Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Тарихи тұлғалар

Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы Ғаламның тілдік бейнесі

Жүктеу үшін:files.gameworld.kz

Міржақып Дулатұлы өзі замандас Алаш зиялылары (А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, К.Кемеңгерұлы т.б.) секілді барлық шығармашылық ғұмырында ұлттық тіл, оның мәдениеті мәселесін өткір де, өзекті мәселе деп есептеген. М.Дулатұлы қазақ тілі туралы, оның ішінде сөз нормасы, қолдану мәдениетімен егжей-тегжейлі айналысып, ана тіліне деген жан ашарлығын байқатады: «Қазақ тілін іске асыратын болсақ, қазақ әдебиетін күшейтеміз десек, алдымен істің санын салмақтамай, сапасын ескеруіміз керек. Ол үшін қазақша деп жазылған сөздердің әлгі кемшілігін құрту керек»деп  сол кемшіліктерді атап өтеді: «Ол кемшіліктің бірі - дыбыс жүйесі жағынан болатын кемшілік. Екінші кемшілік - сөз жүйесі жағынан болатын кемшілік, қазақша жалғау, жұрнақтарды елемегеннен болатын кемшілік. Үшінші кемшілік- сөйлем жүйесі жағынан болатын кемшілік»[ІІ,208]. Алаш ағартушыларының ортақ идеясы халықтың санасын оятып, оқу-білімге үндеу болатын. Бұл жөнінде Қ.Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасын зерттеген тілші О.Жұбаева былай дейді: «ХХ ғасырдың басы қазақ тарихында рухани ояну дәуірі болғаны белгілі. Ұлттың өзіндік белгісін сақтап қалатын негізгі қасиеттерінің бірі – тіл екенін терең түсінген қазақ зиялылары өз беттерінше білімін жетілдіре отырып, қазақ тілі бойынша оқулықтар жазған, баспасөз бетінде түрлі пікірталастар ұйымдастырып отырған. Қазақ тіл білімінің сол кезге дейінгі зерттелу жайы мен жалпы тіл біліміндегі түрлі бағыт-көзқарастармен таныса отырып, қазақ тілінің өзіндік болмысын танытуға тырысқан»[2,3].  

Категория: Тарихи тұлғалар | Добавил: nauriz (08.12.2011)
Просмотров: 1167 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4010
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!