Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақ тілі және тіл білімі

ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСЫ

Сөйлеу кезінде тыцнан жасалынбай, даяр қалпында колдану жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге. ұқсайды. Ма-қалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол пікірді түй-індеп қорытындылайды. Я болмаса, екі нәрсені бір-бірінс қарсыт қойып, салыстырады. Мысалы: Жақсымен жолдас болсаң, же-терсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсақ, қаларсыц уятқа. Сұлу-сұлу емес, сүйген сүлу. Суьщ ширатады, жылы жасытады. Аягы жаман төрді былғайды, Аузы жаман елді былғайды. Балық аулай алмаған суды лайлайды. Ағың барда жер таны, желіп жүріп, Асың барда ел таны беріп жүріп, т. б. Мақал—тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Сондықтан да бұрыннан келе жатқан даяр материал болғандығына қарамастан жұрт мақалдарды айтуға да, сонымен қабат тыңдауға да соншалықты құмартып тұрады. Мақал-мәтелдердің адам баласының өмірінде камтымайтын саласы жоқ. Соның бәріне аз сөзбен көп магыналы етіп білдіреді. Халық: Түз астық дәмін келтірсе, Мақал сөздіц сәнін келтіреді, Мақал—сөздің атасы, Сөздіц көркі—мақал, Мақалсыз сөз — татымсыз аспен тең,— деп тұжырымдайды. Мақал-мәтслдердің фразеол-огизмдерге жуықтайтын жері тек тілдегі даяр тұрған материал болғандығында ғана емес мақал-мәтелдердің көпшілігінде кейде тұжырымды оймен қатар бейнелі ишарат жатады. Мәселен, Құс қанатымен ұшады, құйрыгымен қонады дегенде біз құстың ұшып-қонуын ойламаймыз, ең алдымен, адам туралы, күнделікті өмір-тіршілік туралы ойлаймыз. Құстарды ұшырып-кондырып тұратын олардың қанаты мен кұйрығы болса, сол сияқты адам да бір мен бірі селбесіп, бір-бірінің тілін тауып, бірлесіп, қол ұстасып өмір сүрмесе болмайды екен ғой деген ойга келеміз. Сол сияқты Ит тойған жеріне, ер туган жеріне, Қісі елінде сүлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол дегендердегі ит пен ерді, жат ел мен туған елді бір-біріне қарама-қарсы шендес-гіріп қолдану арқылы тұжырымды оймен бірге астарлы мәнмағына беріп түр. Мақал-мәтелдср жайдан-жай айтылмай^ белгілі мақсатты ойды жузеге асыру үшін, тындаушының жан сезіміие ерскше әсер ету үшін қолданылады. Фразеологизмдер сияқты мақал-мәтслдер де обден қалыптасқан, орныққан, орны бекем болады. Бұлардың коміюненттерін де өзара алмастыруға немесе басқадай сөзбен езгертуге келмейді. Сонымсн қатар сыртқы түрі жағынан яғни өздерінін семантикасы мен құрылым құрылысы жагынан мақал-мәгелдердін, фразеологизмдсрден елеулі өзгешеліктері болады. Фразсологизмдердің мағыналары астарлы бейнелеу мәнде келеді. Ал макал-мәтелдердін көпшілігі

игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатвнда_ болады.Мақал мен мәтелдср қаншалықты ауыс мағынада айтылганымен, құрамын-дагы сөздер өзінің байырғы лексикалык мағыналарынан қол үзіп, онша тасаланбайды. Сөз саны жағынан макал-мәтелдерге қараганда фразеологнзмдерде өге шектеулі, көпшілігіне екі, я үш компонентті болады. Мысалы: қол бала, қолы ұзын, қолы тар, қол артты, қолды болды, қолы алдына сыймады,қолды жепсіз байлайды,қол-аяғы балғадай,жеткендей,екі қолын төбесіне қойды,екі өкпесін клына алып жүгірді,қолынжылы суға малды,біреудің қолымен от көседі,т. б.Мақал мен мәтелдер де мән-мағанасымен қатар құрылым-құрлысы жағынан да сан түрлі болатындығы белгілі.Өзінің құрамы жағынан фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан жақын келеді.Мақал белгілі бір ұғымды тікелей білдірсе, мәтел белгілі бір ұғымды жамалап,меңзеп,тұспалап атайды.Мысалы:Бөрік кигеннің намысы бір,Саусақ илікпей,ине ілікпейді,Палуанға оң,терісі бірдей,Ат аунаған жерде түк қалады,Қорыққан бұрын жұдырықтар,Кісідегінің кілті аспанда,Алған қолым береген,Сұлуынан жылуы,Көрмегенге көсеу тан,Жығылсаң нардан жығыл,Сүйгенін шұнағым дейді,Көңіл жүйрік пе,көк дөнен жүйрік пе,Соқыр атқа қотыр ат үйір,Бұралқы ит үргнімен жағар,Ит үреді,керуен көшеді,ебін тапқан екі асайды,т.тб.

Мақал-мәтелдерде ұғымнан гөрі нақтылы бір ойды түйінден айту басым болды.Сондықтан бұлардың сыртқы құрылым-құрылысы сөйлем ұқсайды.Ал фразеологизмдер керісінше, нақ-тылы бір ұғымды астарлап айтып,сыртқы формасы жағынан жеке сөзге теңесіп тұрады.Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер талай замандар бойына жасалып,ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Алайда бұлардың жасалып,қалыптасу мерзімінде үлкен кере-ғарлық бар.Мақал мен мәтел әр заманның өзіне лайық күнбе-күн туып көбейе береді.Қазіргі біздің советтік дәуірде пайда болған мақал-мәтелдерден өзі қаншама.Мысалы:Табы бірдің-ары бір, Еңбексіз елге сыймас,Есепсіз колхоз-есіксіз үй,Егін ексең тыңға ек,онан өнер өнім көп,Еңбегі жоқтың өнбегі жоқ,Опасызда Отанжоқ,Жолдас қадірін жорықта білерсің,Сынның өзі ащы бол-ғанмен,жемісі тәтті,Жылылық күннің көзінде,даналық Ленин сөзінде,Партия айтса болғаны, женістің қолга қонганы, Партия қайда болса — жеңіс сондай, Партия сөзі — барлық женістің көзі, т. б. Фраяеологпзмдер мақал-мәтелдер тәрізді күнбе- күн көбейіп, тез дамып отырмайды. Тұрақты тіркес болу үіпін, белгілі ситуациялық жағдай қажет. Әсіресе идиомның шеңберіне енген сөз идиомалану, лексикалану , грамматикалану заңымен даму-өзгеру процестерін басынан өткізу үшін талай уақытты (заманды) қажет етеді. Сол себептен |болса керек, фразеологизмдерді, әсіресе, идиомды бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға онша көнбейді.Ал мақал-мәтел-дер тілден тілге сөзбе-сөз де, емін-еркін де аударыла береді.

Категория: Қазақ тілі және тіл білімі | Добавил: Anonymous (22.01.2013)
Просмотров: 2833 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4014
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!