Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақстан тарихы

ҚАЗАҚСТАН ХХ ҒАСЫРДЫҢ 50-60 ЖЫЛДАРЫНДА

Семинарда талқыланатын сұрақтар:

1. Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы: ХХ ғ. 50-60 жылдарындағы реформалар, олардың аяқталмау себебі.

2. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: тың мәселелері мен қорытындысы.

1.      Республиканың қоғамдық-саяси өмірі. "Хрущев жылымығы".

 

Студенттің өздік жұмысына тапсырма

1.      М.Қозыбаевтың «Ақтаңдақтар ақиқаты» кітабындағы «Брежнев және Қазақстан» және «Хрущев және Қазақстан» тақырыпшаларын оқып, конспектілеу

2.      Тың игеру жылдарындағы демографиялық ахуалға талдау жасау

Реферат  тақырыбы:

1. "Хрущев жылымығы" – сталинизмнің соңы мен демократияға көшу.

2. Н.С. Хрущевтің сыртқысаяси қайраткерлігі: бейбіт қатынастар мен  қарусыздандырулық дипломатиясы.

3. 50-жылдарда республикадағы сыртқыэкономикалық және

4. 50-80 жылдардағы Қазақстан мәдениеті.

6. 50-80 жж. қазақстандағы миграциялық және этнодемографиялық процесстер.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы 5-томдық
  2. Қазақстан тарихы. Очерк: А., 1993
  3. Әбдәкімұлы Ә.Қазақстан тарихы А.,1997

 

Семинар сабағына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар

Бірінші сұраққа жауап беруді республиканың ХХ ғ. 50-ші жылдардың басындағы экономикалық жағдайына сипаттама беруден бастау керек. Бұл кезде елдің экономикалық жағдайы күрделі болатын, және бұл жағдайдың тек объективті қана емес, субъективті де себептері болды. Ұлы Отан соғысы жеңісін басшылық экономикалық даму модельінің дұрыстығы ретінде қарастырды. Сондқтан да соғыстан кейінгі жылдарда елдегі ауыр өндіріс салаларын жедел түрде дамытуға бағыт алынып, ал Қазақстанда бұрынғысынша тек шикізат өндіруге мән берілді. Қазақстанда ірі өндіріс мекемелерін салу туралы, мысалы қарағанды металлургиялық, Соколов-Сарыбай тауөкен комбинаты, Өскемен қорғасынө мырыш комбинатының салынғандығы жайлы айтып, Республикада темір жолдар салудың жеделдетілуінің сырын ашып, машина салудың даму деңгейін көрсету керек.

-1953 жылы қыркүйек пленумінде қабылданған аграрлық секторды дамыту бағдарламасы(бұрынғы қарыздарды өшіріп тастау, салықтарды төмендету, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасын мемлекет тарапынан өсіру)

-МТС-тарды қайта ұйымдастыру реформасы

- Совхоздарды ірілендіру реформасы

Реформалардың мазмұнын талдай отырып, оларды  іске  асырудағы  позитивтік және негативтік  сәттерді  көрсетіңіздер.

1957 жылғы  экономиканы  басқару реформасының мазмұнын  ашып  көрсету  қажет. Берілген  сұраққа жауап  беруге  келесі  сәттерге  назар  аударыңыздар.Қандай  мақсатта    эконмиканы  салалық  басқару  принципі  территориялық  басқаруға  көшті .

ар 1953- жылғы КСРО*ңғы ауыл шаруашылығы дағдарысын шеше алған жоқ, 1952- жылы күзде 31 млн тонна астық өндірілсе, жыл бойы 32 млн тонна астық шығындалды. Астық мәселесі 1954- жылғы КОКП ОК  ақпан-наурыз пленумында бірінші кезекке тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесін қойды.

Екінші сұрақты жан-жақты зерттеу ауыл шауашылығы мамандығында оқитын студенттер үшін тың жерлерді игееру туралы мол мағлұмат береді. Тың игеру экономикалық реформа ретінде маңызды болды ма. Тыңайғған жерлерге жұмсадған материалды, еңбек ресурстары ақталды ма. Тың игеру шаруашылық мәселелерін волюнтаристік  жолмен шешудің үлгісі болғандығын көрсету керек. Оқиғалардың бұл шеңберінде Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Ж.С. Шаяхметовтың П.К. Пономаренкомен ауыстырылуы да байланысты болды.

Үшінші сұраққа жауапты республикада соғыстан кейінгі жылдары қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайды талдаудан бастау керек. Республикада соғыстан кейін де әкімшіл-әміршіл жүйе болды. Компартия қоғамның барлық саласына бақылау орнатты. КОКП-ң 20-съезіндегңі қоғамды демократияландыруға тарихи бетбұрыс жасалды. Н.С. Хрущевтің саяси бейнесі сипаттай отырып, оның қайраткерлігінің барлық жақтарына объективті баға беріңіздер ішкісаяси қадамдары әртүрлі қоғамдық қабаттармен  мемлекетті бейбіт келісім жүргізуге және қарусыздандыру саясаты елдегі саяси реформалар) жеке тұлғаға табынушылықты жою, қоғамдық өмірді демократияладыру білім және мәдениет саласындағы реформалар. 

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: nauriz (31.01.2014)
Просмотров: 7496 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!