог мамандарды даярлауда пайдалану мүмкіндіктерін көрсету. 
Бағдарламада арнайы курстың негізгі сабақ формаларын өткізудің тақырыптаық жоспары зерттеу жұмысымызда берілді. Арнайы курстың тақырыптық жоспарын 4-кестеден көруге болады: 
3-кезең. Бақылау эксперименті барысында А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендірілудің қандай деңгейде қалыптасқанын анықтау мақсатымен ауызша сұраулар мен тексеру жұмыстары жүргізілді. 
Аузыша сұраулар негізінде студенттерде болашақ мамандықтарына сәйкес арнайы білім, білік және дағдының меңгерілгені анықталды.
Тексеру жұмыстары әрбір кезеңде жүргізілген бақылау қиықтарынан тұрды. Бақылау қиықтарына ұсынылған тапсырмалар жүйесі А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығын, тәлім-тәрбиелік ойларын сезіммен қабылдауы, қызығушылықтың басым болуы, өздігінен шығармашылық әрекет жасауға ынта ықыласының жоғарлауы, орындалатын жұмыстың педагогикалық мақсаты мен мәндерін анықтай білулері, ғұламалардың шығармаларындағы негізгі педагогикалық ойды ажырата білулері, өз беттерімен мүмкіндіктерін білуі, орындаған жұмысты жүйелеу, нәтижесін шығару білімдерінің әлдеқайда дамығандығы айқындалды, олардың теориялық білімдерінің деңгейін анықтау және сол білімдерін практикамен ұштастыру жақтарын есепке алу негізінде құрылды. 
Кесте 4 - Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оларды педагогикалық үрдіске ендіру

Тақырыптар Оқу формасы 
Дәріс Семинар 
1 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың педагогикалық ойларындағы сабақтастық 2 2 
2 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың оқу, білім-ғылымға қатысты ой-пікірлерінің сабақтастығы және ақыл-ой тәрбиесі 2 2 
3 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың эстетикалық тәрбиеге байланысты ой-пікірлерінің сабақтастығы 2 2 
4 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың адамгершілік тәрбиеге қатысты ойларындағы сабақтастық 2 2 
5 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың еңбек тәрбиесіне байланысты ой-пікірлері және экологиялық тәрбие. 2 2 
6 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың отбасы қарым-қатынасы жайлы ойлар сабақтастығы. 2 2 
7 Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың этнопедагогика мен этнопсихологияға байланысты ой-пікірлері 2 2 
Барлығы 14 14

Алынған нәтижелерді талдау және оларды анықтау эксперименті барысындағы және бақылау тобындағы көрсеткіштермен салыстыру эксперименттік жұмыстың А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендірілуі тиімді ықпал екенін аңғартты, оны 5 кестеден аңғаруға болады. 
Кестеде келтірілген мәліметтер біз ұсынған педагогикалық жүйе бойынша даярлаған студенттердің жоғары нәтижелерге қол жеткізгендігін дәлелдейді. Егер анықтау эксперименті барысында төмен деңгейді көрсеткен студенттер саны 52,76% болса, эксперимент соңында 7,11%, орта деңгейдегі 29,13% болса, соңында 18,11%, жеткілікті деңгейде алғашында 18,89% көрсетсе, соңында олардың саны 46,45% жетті, жоғары деңгейді алғаш ешбір студент көрсетпесе, соңында олардың саны 27,55% көрсетті. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ.


Кесте 7 - А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығының салыстырмалы деңгейлері

Деңгейі Эксперимент тобы Бақылау тобы 
Экспериментке дейін Эксперименттен 
Кейін Экспериментке дейін Эксперименттен кейін 
Төмен 52,76 7,11 52,80 48,0 
Орта 29,13 18,89 29,60 22,0 
Жеткілікті 18,11 46,45 17,60 30,0 
Жоғары - 27,55 - -

А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармалаырндағ педагогикалық идеялардың сабақтастығының анықтау кезеңі мен бақылау кезеңінің салыстырмалы деңгейлер нәтижесін 2 суреттен диаграммасын көруге болады. 
Тәжірбиелік эксперименттік жұмыстың анықтау және бақылау кезеңдерінің нәтижелері 2-суреттен көреміз.

Сурет 2 – Анықтау мен бақылау деңгейлерінің салыстырмалы көрсеткіштері

Сонымен жүргізілген тәжірбиелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендірілудің тиімділігін көрсетіп, біздің зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп берді.

Қорытынды

Егемен Қазақстан елінің өркениетті дамуында жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің мазмұнын ұлттық рухани мұра негізінде қайта қарап, оны қоғам талабына сай жоғары сапалық деңгейге көтеру – бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселенің бірі. 
Қазіргі бетбұрыс кезінде әдебиет пен өнер аясында осы күнге дейін белгісіз болып келген қаншама жұлдыздар жарқырай түсті! Қандай асыл жандарды жасырған біздерден. Таңқалған жас ұрпақтың көз алдында қазақ жерінде өніп-өскен бәйтерек пен арыстар айқын болды. Сол арыстардың бірі Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов. Олар орыс және шығыс классиктерімен қазақ жастарын таныстырған шебер аудармашылар, бармағынан өнер тамған сегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәдениет қайраткерлері, ағартушы, ғалымдар еді. 
Сонымен зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді: 
1. Үш тұлғаның әлеуметтік ойының тереңдігі оның қазақ қоғамының шындықтарыман тамырластығында. Олар халықты бүгінмен ғана өмір сүруге болмайды деп үйретеді, өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн мәселелерін шешуге тиістіміз, өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсетеді. Осы мәселелермен айналысатын кәсіби әлеуметтікті ұйымдастыру – педагогикалық іс-әрекет екендігін айқындадық. 
2. Абайдың қара сөздері қазақ философиясының негізгі ой-түрткісі, олай дейтін себебіміз: әрбір қара сөздерінде жас ұрпақты тәрбиелеуде құндылығы жоғары тәлімдік ой-пікірлер – еңбек сүйгіштік, отанын қорғау, жамандықтан аулақ болу, өнер-білім мен ғылымға құштарлық, отбасы тәрбиесінің ықпалы, имандылық, адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық сияқты қасиеттер жан-жақты ашылып, адам өміріндегі басты мәселе екендігі паш етілген. Ал, Шәкәрімнің «Үш анығы» – қазақ философиясының шыңы, өйткені "Үш анық” философиялық еңбектің де өзіндік ерекшеліктері осы жоғарыда айтылған тәлім-тәрбиелік идеяларды жалғастырып, олардың өміршеңдігін дәлелдей түседі. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы бүкіл әлем қазақ халқының философиялық жүйесін, педагогикалық көзқарастарын, сол кездегі әртүрлі әлеуметтік-тарихи жағдайларды суреттей отырып, тарихи кезеңдерге бөліп, ұрпақ тәрбиелеуде отансүйгіштік, еңбекқорлық, намысшылдық, имандылық, ар-ұяттың болуы қажетті екендігін анықтадық . 
3. Жалпы Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларында әлеуметтік, педагогикалық, тәлім-тәрбиелік мәндерін анықтай отырып, ғылыми-педагогикалық зерттеулерге талдау жасау барысында тақырыбымызға негіз болған "Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру” атты арнайы зерттеу нысанасы болмағанына көзіміз жетті. 
4. Зерттеу жұмысымызда Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларында педагогикалық ой-пікірлерінің сабақтастығын бар екенін айқындап, тәлім-тәрбиелік маңызын ашып көрсетуге ұмтылдық. 
5. Сонымен біздің зерттеу жұмысымыздың "Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру” тақырыбына байланысты педагогика, жалпы педагогика, педагогика тарихы, этнопедагогика пәндерінің білім беру мемлекттік стандартқа сай оқу құралдарында, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ұсынған типтік оқу бағдарламасын және педагогика оқулықтарының мазмұнын қарастыра отырып, педагогика саласында Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру бұрын-соңды жүйелі қарастырылмағанын дәлелдедік. 
6. Зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде біз Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың шығармаларындағы сабақтастықтың тәрбиелік қызметін: танымдық, тәрбиелік, дамытушылық және іс-әрекеттік деп анықтадық; 
7. Біздің жасаған қорытындымыз бойынша Абай, Шәкәрім, Мұхтардың тәлім-тәрбиелік ойларының сабақтастығығындағы студенттердің белсенділігін дамытудың компонентін үшке бөліп қарастырдық: мотивациялық, мазмұндық, бағалау-нәтижелік және студенттерге арналған "Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оларды педагогикалық үрдіске ендіру” тақырыбындағы арнайы курс бағдарламасы жасалынып, сынақтан өткізілді. 
Біз өз зерттеуімізде А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың және педагогикалық ой-пікірлерінің сабақтастықтарын жан-жақты толық қарастырдық деп айта алмаймыз. Сондықтан ұрпақ тәрбиелеуде бұл мәселелер бойынша болашақ зерттеулер ретінде төмендегідей ұсыныстар жасауға болады: 
- бір жарым ғасырға созылған өзіндік бай дәстүрі бар, кешегі ұлы Абай, Шәкәрім, М.Әуезов сынды әлем таныған алыптар оқыған Абай орта мектебінің өмір жолын; 
- А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ой-пікірлердің оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің педагогикалық негіздерін; 
- Абай, Шәкәрім, Мұхтар мұрасындағы діни-адамгершілік көзқарастар сабақтастығын; 
- Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларындағы рухани құндылықтарда имандылық ұғымы т.б. оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын арнайы зерттесе, бүгінгі қазақ педагогика тарихына үлес қосарлық диссертацияға арқау боларлық мол материалдың табылатыны даусыз.

Диссертацияның негізгі мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды: 
1. . Абайдың адамгершілік ойларындағы философиялық түйіндер // Жоғары оқу орындары мен мектептердің бірлесе әрекет ету тәжірбиесі - жаңа сатыдағы мұғалімдерді сапалы даярлау негізі. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Семей, 2005. - Б. 359-362. 
2. Оқытудың тәрбиелік жүйесіндегі теориялық, әдіснамалық негізінің қолдануы және қазақ халық әндерінің педагогикалық потенциалы // Жоғары оқу орындары мен мектептердің бірлесе әрекет ету тәжірбиесі - жаңа сатыдағы мұғалімдерді сапалы даярлау негізі. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Семей, 2005. - Б. 362-365. 
3. Шәкәрімнің педагогикалық көзқарастары // Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын зерттеудің өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Семей, 2006. - Б.112-115. (М.О.Әбдікәрімовпен авторлық бірлестікте). 
4. Ұлттық тәлім-тәрбие мазмұны Абай мен Мұхтар Әуезовтың педагогикалық идеяларында // Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын зерттеудің өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Семей, 2006. -Б.126-128 (М.О.Әбдікәрімовпен авторлық бірлестікте). 
5. Бала тәрбиесі-еліміздің болашағы // Президенттің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асырудағы мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың қазіргі бағыттары. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Семей, 2006. – Б. 218-222. 
6. Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың рухани сабақтастығы // Абай мен Пушкин шығармашылығындағы үндестік. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Семей, 2006. – Б.376-379. 
7. Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларындағы әлеуметтік-рухани көзқарастар //Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің теория-методологиялық контексіндегі көпмәдениеттілік принциптерін іске асыру. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Семей, 2006. - Б.439-443. (М.О.Әбдікәрімовпен авторлық бірлестікте). 
8. Семей өңірінен шыққан әнші-композиторлар // Республикалық студенттік ғылыми-конференция. Алматы: Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы, 2006.- Б.56-61. 
9. Ұстаздың бала тәрбиесіндегі қасиеттері // Бастауыш мектеп. - 2006. - №4. - Б.34-36. 
10. Абай көзқарасындағы адамгершілік негізі // Қазақстан орта мектебі. - 2006. - №6. - Б.14-18. 
11. Абай Құнанбаев қазақ халқының музыка ағартушылығында атқарған ролі қандай? // Қазақстан мектебі. - 2006. - №8. - Б.37-39. 
12. Шәкәрімнің музыкалық-шығармашылық мұрасы // Білім берудегі менеджмент. - 2007. - №1. –Б.25-29. 
13. Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың тәлім-тәрбиелік идеяларының сабақтастығы және оларды педагогикалық үрдіске ендіру. Арнайы курс бағдарламасы. – Семей: СМПИ, 2006. - 36 б.


Резюме 
Султанова Нургуль Камильевна 

Преемственность педагогических идей А. Кунанбаева, Ш.Кудайбердиева, М.Ауэзова и внедрение их в 
учебно-воспитательный процесс

13.00.01 – Общая педагогика, педагогика и история образования, этнопедагогика 

Актуальность исследования. Завоевание независимости Республики Казахстан выдвигает перед педагогической наукой и практикой новые задачи, направленные на формирование личности. В условиях глобализационных процессов актуализируются задачи воспитания подрастающего поколения на основе единых национальных ценностей. Поэтому изучение и использование педагогического наследия великих сыновей казахского народа приобретает особую актуальность. В ходе проведенного исследования мы обозночили следующие противоречия, которые вызваны недостаточным использованием в научно-педагогической практике педагогические наследия Абая Кунанбаева, Шакарима Кудайбердиева, Мухтара Ауэзова и между возможностью, потребностью и необходимостью внедрения в учебно-воспитательный процесс высших учебных заведений через изучение наследий великих мыслителей в единстве, органичной связи и преемственности. Такой подход позволяет не только более глубоко изучить проблему, но и шире, всесторонне использовать педагогические идеи гуманистов в педагогической практике. Исходя из актуальности темы, задач, поставленных нами в диссертациионной работе была определена следующая формулировка темы «Преемственность педагогических идей А. Кунанбаева, Ш.Кудайбердиева, М.Ауэзова и внедрение их в учебно-воспитательный процесс». 
Цель исследования: научно-теоретическая характеристика педагогического наследия Абая Кунанбаева, Шакарима Кудайбердиева, Мухтара Ауэзова в их органическом единстве, взаимосвязи, преемственности и определении возможностей использования в учебно-воспитательном процессе. 
Объект исследования: учебно-воспитательный процесс высших учебных заведений. 
Методы исследования: 
- систематизация и научно-теоретическое изучение педагогических идей Абая Кунанбаева, Шакарима Кудайбердиева, Мухтара Ауэзова широко представленных в их сочинениях; 
- выявление педагогических идей в их взаимосвязи и единстве; 
- определение возможностей философских, педагогических, религиозных и социальных воззрений великих мыслителей для использования в современной педагогической практике; 
- разработка, апробация спецкурса «Преемственность педагогических идей Абая, Шакарима, Мухтара и внедрение их в педагогический процесс». Изучение и коррекция полученных результатов; 
- представить методические рекомендации по изучению и использованию педагогического наследия великих мыслителей. 
Методологическая основа исследования: Закон «Об образовании» РК, концепции и нормативные документы об образовании, теория развития личности, деятельности; философские, психологические, педагогические мнения Абая Кунанбаева, Шакарима Кудайбердиева, Мухтара Ауэзова; научные труды отечественных и зарубежных исследователей. 
Результаты работы: 
- изучены педагогические идеи Абая Кунанбаева, Шакарима Кудайбердиева, Мухтара Ауэзова представленные в их сочинениях; 
- дана научно-педагогическая характеристика педагогических воззрений великих мыслителей в их взаимосвязи и единстве; 
- разработан и представлен спецкурс «Преемственность педагогических идей Абая, Шакарима, Мухтара и внедрение их в педагогический процесс». 
- представлен практический опыт внедрения педагогических идей Абая Кунанбаева, Шакарима Кудайбердиева, Мухтара Ауэзова в практику, методические рекомендации по их использоавнию. 
Степень внедрения заключается в том, что разработаны и внедрены в учебный процесс Семипалатинского государственного педагогического института, социально-гуманитарный факультет Семипалатинского государственного университета им. Шакарима. 
Область применения: 
Результаты проведенного исследования могут быть применены в образовательном процессе высших, средних специальных учебных заведениях, а также для использования в воспитании подрастающего поколения педагогам в системе общего средного образования.
Рекомендации по внедрению или итоги внедрения научно-исследовательской работы: 
- теоретические основы педагогических воззрений Абая Кунанбаева, Шакарима Кудайбердиева, Мухтара Ауэзова в их единстве; 
- внедрение содержания педагогических идей великих мыслителей в практику деятельности высших учебных заведений. 
- программа спецкурса «Преемственность педагогических идей Абая, Шакарима, Мухтара и внедрение их в педагогический процесс». 
- научно-теоретические рекомендации и указания по изучению педагогического наследия Абая Кунанбаева, Шакарима Кудайбердиева, Мухтара Ауэзова.

Категория: Педагогика | Добавил: nauriz (09.02.2014)
Просмотров: 1588 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4008
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!