Главная » Статьи » Ашық сабақтар |
Сабақтың тақырыбы:Махамбет – егемен елдіктің өшпес рухы. Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік. Махамбет шығармашылығының тарихы негіздері туралы оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру, жинақтап қотыру. 2. Дамыту. Тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді деректермен, дәйексөзбен дәлелдеуге жаттықтыру, өз пікірін қорғай білу дағдыларына төселдіру. 3. Тәрбиелік. Туған жерді сақтау, оны аянбай қорғау сезіміне баулу, балалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, ұлттық намысты қалыптастыру. Сабақтың түрі: бекіту сабағы Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, салыстыру, топтастыру, ой жинақтау, көрнекілік. Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің портреті, ақынға арналған сөздер, бүкпе қағаздары, көрме, түрлі үлестірмелі перфокарталар. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушыларды ұйымдастыру. 2. сабақтың құрылымы мен мақсатын түсіндіру. ІІ. Сабақтың мақсатын таныстыру. Ой қозғау. Мұғалімнің кіріапе сөзі. Мұхтар Шаханұлының өлеңін оқу. ..... Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала. Әр адамда өз анасынан басқа Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада. Болу керек құдіретті төрт ана, Туған жері түп қазығы айбыны, Туған тілі – сатылмайтын байлығы, Туған дәстүр, салт-санасы тірегі. Қадамына шуақ шашар үнемі. Және туған тарихы, еске алуға қаншама. Ауыр әрі қасіретті болса да Төрт анаға әнін жалғай алмаған. Пенделердің басы қайда қалмаған? Төрт анасын қорғамаған халықтың Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған. Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы. Төрт ана үшін болған күрес – күрестің ұлысы! ХҮІІІ –ХІХ ғ.-ғы қазақ халқының басындағы ауыр оқиға жер дауы, жер қайғысы, жер зары болды. Бірі Махамбет елді бостандыққа жеткізу үшін әрі ақын, әрі батыр болған сияқты. ІІІ. Оқушы білімін тексеру. 1. Салыстыру әдісі бойынша оқушы білімін тексеру. (Венн диаг-ны толтыру) А) І. топқа: Дулат Бибитайұлы – Махамбет Өтемісұлының өзіндік ерекшеліктерін жазу. ә) ІІ. топқа: ХҮІІІ ғасырдағы әдебиет - ХІХ ғасырдағы әдебиет б) ІІІ. топқа ХҮІІІ ғ. тарихи жағдай. 2. Топтастыру әдісі бойынша тапсырмалар. А) І. топқа: «Махамбет өлеңдерінің ерекшелігі» Ә) ІІ. топқа « Махамбет кім ?» (батыр, шешен, жырау жыршы, абыз, күйші, әділ би, ақын). Б) ІІІ. топқа «Махамбеттің өлеңдері» - шығ-ы. 3. Сәйкестендіру тапсырмасы бойынша самантикалық картаны толтыру. А) І. Топқа: 1. «Ереуіл атқа ер салмай» 2.« Қара қазан, сары бала қамы үшін» 3.« Арыстан одан кім өткен ?!» 4.« Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» 5. «Мұнар күн» ә) ІІ. топқа: б) ІІІ. топқа: 4. Тесттік сұрақтарға жауап алу ( 6 сұрақ 4- жауап) | |
Просмотров: 1441 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |