Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Қазақ тілі және тіл білімі

ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДИНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚОСАРЛАНҒАН СИНОНИМДЕР
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДИНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚОСАРЛАНҒАН СИНОНИМДЕР

Байғазиева Б. Ө.
Б.Бегалиев атындағы орта мектеп, Құрманғазы ауданы,
Атырау облысы

Қазақ тілі- дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікірдің растығын кемеңгер Абай атамыз дәлелдеген болатын .Қазақтың ақын-жазушылары тіліміздің шоқтығы биік, өзге тілдерден ерекше екенін өз шығармаларында айқын көрсетіп келеді.Солардың бірі- өзінің оқшау стилімен, нәзік сезімімен, ақындық шеберлігінің сан қырлылығымен танымал болған жерлес ақынымыз Жұмекен Нәжімеденов. Қазақ әдебиетінде өзінің елеулі орны бар ақынның өлең жинақтары одан қалған мұра боп табылады. Сол өлеңдерінде ақын өз ойын оқырманына нақты, дәл көркем етіп жеткізуде шеберлігімен айқындалады.
Поэтикалық тіліндегі өзгешелік - өлеңдерінің көркемдігін ашуда, тілі мен мазмұнын байланыстыруда көркемдегіш детальдарға үлкен жауапкершілікпен қарап, ой желісінің түйінді тұстарында синоним сөздерді қосарлап қолдануы.
«Тілдегі синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топ та қолданғанымыз сияқты, бұларды қосарлап та қолдануға болады» (Ә.Болғанбаев). Қазақ тілінде сөзді қайталау мен қосарлау тәсілі - өзінше ерекшелігі мол құнарлы жүйе. Осыны терең түсіне білген Жұмекен ақын синоним сөздерді асқан шеберлікпен қолданып, өлеңінің мазмұнын аша түседі. Әсіресе,синоним сөздерін қосарлап қолданған тұстарында өлең ұйқасына еш нұсқан келтірмеген. Оның сөз қолданысындағы дыбыс әуезділігінде тек өзіндік шеберлігі танылады.
Жайдақ қырдан түңілсең – гүл өседі бір күні,
Қайраттыдан түңілсен – күреседі бір күні.
Мына заман артқанда бойға – бейнет, ойға - сын,
Күш – қайратты түңіл деп беріп пе екен, ойлашы
Көп түңілсең момынынан – ашу шығар бір күні,
Көп түңілсең тұнықтан – тасу асығар бір күні.
Мына заман артқанда бойға шыдам, ойға сын –
Күш - қайратты түңіл деп берегн жоқ қой, ойлашы.
(«Досым, сен тыңда»)
*****
Көкірегіңде ыстық, кіді, тар әрі
Күш – қайратың құр тұншығып барады.
Талғам, талғам, талғам сенің – кеселің,
Өз талғамың - өз жолыңды кеседі. («Композитор»)
*****
Бүгін нұрың тамып тұрған гүлдейсің,
боз қырауда не боларын білмейсің,
төбе азғанда сай боларын білмейсің,
пасықтықтың пайдаларын білмейсің,
Қайғы – мұңның қайда барын білмейсің!
*****
Мен көрмеген мұхиттардан өтер ме ең,
аман - есен шекаралар дауынан,
түрлі түсті түсінікпен ауырған.
пиғылдардан, толқындардан, дауылдан («Саидаға»)

****
Енді бір сәт... қарашы, құдыретті
енесіне аман – сау құлын өтті.
Ит шәу етті, келіншек тұрды атылып,
жас қонақтың жүрегі шымыр етті. («Ақөзекте айлы кеш»)

*****
Көрейікші екеуіміз туыс – туған санасып,
Сен әкеңді білесің жазбаса да тілдей жыр, ... («Ұлым, саған айтам»)

Ақынның өлеңдерінде көркемдік құралдың бірі ретінде қолданған синоним сөздері қосарланып келіп, орайын тауып тұр.Ол өлеңнің мазмұнына ғана емес, тіліне шарт қоя білген.
Жұмекен ақында қосарланған синонимдер тым мол, әрі өлеңге керекті жерінде пайдаланылған.
«Күбі», «Тамшы» деген өлеңдеріндегі синонимдерге зер салып қарайық .
О, сәттілік, несібе – ырыс белгісі,
босағаның – беріктіктің белгісі,
Шаңырақтың – биіктіктің белгісі! («Күбі»)
Категория: Қазақ тілі және тіл білімі | Добавил: nauriz (18.10.2012)
Просмотров: 1323 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!