Главная » Статьи » Қазақ тілі және тіл білімі |
Синтаксис — сөз тіркесінің, сөйлемнің құрылысын зерттейтін грамматиканың бір бөлімі. Бұл бөлімде сөздердід тіркесу қабілет-тілігі, байланысы, сөз тіркестері мен сөйлемдердің түр-түрі, құрамы қарастырылады. Сонымен қоса тілдін, синтаксистік ережелері мен синтаксистік заңдылықтарын айқындау мақсаты көзделеді, тілдің синтаксистік тұлғалары мен синтаксистік құбылыстарын айқындау мен олардың мағыналық ерекшеліктері де сөз болады.
Тілде мағынасыз, мағына білдіруге қатыспайтын нәрсе жоқ. Әсіресе синтаксистік категория мен синтаксистік тұлғалар — адам ойын жинақты, тиянақты түрде білдірудің ұйымдастырушы бөл-шектері де, сөйлем — ойды білдірудің негізгі формасы болып есеп-теледі. Сондықтан синтаксисті оқыған кісі оның мағыналық жақ-тарына мән беруге тиіс, ал тіл ғылымында синтаксистің жеке мәселелері өздеріне тән мағыналарымен бірлікте қарастырылуға тиіс.
Олай болса, стилистика ғылымының синтаксисті зерттеуінің мақсаты не болмақ?
С т и л и с т и к а сөздер қалай тіркеседі, сөйлемдер қалай құ-ралады, олардың тілдегі қалыптасқан жүйелері қалай болады,’ дегендерге жауап іздемейді және олардың әрқайсысы қандай мағынада айтылады? деп те жатпайды,— кісінің мақсатты ойын қалайша дүрыс айтуға болады? Ол, міне, осы сұраққа жауап іздеу мақсатымен синтаксис мәселелерін қарастырады. Сонда стилистика синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясын, мағыналық ‘кұбылыстар-ын, кісіге етер әсерін, экспрессивтік мағыналарын тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастырады.
Сайын келгенде, стилистиканың мақсаты — дұрыс сөйлеуге, дұрыс жазуға үйрету.
Шебер суретшінің Суреті, композитордың музыкасы, зергердің өнері — бәрі де нәзіктілікті керек етеді. Онысыз ешбір өнерде ше-берлік қасиет болмақ емес. Сөз шеберлерінің де жазғандарында қыбын тауып қиюластырып айтылған нәзік үн, әсерлі леп, терең мағына болуға тиіс.
Тілдің ой өрнегін салу қасиетін ұлы Абай сондықтан да былай суреттейді: Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан, Надандар бәhра ала алмас… Толғауы тоқсан, қызыл тіл, Сөйлеймін дөсең өзің біл!
Стилистика ғылымы, соның бір саласы синтаксистік стилистика, осындай "толғауы тоқсан” тілдің ой өрнегін дұрыс салу мүмкін-шілігін қарастырады, сөз маржанын тани білуді, сөйлемді дұрыс құрай білуді үйрётеді.
Әрине, айтылғанның, жазылғанның бәрі бірдей "маржан” емес. Олардың да жақсысы бар, жасығы бар. Стилистика жақсыдан үйренуге, қате-кемшіліктен аулақ болуға шақырады.
Әрбір стильдің синтаксисінде өзіне тән ерекшеліктері болады. Мысалы, нақышы мол көркем тіл үлгілерін көркем әдебиет стилі-нен, синтаксистік амалдарды күрделі дәлме-дәл пайдаланып, сөй-лөмдерді қатал құрау үлгілерін ғылыми әдебиет стилінен бай-қаймыз. Әсіресе ғылыми стильде жазған адам ойының дәлме-дәл айтылуын көздейді. Ол логикалық байланыстағы ойды бұлтартпай, әрі дүрыс білдіретіндей тіл мүмкшшіліктерін пайдаланып, тура мағыналарында жұмсауға тырысады. Сондықтан ғылыми стиль синтаксисінде күрделі құрам, қүрмалас сөйлемдер жиі қолда-нылады.
Әдеби тілдің қай стилінде болмасын,— оның бәріне тән нәрсе — о й а й қ ы н д ы л ы ғ ы, ол үшін сөйлем дүрыс құралу керек. Осы талап тұрғысынан әдеби тілдің сөйлемдері әбден қиюластырылып, сөздері рет-ретімен орналастырылып, синтаксистік басқа да тәсілдер белгілі қалыпқа түсіріліп жазылады. Әдеби тілде жазып отырған не сөйлеп тұрған кісі сөйлем қүраудыд бұл талаптарын да, оған керекті синтаксистік мүмкіншіліктерін де жақсы білуге тиіс.
Әдеби тілдің синтаксисін дүрыс бағдарлау үшін оны сөйлеу-тілінің оинтаксисімен салыстыруға болады.
Сөйлеу тілінің синтаксисі әрдайым жүйелі бола бермейді. Өйт-кені адамдар өз ара қарым-қатынас жасауда біріне-бірі әр алуан өмір әрекетінің жайын сөз қылады. Ондайда олар айтпақ пікірін алдын ала ойланып жазып алмай да сөйлей береді. Тіпті ойын ойланып, толғанып сөйлегенмен, оның сөйлем кұрауында тілдік нормалар сақтала бермеуі мүмкін. Әдетте сөйлеу тілінің синтаксисі қара-пайым, сөйлемдері кысқа—қысқа, көбнесе толымсыз болады.
Әдеби тіл халық тілінің ең жоғарғы формасы болатындықтан, студенттер стилистика пәнін әдеби тіл материалдары негізінде игеруге тиіс.
Әдеби тіл синтаксисінің стилистикаға да негізгі объекті бола-’ тын бір бүтін бөлшегі — сөйлем. Сөйлемдер әр алуан сөзден, сөз тіркестерінен құралып, түрлі-түрлі мағынада, экспрессивтік қыз-метте жұмсалады, олардың түрі көп, стильдік сыр-сипаты, кедір-бұдыр қыры көп. Сонымен қатар ол кісі ойының ғажайып жеміс бақшасы тәрізді. Сол бақшаның жемісінен "дәм татам” деген кісі сөйлемдердің стильдік қызметіне қанық болып, өзі оларды дұрыс жұмсай алатын болады.
Біздің басқаға хабарлайтын ойымыз жеке сөйлемдермен шек-телмей, ұласа айтылған көптеген сөйлемдер қатарымен тиянақта-лып тұрады. Сондықтан сөйлем тізбектері бір-бірімен өз ара дұрыс байланыста болуға тиіс. Бұл — стилистика ғылымының басты талабының бірі. Мына мысалды сол талапқа сай құралған сөйлем-дер тізбегі деуге болады.
Күн батып бара жатқан кезде, күйеулер отырган үйден үш-төрт жігіт шығып, қыз-келіншек отырған үйге қарай жүрді. Төрт жігіттің біреуі батсайымен тыстаған ақ елтірі тымағын көзіне таман киіп, насыбай атқан ернін томпитып шырт түкіріп қойып, қолындағы кішкене ақ домбырасын сыңқылдатып шертіп келе жатты (С. Сейфуллин).
Осындай, өз ара ішкі логикалық, әрі синтаксистік байланыстағы сөйлемдерде ой дәлдігі, сөзбен салынған сурет болса, оның эстетикалық әсерін бірден түсініп, тез сеземіз. Ал байланыстары айқын емес сөйлемдер қатары айтайын деген ойдың түсінігін ауырлатады, не мүлде түсініксіз етеді. Оның үстіне сөйлемдер қа-тары дұрыс тізіліп әрі мағыналық, әрі синтаксистік сымбаттылығын сақтамаса, айтылған ойда көрік болмайды, кейде бұлдыр, түсініксіз болады:
1. Оның әйелге тән тартымды рең-басына маңғаз келбеті жа-расып-ақ тұр. Бірақ оған қарамастан Ольга Всеволодина ағынан жарылып аңқылдап, біздің сұрақтарымызға барынша зейін қойып, зердемізге толық жеткізгенше түсіндіруге тырысып бәйек болып-ақ отыр ("Адам және химия”, 72-6.). Бұл мысалда әйелдің әсем келбетіне сүңғақ денесі жарасып тұр деу үшін толып жатқан артық сөз қолданылған. "Оған қарамастан” екі сөйлемді ұластырушы жалғаулық қызметіндегі сөздер. Бұл арада олардың екі сөйлемді байланыстыру қызметінде жұмсалуының реті жоқ. Әйел тартымды, әдемі еді, соған қарамастан бізбен жақсы сөйлесті дегенде, қандай логика бар? Әйел ауру еді, соған қарамастан бізбен жақсы сөйлесті десе, оның жөні бір басқа. Онда оның — "дені сау”, өз ара дұрыс байланысқан салалас құрмалас сөйлем болғандағысы.
2. Біз жоғарыда Орхон ескерткіштеріне жататын Тонькөкке ар-налған ескерткіштің тіліне біркелкі шолу жасадық. Осыған байла-нысты Тонькөк ескерткішін тек қазақ тілі материалы тұрғысынан қарауға болмайды. Мұндай ескерткіштер бүкіл түркі тілдеріне ор-тақ мұра. Бұл салада істелетін жұмыстар алда сан алуан (Қазак тілінің тарихы мен диалектологиясының мәселелері, 5-шығуы, 107-6.).
Осында төрт сөйлем бар. Оның біріншісі мен екіншісі арасында, үшінші мен төртінші сөйлем арасында ешқандай мағыналық байланыс жоқ, төртеуі төрт жаққа қарап тұр. Олардың басы зорлықпен бір жіппен байланып, қосақтала салынған сияқты. Оның үстіне текстегі жеке сөздер дұрыс қолданылмаған. Сондықтан автордың ойы дұрыс шықпаған. Оның айтайын дегені мынау:
Біз жоғарыда Орхон ескерткішінің бірі Тоньюкук ескерткіші тіліне біраз шолу жасадық. Соған қарағанда, ол ескерткіш тілінің мате-риалдары тек қазак, тіліне емес, бүкіл түркі тілдеріне ортақ мұра екендігі аңғарылады…
Ойы анық, қаламының ебі бар адамның сөзінен сөз туып, сөй-леміне сөйлем ілесіп, ондағы сөздер қатары дұрыс тізіліп, олар әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланыста айтылады. Бұл — жазу, сөйлеу өнерінің басты шарты. Сол өнерге баулитын да — стилис-тика ғылымы. Сонымен қатар стилистика ғылымының ерекше көңіл бөлетін мәселесінің бірі — синтаксистік синонимдердің қол-данылуы.
| |
Просмотров: 1762 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |