Главная » Статьи » Қазақ тілі және тіл білімі |
Мақсатты ойды дәлме-дәл айтуға жарамды тілдік тәсілдер жүйесі стильдер тобын құрайды. Әдеби тілдің ондай жүйелік қа-сиеті оның қоғамдық қызметі арту нәтижесінде, халық тілінің байлықтарын сұрыптап, талғап пайдалану нәтижесінде қалыпта-сады. Әдеби тіл қарым-қатынас қызмет бабына лайық түрлі стиль-дердің дамуына ұйтқы болса, керісінше, стильдер салаларының жетіліп кемелдене түсуі әдеби тілдің дамуына зор үлес қосады. Өйткені әр алуан әдебиет, мысалы, көркем әдебиет, ғылыми ең-бектер әдебиеті, публицистика өсіп-өркендеген сайын әрбір стильге тән тіл байлықтары сол топқа ойысады да, олар әдебитілдің байлығына айналады. Тілдік тәсілдердің жеке стильдерге тиімділік орайында саралану барысында әрбір стиль тілде бұрын бардың негізінде және өзге тілдің игілікті ықпалымен кемелденеді, әдеби тіл жаңа сөз, жаңа орамдар тудырды, грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік құрылыстардың тілдегі бұрынғы қызметтерін жандандырып, молайтып, оларға ерекше мағына үстейді.
Тіл байлықтарының жеке стильге бейімделе саралану дәрежесі әрбір стильдің қоғамдық қызметімен, сол кұрамда жұмсалу та-рихымен байланысты. Жазба әдебиет стильдерінде бәрінен де сөз-дік қордың жеке стильдерге тиімді болып оқшаулануы айқын болады да, морфологиялық тұлғалардың, оларға қарағанда, стиль-дік мүмкіншілігі солғын болады, ал синтаксистік формалар мен синтаксистік тәсілдердің соңғылардан гөрі стильдік орайда жұм-салу мүмкіншілігі мол. Соның өзінде тілдің синтаксистік құрылы-сы, біріншіден, барлық стильге ортақтық қасиетінің күштілігінен оның бір-бір қазыққа арқандалған, басы байлы бөлшектері аз болады, екіншіден, дамыған стильдер жүйелерінің қарым-қатынасы күшейген сайын, бірінен-бірі нәр алып, ауыс-түйіс орайда дамиды.
Синтаксистің стильдік қызметі, стильдік тәсілдері ,мол бола-тындықтан, әсіресе көркем әдебиет тілі тұрғысынан оның мүмкіншілігі өте жоғары бағаланады. Сондықтан болар, А. И. Ефимов "Стиль дегеніміз — құрылымдық-синтаксистік категория”— деп есептейді. Өйткені синтаксистік тәсілдердің көріктеу мүмкіншілігі әр алуан болатындықтан, жазушының синтаксисінен оның шығар-маларының стильдік ерекшеліктері айқын көрінеді. Мысалы, шебер жазушы-стилистердің қаламынан шыққан көркем сөз үлгілерінде авторлық пафос та, баяндаудағы экспрессивті-эмоциялы бояулар да, авторлар мен персонаждардың дүниеге көзқарастары да, олардың ішкі сезімдері де көбінесе көркем туындылардың синтаксистік құрылыстары арқылы беріледі.
Басқа тілдік стильдер салалары үшін де тілдің синтаксистік құрылыстарын, олардың мол мүмкіншіліктерін дұрыс пайдалану-дың мәні зор.
Әдеби тіл стильдерінің барлық түрлері үшін барлық синтак-систік категориялар мөн синтаксистік құрамдардың стильдік топ-тарға тәндік белгілері тайға таңба басқандай бадырайып көрініп тұрмайды, ондай нәзік құбылыстын, ысылған, көреген көзге бірден байқалатындары да бар. Оларды былай қойып, кез келген синтак-систік единицаларды белгілі стильдер аясында жалпы синтаксистік заңдылықтарын сақтай отырып, шебер, орынды, ретін тауып дұрыс қолданса, олардың бәрінің стильдік өңі, стильдік қызметі болады. Мысалы, Мен оны көрдім. Екі бала дедектеп жүгіріп келеді тәрізді қарапайым жай сөйлемдер жатық, дұрыс құрылса, жалпы стильдік кескіндері де дұрыс деп танылады. Ал сондай сөйлемдердегі сөздердін. біріне ой екпінін түсіріп, әуенін өзгертіп айтсақ, әрине олардың стильдік өңі бұрынғыдан өзгеше болады. Немесе Қолыңды тарт пен Тарт қолыңды! деген сөйлемдердегі сөздердің саны бірдей болғанымен, құрылысы, стильдік қызметі екі түрлі: алдыңғыда біреуге біреудің жай солғын бұйрығы айтылса, соңғыда долданып, өктемдікпен, ақыра, кейіп бұйырғандық ақғарылады.
Жақсы стилистер, осылайша, ана тілінің жалпы синтаксистік нормалары мен басқа да мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдерді өздерінше ерекше нақыш, әуен, екпінмен айтуға лайықтап та құрастырады. Көркем сөз шеберлері "ой тол-кынын, сезім ырғағын, психологиялық тартыс пен тай-таласты тың тілмен, өзінше бір ораммен орайлап айтқысы келеді”,— дейді.
М. О. Әуезов.1 Сол үшін сөз зергерлері тілде жоқты емес, әдеби тілде, халық тілінде барды "қиыннан қиыстырған” "тың тілмен” ой өрнегін құрастырады. Сондайдан әр сөз шеберінін, өзіндік стиль ерекшеліктері жасалады.
Әдеби тілдің, барлық стильдеріне қойылатын синтаксистік стиль талаптары тұрғысынан карағанда, сөз тіркестері мен сөйлемдер кұраудың нысанасы — ой айқындылығы екенін жоғарыда айттық. Сол үшін сөйлемдегі сөздер сымға тізілген маржандай таңдамалы, талғаулы, сөздердің, сөйлемдердің мағыналық және синтаксистік байланыстары мүлтіксіз болуға тиіс. Синтаксистік
1 М. Ә у е з о в. Қазақтын, әдеби тілі туралы, "Жұлдыз” журналы, 1951, № 4. құрылыстың осындай сымбаттылық қасиеті ана тілінің ғасырлар бойында қалыптасқан заңды жүйелеріне негізделеді.
Солай бола тұра әр стильдің қызмет бабы ыңғайына қарай син-таксистік кұрылыстың жеке түрлерінің жеке стильге тән екендігі байқалады. Мысалы, әдеби тілде жиі жұмсалатын социалистік жа-рыс, прогресшіл адамзат, қарқынды еңбек, партия басшылығы, саяси сабақ, жүзеге асыру, қолдау табу қызу құттықтау, салтанатпен мерекелеу, бейбітшілік күштер, сәтті бастама, еңбек өнімі, зор ынта, озат коллектив, табыстармен жауап беру тәрізді сөз тіркестері публицистика стиліне тән болса, асау терек, асау жүрек, қанды кек, алтын күн, салқын самал, тулаған толқын, оянған өлке, ынталы жүрек, жанымның жарық, жұлдызы, жүректің кең дариясы, суық ақыл (Абай), ой астары, бейбітшілік бақшасы, октябрьдің таңы, Отанымның жүрегі, жүрек сыры сияқты ауыспалы метафоралық сөз тіркестері көркем әдебиет стиліне тән, ал дауысқа қою, баяндама жасау, басшылық ету, қаулыны орындау, қол қою, мөр басу … сияқтылар кеңсе тілі стиліне тән. Сондай-ақ диалогты сөйлемдер сөйлеу тілі стиліне тән болса, Мидай дала. Жарық ай. Есік алды ығы-жығы тәрізді атаулы сөйлемдер көркем әдебиет тілі стиліне тән.
Сөйлеу тілі стилінде түсінігі ауыр күрделі орамдар, шұбатылған аралас кұрмалас сөйлемдер көп айтылмайды. Ондай күрделі синтаксистік құрылыстарды ауыз екі тілде бірден дұрыс құрастыра салу да, оларды сазына келтіріп айтып шығу да, таңдау да қиын болатындықтан, шешендер әдетте сөйлемдерді тап-тұйнақтай етіп ықшамдап, логикалық, синтаксистік байланыстарын берік ете баяндауға тырысады.
Ғылыми әдебиеттер стиліне де сондай талаптар қойылады, бірақ оқып түсінуге, кейде тыңдап ұғынуға арналғаи ғылыми еңбек, баяндамалардың текстерінде күрделенген орамдар, құрмалас сөй-лемдер, сірестіріп құрастырған жайылма сөйлемдер жиі ұшырайды. Қөркем әдебиетте де, мысалы Л. Н. Толстойдың "Соғыс және бейбітшілік”, М. Әуезовтің "Абай жолы”, Ғ. Мүсіреповтің "Оянған өлке” романдарында күрделенген синтаксистік құрылыстар көп-ақ. Бұлардың жұмсалу мақсаты ғылыми әдебиеттегіден басқа.
В. Г. Белинский айтқандай, ғалым дәлелдейді, ал жазушы су-реттейді: "Философ силлогизмдер арқылы сөйлейді, ақын образдар, картиналар арқылы сөйлейді, бірақ екеуінің де айтатыны бір-нәрсе”1.
Бір "нәрсені”, бір ой, бір пікірді түрліше айтуға болатыны әдеби тілдің стильдік мүмкіншілігінің молдығын көрсетеді. Оларды белгілі стильдерге тан етіп, екшеп, шоғырлау әдеби тілдің қоғамдық қызметінің кеңеюі барысында пайда болады. Стильдердің оқшауланып қалыптасу дәрежесі әдеби тілдің тарихымен, әр стильге тән әдебиет жанрларының молайып, марқайып дербестік сапасының артуымен байланысты.
‘В. Г Белинский Шығармаларынын. толық жинағы, III т. 1948, 798-бет.
Бір стильге тән құбылыс басқа стильдерге мүлде жат, оларда қолдануға болмайды деген ұғым тумау керек. Мысалы, терминдік тіркестер көбінесе публицистік және ғылыми стильге бейім, солай бола тұра олардың біразы көркем әдебиетте де кездесуі мүмкін. Мысалы, шахтерлер өмірінен жазылған "Қарағанды” романында кәсіби терминдер тіркестері көп, немесе айналаны суреттеу мақса-тында жұмсалатын атаулы сөйлемдер көркем әдебиетке тән бола тұра, публицистикалық әдебиеттерде де кездесе береді. Мысалы, Ленин атындағы алаң. Салтанатты шеруді бүкіл одақтық социа-листік жарыстың жеңімпаздары бастап келеді (газеттен).
Қөркем әдебиетке тән көріктеу тәсілдерінід кейбір үлгілері жо-ғарғыдай газет-журнал тілінде жұмсалуы, немесе көркем әдебиет-тегідей газет беттерінде ақ алтын (мақта), қара алтын (көмір), Сыр маржаны (күріш), табыс кілті, Отанымыздың жүрегі — Москва сияқты ауыспалы мағьналы тіркестердің жұмсалуы әдеби тіл стильдерінің жігі білінбейтін біртұтас екенін көрсетпейді, стиль мен стильдің қарым-қатынасьшың, байланысының мол екенін көрсетеді. Стильдер тармақтары сараланып кемелденген сайын олардың жоғарғыдай ауыс-түйіс байланыстары күшейе береді.
Синтаксистік категориялардың бірі ол стильге, бірі бұл стильге ойысады деуге болмайды. Солардың әрқайсысынық ішінара жеке түрлерінің, тәсілдерінің белгілі стиль аумағында көбірек қызмет атқаруы мүмкін (ондайды кейінгі талдаулардан көруге болады).
Синтаксистік құрылыстың стильдік қызметін, стильдік бояуын айқын білдіруге себепкер болатын амалдың бірі — интонация.
Әдеби тілде жазылғанның бәрі оқу үшін жазылады. Жақсы стилист әрбір сөйлемді құрастырғанда, оның айтылуы мен маз-мұны, стильдік қызметі арасында тығыз байланыс бар екенш сезеді. Сайып келгенде ол байланыс жазушы мен оқушы арасындағы байланыс болып шығады.
Әрбір сөйлемнің, тұтас сөйлеудің мазмұнына, стильдік кызме-тіне лайық айтылу сазы болады. Оларды өздеріне лайықты үнмен, тиісті екпінмен, өз әуенімен дұрыс оқып, дұрыс айтқанда, текст пен оның жеке сөйлемдеріне жан біткендей болады. Солар арқылы синтаксистік орамдар мен синтаксистік тұлғалардың әсіресе стильдік кызметтері өз орнында дұрыс танылады.
Сондықтан хатқа жазылмағанды ғана емес, жазылғандарды да дұрыс оқу, дұрыс айтудың стильдік қызметі ерекше болады. Ойға лайық құралған синтаксистік құрылысты нақышына келтіріп, табиғи сазымен, тиісті әуен-ырғағымен, тиісті қарқынымен айтылмаған сөйлемдер, басқа да синтаксистік тұлғалар нысанаға дәл тимеген оқ сияқты. Сонымен қатар, мысалы, ол жақсы жігіт екен. Сені кім шақырды? Айтқаным-айтқан, айтқанымнан қайтпан! сияқты сөйлемдердің белгілі стильдік орайда жұмсалуы олардың кұрам, құрылыстарымен де, айтылу ерекшеліктерімен де өлшенеді.
Сөйлемдердің айтылу қарқыны, дауыс ырғағы, айтылу екпіні, әуені — айтылу сазы (интонациясы) құбылмалы болуы, сөйлеуші-нің, айтушының еркіндігі субъективті құбылыс емес, ойдың айтылу мақсаты, ойды білдірудің синтаксистік құрылысы өмірдің әр алуан жайттарын білдіруге негізделген құбылыс. Сондықтан әр сөйлемнің интонациясы оның өзіне тән табиғатына лайық болуға тиіс. | |
Просмотров: 1928 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |