Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақ тілі және тіл білімі

Дербес демографиялық саясаттың маңызы
Демография – бұл халық туралы ғылым. Ал демографиялық саясат деп мемлекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін, атап айтқанда – халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлім-жітімі мен көші-қонын және мекен-жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін, маңызды аталмыш «бес таған» айналасын реттеуге арналған шара мен іс-әрекеттердің біртұтас жүйесін айтамыз.
Бүгінгі күннің аса күрделі мәселелерінің бірі- Қазақстанның
өзіндік дербес демографиялық саясаты біздерге не үшіе соншама қажет? Не үшін оған ұлттық қауіпсіздікте бірінші басымдылық беріліп отыр? Себебі, Қазақстан ұлысының негізгі ұлты ретінде қазақ халқының жан-жақты даму бағдарламасын қабылдап, көп ұлтты республикамызда ұлтаралық қатынастарды жақсарту мен сауықтыру мәселесін мемлекеттік саясат деңгейіне көтергенде ғана болашаққа толық сеніммен қарай аламыз.
«Мың өліп, мың тірілген қазақ» халқы басынан талай демографиялық апаттарды өткерді. Елдігіміздің шырқын өткенде отаршылдар нағыз демографиялық зобалаң жолдармен бұзып келгені баршаға аян. Қазақ хандығы құрылғаннан бастап, көрші, әсіресе, Жоңғар, Қытай, Ресей, Қоқан, Хорезм мемлекеттерінің шабуылына талай ұшырап, көптеген жерімізге қоса халқымыздан да айырылдық.Зұлматты геноцидтің басталуы қаншама тереңде жатса, оның зардабы да соншама ұзақ сақталуда. Бұл санымызға, тілімізге, егемендігімізге, дінімізге, санамызға, ділімізге, мәдениетімізге, экономикамызға, өркениетімізге, менталитетімізге тікелей әсер еткендігі сөзсіз анық.
Енді тым алысқа бармай-ақ, аңсаған тәуелсіздігімізді алғаннан бергі еліміздегі демографиялық өзгерістерге назар аударсақ.
Кеңес Одағының ыдырауы мен еліміздің көптен күткен тәуелсіздігін алуы барысындағы өтпелі кезеңде біз күрделі демографиялық өзгерістер мен жаңа көші-қон толқындарына куә болдық. Бұл кезеңдегі демографиялық үрдістердің негізгі ерекшелігі- өлім-жітімнің көбеюі, бала туудың кемуі, яғни, табиғи өсімнің құлдырауы салдарынан халықтың жалпы санының азаюы.Бұған қоса республикамыздан алыс-жақын жерлерге ауып кетіп жатқан көші-қон толқындарының өрістеуі де халық санын төмендетіп жіберді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы демографиялық дағдарыстың ең ауыр нәтижесі - Қазақстан халқы 1989-1999жж. Аралығында 1,5млн-нан астам адамға, яғни, 8,2%-ға азайды.Халық санының азаюы 2002ж-ға дейін созылып, тек 2003ж-дан бастап аз да болса өсе бастады.Бұның басты себебі- тек 1991-1999жж. аралығында сыртқа кеткен көші-қон нәтижесінде Республика халқы 1 000 854-нан астам адамға кеміді. Кеткендердің басым көпшілігі өз тарихи отандарына қайта оралғандар еді. Олардың ішінде тек 1993-1998жж. – 1млн-нан астам орыс, украин, беларустар, 400 000-ға жуық немістер болған еді. Бұл көші-қон толқындары Қазақстан халқының ұлттық құрамына күшті әсер етіп, олардың үлестік ара-салмағын күрделі түрде өзгертіп жіберді. Егер 1939ж-дан кейін қазақтар өз Отанында көпшілікке айналса, 1999ж. едәуір өсіп, 53,4%-ға жетті, оның үстіне бұрын басым болған орыстардың үлесі 30,0%-ға тоқтап, төмендей түсті. 2005ж. Басында Қазақстан халқының саны 15млн-нан асып, ұлттық құрамы келесідей болды:
қазақтар – 8 725 206 немесе 57,9%,
орыстар – 4 024 357 немесе 26,7%,
украиндар – 458 993 немесе 3,0%,
өзбектер – 419 529 немесе 2,8%,
немістер – 228 123 немесе 1,5%,
татарлар – 231 236 немесе 1,5%,
ұйғырлар – 226 513 немесе 1,5%,
кәрістер – 100 982 немесе 0,7%,
белорустар – 94 214 немесе 0,6%,
әзірбайжандар – 86 138 немесе 0,57%,
түріктер – 84 035 немесе 0,55%,
басқалар – 395 441 немесе 2,6% құрады. Бұл жерде республикаға өз атын берген қазақ ұлтының кейбір демографиялық артықшылықтарын айта кеткен жөн болар. Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан басқа Республика жерінде жалпы халық саны негізінен кеміген болса, қазақтар саны бүкіл облыстарда өсумен болды. 1989-2005жж. Қазақтар саны 2 000 228,3-ға, яғни, 34,2%-ға өсті. Қазақтар Батыс және Оңтүстік аймақтарда едәуір басым болды. 1999ж. Қызылорда облысында -94,2%, Атырау облысында -89,0%, Маңғыстау облысында – 78,7%, Ақтөбе – 70,0%, Оңтүстік Қазақстан – 67,6%, Батыс Қазақстан облысында – 64,6% құрады. Ал Солтүстік және Орталық Қазақстанда қазақтар әлі де болса аз болды.Олар халықтың 1/3-нен төмен, не аз ғана жоғары болды. Солтүстік Қазақстан облысында – 29,5%, Ақмола – 37,4%, Қарағанды – 37,6%, Павлодар – 38,2%, Шығыс Қазақстанда – 48,5% болды.
Жалпы, қазақтар орыс, украин, неміс, басқа да еуропалық ұлт өкілдеріне қарағанда табиғи өсімі жоғары саналғанымен, 1990жылдары олардың арасында 3 және одан да көп балалы отбасылар азая түсті. Қазақтардың табиғи өсімінің төмендеуі рыноктық қатынасқа, қымбатшылық пен жұмыссыздықтың өрістеуіне, сондай-ақ қазақтар басым орналасқан ауыл-селоның жағдайының күрт нашарлауына, басқа да өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарына тікелей байланысты еді. 1993ж. Қазақстан адам мүмкінділігінің даму индексі бойынша Дүниежүзінің 175 мемлекеті ішінде 54-орынға ие болса, 1997ж. 93-орынға төмендеді.
Қазақтардың жалпы саны мен үлесінің өсуі, біріншіден, жоғарыда айтылып кеткендей, табиғи өсімнің басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда жоғарылауына, ал екіншіден, егемендігімізді алумен басталған шетелдегі қандастарымыздың тарихи Отанына қайту көші-қонына тығыз байланысты еді. Бұлар қазақ-жоңғар соғысы, 1916ж. ұлт-азаттық соғыс, кейінгі Кеңес заманындағы азамат соғысы, 1918, 1921, 1931-1933жж. ашаршылық, Ұлы Отан соғысы кезіндегі тұтқындалу және басқа да қайғылы-қасіретті оқиғалар нәтижесінде Отанынан ауа көшіп кеткен қазақтар еді. Шетелдегі қазақтар мәселесі Кеңес Одағы кезінде көпке дейін тыйым салынған жағдайда болып келгені рас. Бүгінгі таңда шетелдегі қазақтар мәселесі, әсіресе олардың саны мен жыныстық, жастық, әлеуметтік құрамы, білім деңгейі, ұлттық тілді, мұсылман дінін, дәстүрлі мәдениетіміз бен тұрмыс жағдайын сақтау сияқты басқа да мәселелер бүгінгі күнде де тарихи демографиямыздағы ашық мәселе. Шетелдегі қазақтардың көпшілігі білім алуда қатты қиналатыны белгілі. Ұлттық мектептер жоқтың қасы, әсіресе Қытай мен Өзбекстанда бұл жағдай қиындап кетті. Жалпы, шетел мемлекеттерінің саясаты ұлт тілін, мәдениетін сақтап, дамытуға мүмкіндік туғызбайды. Шетелдегі қазақтар санына келер болсақ, Қазақтардың Дүниежүзілік Қауымдастығы жинаған мәліметтерге сүйенер болсақ, жақын шетелдерде 3 000 137, алыс шетелдерде 2 529 800. Қазақтар көп шоғырланған мемлекеттер:
Қытайда – 2 000 260,
Өзбекстанда – 1 000 750,
Ресейде – 1 000 100,
Монғолияда – 150 000,
Түркіменстанда – 150 000,
Қырғызстанда – 95 000,
Ауғанстанда – 30 000,
Түркияда – 15 000,
АҚШ-та – 14 000,
Тәжікстанда – 10 000,
Иранда – 10 000,
Германияда - 9 000-дай қазақ бар екен.
Кеңес Одағы тарап, Қазақстанымыз егеменділігін алған соң шетелдегі қазақтардың Отанына бағытталған көші-қонның ең күшті толқыны басталды. 1991ж-дан бастап Қазақстанға ТМД елдерінен, алыс шетелдерден қазақтар ағыла бастады. Осы 1991ж-дан 1995ж-ға дейінгі аралықта республикаға 137 919 қазақ көшіп келді. Олардың басым көпшілігі, дәлірек айтсақ 50,6%-ы таяу шетелден, негізінен Ресей, Тәжікстан, Кавказ өңірінен, алыс шетелден – Монғолия, Иран, Түркия, Қытай, Ауғанстаннан келген иммигрант қазақтар.
Ұлттық қауіпсіздігімізді сақтап қалу және экономикамызды жаңа еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін елбасымыз 2015жылға дейін халық санын 20млн-ға жеткізу қажеттігін баса айтып келеді. Халық санын көбейтіп, құрамын нығайту үшін тарихи демографиялық ғылым айқындаған екі жолды – табиғи өсім мен сырттан келетін көші-қонды оң пайдалануымыз керек. Табиғи өсімді күшейту үшін жастарға, әсіресе жаңа отбасыларға, көп балалы аналарға, олардың жас ұрпақтарына өкімет тарапынан жан-жақты, нақтылы, тұрақты және жүйелі түрде қамқорлық, тікелей жәрдем ұйымдастырылуы жолға қойылған. Қазақстанның экономикалық өсу траекториясына шығуына байланысты орташа өмір сүру ұзақтығы, өмір сүру деңгейі және білім алу сияқты компоненттерден құралатын адамның даму индексі бойынша 2005ж. Қазақстан 80-орынға көтерілген. Оралмандарға еліміз барынша жағдай жасауға тырысады.
Қазақстанның дербес демографиялық саясатының өзіндік адал әрі биязы әдіс-әрекеттерді қалыптастыра отырып дамуы болашақта қазақ сияқты өр рухты халқымыздың елдігін нығайтары хақ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы тиіс. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз»,- деген еді. Ал Қазақстанымыздың ұлттық бәсекелестігін арттыратын ең маңызды фактор – бұл адам ресурсы. Қазақ қашанда мал басын өсіремін деп жүріп, жан санын, яғни, өз санын да өсіру керектігін ұмытпауымыз абзал.
Категория: Қазақ тілі және тіл білімі | Добавил: nauriz (18.10.2012)
Просмотров: 1383 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4012
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!