Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Тарихи тұлғалар

ҚАБАНБАЙ БАТЫР (1692 – 1770)

Тұлғаны заман шығарады. Әрі сол уақытына сай қалыптастырады. Адам қабілеті қоғам қажетсінген күрделі жағдайды шешуге бейімделеді. Бұл өз кезеңінің тұлғаға жүктер міндеті. Жоңғар-қалмақ басқыншылығына қарсы Отан соғысы халқымыздан батырларды көп шығарды. Тіпті сол шақтағы қазақ жұртын бүтіндей батырлардан тұрады деуге де болғандай. Әлбетте, сол көп батырдың ішінде де дарасы, батырларға да батырлықтың өнегесін көрсететіндері болады. Сондай дарабоз батыр – Қабанбай. Халықта Қаракерей Қабанбай атанған – Ерасыл Қожақұлы жеке батырлықтан қолбасшылыққа дейін жеткен, ел сыйлап, жұрт сенген, қайратына халық сүйінген кісі болған.

Батыр, батыр болғанда да ештеңеден ықпайтын нағыз батыр болыпты. Замандасы Шақшақ Жәнібектен  Қарақыпшақ Ерназар батыр:

- Өзіңіз білетінде кімнің ерлігін ерен деп санайсыз? – деп сұрапты. Сонда Жәнібек:

- Өткендегі, бергідегі қазақта Қабанбайдан артық батыр болған емес. Қабанбай – әруақты батыр. Бір өзі келе жатқанда екпінінен 400-500 адамның дүмпуі білінетін. Қабанбай қаранөпір жауға тиіскенде, кірген жағы – есік, шыққан жағы – жол болып қалушы еді, — депті.

Қаракерей Қабанбай батыр туралы халық әдебиетінде сол заманнан бері талай ақын жырлаған толғау, дастан, өлеңдер аз емес. Ғылыми зерттеу жазба әдебиеттен де өз орнын алған тұлға. Батырдың тұтастай толық бейнесі жасалған шығарма – Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» романы. Астана қаласы іргесінде батырға арналып салынған кешенді ескерткіш тарихи-мәдени орындардың біріне айналып отыр.

Категория: Тарихи тұлғалар | Добавил: Anonymous (17.01.2013)
Просмотров: 1416 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4010
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!