Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Биология

ҚАРАҚҰЙРЫҚ
Скачать реферат с сервера 


ҚАРАҚҰЙРЫҚ

Қазақстанның оңтүстік аймағын мекен ететін қарақұйрық (Gazella subgutturosa subgutturosa) – басқа тұяқты жануарлардан өзінің әсемдігімен және көр¬кем¬дігімен бірден ерекшеленеді. 
Қазіргі кездегі түрі Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда кеңінен таралған. ТМД бой¬ынша қарақұйрық Қазақстан, Өзбекстан, Әзір¬байжан, Қырғызстан, Тә¬жікстан мен Түр¬кі¬менстан аумақтарында мекен етеді. Бұрындары қарақұйрық аңшылық нысаны болып табылған. ХХ ғ. ортасында республика аума¬ғын өнер¬кә¬сіпте пайдалану, құйрықтың мекен ету аймағы¬ның күрт қысқаруына әкеліп соқты, соның сал¬дарынан жа¬нуарлар саны едәуір азайды. Нә¬тижесінде Қазақ¬станда қарақұйрыққа аңшылық етуге 1951 жылдан бастап тыйым салынды. Осылайша, антропогенді әсер ету салдарынан, қарақұйрықтың кезінде мекен ететін тұтас аймағы Іле, Тауқұм, Мойынқұм, Қы¬зылқұм және Үстірт-Маңғыстау болып жекеленген, оңаша микропопуляцияларға бөлініп кетті. 1978 жылы қарақұйрық мекен ету аймағы мен саны жағынан азайып бара жатқан сирек кездесетін түр ретінде Қазақ КСР Қызыл кітабына енгізілді. 
Қарақұйрық – қатты қиыршықты және сазды жамылғылы болып келетін әр түрлі шөл далаларды мекендейді. Бұдан басқа, ол бітік өсімдігі бар құмды далаларды – Қызылқұм, Мойынқұм, Тауқұм, Сарыесік атырауларында да кездеседі. Бұл биік емес құм төбе¬шіктерде жүзгін, таспа, тікенек, жыңғылбас, сексеуіл сияқты әр түрлі жыңғыл бұталары өседі. Шөп жамыл¬ғы¬сы шөл қияғы, ермен мен барқын¬дардан тұрады. Қыс¬тың суық үскірік желінен қорғану мақсатында қа¬рақұйрықтар өсімдіктері қалың ойпатты орманды, тіпті қамыстың арасын да паналайды. Оңтүстік далаларда қар жамылғысы өте қалың емес (шамамен 10 см. және одан да аз) және ұзақ жатпай, күн көзіне тез еріп, буланып кетеді. Қарақұйрықтар сон¬дай-ақ, ашық тау бөктерлерінде және шөл өсім¬діктері бар жазық тауларда да мекендейді. Тауаралық далаларда тұяқтылар теңіз дең¬гейінен 800-1200 м. биіктікке еркін көтеріледі. 
Қарақұйрық мекендеу аймағында біркелкі тегіс таралмаған. Олар негізінен азығы мол жерлерде, жазық тау бөктерінде, сулы және қорғаныштық қа¬сиеті бар өңірлерде өмір сүреді. Оның таралу аймақ¬тарының көп бөлігі мезгілдік ауысыммен байланысты көшіп жүре¬тін жерлер: таралу аймағының солтүстік бөлі¬гінде қар түсумен байланысты – күзгі-қысқы (оңтүстікке) және сулы, жайылым жері мол – жазғы болып келеді. Жазғы көшулері өсім¬дік¬тердің қу¬рауына байланысты басқа жайы¬лым¬ды, суға жақын жерлерге ауысуымен көрінеді. 
Қарақұйрық дәнді дақылдар, барқын, қына, жыңғылдар мен бұтақтар сияқты әр түрлі нәр¬селерді қорек етеді. Ол өсімдіктердің ша¬мамен 70 түрін жей¬ді. Осындай азықтық өсімдіктердің мол жиынтығы – оның белгілі азығының жоқ екендігін көрсетеді. Нәтижесінде қарақұйрық шөл даладағы өсетін бар¬лық өсімдіктермен қоректене береді. Бұл қара¬құй¬рықтың азықты шөптері әдемі өскен шөл далаларда кеңінен жортуына жол береді. 
Қарақұйрықтар тек тұщы суды ғана емес, соны¬мен қатар ащы суды да іше береді. Олар¬дың су ішу тәртібі азықтанған өсім¬діктерінің ылғалдығына бай¬ланысты. Көктемде және жаз мезгілінің бас кезінде олар көктемгі шырынды азықтармен қанағаттан¬ған¬дықтан суды сирек ішеді. Аптап ыстық түсе бас¬та¬сымен жануарлар сулы аймақтарға көше бастайды. 
Қарақұйрықтардың табын құрып өмір сүруі өте сирек – негізінен олар жалғыз жүреді, не болмаса 2-5 бастан, 6-15 бастан (сирек кезде¬седі) құралған ша¬ғын топ болып өмір сүреді. Қарақұйрық популя¬циясының ұсақтоптық құ¬рылымы шөл дала ішіндегі арнайы табиғи жағ¬дайға қалыптасуын көрсетеді. Осындай құры¬лымда жануарлар қорегі аз шөл өсімдіктерін толығымен пайдалана алады. 
Қыс мезгілдерінде қарақұйрықтардың жас және ересек аталықтар мен аналықтардан тұратын әртүрді табындары топтасып жүреді. Бұл олардың бірігіп қорек табуына, жыртқыш жануарлардан және т.б. қорғануына мүмкіндік береді. Көктем шығысымен табындары ыды¬рып кетеді. Жазғы уақыттарда қарақұйрықтар көбіне жалғыз жүреді, кейде 2-4 бастан құрал¬ған топтары сирек кездесіп жатады. Жаздың соңы және күз мезгілінің бас кезінде де олар шағын топ болып өмір сүре береді. Қаңтар ай¬ын¬да, күйлеу аяқталғаннан кейін қарақұй¬рық¬тар біртіндеп бірігіп үлкен табын құра бастайды. 
Қарақұйрық – көпүйірлі аң. Күйлеуі қараша-желтоқсан айларында жүреді, еш¬кі¬лерінің буаз болу мерзімі шамамен 5,5-6 айға со¬зылады. Жыл сайын төлдейтін ересек еш¬кілері 3-4, ал жас аналықтары 1-2 төл береді. Төлдері тез жетіледі. 
Басқа жабайы жануарлар сияқты қарақұй¬рық¬тар¬дың да өлім-жітімі жиі кездеседі. Табиғи жағдай¬лар¬дан қарақұйрыққа аса қауіптісі – қалың қар мен көктайғақ мұз. Қарақұйрықтың тұяқтары кішкентай болғандықтан қалың қарда жүруі қиын және оның астынан азық іздеп табуы да қиынға соғады. Сол себептен қар қалыңдығы 10 см.-ден жоғары болған жағдайда ол оңтүстік аймақтарға қоныс аударады. 
Қарақұйрықты қорғау және санын қалпына келтіру – бұл мемлекеттік көлемдегі мәселе болып табылады. Қазақстанда сирек және құрып бара жатқан жануарлар мәселесіне байланысты Қазақстан Респуб¬ликасы Үкіметі және Ауыл шаруашылығы министрлі¬гінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жануарлар әлемін қорғау бойынша арнайы шаралар қолдануда. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашы¬лы¬ғы министрлігі Орман және аңшылық шаруашы¬лығы комитетінің "Охот¬зоопром” ӨБ” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында 2003 жылдан бері сирек және құрып бара жатқан жануарлар түрлері мен киіктерді мемлекеттік қорғау қызметі құрылып, қызмет атқаруда. Қорғау шара¬ла¬рының нәтижесі бойынша Қазақстанда қарақұй¬рықтың саны 2005 жылғы 12150 бастан 2009 жылы 17000 басқа дейін өсті. 
Қарақұйрықтардың таралу аймақтарының көп бөлігінде экожүйелер аздап бұзылған¬дық¬тан, алдағы уақытта оларды қалпына келтіру мүмкін болатын жағдай. Қазіргі уақытта бұл тұяқтылардың сақталып қалған популяция¬ларын экологиялық бақылап отыру қажет. Бұл ретте республикадағы сирек кездесетін және құрып бара жатқан жабайы тұяқты жануарлар түрлері мен киіктерді қорғау және санын арттыру мәселесі қарастырылған "Сирек кездесетін тұяқты жануарлар мен киіктерді қорғау және санын арттыру бойынша 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама” (2005 жылғы 25 наурыздағы №267) мен "Су ресурс¬тары¬ мен жануарлар әлемін сақтау мен тиімді пайда¬ла¬ну және 2010 жылға дейін ерекше қорғалатын та¬биғи аумақтар жүйесін дамыту жөніндегі бағдар¬ламаны” (2007 жылғы 8 қазандағы №914) бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметі қау¬лыларының маңызы зор. Аталған қаулыларға сәйкес Қазақстанда қарақұйрықтарды тарихи таралу аймақтарына көшіру жұмыстары белсенді жүргізілуде, бұл мақсаттарды "Алтын Емел” ұлттық бағы жүзеге асырады. 
Қазіргі уақытта реинтродукциялау үшін асыл тұ¬қым алу көзделіп отырған "Алтын Емел” ұлттық бағы аумағындағы қарақұйрық саны 2009 жылғы санақ бойынша 7078 басты құрайды. Басқа аймақтарға қо¬ныстандыру үшін олардың біразын ұстау қарақұйрық популяциясының жағдайына теріс әсер етпейді. 
Қарақұйрықты тобырлары өте сирек кездесетін Шарын ұлттық бағы мен Жусандала республикалық мағыналы мемлекеттік қорық аймағына көшіру жұ¬мыс¬тары жүргізіледі. Жануарлардың қосымша тобын шығару олардың санының артуына ықпалын тигізеді. 
Қазіргі уақытта "2010-2014 жылдарға ар¬налған сирек кездесетін тұяқты жануарлар мен киіктерді сақ¬тау және санын қалпына келтіру жөніндегі бағ¬дар¬ламаның” жобасы жасалуда, онда жабайы тұяқты жа¬нуарлар санының көбею мәселесімен қоса олар¬дың өмір сүру ай¬ма¬ғын сақтауға да аса көңіл бөлінген. Қа¬ра¬құйрықты қазірдің өзінде олардың тарихи ме¬к¬ен¬деріне көшіру, сонымен қатар бұл жану¬ар¬ларды асырап, кейін оларды жабайы табиғатқа шығаратын арнайы питомниктерді ұйым¬дас¬тыру бойынша шараларды қолға алу қажет.

Категория: Биология | Добавил: nauriz (18.08.2013)
Просмотров: 1397 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!