Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Астрономия

ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ПӘНІ, ЗЕРТТЕУ ОБЬЕКТІЛЕРІ

15-дәріс ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ПӘНІ, ЗЕРТТЕУ ОБЬЕКТІЛЕРІ

География ғылымының ерекшеліктері

Географияның пәні және зерттеу обьектілері

География ғылымының құрылымы

Географияның ғылыми-техникалық кезеңіндегі маңызы

 

ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Біртұтас ғылыми білім жүйесінде географиялық білімдердің өзіндік орны бар.

География жер бетін қурастыратын күрделі территориялық жүйелерді зерттейді. Бул жүйелер: табиғи, әлеуметтік және табиғи-қоғамдық болып бөлінеді.

 Географиялық ойлаудың мәні -кеңістік заңдылықтарына талдау жасай білу, геожүйелер мен олардың компоненттерінің арасындағы өзара байланыстарды қазіргі әлемнің географиялық картинасына түсінік беретін тарихи әдістемелер негізінде анықтау. Ғылыми болжам жасау - ғылымның баға жетпес таланты. Географ әр түрлі материалдарды пайдалана отырып, жер беті мен оның жеке аудандарындағы табиғат пен шаруашылықта болатын өзгерістерге болжам жасай білуі керек.

Қазіргі географтар жер бетінің күрделілігі мен қайталанбас ерек-шеліктерін түсіндіретін көптеген заңдылықтарды ашты: географиялық қабықтың зоналылығы мен ырғақтылығы, геожүйелердегі зат және энергия айналымы, геожүйелердің космоспен байланысы, әр түрлі елдердегі шаруашылық дамуы тағы басқалар. Сонымен, әлем туралы географиялық білім уақыт өткен сайын кеңейіп отырады, ол табиғи процестердің динамикасы, мухит суларының жағдайы мен циркуля-циясы, шаруашылықтағы езгерістер туралы мәліметтермен жыл сайын толығып отырады. Қазіргі уақытта жер бетіндегі экологиялық жағдайлар: ауа мен судың ластануы, шөлдің таралуы, топырақ түздануы тағы басқа мәселелер зерттелуде. Карталарда сстихиялық табиғат апаттары: жер сілкінуі, цунами, дауылдар, су тасқыны тағы басқалар   Жер   шары  халқына,   шаруашылығына   зиянын   тигізетін қубылыстар керсетілуде. Табиғат, халық, шаруашылық туралы мәліметтер негізінде белгілі бір территорияның сипаттамасын жасау-тек географтың қолынан келетін шаруа. Сондықтан географияның сырт көзге жеңіл пән болып керінуі бекер.

 

ГЕОГРАФИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЗЁРТТЕУ ОБЬЕКТІЛЕРІ

География ғылыми байланыстардың екі сферасының (табиғи және қоғамдық) арасында орналасқан, сол себепті оның зерттеу обьектілері мен пәні болып алуан геожүйелер мен оның компоненттері саналады.

Дегенмен, ғылым дамуының барысында географияның зерттеу обьектілері мен пәні сан рет өзгерді. Жалпы қалыптасқан уғым бойын-ша көптеген ғалымдар география ғылымының негізгі обьектісі ретінде жер бетін қарастырады. Буған байланысты К.Риттер географияның зерттеу объектісі ретінде жер бетін, Э.Мартонн - Жер бетіндегі адамзат қызметіне байланысты физикалық, химиялық, биологиялық қубылыстармен олардың таралу себептерін, О.Пешель - Жер табиғатын қарастырады. Көптеген физик-географтар П.И.Броунов ұсынған «географиялық қабық» обьектісімен келіседі.

Географияның зерттеу обьектісі ретінде бірнеше терминдер ұсынылды: географиялық қабық, ландшафт қабығы, геосфера, ландшафтық сфера, биогеосфера, эпигеосфера тағы басқа.

Ең дұрыс дел қабылданғаны: «географиялық қабық».

Сонымен, географтар ез зерттеулерінің обьектісін анықтады.

Бул бірнеше бірімен-бірі байланысты жер сфералары мен олар-дың элементтерінен литосферадан, гидросферадан, атмосферадан, биосферадан туратын күрделі құрылым - географиялық қабық болып табылады. Географиялық қабықтың компоненттеріне ауа, су, тау жыныстары, тірі заттар жатады. Сондықтан географиялық қабықтың та-биғаты әр алуан: онда әр түрлі заттық құрамдағы жүйелер бір-бірімен өзара әрекеттеседі.

Жердің негізгі қабықтарының ішінде гидросфера мен биосфера толығымен географиялық қабыққа енеді. Географиялық қабықтың барлық компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты. Географиялық қабықтың біртутастығы - оның ең маңызды қасиеті.

Географиялық қабық екі  маңызды қасиеттердің диалектикалық бірлігімен сипатталады: үздіксіздік  (континуальдық)  және  іркілістік(дискреттік). Үздіксіздік географиялық қабықтың кеңістіктегі таралуының тутастығымен, ал іркілістік - оның жеке геожүйелерге бекінуімен сипатталады.

Барлық географиялық ғылымдар дамушы территориялық объектілердің кеңістіктегі арақатынасын зерттейді. Бұл олардың негізгі пәні болып саналады.

Ғылым дамуы барысында географиялық зерттеулердің, мақсаттары түрлене түседі, өйткені, жаңа объектілер мен жаңа әдістемелер пайда болады.

 

ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Ғылыми білімнің әр саласында дифференциация және интеграция процестері жүріп жатады.

Географияда дифференциация процесі XIX ғасырда басталып XX ғасырдың басында белсенді түрде дамыды. Біртұтас география физикалық география мен экономикалық географияға бөлінді. Қазіргі кезде географиялық ғылымдар жүйесі үш блоктан тұрады: ғылыми-жаратылыстық, әлеуметтік-экономикалық және табиғи-қоғамдық. Со-нымен бірге кейбір аралық ғылымдар да бар.

1. Ғылыми-жаратылыстық блок. Бұл блокқа теориялық және қолданбалы физикалық-географиялық ғылымдар енеді.

2. Әлеуметтік-экономикалық блок. Әлеуметтік тәсіл адамзат пен қоғамның көзқарасын, мәселелерін зерттейді.

Экономика - халық шаруашылығы туралы ғылым.

3. Табиғи-қоғамдық блок. Табиғат пен қоғам арасындағы байланыс нәтижесінде туындайтын мәселелерді зерттеумен айналысатынғылымдар жүйесі.

4. Аралық ғылымдар. Бұл ғылымдар блогына концепциялары, әдістемелері барлық географиялық ғылымдарға қатысы бар пәндержатады. Мысалы: картография, география тарихы.

 

ГЕОГРАФИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕП МАҢЫЗЫ

Қазіргі ҒТР уақыты - әр түрлі ғылым салаларының үлкен нәтижелер көрсетіп жатқан уақыты. Ядролық физика мен генетика, космонавтика мен есептеу техникасы, күрделі процестерді жобалау мен автоматтандыру, жоғары молекулалы қосылыстар химиясы мен жаңа дәрілік препараттар жасау, кибернетика мен гендік инженерия -булар ғылыми-техникалық прогреске әсерін тигізуші ғылым жетістіктері.

Қазіргі кездің маңызды міндеттері - табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау, қоршаған ортаны жақсарту мен қорғау географияға және оның барлық салаларыңа қатысы бар мәселелер.

Табиғат пен қоғам арасындағы байланыстарды глобалдық және аймақтық масштабта зерттеудің үлкен маңызы бар. Табиғи жүйелердің антропогендік әсерге тұрақтылығын зерттеу өте қажет жағдай. Қоршаған ортаның жағдайына бақылау жасау - географияның маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.

Географияның теориялық және қолданбалық потенциалы аса ірі әрі маңызды табиғат туралы мәселелерді шешуде кеңінен қолданылады.

Аталған міндеттер мен халық шаруашылығы мен экономикасын басқаруда территориялық принципті қолданудың қажеттілігі зор.

Географиялық зерттеулердің маңыздысы қоршаған орта жағдайына, демографиялық, экономикалық жағдайларға болжам жасау.

Дурыс, ғылыми түрде негізделген болжамдар халық шаруашы-лығын тиімді түрде жоспарлауға себін тигізеді.

География тек қана табиғатты, халықты, экономиканы ғана зерттеп қоймайды, оның идеологиялық қызметінің де маңызы зор. Білімді адамдарды дүние жүзінің саяси картасын, әлемдік экологиялық маңызы бар мәселелерді білмейінше білімді деп санауға болмайды.


Категория: Астрономия | Добавил: nauriz (19.03.2012)
Просмотров: 4724 | Рейтинг: 3.3/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4008
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!