Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақстан тарихы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ (XV-XVIII ғғ.)

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы., 4томдық, 2 том.
  2. Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1993
  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы А.,1997
  2. Қазақтың көне тарихы А.,1993
  3. Жалайыр Қадырғали. Шежірелер жинағы.А.,1997
  4. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз, қазақ және хандар шежіресі. А.,1991
  5. Құрбанғали Халид. Тауарих Хамса А.,1992

 

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Бірінші сұрақта Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси даму мәселесіне тоқталыңыз. Бұл дәуірдегі шаруашылық қатынастардың тұрақтылығын атап көрсетуге болады. Дешті Қыпшақ, Жетісу территориялярында мал шаруашылығы басым болып қала берді, оның бірнеше түрі қалыптасты: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Осы үшеуі қай географиялық аймақтарға тән екенін көрсетіп, айырмашылықтарын анықтаңыз.

Екінші сұрақта Жәңгір, Қасым, Есім және Тәуке хандар тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы, ішкі саяси даму ерекшеліктері қандай болды? Салқам Жәңгірдің тарихта алатын орнын айта келе, Әз Тәукенің есімі халық санасында «Жеті Жарғы» заңдар жинағымен байланыстырылып қарастырылатынын білеміз. Сыртқы саясатта Тәуке Ресей, Бұхара, Жоңғар елдерімен саяси қатынас орната білді.  Оның тұсында ішкі саяси жағдай да біршама тұрақтанды. Осыны дәлелдеңіз.

Үшінші сұрақ бойынша: қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениетін ашып көрсету керек. Ең алдымен, қазақ халқының әдет-ғұрпы, наным сенімі  жөнінде айтыңыз. Наурыз, Айт т.б. мерекелер жайлы әңгімелеу керек. Майқы би, Асанқайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Марқасқа, Ақтамберді сияқты тұлғалардың ел тарихындағы орны туралы қарастырылады. Қазақстанның қалалық мәдениеті жөнінде де сипаттама беріңіз.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: nauriz (31.01.2014)
Просмотров: 1162 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4010
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!