Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақ тілі және тіл білімі

Сан есімнің сөзжасам жүйесі туралы

Сан атаулары — өте көне заманнан келе жатқан сөздер, оларды барлық көне жазба ескерткіштерден кездестіруге болады. Сан есімдердін көнелігіне байланысты тілдегі барлық сан атауларыньщ калай жасалғаны анық көріне бермейді. Ал марксизм-ленинизм қағидасы бойын-ша жалпы сандық үғымньщ қалыптасуы ақиқат өмірмен байланыстырылды. «Понятие числа и фигуры взяты не откуда-нибудь, а толъко из действительного мира. Десять пальцев, на которых люди учились считать, т. е. производить первую арифметическую операцию, представляют собой все, что угодно, только не продукт свободного творчества разума. Чтобы считатъ, надо иметь не только предметы, подлежащие счету, но обладать уже способностью отвлекаться при рассматривании этих предметов от всех прочих их свойств кроме числа, а эта способность есть результат долгого, опирающегося на опыт, исторического развития»6, — дейді Ф. Энгельс. В. В. Виноградов осы қағидаға негізделе отырып, — орыс тіліндегі сан атаулары зат есім мен сын есімнен бөлініп шыққан7, — дейді. Түркологтарда да осы пікір кездеседі, Н. А. Баскаков: «Сан есімдер — есімдерден бөлініп шыққан сөз табы, олар сын есім, үстеу сияқты белгі мағьшасын білдіреді»

 

Қазақ тілінде сан есімді зерттеген Ә. Хасенов осы пікірді] қуаттай отырып: «Түрік тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір шындығынан, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан.   Әрине, бұл жалпы сандық ұғымдардын, дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты, адамзат қажеттігінен туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны толықтыра, растай түседі*Екіншіден, белгілі бір құбылыстьщ өт-кен тарихын қазіргісімен салыстыра, оның қазіргі формаларын зерттей отырып ашуға, тануға болады дейтін марксистік қағиданы басшылыққа алсақ, қазіргі тілдік фактілер, мәселен жоғарыда келтірілген сандық семантикалы есімдер мен сөз тіркестері, түрік тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп шықты деген жорамалымызды жоққа шығармайды, қайта растайды»9, — дейді. Бұл келтірілген пікір — жалпы тілде сан есімнің пайда болуы  жөніндегі жорамал.  Бірақ ол сан атауларының нақтылы қалай жасалуы жөніндегі мағлұмат емес.

 

Сан есімдер де — өзіндік сөзжасамдық жүйесі бар сөз табы және сан есімнің сөзжасамдық жүйесі өте ертеде қалыптасқан. Сан есімнің сөзжасам жүйесінің өзіндік сөзжасам элементтері, модельдері, типтері бар. Сан есім сөзжасамында тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдер-дің біразы қолданылады, бірақ бәрі емес. Мысалға сан есімде семантикалық тәсіл қолданылмайды, синтетикалық тәсіл өте өнімсіз, ал сөзжасамның аналитикалық тәсілі сан есім сөзжасамында негізгі қызмет атқарады.

 

Сан есім сөзжасамдық элементтерінің қызметі белгілі заңдылықтарға негізделген.  Сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы белгілі қосымшалармен ғана бай-ланысты. Сан есім — қосымшаға өте кедей сөз табы. Сан есімнің сөзжасам қосымшаларының қолданылуының тілде өзіндік заңдылығы қалыптасқан. Мыс: сан есім жұрнақтары басқа сөз табына жалғанбай, тек сан есім сөздерге жалғанады да, одан сан есімнің түрлі семантикалық топтарын жасайды. Басқа сөз таптарының қосымшалары өз аясында тұйықталмайтын болса, сан есімде оның сөзжасамдық қосымшалары өз аясынан шықпайды. Сан есім қосымшалары жаңа сан атауларын жасай алмайды, тек сандық атауларды түрлендіріп, оған мағына үстейді. Мысалы:

 

Екінші, үшінші күндері ағаш отыргызушылардын, тобы көбейе түсті. Иә, айтты — айтпады, өткен жылы төртінші бөлімше колхоз  бойьшша  мемлекетке астық сату жоспарын бірінші болып орындады (Қ. Боранбаев) Осындағы екінші, үшінші, төртінші, бірінші  деген сан есімдердін, құрамындағы -нші, -інші жұрнағы реттік сан есімдер жасайды, яғни сан есімніқ бір семантикалық то-бынын, жұрнағы. Мұнда осы сөздерге негіз болып түрран сан атауларынан басқа сандық ұрым, атау жасалмаған. Негіз сөздін, сандық үғымыньщ үстіне реттік мағына қосылған.

 

Мұндай сан есім қосымшалары көп емес, оларға реттік, жинақтық сан есімдердіқ қосьшшалары жатады. Сан есімнін, түрлі семантикалық топтары жасалу үшін, басқа сөз таптарыньщ қосымшалары да пайдаланылады. Бұл құбылыс та тіл заңдылығы-нан негізгі орын алмағаны-мен, тілде бар жағдай. Тілдік элементтердін өз кызмет-інен басқа да  түрлі қызмет атқаруы кездесіп отырады. Сан есімніқ семантикалық топтарыньщ жасалуында бұл біраз орын алады. Мысалы: Жасы сол кезде қырык-тарды  алқымдаған, сақалды, мұртты кісі еді (С. Мүқанов). Жасы отыздардағы, кыр  мүрыннын, астьша шоқталап мұрт қойған сірінде қара жігіт (Ж. Жұмақанов). Мұнда қырықтар, отыздар деген болжалдық сандар сан есімге көптік жалғау жалғану арқылы жасалған.  Сан есімнің болжалдық семантикалық тобыньщ жасалуына зат есімнін, көптік жалғауы қатысып тұр.

Сонымен бірге сан есімнін. синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы тілдің  жалпы завдылықтарымен ұштасып жатады. Айталық сан есім қосымшаларыньщ сөзде ала-тын орны тек сан есім қосымшаларына ғана катысты завдылық емес, ол — жалпы қосымшаларға ортақ заңдылық. Бүл сияқты тілдін, жалпы зандылықтарынан сан есім қосымшалары тыс қала алмайды.

 

Сөзжасамдық элементтер тек қосымшалар ғана емес екені жоғарыда айтылған. Сан есім сөзжасамвның тұтқасы қосымшаларда емес, түбір сөзде, сандық атаулар-да. Сан атауларына тіліміз өте бай.  Қандай болмасын сандық ұғымды  дәлме-дәл білдіруге тіл  байлығымыз» сандық атауларымыз жеткілікті. Осы байлық негізінен бір сандық атау мен екінші сандық атаудьвд бір-біріне тіркесуі аркылы жасалған, яғни аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Басқаша айтқанда, сан есімде сөзжа-самдық негізгі элементтер — сан атауларының өзі, өйткені сан есімде сан атауларын туғызу, жасау тек қана бір сандык атау мен екінші сандық атаудың тіркесі арқылы ғана жасалған.   Олай  болса, сан есімде жаңа сандық ұғым негізінен күрделі сан есімдер, күрделі сан атаулары арқылы ғана аталған.   Сондықтан да сан есім сөзжасамьшың негізгі кілті сандық атау сөздерде, олардың тіркесінде деп санаймыз.

Сандық атаулардьщ негізгі жасалу жолы аналитикалық тәсілмен байланысты болғандықтан, бұл тәсіл арқы-лы сан есімдердің жасалуының өзіндік жолы, тіркесу

реті, модельдері бар. Сан атауларын бір-бірімен тіркестіретін морфемалар, жалғастырушы қосымшалар түлде жоқ, сан  есімнің жасалуы таза  аналитикалық тәсілге жатады. .Сондықтан сан есім сөзжасамының аналитикалық турінде сөз-жасамға қатынасатын компоненттердің орьш тәртібінің маңызы өте зор. Мысалы; он бір, он бес,отыз алты, елу сегіз, тоқсан тоғыз т. б. Осы сандық ұғымды білдіру ушін компоненттердің осы орны сақталу керек. Олардың орнын өзгертуге болмайды. Мысалға жоғарыдағы сандардың компоненттерінің орнын өзгертіп бір он, бес он, алты отыз, сегіз елу, тоғыз тоқсан түрінде алсақ, жоғарыдағы мағына сақталған жоқ, мулдем басқа мағына туды. Бұдан сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жаса-лымында компоненттердің орын тәртібі өте тұрақты, оның ерекше мәні бар.

 

Сан есім кез келген сандардың бір-бірімен тіркесуі арқылы жасалмайды. Мұнда қальштасқан белгілі заңдылық бар. Ол заңдылық бойынша тілімізде сан атаулары-ның қайсысының қалай тіркесуі қалыптасқан. Оны курделі сандардың тіркесу модельдерінен көруге болады, ал сан есім сөзжасамдық модельдерге өте бай. Айталық ондық пен бірлік аралас сандардың жасалу моделі мен жуздіктердің моделін салыстырып қарайык. Ондық пен бірлік аралас сандар он және бірлік компоненттен тұратын ондық-^-бірлік туріндегі модель арқылы жасалады да, мағына компоненттердің мағынасының қосындысы-нан туады: отыз бес, қырық жеті, елу алты, сексен жеті т. б. Ал жуздік атаулар бірлік (жуздік моделімен жа-салады да  мағына компоненттердің мағынасының көбейтіндісінен туады. Мысалы:  екі жуз, бес жүз, алты жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз т. б. Әр турлі сандық атаулардың турлі-турлі нақтылы модельдері бар. Ол модельдердің әрқайсысының белгілі құрамы бар, оған қатысатын компоненттер — тек сан есім сөздер ғана. Әр модель бір топ сандардың атауларын жасайды, яғни мұнда нақтылы сан атаулары жасалады. Ол модельдерге кейінірек арнайы тоқталамыз, өйткені сан есімнің сөзжасам модельдері гылымда сөз болған емес.

 

Сан есім сөзжасамдық модельдері күрделі сан атауларының жасалуын көрсетеді, ал сан есім семантикалық топтары да аналитикалық тәсіл арқылы жасалады, бірақ мұнда компоненттердің тек қана сан есім болуы міндетті емес, өйткені оған басқа сөз табы, яғни шылаулар да қатыса береді. Мысалы: Оның құны көп болса, он-он бес сом (С. Мұқанов). Айналасы отыз шақты ғана үйлік төрелер бірі мен бірі айнала құда (С. Мүқанов). Осы мысалда сан есімнің болжалдық тобына жататын екі мысал бар. Оның біріншісі он және он бес сандарының қосарлануы арқылы жасалған, компоненттерінің екеуі де сан есімнен, ал екіншісі есептік санға шақты деген шылаудың тіркесі арқылы жасалған. Бұдан тағы да сан есімнің семантикалық тобыньщ жасалуына басқа сөз табының қатысы көрініп тұр.

Сан есім құрамында кездесетін көне қосьшшалардың жағдайы басқашарақ. Олар: -ыз/-із (сегіз, тоғыз), -ты/ -ті (алты, жеті). Бұл морфемалардьщ этимологиясы бел-гісіз. Қосымша сөзде жиі кездесетін элемент, бірақ ол басқа сандарда қайталанбайды. Ал сан есім сөздердін, құрамында кездесетін басқа жымдасқан морфемалардың түп негізі белгілі сөзге барып тіреледі. Бұл заңды, өйткені сан есім сөзжасамынын, негізі — синтегикалық тәсіл емес, аналитикалық тәсіл. Оған дәлел ретінде құрамы күрделі морфемадан түратын алпыс, жетпіс, сексен, тоқ-сан атауларын келтіруге болады. Н. Қ. Дмитриев кейбір жеке сөздердіқ этимологиясына келсек, алтмыш (алпыс), етмеш сөздері алты, ете (жеті) сөздерінен -мыш, -меш жұрнақтары арқылы жасалған, ол алғаш он дегенді біл-дірген болу керек. Мұндай сан есім формалары көптеген түркі тілдеріне қатысты дейді. Ол сексен, тощсан сөздерін сегіз, тоғыз сөздерімен байланыстырады да, олардың құрамындағы екінші компонентті он сөзінің өзгерген түрі деп санайды.

 

К. Мұсаев та осы пікірді қуаттап, кейбір сан атаулары этимологиясы түрғысынан күрделі сан есімдерден шыққан, мысалы: алты-мыш, йет (и) -миш, сексен (секиз он), тохсан (тоғуз-он)» дейді.

 

Қазақ тілінің мамандарынан Ә. Хасенов осы пікірді куаттай отырып былай дейді: «мыш-міш формаларын айкындауда еске алынуға тиісті бір жағдай бар. Ол казіргі чуваш тіліндегі реттік сан аффиксі -меш. Мәселен чуваштарда бірінші, оныншы сияқты формалар перемеш, вунамеш турінде қолданылады. Бұл форма турік тілдері-нің басқа ешбіреуінде жоқ. -мыш аффиксі өте көне аффикс. .. Дегенмен -мыш «он» ұғымын білдірген деген пікірді туркологияда толық дәлелденген пікір деуге тарихи дерек жоқ»12.

 

Алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сандарыиын, жасалуы туралы пікір өте ертеден келе жатқанымен13, Ә. Хасеновтың бұл мәселе әлі «толық дәлелденген деуге тарихи де-рек жоқ» деген сөзіне қосылуға болады, өйткені осы пікір айтылғаннан бері қанша уақыт өткенімен, оған әлі ұтымды, жаңа дерек косылған жоқ. Бірақ жоғарыдағы пікірлердің бәрі ондық атауларының жасалуын бірлік+ ондық моделіне апаратыны анық. Көне түркі тілінде ондық атауларының жасалуында осы модельдің қолданыл-ғаны ақиқат шындық. С. Е. Малов орхон жазбаларында ондықтардың бірліктермен тіркесте жиырма, отыз, елу, алпыс сияқты атаулары қолданылса, бірліксіз таза он-дық түрінде екен, үшон, төртон, бесон, алтон сияқты атаулары қолданылғанын айтқан. Ондык, атауларының алғашқысы қазіргі түркі тілдерінің көбінде сақталса, соңғысы аздаған тілдерде ғана сақталған. Олар: сары ұйғыр, тофалар, тува, алтай, якут, хакас тілдері.

 

С. Е. Малов ондық атауларының жиырма, отыз, алпыс, жетпіс сияқты турлері екіон, үшон, алтыон, жетон атауларына қарағанда көне деп санаған14. С. Е. Малов бул пікірде алғашқылардың этимологиясының белгісіздігін, соңғылардың зтимологиясыньщ анықтығын негізге алған. Сөздердің морфемдік құрамының сақталмауы — оның көнелігіне көрсеткіш бола алатыны тіл білімінде танылған қағида. Сондыктан С. Е. Малов пікірімен келісуге және оны  төмендегіше толықтыруға да   болатын сиякты.

 

Тіліміздегі сөзжасам жүйесінін. заңдылығы бойынша жаңа сөз тілде бар модель-мен жасалады. Олай болса ондықтардын, соқғы атаулары да бұрын ондықтар жасал-ған модель бойынша жасалған. Бұдан соңғы атаулар жасалған бірлік+ондық моделі оның алдындағы алпыс, жетпіс сияқты сан атаулары жасалған модель деп танылу қажеттігі шығады. Егер бұл дұрыс болса, онда алпыс, жетпіс сияқты сандардың құрамындағы -пыс, -мыс компоненттерін түркологтардын, он ұғымын берген сөз деген пікірі растала тұседі.

 


Категория: Қазақ тілі және тіл білімі | Добавил: Админ (09.12.2012)
Просмотров: 2334 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4012
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 3
Қонақтар: 3
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!