Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Құқық

Шетелдерде тұратын Қазақтардың Ата Отанына тиімді оралуы мәселелері

Жүктеу үшін: files.gameworld.kz

Сол қиыншылық басталған кезінде Қазақстан Республикасы Атажұртқа ораламын деген қандастарына құшағын ашқан, жанашырлық білдірген, көшіп барғандарға кейбір жеңілдіктерді жасаған әлемде 2-3 мемлекеттің бірі болды. Біз оған, қазақ ұлттың уәкілі ретінде, шексіз мақтанышымызды білдіргенбіз.

Әрине, көші-қонға тиісті мәселелердің аз уақыт ішінде толық шешімін табу мүмкін емес. Сондықтан біз осы баяндамамызда әлі күнге дейін шешілмеген кейбір проблемелардың дұрыс шешілуіне ой тастауды мақсат етіп отырмыз.

1992-2000 жылдар ішінде Түркіменстаннан көшкен қазақтар Атамекеніне барып жылы орын тапты. Себебі олар бұл жердегі сатқан үйлерінің құнына ол жерден де үй сатып ала алды. 2001-2004 жылдар аралығында көшіп барғандардың да көңілдері толды, себебі оларға Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан тұрғын үй сатып алу үшін жеткілікті қаражат берілді. Ал 2005 жылдан бастап Ата отанына қоныс аудару мәселесі қиындап бастады. Себебі, біріншіден квота бойынша тұрғын үй сатып алуға берілетін қаражат тоқтатылды. Екіншіден, Қазақстанның Астана, Алматы, Ақтау, Атырау сияқты қалаларында пәтерлердің бағасы қол жетпес бағаға көтерілді. Яғни сол қалаларда 1 шаршы метр тұрғын жердің сатып алу құны 1000-2000 долларға жетті. Ал Түркіменстанның астанасы Ашхабат қаласында 1м² тұрғын үйдің бағасы осы күнге дейін 200-250 доллардан аспайды. Сөйтіп соңғы жылдарда көшетіндердің, бұл жердегі жинаған барлық қорына ол жерден берілетін жәрдемақыларды қосқаны да орташа шарты бар тұрғын үй сатып алуға мүмкіншіліктері жетпейтін болды. Сондықтан оларды алғашқы көшіп барған кезінде баспаналы болуы үшін ҚР Үкіметінің қосымша материалдық қолдауының керек екені көрініп тұр.

Тағы да дұрыс шешетін мәселелердің бірі, онда әрбір оралманның көшкенде туысқандары немесе таныстары бар, көшкен еліндегі тұрақты жеріне сәйкес, мамандығына орай, жұмысына жағдайлы, тез үйренісіп кететін аймақтарға орналасқысы келетін өтінішін орындауға тырысу керек.  Яғни олардың көбісі көшерде қаладан қалаға, ауданнан ауданға, ауылдық жерден ауылға орналасуды жоспарлайды. Қалада туып, өніп-өскен тәрбиеленген, оқыған, жұмыс жасаған кісілерге «барың дала жерді қоныстаңдар» деген ұсыныс түбінен ешкімге де ұнамас.

Қазақстан Республикасы кең байтақ даласы бар  мемлкекеттердің бірі екені бәрімізге мәлім. Бұл өлкенің мол табиғи байлығын игеруге қазіргі 15 миллион халықтың аздық ететіні көрініп тұр. Сондықтан Қазақстан еліне көшіп барамын деген қандастарымызды күлер жүзбен, ыстық сезіммен қарсы алып, дұрыс орналастыруымыз керек. Сонда ғана әртүрлі салада жұмыс жасайтын адамдардың саны өседі. Соңғы жылдарды Республикамызда тұратын қазақ ұлты санының 40 пайыздан артқаны қуанышты емес пе! Бұл мемлекеттік саясатты бұдан да былай жалғастыру керек деп есептейміз. Себебі Қазақстанды Қазақстан етуде, Қазақстанды дамытуда, Қазақстанды 50 озық мемлекеттердің қатарына қосуда көптің алдын қазақ ұлты тартуы керек қой.


Категория: Құқық | Добавил: nauriz (06.01.2012)
Просмотров: 1145 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!