Проценттерге берілген есептер
ЖАЛГАСБАЕВА Мирамкул Тажибаевна Северный орта мектебінің математика пәнінің мұғаліміСабақтың тақырыбы: Проценттерге берілген есептер Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Өтілген тақырып бойынша білім, білік дағдыларын меңгерту, стандарт көлемінде білім беру; 2) Дамытушылық: Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге дағдыландыру; 3) Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: қорытынды сабақ Әдіс-тәсіл: математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы Көрнекілігі: интерактивті тақта, видеопректор Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру. 2. Үй тапсырмасын тексеру. 3. Қайталаусұрақтары. 4. Пысықтау үшін жүргізілетін ойын. 5. Үйге тапсырма. 6. Қорытындылау. 1-СЛАЙД 1. Ұйымдастыру.А)Оқушылармен амандасу Ә)Оқушылардың назарын сабаққа аудару Б) Оқушыларды түгелдеу. В) Сабақтың мақсатымен таныстыру. 2-СЛАЙД 2. Үй тапсырмасын тексеру (Видеопроектор арқылы) тексеру) 3-СЛАЙД 3. Қайталау сұрақтары.: 1. Процент деп нені айтамыз? 2. Қандай шамалар процентпен есептеледі? 3. Процентті бөлшекпен қалай өрнектейміз? 4. Берілген санның процентін қалай өрнектейміз? 5. Проценті бойынша санды қалай табамыз? 4-СЛАЙД 4. Сабағымыздысаяхат сабақ түрінде «2030 жылға сапар» ойыны түрінде жүргіземіз. Ол үшін «Жүйелі білім» жедел поезын пайдаланымыз. Сапар барысында «Тапсырма», «Білім», «Амалдар» станциялары арқылы өтеміз. «Жүйелі білім» поезы 3 вагоннан( топтан) тұрады. Вагондарда екі тексерушіден болады. 1 –вагон - «Тапқырлар» 2-вагон - «Алғырлар» 3-вагон – «Білімділер» Тексерушілердің білімін ревизор-мұғалім қабылдайды. 5-СЛАЙД «Тапсырма» станциясының тексерушілері тапсырмаларын алып станциядан қозғалады. Әр тапсырма 5 ұпайдан бағаланады. «Тапқырлар» тобы 1) 50% 25-ке тең санды табыңыз. 2) 3% 18-ге тең санды табыңыз 3) 50-дің 20% -ін табыңыз 4) 4% 15-ке тең санды табыңыз 5) 200-дің 25%- ін табыңыз «Алғырлар» тобы 1) 20% 25-ке тең санды табыңыз. 2) 10% 18-ге тең санды табыңыз 3) 250-дің 5% -ін табыңыз 4) 3% 42-ке тең санды табыңыз 5) 200-дің 4%- ін табыңыз «Білімділер» тобы 1) 10% 25-ке тең санды табыңыз. 2) 12% 48-ге тең санды табыңыз 3) 500-дің 20% -ін табыңыз 4) 7% 63-ке тең санды табыңыз 5) 300-дің 15%- ін табыңыз 6-СЛАЙД «Білім» станциясы. Семантикалық карта. Кестеде тігінен тапсырмалар, ал көлденең жауаптары берілген. Тапсырма мен дұрыс жауапқа сәйкес келетін әріптерді теріп жазсақ, білім туралы жақсы сөйлем шығады.
|