Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Тарихи тұлғалар

ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ (1665 – 1765)

Қазаққа ғана емес, жоңғар мен қалмаққа да, қытай мен орысқа да аты мәлім, ел мүддесі жолындағы күресте айтулы еңбегі сіңген қайраткер – Қазыбек Келдібекұлы. Жастайынан шешендігімен орынды төрелік жасай білгендігінен Бала би аталып, кейін қаздың қаңқылына үндес қоңыр дауысына қарай Қаз дауысты Қазыбек би атанған.

Тәуке хан тұсында Орта жүздің биі болып, иісі қазаққа ортақ заңға айналған «Жеті жарғыны» жасасқан. Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында да тура жолдан таймай, әділдікті ту еткен жоңғар-қазақ соғысында тұтастай Отан соғысын ұйымдастыруда іскерлікпен басшылық ісіне араласқан, аса қабілетті, айбынды кісі болған. Руаралық, жүзаралық хан-сұлтандар тартысы һәм халықаралық маңызды шиеленістер мен келісімдер Қазыбек бидің кесіміне тіреліп отырған.

1763 жылдың 11 наурызында жазылған Қазыбек би туралы Фрауендорофтың Ресей Сыртқы істер алқасына мәлімхатында: «Өйткені Арғынның ішіндегі ең күштісі – Қаракесек ұлысы. Оның барлық билігі Қазыбек бидің қолында. Қазыбек би бүкіл Орта жүзде ең басты би болып табылады. Оған Әбілмәмбет ханның өзі, сондай-ақ Абылай сұлтан, басқа да ұлыстардың сұлтандары мен ел ағалары жыл сайын келіп, әртүрлі кеңестер алады, тіпті Қазыбек бидің келісімінсіз Орта жүзде бірде-бір маңызды мәселе шешілмейді екен», — деп жазылған («Абылай хан» Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар. Астана баспасы – 2005. 350 бет).

Ел аузында, халық әдебиетінде Қаз дауысы Қазыбек бидің шешендік сөздері мен билік кесімдері кең таралған. Жазба әдебиетке түскен сөздері де мол. Тарихи мұрағаттық құжаттарда, Қытай, Ресей жазбаларында көп деректер сақталған.

Категория: Тарихи тұлғалар | Добавил: Anonymous (17.01.2013)
Просмотров: 1928 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4010
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!