Главная » Статьи » Ашық сабақтар |
Тақырыбы: «Ғасыр дерті» (конференция) Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу. Мұғалім: Қош келдіңіздер, бүгінгі конференцияға жиналған қауым! Сіз бен біз бүгін 10-сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Ғасыр дерті» атты конференцияға жиналып отырмыз. Бұл конференцияның мақсаты – темекі, арақ, нашақорлық, СПИД туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды осы зиянды әдеттерден қорғау, қарсы күресе білуге шақыру. Ендігі сөз кезегі сынып оқушыларында. 1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз 10-сынып оқушыларының арасында «Ғасыр дерті» тақырыбында конференция өткізгелі отырмыз. Осы конференцияға шақырылған қонақтармен таныстырып өтейін: 2-жүргізуші: Осы отырыста өз ойларыңызды, сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді толық шешуге, қиналған сұрақтарыңызға қатысып отырған қонақтарымыздан жауап алуға болады. 1-жүргізуші: Алдымен «ғасыр дерті» деген не, соған тоқталып өтейік. Оқушылардан қандай жауап болар екен. 2-жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан. І бөлім: Темекі 2-жүргізуші: Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімі 20% . Қатерлі ісік ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады. 1-жүргізуші: Баяндама : «Шылымның адам өміріне зияны» . Оқитын Тоқманбет Раушангүл. Айгерім: Бұл отырған шылымқор, сорады кеп шылымды ол, 2-жүргізуші: Бұл тыңдағандарыңыз шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы. Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық құбылыс туралы болмақ. Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, әлде ауру ма? Сол туралы болмақ. Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу жараспаған. Ал кісі өліміне апаратын жаман әдет қайдан келген? Ол туралы бізге сыныбымыздың тарихшысы айтып береді. Тарихшы(Айгерім): Темекі адамға ерте кезден бастап белгілі болған, оны діни ғұрыптарға Мұғалім: Оқушының берген осы ақпаратына биолог мамандардың алып-қосары бар маекен? Сөз кезегін Гүлзира мен Марфуға апайларға береміз. Қысқаша шолу жасап өтсеңіздер. 1-жүргізуші: Адам үнемі білуге құмарланып тұрады. Осыған байланысты араларыңызда өмірінде бір рет болса да темекі тартып көргендерге сұрақ қояйық. Бірінші рет тартқанда қандй күйде болдыңыз , осыдан кейін тағы да тартқыңыз келеді ме, жаман әдетті неге тастап кетпедіңіз? Темекі шегу әдетке айнаплады. Бұл сұраққа жауапты дәрігер ретінде зерттеу жүргізген Мирасбектен алсақ. Дәрігер (Бақыт): Темекі түтігіндегі құрамды бөліктер қанға сіңеді. Екі-үш минуттан соң ми клеткаларына жетеді де, уақытша белсенділігі артады. Бұдан шылымқор өзін уақытша жақсы сезініп, тыныштанғандай болады. Бір жыл ішінде ол адам шылымқор болады. Аяқ астынан темекіні тастаған адамның басы ауырып, еңсесі түсіп, ашушаң күй кешеді. Мұғалім: Оқушының осы жауабына дәрігер мамандар не дейді екен? Сөз кезегі Амиров Өтебай ағай өзіңізде. Социолог (Жасұлан): Зерттеулер бойынша шылымқорлар темекіні тастағысы келсе де, олардың 80 пайызы өздігінен қоя алмайды екен. «Ағзамыз темекіге үйреніп қалған, денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға көмектеседі, стресс жағдайынан арылуға себебін тигізеді» деп ойлайды. «Барлығы темекінің зияны туралы біледі, тбірақ темекі шегуді неге тоқатпайсыз?» деген сұраққа «Шаршағанымызды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінемін» деп жауап береді. Осы ақпарат туралы мектеп психологының пікірін білсек. Ақкүмус апай. 1-жүргізуші: Біздің ағзамызға темекі шегу қауіпті ме? Осы сұраққа жауап беру үшін химик ретінде зерттеу жүргізген Раушангүлге сөз береміз. Химик (Шынар): Темекіні сорғанда оның ұшында температура 60-90 0 – қа жетеді. Осы кезде құрғақ айдау үдерісі арқылы 60-қа жуық зиян түзіледі. Оның 12-сі улы. Темекіні ақырын тартқанда 20 пайыз никотин, жылдам тартқанда 40 пайыз никотин болады. Никотин ағзаға 21-23 секунд ішінде сіңеді. Адамдар үшін никотиннің 2-3 тамшысы өлімге әкеп соғады. Темекі тартқан адам 30 жыл ішінде 1 кг дейін никотин тартады. Темекі түтінінде никотиннен басқа да улы заттар бар. Олар: аммиак, иіс газы, синиль қышқылы, мышьяк, висмут, 20 жыл ішінде өкпеде 6 кг қақ түзіледі. Тек 5 пайызы ған фильтрде тұрады. Мұғалім: Оқушының осы ақпаратына Раушан апай сіздің қосар пікіріңіз бар ма? 2-жүргізуші: Енді біз әйелдер арасындағы темекі шегушілік туралы әңгіме қозғасақ. Бұған дейін біздің қазақ қыздары, әйелдері темекі шекпеген ғой. Сіздерден сұрайтынымыз: қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар? Әйел ағзасына темекі қалай әсер етеді? Бұл туралы сынып дәрігері Мирасбектен сұрасақ. Дәрігер Айсана: Әйелдер ағзасына темекі ерлерге қарағанда көп зиян әкеледі. Егер әйел жүкті кезде шылым шексе жатырдағы балаға әсер етеді, бала өлі тууы мүмкін. Шылымқор әйелдердің 42 пайызы бала сүю бақытынан айырылады. Олардың балалары аурушаң, әлсіз болады. Шылымқор әйелдердің 30 пайызы инфаркт ауруымен ауырады. Олардың терілері сұрланып, тістері мен саусақтары сарғайып кетеді. 1-жүргізуші: Темекі шегуді қалай қоюға болатынын дәрігерден сұрайық. Дәрігер Айымгул: Темекіні қоюдың әр түрлі әдістері бар. Темекіні бірден қойып кетуге немесе бірте-бірте күнделікті тартатын темекі санын азайта отырып қоюға болады. Сол сияқты дәрігерлер психотерапия, ине қою, гипноз арқылы да темекіні қойғыза алады. Бұл әдеттен арылудың негізгі жолы шылым шегушінің ниетіне байланысты. Мұғалім: Оқушының осы ақпаратына Күнсұлу апай сіздің қосар пікіріңіз бар ма? 2-жүргізуші: Жасөспірімдер біреу-міреу байқап қалмау үшін темекіні жасырынып, асығыс терең тартады. Темекінің зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін. Бронхит: Біз темекі тартқанды жақсы көреміз. Қатерлі ісік: Біз темекі тартқанды жақсы көреміз. Туберкулез: Сендердің сандарыңның көбейгені біз сияқты ауруларға өте жақсы. 1-жүргізуші: Темекі тақырыбына арналған әдеби-монтажымызды бастаймыз. Айбек: Күрк-күрк көк жөтел, Зухра: Қор болған темекіге қайран жігіт, Жұмазия: Уланған темекімен қайран қыздар, Абзал: Қолда шылым, Аманжол: Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оң білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем беретін нәрсе. Гауһар: Ешбір оғаш қылығыңды ұмытпаған, кешпеген, «Темекіні тастадым» өлеңі Мұғалім тақтадағы схема бойынша темекі тақырыбын қорытындылайды. ІІ бөлім: Арақ 2-жүргізуші: Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Маскүнемдіктің негізгі және бастапқы белгілерінің бірі – мас болу үшін спирт ішімдіктерін барған сайын көп мөлшерде қажетсіну, оған қайта-қайта аңсары ауып, құмарту. Ал алкоголизмнің соңғы сатысында ішімдікті аз ішсе де адам тез мас болады. Орталық жүйке жүйесі зақымданып, соматоневрологиялық аурулар және психикалық ауытқушылық құбылыс дами бастайды. 1-жүргізуші: Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудің бірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдердің 20 % кезінде арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 % мас болған жағдайда жасалынады. Өз денсаулығына да әсер етеді. 2-жүргізуші: Баяндама: «Арақ ардан бездірер». Оқитын:Суйеова Айымгүл. Зухра: Әй,адамзат неге жүрсің серіксіз? Махамбет: Тамырына құрт түсті де тектінің Даулет: Ішімдікті дастарханның сәні ғып Жақсылық: Арақ алмап, сыра жалмап жер үстін Алмас: Тоңсаң мені іш,жылынасың, Жұмазия: Ішсең қисандап жүресің, Жасұлан: Мен болдым ғой жексұрын да, жауыз да, Терме: «Қазақ пен арақ». ІІІ бөлім Көрініс: «Есірткі есіңді кетірер». Барысы: ІҮ бөлім 1-жүргізуші: СПИД пандемиясы аумақты, ұлтты, жалпы адамзатты жынысы мен жасына ажыратып жатпайтын, бүкіл жер шарына қаһарын төгіп, бүкіл қоғамды зардаптайтын дүлей күш. Мұғалім: Біз бүгін темекі, арақ, есірткі жайында сөз қозғадық. Жалпы ғасыр дерттерінің қатарында осы үшеуімен қатар СПИД дерті бар. «СПИД – ХХІ ғасыр дерті» деген тақырыпта сіздер 9-сыныпта ашық тәрбие сағатын өткізілгенін білетін боларсыздар. 10-сыныпта осы тақырып төңірегінде шығармашылық жұмыстар орындалды, сынып оқушыларының арасында сауалнама алынды, суреттер салынды. Енді біздерге ол тақырыпты қайталап айтып жатудың қажеті болмас деп ойлаймын. Барлығыңыздың ол туралы білімдеріңіз қаланып, қалыптасты. 2-жүргізуші: 1) Бүгінгі конференцияда көтеріліп отырған ғасыр індеттері темекі, арақ, нашақорлық, СПИД туралы өз ойларын ортаға салу үшін дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері Арман ағай мен Мұрат ағайларға береміз. 2) Ортаға талқыға түсіп отырған мәселелер төңірегінде өз ойын ортаға салу үшін сөз ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі қызметкері Оралхан ағайға береміз. 1-жүргізуші: Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты. 2-жүргізуші: Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты. 1-жүргізуші: 29 қазан дүниежүзілік алкогольден бас тарту күні. Биылғы 29 қазанда баспасөз беттерінде жарияланған деректерде былай делінген: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі жанындағы нашақорлық, психиатерапияның республикалық ғылыми тәжірибелік орталығының мәліметтеріне жүгінсек, бүгінде еліміздегі нашақорлықты емдеу ұйымдарының диспансерлік және кеңестік есебінде 245 716 адам тіркеуде тұр. Ал дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштері спиртті ішімдік тәуелділігінен әлемде жыл сайын 2,3 миллион адам көз жұматынын көрсетіп отыр», - деп жазылыпты. 2-жүргізуші: Елбасы өзінің халыққа жолдауы «Қазақстан 2030» бағдарламасында «Салауатты өмір салты» туралы нақты айқындап көрсетіп берді. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да, тәрбиелі, шыныққан да шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза көк желекті дамыған елде тұруы керек. 1-жүргізуші: Бүгінгі конференциямыздың қорытынды сөз кезегін мектебіміздің директоры Таласова Бағдаш апайға береміз. 2-жүргізуші: Адам! | |
Просмотров: 2078 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |