Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Астрономия

АДАМЗАТ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

14-дәріс АДАМЗАТ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Адамзат пайда болуының мәселелері

Адамзат пен жануарлар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Антропология ғылымы туралы

Адамзат, биосфера және космос. Ноосфера ұғымы

 

АДАМЗАТ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын қарастыра келіп, біз оның материяның орасан зор көлемдегі секірмелі өзгерісі мен әлемнің эво-люциясы нәтижесінде мүмкін болғандығын анықтадық.

Көптеген ежелгі тайпаларда арғы тектің жануарлардан, тіпті өсімдіктерден таралғаны туралы (ежелгі тотемдерде) түсінік болды, ол қазіргі кейбір тайпаларда да бар. Антикалық уақытта адамдардың лай-дан, балшықтан жаратылғаны туралы ойлар айтылды (Анаксимандр). Ол кезде адамдар мен маймылдар арасындағы ұқсастық туралы да сөз болды (Карфагендік Ганнон).

Қазіргі уақытта тіпті НЛО туралы әңгімелерге байланысты адам-заттың жерден тыс жан иелерінен шыққандығы туралы болжамдар айту әдетке айнала бастады.

Бірак, XIX ғасырдан бастап, ғылымда ЧДарвиннің эволюциялық теориясынан бастау алатын, адамзатттың қазіргі маймылдардың жоғары дамыған арғы тегінен шыққандығы туралы концепция қалыптасқан. Оны XX ғасырда генетика ғьілымы негіздеп берді, өйткені барлық жануарлар ішінде гендік аппараты бойынша адамзатқа ең жақыны шимпанзе болып шықты.

Палеоантропологиялық зерттеулер мен соңғы уақыттағы ашылулар - адамзаттың түп-тамырымен биосфераға еніп, оның сан алуан жаратылысының бірі ретінде саналатындығын дәлелдеді.

 

АДАМЗАТ ПЕН ЖАНУАРЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҰҚСАСТЫҚТАР МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР

Адамзат пайда болған уақыт туралы айтпас бурын біз адамзаттың жануарлардан айырмашылығы туралы сүрақты анықтап алуымыз керек. Ең алдымен адамзат пен жануарлардың ұқсастығы туралы. Ол біріншіден, организмдердің заттық қурамы, қурылымы жане мінез-құлқымен анықталады. Адам да жануарлар секілді белоктар мен нук-леин қышқылдарынан турады және біздің денеміздің көптеген қурылымдары мен атқаратын қызметтері жануарлардікі сияқты.

Ең жоғарғы эволюциялық сатыда турған жануардың адамзатқа ұқсастығы көп болады. Екіншіден, адам ұрығы өз дамуында тіршілік эволюциясы өткен сатылардан өтеді. Үшіншіден, жануарлар үшін улкен рөл атқаратын рудиментарлық органдар адамдарда қажет бол-маса да сақталып қалған (мысалы, соқырішек).

Ал адамзаттың жануарлардан айырмашылығы біршама. Оған ең алдымен ақыл-ес жатады. Маймылдармен жургізілген тәжірибелер, олардың да сөздерді түсініп, компьютер арқылы өз тілектерін жеткізе алатынын көрсетті. Дегенмен, жоғарғы сатыдағы жануарларда түсінікпен ойлау жоқ, олардың ойлауы (тіпті ол бар деп есептесек), нақты, ал адамның ойлауы - абстрактылы, жалпылама, логикалық түрде болады.

Сол сияқты, адам мен жануарлардың мінез-қүлқында ұқсастық бар. Жануарларда да қуаныш, қайғы, сағыну, өзін кінәлі санау, қызығу, назар аудару, есте сақтау сияқты қасиеттер бар. Адамзат түсінікпен ойлау арқылы өз іс-әрекетін, дүниені түсіне біледі және олардың жануарлардан бір ерекшелігі - ол өзінің іс-әрекетін белгілі бір жоба, жоспар арқылы жүзеге асырады.

Адамзаттың ең басты айырмашылығы - сөйлеу мәдениеті. Бұл арқылы адамзат қоғамы жануарлар дүниесінен айқын ерекшеленеді.

Еңбекке қабілет - бул адамзаттың жануарлардан тағы бір негізгі айырмашылығы. Әрине, жануарлар да әр нәрсені істей алады. Мысалы: маймылдар жемістерді қағып түсіру үшін таяқ қолдана алады, бірақ тек адамзат қана еңбек құралын өзі ойлап тауып, жасап шығарады. Жануарлар қоршаған орта жағдайына бейімделсе, ал адамдар оны өзгертуге мүмкіндігі бар.

Еңбекке байланысты адамның тағы да екі айырмашылық белгісі бар: тік жүру және қолдарының дамуы. Ең соңында - мәдениет дамуына байланысты - отты пайдалану мен өліктерді көму - бұл тек адамдарға ғана тән іс-әрекеттер.

 

АНТРОПОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ

Кең түрде алғанда, антропология - адамзат туралы ғылым (гр. «антропос» - адамзат). Яғни антропология - адамзат пайда болуы, дамуы, оның құрылымы туралы ғылым.

Антропология ғылымы XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы жасалған уақыттан кейін қарқындап дами бастады. Қурылымның негізгі белгілері мен эмбриондық дамуы бойынша «саналы адам» - хордалылар типіне, омыртқалылар подтипіне, сүтқоректілер класына, приматтар отрядына, адам тектес маймылдар подотрядына жатады.

Э.Геккель адамдар мен маймылдар арасында аралық бір түрдің болғанын айта келіп, оларды питекантроптар деп атайды (мағынасы: маймыл - адам). Ол ежелгі адамдардың арғы тегі қазіргі маймылдар емес, үштік дәуірдің ортасында өмір сүрген дриопитектер (ағаш маймылдары) деп болжамдайды. Олардың бір тармағынан эволюция нәтижесінде гориллалар мен шимпанзелер, ал екінші бір тармағынан адам тектес маймылдар таралды деп есептейді. Дриопитектердің бір түрлері ағаштан жерге түсіп, тік жүре бастады, оларды «рамапитектер» деп атады, қалдық сүйектері үнді жерінде табылғандықтан, Рама құдайының құрметіне солай аталды.

Бұдан мөлшермен 10 млн. жыл бұрын олардан сивапитектер бөлініп шықты.

Ал, 1960 жылы ағылшын археологы Л.Лики Шығыс Африкада «қабілетті адамның» қалдықтарын тапты, оның жасы мөлшермен 2 млн жылға сәйкес келеді. Оларды зинджантроптар деп атайды. Оларға «қабілетті» деген қосымшаның берілуі - тастан жасалған еңбек қуралдарын пайдалануларына байланысты.

Еңбек құралдарын пайдалану мен топталып өсір сүру - ми мен тіл қатынасының дамуына әсерін тигізді.

 

АДАМЗАТ, БИОСФЕРА ЖӘНЕ КОСМОС. НООСФЕРА ҰҒЫМЫ

Жер бетіндегі тіршілік пайда болуын қарастыра келіп, биосфера туралы, тірі заттардың биогеохимияльщ қызметтері туралы аздаған мөлшерде айтып өттік. Бұл сұрақта осы мәселелерге тереңірек тоқталамыз.

Қазіргі жаратылыстану ғылымдары жүйесінде биосфера туралы ілім негізгі орын алады. Биосфера туралы ілімнің дамуы В.И.Вернадскийдің есімімен тығыз байланысты, оның басталу тарихы одан ертерек уақытқа Ж.Б.Ламарктың «Гидрология» еңбегінің жа-зылған кезіне (180?) жыл кетеді. Бұл еңбегінде Ламарк тірі организ-мдердің геологияль.іқ процестерге тигізетін әсері туралы жазған бола-тын. Одан кейін А.Гумбольдтың «Космос» атты көп томдық еңбегінде (алғашқы томы 1845 жылы шықты) тірі организмдердің өздері енетін жер қабықтарымен байланысы туралы тезис нақты дәлелдермен берілген. Ал 1875 жылы Австрия геологы Ә. Зюсс «биосфера» тер-минін өзінің «Альпі тауының геологиясы» атты еңбегінде қолданды және оны жеке қабық ретінде қарастырған болатын. Ол биосфераға кеңістік пен уақытта шектелген Жер бетінде тіршілік ететін организ-мдердің жиынтығы деп анықтама берді.

Бірақ ол кездерде биосфераның геологиялық рөлі туралы, оның Жердің планетарлық факторларына тәуелділігі туралы еш нәрсе ай-тылмады. Ең алғаш рет тірі заттардың геологиялық қызметі туралы, барлық органикалық дүниенің біртутастығы туралы ой айтқан акаде-мик В.И.Вернадский болатын. Оның биосфера туралы концепциялары көптеген еңбектерінде біртіндеп жарық көре бастады. Ол еңбектеріне «Дала топырағының кемірушілер арқылы өзгеруі» (1884), «Тірі заттар» (20-шы жылдардағы қолжазба), «Биосфера» (1926), «Биогеологиялық очерктер» (1940), «Жер биосферасының химиялық құрылысы», «Табиғат зерттеушінің философиялық ойлары» атты еңбектері жатады.

Тірі заттардың геологиялық рөлі олардың атқаратын геохимиялық функцияларына негізделген, ал қазіргі жаратылыстану ғылымы - бұл функцияларды бірнеше категориямен береді:

1)    энергетикалық;

2)    концентрациялық;

3)    деструктивтік;

4)    орташа қалыптастырушы;

5)    транспорттық.    

 Тірі органимздер тыныс алу, қоректену, метаболизм және үздіксіз ұрпақ ауыстыру арқылы планеталық орасан үлкен қубылысты - биосферадағы химиялық элементтердің миграциясын қамтамасыз етеді.

Ал геосфераның мундай орасан зор өзгерістері үлкен энергияны қажет етеді.

Вернадский ашқан биосферадағы тірі заттардың биохимиялық энергиясы оның негізгі көзі болып табылады.

Биосфера планетаның тірі және өлі заттарының бірлігі, ол геологиялың та, биологиялық та, географиялық та анықтама емес. Бұл биогеохимиядағы негізгі іргелі түсінік, біздің планетамыздың уйымдасуының негізгі қурылымдың компоненттерінің бірі. Немесе, тіршілік әрекеті арқылы биоэнергетикалық процестер мен зат алмасу жүретін ерекше қабық.

Жерді қоршап туратын биосфера қабығы өте жұқа. Бүгінгі күнде атмосфераның микроорганизмдер өмір сүретін қабаты Жер бетінен 20-22 км биіктікке дейін көтерілсе, мухит шуңғымаларында бул шекара 11 км тереңдікке түседі. Ал жердің тас қабатындағы (литосферадағы) тіршілік 2-3 км тереңдікке дейін барады деп есептелінеді. Өйткені, дәл осындай тереңдіктегі мунай құрамында анаэробты бактериялар тіршілік ететіні анықталды. Әрине, биосфераның әр аймағында тірі заттардың мөлшері әр алуан. Олардың ең көп мөлшері литосфераның беткі қабатында (топырақта) гидросферада және атмосфераның төменгі қабатында, ал жер қыртысының терең қабаттары мен гидросфераның ең терең бөліктерінде және жоғарғы атмосферада тіршілік те біртіндеп сирей береді.

Космостық сәулелер мен Күн энергиясы Жер биосферасына, жер бетіндегі барлық құбылыстарға тұрақты түрде әсер етіп турады. Ге-лиобиологияның негізін салушы А.Л.Чижевский Күн-Жер байланысын зерттеумен өте көп айналысқан ғалым. Ол Жер бетіндегі сан алуан, сан қьірлы құбылыстар мен процестер - Жер қыртысының геохимиялық өзгерісі, планетаның, оның қүрамдас бөліктерінің динамикасы тікелей Күн энергиясының әсер етуімен жүреді деп есептейді. Күн энергиясы жер бетіндегі барлық қубылыстарға - соққан самал жел мен өсімдіктердің өсуінен бастап дауылды желдерге дейін, тіпті адамның ақыл-есіне дейін әсерін тигізеді.

Күн белсенділігінің арту циклдері мен биосферадағы процестер арасындағы байланыс XVIII ғасырдың өзінде-ақ белгілі болған. Сол кезде ағылшын астрономы В.Гершель бидайдың өнімділігі мен күн дақтарының арасында байланыс бар екендігін анықтаған. Ал XIX ғасырдың аяғында Одесса университетінің профессоры Ф.Н.Шведов жүз жылдық қарағанның діңінің көлденең кесіндісін зерттеу арқылы оның жылдық сақинасының жуандығы әрбір 11 жыл сайын, күн бел-сенділігінің циклін қайталайтындай өзгеріп отыратынын байқаған.

А.Л.Чижевский өзінен бурынғы бұл мәселемен шуғылданған ғалымдардың еңбектерін қорытындылай келе, Күннің жер бетіндегі көптеген биологиялық процестерге әсерін тигізетіндігі, мысалы, Күн тәжінің жарықтығы артып, хромосфералық ушқындар болған кезде біздің планетамызда эпидемиялық аурулар көбейіп, ағаштардың өсуінің артуы, ауыл шаруашылық зиянкестерінің, микроорганизмдердің көбейіп кетуі сияқты құбылыстар жиілейтіндігін бақылаған.

Бүгінгі уақытта көптеген ғалымдар адамзат біздің планетамыздағы тірі заттардың тек бір бөлігін ғана құрайтындығци айтады. Ал адам организмі және басқа тірі организмдер биогеосфера ырғағына бейімделеді, ең алдымен тәуліктік, содан соң жылдық немесе маусымдық ырғақтылыққа бағынады.

Адамдардағы зат алмасу ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын цир-кадалық (тәуліктік) ырғақпен өтеді. Мысалы, 1931 жылы адам бауыры-ның ырғақпен жумыс істейтіндігі анықталды. Тәуліктің бірінші жартысында бауыр өттің көп мөлшерін бөліп щығарады. Өт - майлар мен белоктарды қорытып, оларды қанттың әр түрлеріне айналдыру үшін қызмет істейді.

Тәуліктің екінші жартысында бауыр қантты өзіне тартып, гликоген мен суды жинақтай бастайды. Оның клеткаларының мөлшері мөлшермен үш есе үлкейеді.

Сонымен бірге, тәулік бойында қанның қурамындағы гемоглобиннің мөлшері де өзгеріп отырады. Оның ең көп мөлшері сағат 11-13 аралығына, ең аз мөлшері 16-18 сағатқа сәйкес келеді.

Тәуліктік өзгеріске организмдегі биофильді химиялық элементтер де түсіп отырады.

Организмде түнде магний туздары, ал ми сұйықтығында калий туздары кебейеді. Бул қосылыстардың екеуі де жүйке-бұлшық ет қызуын бәсеңдетеді. Сонымен қатар, вегетативтік жүйке жүйесі де тәуліктік графикпен жумыс істейді. Тіпті статистика туу мен өлу процестерінің өзі тәуліктің қараңғы бөліктерінде, көбінесе түн ортасында өтетінін анықтады.

Күн белсенділігінің езгерісі адамзат денсаулығына да әсерін тигізеді. Мысалы, Чижевский Европалық Россиядағы 1823 жылдан 1917 жылға дейін болған сүзек ауруының материалдарын, 1823 жыл-дан 1923 жылға дейінгі аралықтағы оба ауруының шыққан кездерін зерттей келе, бұл жұқпалы дерттердің шығуы күн сферасында өтетін құбылстармен тікелей байланысты екендігін анықтады. Өзі құрастырған графиктер негізінде ол 1930 жылдың өзінде 1960-1962 жылдардағы оба ауруының эпидемиясы шығатынын болжаған, шы-нында да бұл ауру дәл сол жылдары Оңтүстік-Шығыс Азияда таралды.

Келтірілген фактілер космостық факторлардың және адам орга-низмінің физиологиялық жағдайларына әсер ететіндігін көрсетеді.

В.И.Вернадский мен А.Л. Чижевскийдің космос адамзат, биосфера арасындағы байланыс туралы концепциялары Л.Н.Гумилевтің этноге-нез концепциясына негіз болды. Оның концепциясының негізгі түсініктерінің бірі - пассионарлық серпін - яғни қоршаған ортадан энергияны көп мөлшерде қабылдауға тырысушылық, ал артық энергияны адамзаттың белгілі бір қызмет бағытына жіберуі. Пассионарий-лерге - Александр Македонскийді, Наполеонды, Марко Поло, А.Прежевальскийді, А. Эйнштейн мен Гетені және тағы басқаларды жатқызуға болады. Пассионарлық қасиет сирек байқалатын космостық сәуле шашу мен тікелей байланысты (ол мыңжылдықта 2-3 рет қана байқалады).

Биосфера мен космостың, жеке адам мен космостың, қоғам мен космостың арасындағы байланыс туралы уғымдар біртіндеп ғылыми дүниетанымға енді. Бул көзқарасты космизм деп, ал мүндай көзқарастың қалыптасуын ғылым мен философияның космизациясы деп атайды.

Космизм идеясы В.В.Докучаевтың, В.И. Вернадскийдің, К.Э.Циолковскийдің, А.Л.Чижевскийдің, Л.Н.Гумилевтің, Н.Г.Холодныйдың, С.П. Королевтің, Н.А. Морозовтың, Н.Ф. Федоровтың, В.С. Соловьевтің, А.Белыйдың тағы басқа ,ғалымдардың еңбектерінен керініс тапты.

Ноосфера ұғымы. Ноосфера туралы екі түрлі түсінік бар:

1) ақыл-ой сферасының үстемдік етуі (Фихте);

2) адамзат пен табиғаттың ақыл-ой арқылы қарым-қатынас жасау сферасы (Теяр де Шарден, Вернадский)

Біз ноосфераны осы екінші түсінік бойынша қарастырамыз.

Теяр де Шарденнің анықтамасы бойынша, ноосфера дегеніміз — планета эволюциясының болашағының бағыттарын бақылап отыра-тын коллективті саналылық, ол табиғатпен өте жақын үйлесімділік табады.

В.И.Вернадский ноосфера атауымен біздің ғаламшарымыз бен оның маңындағы кеңістіктің адамның саналы әрекетінің белгілері орын алған бөлігін түсіндірді. Биосфера тәрізді, ноосфера да Жердің барлық бөліктерін әсер етуші биогеохимиялық күш болып табылады.

Ал ноосфера терминін 1927 жылы француз ғалымдары мен философтары Э.Леруа мен П.Теяр де Шарден ұсынған болатын.

Вернадскийдің биосфералық ілімі бойынша тірі заттар Жер планетасының жоғарғы қабатын өзгертеді. Адамның осындай іс-әрекеті біртіндеп ұлғая түседі де, ол негізгі планетарлық геологиялық күшке айнала бастайды. Сондықтан да адамдар ғаламшар болашағы мен эволюциясы үшін өзінің жауапкершілігін түсіне білуі керек,

Өзінің ноосфера туралы концепцияларына Вернадский мынандай алғы шарттарды ұсынады:

1) Адамзат біртутас бүтін қоғам. Кез келген құрылық бөлігндегі болып жатқан жағдайлар барлық жерге ортақ;

2) Байланыс пен ақпарат таратудағы жаңалықтар. Олардь  жер шарының кез келген түкпіріне таратады;

3) Адамзаттың тең өмір сүруі - ноосфера үшін қажетті жағдай;

4) Адамзаттың өмір сүру деңгейінің көтерілуі, халық массасының мемлекеттік және қоғамдық істерге араласу мүмкіндігі;

5) Энергетикалық дамуы, энергияның жаңа көздері мен түрлерінің ашылуы;

6) Қоғам өмірінен соғыстың аластатылуы.

Вернадскийдің ноосфера туралы концепциясы ғылыми орталарда қазіргі кезде жан-жақты талқылануда. Ол экологиялық мәселелерді шешу мен адамзат қоғамын сақтап қалу жөніндегі идеялар мен теорияларға негіз болып саналады.

 


Категория: Астрономия | Добавил: nauriz (19.03.2012)
Просмотров: 13689 | Рейтинг: 3.3/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!