Жүктеу үшін:files.gameworld.kz Бұл ретте алдымен
ауызға алатынымыз — қазақтың қасиет қонған шалының бірі, екі мәрте
Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев. Иә, кәдімгі жайдары мінезді, жарқын
жүзді Жаз-ата атанған, «Дала
академигі», «Малшылардың маршалы»
деп есептелген,
бүкіл ғұмырын ақтылы қой өсіруге арнаған, Мойынқұмның гүлденіп, көркеюіне үлкен
үлес қосқан Жазылбек Қуанышбаев! Ол жарты ғасырдай адал еңбегімен шалғайда
жатқан ауданның атын аспандатып, мерейін көтерді. Оның даңқы кешегі Одақ көлеміне
дейін белгілі болып, біздің ғана емес,
барша қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Қашанда, қай жерде болсын
Мойынқұм десе ілкі
сәтте тек Жазекеңнің есімі еске
түсетіні де сондықтан.Қазақстан шопандарының
атасы, қой өсірудің шынайы шебері ЖазылбекҚуанышбаев 1896 жылы аудандағы Жамбыл ауылының жерінде дүние есігін
ашқан. Жастай жетімдік зардабын көріп өскен ол бай малын бағып күн көрген.
|