Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақ тілі және тіл білімі

ФРАЗЕОЛОГИЗМ ЖӘНЕ ҮЙЫТҚЫ СӨЗДЕР

Тұрақты сөз тіркестері мен күрделі сөздер сөздікке берілгенде бірінші сөздің алфавиттік тәртібіне қарай орналастырылады. Фразеологизмдердің бірінші сөзі көп жағдайда ұйытқы сөз деп аталады. Әсіресе сып есімдерден (ақ, ала, кец, кер, көк, қара,қоңыр,қызыл,сары), сан есімдерден (бір, екі, үш, төрт, бес, алты,жеті,тоғыз,он,он екі,қырың, мың), бірлі-жарым етістік-терден болған ұйытқы сөздер әрқашан фразеологизмнің біршші сөзі болып жүмсалады. Мысалы: ақ айыл, ақ боран, ақ білек, ақ жарқыи, ақ жауын, ақ жем, көк айыл, көк долы, көк бақа, дауыл, көк жал, көк майса, көк мылжың, бір шүйке, бір үзім,бір ілім,бір отар,бір үйір, бір қора, екі жүзді, екі қабат, талай, екі ұшты, қырық жамау, қырық, қырық пышақ, өлгенде көрген, өлер жері, өлгсн-тірілгенін жақсы көрді, өлдім-талдым дегенде, өле жаз-қорқады, өлеріне көрінді, өлмегенге өлі балық, өлмегенге қара жер, ішкен асын жерге қойды, ішкен-жегенін мұрнынан шығарды, ішкені алдында, ішпегені артында, ішкені ірің, жегені желім, ілінсе кетті, іреп сойды, алып қашты, жабулы казан жабуымен, жатып ішер, жазбай таныды т. б. Ұйтқы сөз фразеоло-гизмдердің бірінші сөзі болып келуі басты шарт болып табылмай-ды. Екі компоненгті зат есімнен болган фразеологизм-де ұйтқы сөз біріпші болып та, соңынан скінші болілп та тұра ‘береді. Дегенмен үйтқы сөз фразеологпзмдердіц бірінші басқы ком-понсіпі болып қолданылуы өте жиі үшырасатындығын жоқ-ка шығаруға болмайды. Мұны мына төмендегі фразеологизмдердің

құрылым-құрылысынан айқынкөруге болады.Мысалы:

Тіс сөзіне қатысты фразеологизмдер. Оныц ішінде есім фразеологизмдер: а) сүт тіс,.күрек тіс, қасқа тіс, мандай тіс, ақыл тіс, үры тіс, азу тіс, қой тіс, жылқы (ат) тіс, сиыр тіс, бұзау тіс, ит тіс, сойдақ тіс, қашау тіс, сары тіс, маржан тіс, ұрғашы тіс, еркек тіс (тараққа қатысты) т. б. ә) тіс қаққан, тіске басар тіс гимеген, тісі шыккан, тісі каладаіі, тісі меруерттей т. б. Етігтік фразеологизмдер: тіс жарды, тіс жармады, тісі батпады, тісін басты, тіске басты, тісіи батырды, тісінен шыгармады, тісін қайрады, тісі шықты, тісі тісіне тимеді, тісің барда ысқыр, тіске сыздық етті, тісінің сыздығына сақтады т. б.

Бел сөзіне қатысты фразеологизмдер. Онын ішінде есім фра-зеологизмдер: а) кұмырсқа бел, кузен бел, таспа бел, қақпац бел, күдері бел, қынай (қынама) бел, бұран. бел, қыз бел, асқар бел, аш бел, т. б. ә) бел ағаш, бел бала, бел құда, бел омыртқал орақ, белі жок, бел ауру, бел күрек, бел ата (сы), елді атабел немересі, бел орта, бел ортасында, т. б. Етістік фразеел байлады (буды), бел бермеді, бел (і) кетті, бел көрді, бел көрсетті, бел қайысты, бел қылды, бел ұстасты, бел шешпеді, бел шешті, бел бүкпеді, белі бүгілді, бел көтерді, бел болды, белге шықты, бел жазды, бел суытты, белін сындыр-ды, белі ауырмайды, бел асты, белі шойырылды, белге көтерме болды, бел күшке кірісті, бел қызығын көрді, бел омыртқасы үзілі шықпай жатып т. б. Тілдегі кез келген сөз фразеологизмдерге ұйтқы сөз бола алмайды. Халықтың өзімен қоса жасасып келе жатқан байырғы сөздік қордағы сөздер ғана ұйытқы сөз бола алады. Сөздің сапа жағынан қаншалықты да-мығандығын көрсететін бірден-бір белгі — оның көп мағыналық сипат алып, туынды мағынада жұмсалып, әлденеше фразеоло-гизмдерді тудыруға себеп болуыңда. Осы ретте қазақ тілін-дегі фразеологизмдерді жасаудағы анотомиялық атаулардың қызметі айырықіпа екендігін атай кеткен жөн. Әсіресе көз, қан, бас, ауыз, қол, бет, аяқ, жүрек, тіл, қүлақ, қабақ, төбе, кеуде, көкірск тәрізді адамның дене мүшелері сөзге арқау, ойға тірек-гаяныш болып, тіліміздегі фразеологиэмдердің бай қорын жасау-дағы мінсіз қызметі бір төбе екендігін анықтадық.

Категория: Қазақ тілі және тіл білімі | Добавил: Anonymous (22.01.2013)
Просмотров: 1993 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4014
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!