Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақ тілі және тіл білімі

Қайталама сөздөр лен бірыңғай лүшелердің стильдік ңызметі

Сөйлемдердің, стильдік кескінін сөз еткенде, олардың құрамын-дағы мүшелердің тек санына қарамаймыз,— сапасына қараймыз. Әдетте сөйлемдердің сөздері барынша сығымдалған, аз сөзбен көп мағына беретіндей болмай, шұбалаңқы болса, не бір сөзді бір және іргелес сөйлемдерде қайта-қайта айтыла берсе, ондайды стильдік қате, тіл жарлылыгы деп білеміз.Жазушы Ғ. ‘Мүсірепов "Әдебиет тілі.жайында” деген бір мақаласында мына бір сөйлемдерде сондай басы артық орынсыз қайталауы бар екенін сынга алған болатын:

 

"Сонымен Сұлтанмахмұттың лирикасы поэма сияқты ұзақ бо-лып, позмасы»‘ лирикалық болып, лирикасы мен поэмасының арясы жақын жатады. Яғни, Султанмахмуттың өлеңдері әлеуметтік лирика больш, сочдықтан да көлемді, ұзақ болып келсе, поэмалары сюжетсіз болып, бірақ, лирикалы болып, элеуметтік лирика болып келеді”.

 

Осы бір іргелесіп, қатар айтылған екі сөйлемде лирика, поэма, әсіресе болып сөздері жөн-жосығы жоқ бірнеше рет қайталанып айтылған. (Мен сол сөйлемдерді оқығанда, есік алдында құрт езіп отырғаң бір әйел есіме түсті). Мұндайды өрескел стильдік қате деп білеміз. Әдетте қаламының ебі бар кісі бір сөзді қайта-қайта жазып окушыны ығыр қылмайды, бір сөзді мүмкін болғанынша екі рет айтпай, синонимдерді кең түрде пайдалануға тырысады, мысалы:

 

Ежелден табан аңдысқан

Ата дұшпан сен едің,

Ата жауың мен едім (Махамбет).

Жел жіберіп, бір желпіп, ’>-.

Ауық-ауық құшақтап,

Әлсін-әлсін нұр сеуіп

Есейген асқар Гималай

(I. Жансүгіров).

 

Сөйлемдегі бір сөзді, кейде сөз тіркесін сол сөйлемде не көрші сөйлемде қайталаудың ерекше стильдік қызмет атқаратын да орны бар. Мысалы, Б. Майлин …бала көп, барып жатыр, жайнап жатыр — бірі кіріп, бірі шығып жатыр, мәз-мейрам болып ойнап жа-тыр — өздерінше қуанышты, шаттық тойын тойлап жатыр деген-де, әдейі күрделі етістік баяндауыштар құрамында жатыр көмек-шісін бес рет қайталаған. Сол арқылы жазушы мәз-мәйрам көп баланық жалынды жастық күйін өте әсерлі суреттеген. Бір сәтте, біріне-бірі ұласа көзден өтіп жатқан ауыл көрінісін әсерлі етіп, жандандыра суреттеу үшін жатқан есімшесіне біткен кұрделі анықтауыштар көршілес сөйлем сайын әдейі қайталап отырған мына үзіндіге назар аударайық:

 

Қабаққа келіп қарасаң, көз ұшындағы жердің бәрі көрінеді: еріп жатқан қар, … көлкіп жатқан су, қардан-қарды сағалап итініп бара жатқан жүргінші, андайлап жайылып жатқан мал, асыр салып асық ойнап жатқан жас балалар, суат басына алқа-қотан тұра қалып эңгіме соғып жатқан қыз-келіншек_.. (Б. Майлин). Бұл атаулы сөйлемдерді үндестіріп дала көрінісін осылай суреттеген жазушының сөздік бояуынан бір мезгілде өз ара ұласкан қимыл, күй, экспрессивті әрекет, дала, ауыл өмірінің динамижасын көз алдыңа елестетеді.

 

Сөйлемге эмоциялық әр берудің көп тәсілінің бірі — бір сөзді әдейілеп бірнеше рет айту болса, кейде бір сөйлем мүшесін түрлі-түрлі сөздермен бірыңғай етіп жұмсай білу. Мысалы: Қазір менің ойым Ақбота мен Нинаны бір машинаға мінгізіп, осы үлкен жолмен осы үлкен көпірге қарай ағызып алып келе жатыр (Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлем — әрі экспрессивті, әрі эмоциялы. Біріншіге негіз бо-лып тұрған — ағызып алып келе жатыр деген баяндауыш та, екін-шіге негіз болған — осы үлкен деген анықтауыш. Ол бір сөйлемде екі рет айтылып, екі заттың анықтауышы болған. Солай ету арқылы жазушы кісі арманыныд ойнақы, көтеріңкі қиял екенін анғартады.

"Ақ Жайық” романында Мәмбет казармаға кіріп келіп, қарауыл жасақшыға: Әжіғали мен Жапалақты оят!.. Тез!—деп зекіп асықтырады. Жасақшы оның әмірін екі қылмай:— Қазір Мэмбет аға. Қазір оятам…— дейді. Осындағы қазір сөзінің екі рет айты-луында үлкен мән бар. Жазушы сол арқылы жасақшы сөзінің ек-пінді, өзінің тіл алғыш екенін сездіреді. ‘ Мына сөйлемде сол сөзі үш рет қайталанады:

 

Сол ақ жібек шымылдық, сол биік сүйек төсек, сол жасау тегіс орнында. (М. Әуезов).

Бұл мысалда сол сөзін қайта-қайта айту арқылы бір сөйлемдегі әрбір бірыңғай мүшеге ерекше назар аударылған. •

 

"Қазақ солдатында” бір жауынгердің туып-өскен қаласын көруге ынтықтығын сездіру үшін жазушы: Туып өскен қаланың таныс заводтары мен таныс үйлері,таныс адамдары көз алдыңа келер еді,— дейді. Мұнда таныс сөзі үш рет айтылған. Сол арқылы анық-тауыш қызметіндегі таныс сөзіне ерекше ой екпіні түсірілген, сөй-лем әсерлі болып шыққан. Сондай-ақ Бұл да әлі тым жұқа, тым нәзік, тым қалтырауық (С. Мұқанов) деген сөйлемде де сөз қайта-лау арқылы айтылган ой тайға таңға басқандай айқын да әсерлі шыққан.

 

Сөйлемнің бір мүшесін қайталау әсіресе шешендік өнердің, көркем әдебиеттің өте ұтымды, әрі әсерлі тәсілінін, бірі болады. Оларда қайталаулар екі түрлі орайда эмоциялы-экспрессивті қызмет атқарады:

 

1. Анафора (басталуы бірдей). Мұнда қатар айтылған бірнеше сөйлем, кейде өлең шумағының бірнеше жолы бір сөзден басталады. Сөзді солай қат-қабаттап жұмсау арқылы ойды күшейтуге, әсерлі етуге бдлады. Анафора қазақ ‘тілінде өлеңді сөйлемдерде көбірек кездеседі:

 

Мен — мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде,

Еңіреп жүрген ер едім (Махамбет).

Жау, жау, жаңбыр! Жау, жаңбыр!

Жау! Егіннің көгі өссін!

Сұлудай бұрақ құрақты

Айдын шалқар көгі өссін! (Б. Майлин).

Әлде жеке кетсін бе?

Әлде жаппай сепсін бе?

Болмас па екен қиындық. (\. Жансүгіров).

Соқ, жігіт! Соқ, соқ, жігіт! Күйіңді тарт!

Лапылдат! Жандыр! Күйдір! Құмарт! Құмарт!

(I. Жансүгіров).

 

Категория: Қазақ тілі және тіл білімі | Добавил: Админ (09.12.2012)
Просмотров: 1079 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 2
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 1

Лучшая рип студия!