Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақстан тарихы

Парсы патшасы І Дарийдің Бехистундік жазуы
Скиф жеріне жорығы кезінде парсы патшасы І Дарий әрбір есте қалар елді мекендерде немесе оның қөзқарасынша есте қалдыру қажет болған оқиғалар өткен жерлерде өзінің болғандығын білдіретін "із" қалдырып отырған. Мысалы, Дарий әскерлері қалқымалы көпір салған Понт (Қара теңіз) арқылы өтетін қылтада парсылар патшасы жағалауда ақ тастан екі стела қоюға және Дарий патшаны, оның скифтерге жасаған ұлы жорықтарын және әскерлерін мадақтайтын біріне ассирииялық, екіншісіне грек жазуымен оюлауды бұйырады. . 

Жазуларда ол жетекшілік еткен барлық тайпалардың аттары тізіледі: ал ол жеңген халықтарының бәрін жорыққа бастап отырған. Осы жазуларға сай парсылардың армиясында атты әскерімен, теңіз флотынсыз 700 мың адам болған, ал жиналған кемелері алты жүз. Осы стелаларды қалаға алып кетіп, кейінірек византиялықтар оларды Артемида Ортосийдің мехрап бөлмесінде пайдаланды, ал ассириялық жазумен (сына жазу) бір тас Византиядағы Дионистің храмының қасында қалдырылды. 

Еуропа мен Азияны қосып тұрған қалқымалы көпірмен парсылардың әскерлері өте бастағанда, патшаның өзі - мақтан сүйгіш жаулап алушы жағалаудағы биік беткейге отырып алып, өткелді паңдана бақылады. "Боспор бойыша жүзу" деген жағырапиялық шығарманың авторы Диониси Византийский: "Тарихи ескерткіштердің арасында бұл орында жартастан шабылған орындық сақталған, өйткені онда өз әскерінің Азиядан Еуропаға өткенін бақылап, көрермен ретінде Дарий отырған деседі",-деп жазды. Көріп отырғанымыздай, шынтақтап отыратын орындық таққа ұқсаған болуы керек. Кейінірек ол табылмады. 

Дарийдің скифтерге жорығына арналған үшінші ескерткіш Бехистун жазуы. Ол теңіз деңгейінен 152 м. биіктікте Керманшах қаласы төңірегіндегі Бехистун жартасына ойып жазылған. Жазудың үстінде үлкен барельеф тұр. Онда Дарий патшаның алдында басқа халықтардың 9 көсемі мен патшалары тұрғаны бейнеленген, оныншысын патша аяғымен итеріп тұр. Басқа болжам бойынша, бұлар тайпалардың көсемдері емес, патшаға қарсы сәтсіз көтеріліске қатысушылар және әшкереленгеннен кейін оған қатысқандар жазаланады. Жазу бес бағандағы 414 жол. Ол үш тілде (элам, вавилон, ежелгі парсы) ойылып жазылған. . 

"Дарий патша сөйлейді: содан кейін мен әскермен Сақтар еліне қарсы аттандым. Содан кейін үшкір тұмақ киетін сақтар шайқасуға шықты. Мен өзенге келіп, оның арғы бетіне бүкіл әскеріммен өттім. Содан кейін мен сақтардың бір бөлігінің быт-шытын шығардым, ал басқа бөлігін тұтқынға алдым ... Олардың Скунха есімді көсемін тұтқындап, маған алып келді. Содан кейін мен олардың көсемі етіп басқаны тағайындадым, бұл менің тілегім еді. Содан кейін ел менікі болды". Жазудың мәтінінен скифтермен шайқастардың бірінде парсылар сәттілікке қол жеткізгені, атап айтқанда, олар тиграхауд сақтары тайпаларын, шошақ қалпақты сақтарды жеңгенін аңғаруға болады. . Бұл тайпаның киіміндегі биік тұмақ сияқты өздеріне тән ерекшеліктерін атап көрсете отырып, оларды "тиграхаудтар" деп парсылардың өздері атаған. Бұл жеңіс Дарий мөрлерінің бірінде ойып жасалған болуы керек - жеңілген жау патшаның аяғында жатыр, ал шошақ қалпақты басқасын парсылардың басшысы оған қысқа семсермен соққы берейін деп, қолымен ұстап тұр. 

Шын мәнінде І Дарий Орта Азия далаларына бір емес, бірнеше жорық жасаған . Ол жорықтар бірі сақтарға қарсы б.д.дейінгі 518-517, скифтерге қарсы 513-512 жылдары жасалды. Олардың бірі сәтті болды да, сонда Бехистун стелласында оқиғаға сәйкес жеңісті жазу қашалды. Биік тұмақты адам басының жоғарғы жағында sk-un-ha-s-ak (ск-ун-ха-с-ак) деген жазуының бар болғаны қызық. Бұл жазу туралы "Жазу тілі" кітабында ¤.Сүлейменовтың көзқарасын білдіреді. . Бехистун тауларындағы барельефті бірінші ашқан және ондағы жазулардың сырын ашқан, "соңғы екі белгіні - s-ak (с-ах) анықтаған Роулингсон, деп жазады ол, алынған дыбыс үндестігін антропоним деп санауды ұсынып, қалғандарын қосып жазады: skunha-sak (скунка-сақ). Сөйтіп, Скунка-сақ тарихқа енді. 

Бір кезде әр есім түсінік-сөз болған. Әлемдік ономастикада және сондай-ақ сөздіктерде skunha (скунка)-ға сәйкес ештеңе табылмайды". (Сулейменов О.) Одан әрі ол: "Егер біз буындарды басқаша бөлуге талпынсақ, жазуға нұқсан келмейді: СКУН ХАСАХ. Лауазым және этноним. "Көсем (әскер басы) хасах ". Бұрынғы пішіні *i skun kasak болуы мүмкін. Дәлме-дәл "Екінші касак", ал егер дауыстылар арасындағы үндесуді ескерсек, онда ол ауызша - "казак". 

Этноним диалектілерде kosak деп те айтыла алады, бұл ертедегі гректің *kosak (os) > ' osak(os) қай жіктелуіне әкелді. 

Әзірге kasak (kasak , gasak, gsak, kozak) этнонимі б.д.дейінгі YI ғасырдағы Бехистун жазуындағы hasak дауыс үйлесімінде өз бастауын табуы мүмкін деп санайық. Skun hasak (СКУН ХАСАХ) - "Көсем (әскер басы) хасах." (Сулейменов О.)
Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: nauriz (31.01.2014)
Просмотров: 1449 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!