Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақ тілі және тіл білімі

Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер

Кісінің басқаға айтатын ойы әр уақытта мақсатты болады: кейде бір істің, бірдеңенің жайын хабарлауды мақсат етсек, кейде басқадан бірдеңені сұрап білуді мақсат етеміз. Немесе біреуге бірдеңе істетуді көздесек, кейде айтылған ойға айтушының көңіл күйін білдіруді көздеп сөйлейміз. Сол мақсаттарға лайық сөйлемдер түрі, құрылысы, негізінде, төрт түрлі болатыны белгілі: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті.

 

Сөйлемнің, осы түрлері жұмсалуы мен мағыналық жақындығы не алшақтығы жағынан ерекше стильдік қызмет атқарады.

 

Хабадлы сөйлем — адамның ойын, көрген-білгенін басқаға ай-тудың формсы. Хабарлы сөйлем арқылы шындық өмірдегі әр түрлі кұбылыстардың жайын бар (болған) не болмаған қалпында баяндаймыз. Хабарлы сөйлемдердің мазмұны әр алуан болатынын ескеріп, алдымен олардьщ б о л ы м д ы және б о л ы м с ы з түрлерін стилистика талғамдары тұрғысынан екі бөліп қараймыз.

 

Б о л ы м д ы сөйлем арқылы өмір құбылыстары шындық бай-ланыс күйінде, бар қалпында, оған сөйлеушінің субъективті көзқа-расы қоса баяндалады. Мысалы: Күн қызыл арай шатырынап жаңа ғана шыққан (Ғ. Мұстафин). Ораз терезеден басын сұғып тұр екен (3. Шашкин). Бұл сөйлемдердегі хабарға айтушының көзі жетіп баяндағаны аңғарылады. Баяғыда бір хан болған екен. Оның екі ұлы болыпты деген хабарлар айтушының өзі көрмеген, жақсы білмеген, бірақ есіткен оқиға түрінде баяндалған.

 

Осындай сөйлемде айтылған ойға айтушының субъективті көз-қарасын да біідіруін сөйлемнің модальдігі дейміз.

 

Болымды сөйлемнің модальді мағынасы көбінесе баяндауштар құрамында түрлендіру арқылы құбылып отырады. Мысалы.;

1.Жолаушылар таң ата жүріп кетті.

2.Жолаушылар таң ата жүріп кетіпті.

3. Жолаушылар таң ата жүріп кететін шығар.

Бірінші сөйлемде іс сөйлеушінің көз алдында болса, екінші сөйлем олай емес,(жүріп кететін шығар) хабарланған істің жүр-етініне сөйлеушінің көзі жетпей, болжап айтқаны аңғарылады.

 

Қазақ тілінің болымды сөйлемді осылардай күмәнды, болжалды

етіп айтудың бірнеше тәсілдері бар;

күманды болжалды

 

1,Жолаушылар жүріп кетіпті 1Жолаушылар журіп кеткен

шығар

 

2,Жолаушылар жүріп кеткен 2Жолаушылар жүріп кеткен

көрінеді. болар. .

 

3,Жолаушылар жүріп кеткен 3. Жолаушылар жүріп кеткен . керек. білем.

 

4. Жолаушылар жүріп кеткен 4. Жолаушылар жүріп кеткен

сияқты болса керек.

 

5.Жолаушылар жүріп кеткен- 5. Жолаушылар жүріп кеткен

ге ұқсайды. ғойдеймін ..

 

Бір модальділік мағынаның осыншама көп синонимдерінің болуы қазақ тілі сөйлемдерінің стильдік мүмкіншілігінің молдығын, стиль-дік бояуларының әр алуан екенін көрсетеді.Бұлар таңдап, талғап өз орнында жүмсай білу керек.

 

Күмәнды білдіретін хабарлы сөйлемдер қатарына енбей тұр-түрі бар. Ол — мыс шылауы арқылы жасалады. Мұны бөліп шығарған себебіміз оның ерекше экспрессивтік те мағынасы бар.— Мыс шылауы арқылы жасалатын күмәнды сөйлем айтушының айғақ пікіріне басқа біреудің жөнсіз күмәнданғандығын білдіреді, мысалы: Қарымсақтың көзінен бүршіктеген жас шығыпты-мыс (Б. Майлин). Аш-жалаңаш болмайсың, өзің би, өзің төре боласың,— деп Абдол оны қызықтырыпты-мыс (Б. Майлин).

 

Болымды сөйлемді болымсыз тұлғалы сөйлемдермен алмастыру да кездеседі. Ондайда хабарланатын ойдың ерекше экспрессивті мәні болады. Мысалы: Мен ол үйге барамын — Мен ол үйге бармай тұра алмаймын. Мен ол үйге бармасам болмайды. Жаз жайлауға көшу керек — Жаз жайлауға көшпейінше болмайды, Жаз жайлауға көшпей тұра алмайсың.

 

Б о л ы м с ы з. сөйлем ұғым арасында байланыстың жоқтығын көрсетеді. Қазақ тілінде болымсыз сөйлем жасаудың бірнеше амалы болатындықтан, оларды талғап жұмсай алудың стильдік мәні бар. Мысалы: Ол бүгін келмеді — Ол бүгін келген жоқ. Таудың қары элі ерімеді — Таудың қары, әлі еріген жоқ. Аспан ашылмас —• Аспан ашылатын емес—Аспанның ашылатын түрі жоқ. Бұлар_өз_ ара _мәндес болғанмен, стильдік қызметтері бірдей емес: Ол келмеді — жай хабар. Осындағы келмеді сөзінің болымсыздық мағы-насын күшейту үшін, оны келген жоқ деп айтамыз. Сондай-ақ Аспан ашылмас — әшейін болымсыздық болжал ғана, ал оның ор-нына — Аспан ашылатын емес, Аспанның ашылатын түрі жоқ де-сек, болымсыздық хабарда айтьшған ой күшейтіліп жұмсалған болады. -

 

Төмендегі сөйлемдердің де сондай мағыналық айырмашылығы бар. Оларды салыстырып, қайсысының болымсыздық мағынасы босаң не қатал екенін айырыңыз:

 

Содан бері ол біздің үйге кірген жоқ еді (Ғ. Сланов). Содан бері ол біздің үйге кірген емес. Жоқ, әкем өртенгенмен, мен өртенбеспін (С. Мұқанов). Жоқ, әкем өртенгенмен, мен өртене қоймаспын. … Мені ол топырақтан жұла алмас! Туған жеріме деген мөлдір махаббатымды енді ешкім де сөндіре алмас! (С. Мұқанов). Мені ол топырақтан жұлып тастай алмайды! Туған жеріме деген мөл-макаббатымды енді ешкім де сөндіре алмак, емес!

 

Болымсыз тұлғалы сөйлемдерді болымды етіп айтудың стильдік қызметі ерекше. Бүгін барамын. Бүгін бармасам болмайды. Мен енді айтамын. Мен енді айтпай тұра алмаймын. Ол қайда болса, сонда жүре береді — Оның жүрмейтін жері жоқ. Бұл мысалдардың екінші түрлерінің әрқайсысы екі-екіден болымсыздық тұлғада жұмсалған. Математикада минус пен минус плюс болатынындай, болымсыз бен болымсыз тұлға жарыса айтылып, болымды мағына пайда болады. Болымды сөйлемді осылай болымсыз тұлғалардан құрастырудың стильдік қызметі ерекше. Солар арқылы айтылған болымды хабар әдетте өткір тілділіктің, эмоциялы сезімнің нысанасы болып ұғынылады.

 

Сол сияқты кейбір сұраулы сөйлемді де хабарлы етіп айтуға болады:

— Бұл не ғып жүр? Әлде күзеуінің оты тозды ма екен?

— Е, тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді? Тұнып тұр. Құлқын сәріден қыстауға барып, қыстыгүні несін жейді? (М. Әуезов).

— Біздің ауылға барасық ғой, қызым?

— Бармағанда қайтем? (Ғ. Сланов).

Осындай сұраққа сұрақ түрінде берілген жауаптың мағыналары жай хабар болып қалмайды, кісінің ішкі сезімін, лажының жоқ-тығын, өтінішін т. б. модальді мағынаны қоса хабарлайды. Кейбір сұраулы сөйлемдер кісінің күмәнің_таңдануын кейіген сенімсіз- дігін қоса білдідеді де, бірқатары болымсыз сөйлемнің орнына жұмсалады.

Дәмеш өз жүрегінің соғуын өзі түсіне ме екен?— Түсінбейді.

— Бір қалған көңіл жіби ме? (3. Шашкин)—Жібімейді.

— Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?! Мені білмейді деймісің?! (Ғ. Мүсірепов).— Білемін.

 

Кейде хабарлауға тиісті ой тікелей сұраулы сөйлем түрінде баяндалады. Оны р и т о р и к а л ы қ (шешердік) сұрақ дейміз:

Күнде жақсы бола ма,

Бір қылығы жаққанға?

Оқалы тон тола ма,

Ар-ұятын сатқанға? (Абай).

Жылағанда көзіме

Қанды жасым тола ма?

Тауға біткен бәйшешек

Кураса, бір күн сола ма? ("Алпамыс”).

Категория: Қазақ тілі және тіл білімі | Добавил: Админ (09.12.2012)
Просмотров: 4368 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!