Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Астрономия

Шолпан планетасы
Жүктеу үшін: files.gameworld.kz

Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және ғарыштық зерттеулермен алынған.
 Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы     R =  6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында.
Ғаламшардың айналу осі перпендикулярдан оның орбита жазықтығына бар болғаны 3
°-қа қиғаш. Ғаламшар осінде шығыстан батысқа қарай (яғни Жер айналысына қарсы) P = 243,0 тәулік периодта айналады, сондықтан жердегіше көзге елестетсек, ғаламшардағы шығыс көкжиек Күн шығар жақ болғанымен, онда Күн батыстан шығып, шығысқа басқандай көрінеді. Шолпанның айналуы кері болғандықтан оның айналу периодына теріс таңба қосылады, ал осыны есте ұстау үшін ғаламшар осінің қисаюы 177°-қа тең деп алынады.
         Шолпандағы еркін түсу үдеуі 0,90 жердікіндей, ал аса қатты жылдамдық секундына 10,4 км. Сондықтан Шолпанның 1761 жылғы маусым күні 6-да Күн шартабағынан өтуін бақылау кезінде М. В. Ломоносов ашқан тығыз атмосферасы сақталған. Атмосферасы Айда да, Меркурийде де болмайтын өте қызық құбылыс тудырады. Шолпанның төменгі тұстасуы кезінде ол жіңішке орақ болып көрінеді, орағы әдеттен тыс ұзын келеді, кейде тіпті екі ұшы жалғасып та кетеді.
Категория: Астрономия | Добавил: nauriz (05.01.2012)
Просмотров: 1124 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!