Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Биология

Аса қауіпті анаэробты қоздырғыш инфекциясы.
Скачать реферат с сервера
Аса қауіпті анаэробты қоздырғыш инфекциясы.

Анаэробты инфекцияларға сіріспе мен газды гангрена жатады.Олар жаралар инфекцияларында және организмнің басқа да зақымандауларында, жарақат инфекциясы ретінде саналады. Олар жайлы организмнің зақымдалуы туралы жан-жақты айтылады. 
Бруцеллез – малдан адамға жұғатын, ретикулоэндотелиалды, нерв, жүрек-қан тамыр жүйесінің және қозғалыс аппаратының зақымдалуымен жүретін инфекциялы – аллегиялық ауру. 
Этиологиясы. Бруцеллез қоздырғышы – микроорганизмдердің Brucella туысына жатады. 
Эпидемиологиясы. 
1.Ауруыдың көзі: 
Ең қауіптісі ұсақ малдар – ешкі мен қой / 80% жағдайда. 
2. Ауру тарататын түрткілер: ет, сүт, малдың көңі, қиы, жүні. Ең қауіптісі – малдың шуы, жатыр суы, жаңа тұған не іш тастаған төл. 
Клинакасы. Жедел Бруцеллез. 
1. Аурудың жасырын кезеңі 7 – 30 күн, кейде ұзаққа созылады. 
2. Аурудың белгілері бірте – бірте баяу басталады. Ең алғашқы 
белгілерінің біріне науқастың қызуы көтеріліуі жатады. 
Емдеу диагностикасы. Бруцеллез ауруында іш сүзегі, безгек, ревматизм, ревматоидты артрит, туляремия, инфекциялы моноуклеоз, сепсис ауруларымен екшеу жүргізіледі. 
Алдын алу шаралары. 
Бруцеллез ауруының алдын –алуда ветеринарлық – сауқтыру шаруашылық санитарлық және медициналық шаралар, негізгі мақсат жануарлар арасында инфекцияны жою және адамдардағы ауруды тоқтату. 
Сіріспе (Столбняк) 
Сіріспе – қаңқа бұлшық еттерінің тоникалық және клиникалық Құрысуларымен сипатталатын, асфиксияға әкелетін ауыр жедел инфекциялық ауру. Сіріспе ерте заманнан белгілі. Ауру 40 – 70% жағдайда өліммен аяқталады. 
Этиологиясы. Сіріспе қоздырғышы Clostridium teteni. Bacillaceae туысына жатады. Олар ірі, жұқа, шеттері дөңгеленген, ұзындағы 4-8 мкм, ені 0,3-0,8 мкм. Микроб – анаэроб, спора түзеді, грам оң. Споралар сыртқы ортаның физикалық және химиялық түрткілеріне тұрткы. Нәжісте, топырақта, әр түрлі заттарда олар бірнеше жылдарға дейін сақталады. 
Эпидемиологиясы. Clostridium teteni табиғатта кеңінен тараған. Инфекция көзі – ауру жануарлар және адамдар. Коздырғыш вегативтік түрде ішектестерінде тіршілік етеді, нәжісі арқылы топыраққа түсіп, инфекциялдап, спораға айналады . Топырақтан миткробтар шаң арқылы киімге, аяқ-киімге еніп, адамның терісіне, егер тері, не кілегей қабат зақымдалса организмге еніп, ауру туғызады.65-75% -те ауру себебі аяқ-қолдың ұсақ жарақаттары болады. Жалаң-аяқ жүргенде, үшкір заттар кіргізіп алғанда, ағаштың жаңқасы кіргенде жиі сіріспе ауруының дамуына әкеледі. 
Сіріспе инфекцияның ену қақпасына қарай бөлінеді: 
1/жарақаттық сіріспе (жарақат, операциядан соң, босанғаннан кейін, жаңа туған нәрестеде, инфекциядан кейін, күйгеннен соң, үсу электрожарақат) ; 2/ қабыну және деструктивті процестен болатын сіріспе ( жара, ойылу, ыдыраған ісіктер); 3/ криптогенді сіріспе (ену қақпасы белгісіз). 
Инкубациялық кезең бірнеше күннен айларға дейін созылады, орташа ұзақтығы 14-15 күн . Инкубациялық кезең неғұрлым қысқа болса, соғұрлым ауру ауыр түрде өтеді . Аурудың 7-8 күндері жүрек тондары тұнықталып, жүрек тоқтап қалуы да мүмкін . Клиникалық белгісі жедел және тез дамиды . Ауру кенеттен жедел басталады, тахикардия және техипноэ, өте күшті және жиі құрысуі цианоз және өте қаупті асфиксия . 

Сіріспенің алдын алу шаралары 2 бағытта жүргізіледі: 
1) Жарақаттың алдын алу 
2) Арнацы алдын алу 
Арнайы алдын алу шаралар жоспалы түрде сіріспелік анотоксинмен (АКДС- вакцинасының кұрамына кіреді), 3- айлық жастан басталады,ревакцинация 2 жасында, 6,11,16-17 жаста жасалады. 
Барлық инфекцмялық аурулардың ішінде өлу жиілігі бойынша 3-ші орында тұр. 
Ботуллизм 
Ботуллизм- ботуллотоксиндердің сопақша ми мен жұлынның холиненергиялық құрылысын терең зақымдануымен сипатталатын және офтаьмоплегиялық, бульбарлық синдромдармен көрінетін жедел инфекциялы – токсикалық ауру. 
Этиологиясы: Боттулизм қоздырғышы Clostridium botulinum, 
Clostridium туысына, Bacillaceae- семьясына жатады. Ол таяқша пішінді, шеттері дөңгеленген, өлшемдері, 0,6-0,9*4-9 мкм, қозғалмалы (түктері бар). Анаэроб, экзотиксин өндіреді, 7 серворы бар А,В,С,Д,Е,Ғ,G.Ботуллизм қоздырғышы топырақта тіршілік етеді, одан суға, көкөністерге, ас тағамдарына, жемістерге түседі . Физикалық – химиялық түрікілердің әсеріне өте тұрақты спора түзеді. Cl.botulinum вегативтік түрі сыртқы ортаға тұрақсыз 60 С жоғары қыздырғанда тез өледі, брақ споралар 5 сағ қайнататғанда ғага өледі. Ботуллотоксин - өте күшті әсерлі бактериялды «у» : 1 мл токсинде ақ тышқандарға 
1-3 млн өлтіру дозасы бар. Адамдарды өлтіру дозасы 0,3 мкг. 
Ботуллотоксин термолабильді, қайнатқанда 5-10 мин соң өледі. 
Эпидемиологиясы. Ботулизм қоздырғышының негізгі көздері- жылы қанды жануарлар, балықтар, шаян тектестер. Олар сумен, желмен,қоздырғыш спорасын жұтып қояды, сосын сыртқы ортаға нәжісі арқылы түседі 
Патогенезі : Инфекйияланған ас тағамдарымен бірге ботуллизм қоздырғышы және оның экзотоксини аш ішекке түседі. Ол жерден қан ағымы арқылы ішкі мүшелерге тарап, сопақша мидың және жұлынның мотонейрондарын зақымдап бульбарлық және салдық синдромдар дамиды. 
Клиникасы; Инкубациялық кезең ұзақтығы 2-12 сағаттан 8-10 күнге созылады. 
1. Ауру кенеттен басталады 
2. Дене қызуы қалыпты, кейде субфебрильді 
3. Асқазан тұсында ауырғандық және ауырлық сезімі болады. 
Жүрек айну, құсу, іш өту ауруының алғашқы сағаттарында 
ғана көрінеді, кейін мазаламайды. 
4. Бас ауру, бас айналуы, ауызының кебуі, бұлшық еттерінде 
әлсіздік байқалады. 
Емдеу диагностикасы: 
1. Ми қан айналысының жедел бұзылуы 
2. Дәрі-дәрмекпен және өсімдіктермен улану (саңырауқулақ, 
белладона,атропин) 
3. Тағамдық токсикалық интоксикация 
4. Күл ауруы 
5. Полимиелит 
Оба (Чума) 
Оба – ауыр интоксикация синдромымен өтетін, лимфа түйіндерін, өкпені арнайы зақымдаумен жүретін жедел- табиғы ошақтық ауру. Оба ауруының аты араб тілінен аударғанда «джумма» яғни «боб» . Ол лимфа түйіндерінің боб тәрізді қабынуымен, үлкеюіне негізделіп айтылған. 
Этиологиясы. Оба қоздырғышы Iersinia pests, Iersinia туысына жатады, қозғалмайтын, өлшем бірлігі 1,5-2 мкм бактекрия . Спора түзбейді, бірақ капсуласы бар, қарапайым сұйық және тығыз көріктік ортада өседі. 
Этиологиясы. Оба ауруын 2 түрге бөледі : 
1) Табиғы ошақ / «жабайы оба» / 
1. Шілік ошақ 
2) 2-шілік ошақ 
Клиникасы: Жиі бубонды түрі, ал өте сирегірек- ішектік түрі кесдеседі. Жасырын кезең 3-6 күнге созылады, тек вакцина жасалғандарда 10 күнге дейін сосылады. 
Емдеу диагностикасы: 
1. Бубонды түрінде: туберкулез,туляремия, іріңді лимфматенид 
2. Өкпелік түрінде: өкпе туберкулезі,крупозды пневмония, 
тұмау асқынулары 
3. Сепсис түрінде: түйнем, туляремия,сальмонеллез. 
Алдын-алу шаралары. 
1) Аурудың табиғы ортасында кеміргіштермен мен бүргелерге 
қарсы бағытталған комплексті шаралар 
2) Оба ауруына күдік туған адамдарды міндетті түрде 
госпитализациялау, ал науқастармен және жануарлармен 
қатынаста болғандарды 6 күн оқшаулап,оларға шұғыл 
алдын-алу мақсатта антибиотиктер 6 күнге тағайындалады. 
Содан соң вакцинация немесе ревакцинация жасалады. 
3) Санитарлық ағарту шаралары жүргізіледі 
4) Карантин 
5) Науқаспен жұмыс қатаң түрде обаға қарсы кастюмді киіп 
жаслады 
6) Науқаспен ауруханаға жатқызған соң ақырғы дезинфекция 
жаслады 
Түйнеме (Сибирская язва) 
Түйнеме- серозды гемморагиялық және некроздық қабунумен айқын интоксикация синдромымен өтетін жедел зоонозлы инфекциялық ауру.Осы уақытқа дейін барлық елде мекендерде бірдей таралған. Себебі осыдан ертерек болған аурудың ошақтары көп жылдар бойы қаупті болып қала береді. 
Этиологиясы . Түйнеме қоздырғышы Bacillus anthracic, ірі қозғалмайтын таяқша, узындығы 3-10 мкм, ені 1-1,5мкм, капсула түзеді. Адам және жануар организміне тыс спора түрінде кесдеседі. Тіршілік әрекеті барасында таяқшалар ісік түзетін және өлтіретін компонентері бар экзотоксин шығарады. 
Клиникасы: Түйнеменің инкубациялық кезеңі аурудың түріне байланысты әр түрлі, терілік түрінде, терілік түрінде 2-14 күн, септикалық түрінде бірнеше сағаттан 6-8 күнге дейін.

Екмеу диагностикасы: 
А) Сап 
Б) Баналды шиқандар мен 
В) Сом шиқандар 
Г) Оба, туляремия 
Д) Тілме 
Е) Басқа этиологиялы

Алдын-алу шаралары. 
Жануарлар арасында инфекция ошақтарын табу және жою. Түйнемені жұқтыру қаупі жоғары адамдарға (ветиринарлар, ет комбинат жумысшылары, тері және жүн өңдеу өндірісінің жұмысшылары) тірі қурғақ « СТИ» сынама (привывка) жасайды. 
Науқастарда жеке палаталарға оқшаулау керек. Күнделікті дезинфекция жүргізіледі. Санитарлық – ағарту жұмыстардың жүргізіліуі маңызды. 
Тырысқақ 
Тырысқақ- вибрион экзотоксиндердің әсерінен дененің қурғақсуы, су – электролиттік алмасу бұзылыстарымен ерекшелетін жедел және аса қауіті ауру. 
Тырысқақ ауруы ең алғаш 1817 жылы анықтама бастаған. 
1817-1926 жылдар аралығында тырысқақтан пандемия болып, 2млн адам өлген. 1961 жылы Эль-Тор вибриона тудырған пандемия болды. Тырысқақ жедел ішік инфекциясы, антропоноз, карантинді ауру.Қоздырғыш ашылуына Р.КОХ,Ф.Готилехс еңбектері зор. 
Этиологиясы. Адамдарда тырысқақ қоздырғышы – Vibrio choleral, 2 биовары бар. Классикалық тырысқақ вибрионы 
(Vibrio comma) және Эль-Тор вибрионы (Vibrio El-Tor) 
Тырысқақ вибрионы өте ұсақ, иілген таяқша.Спора және капскла түзбейді. Қарапайым көректік ортада өседі. Н,О-антигендері бар. Қоздырғыш сыртғы ортаға тұрақты суда бірнеше апта, нәжісте 7-8 айға дейін тіршілігін сақтайды, Күн саулесіне, кептіруге, дизенфекциялы ерітінділерге өте сезімтал, қайнатқанда тез өледі. 
Эпидемиологиясы. Ауру көзі- науқас адамдар және қоздырғыш тасымалдаушылар. Жұғу механизмі фекальды-оралды.Жұқтыру түрлері Қарым-қатынас, алиментарлық, су. Тырысқақпен ауратын науқастың 1млн нәжісінен 10,9 вибрион табылады. Су-ең қаупті жұқтыру түрткісі. Тырысқақпен барлық жастағы адамдар аурады, жиі жаз-күз айлаврында бас көтереді. 
Клиникасы: Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 6 күнге дейін созылады. 
Емдеу диагностикасы: Науқастың өмірін сақтап қалу үшін 1-ші мақсатта організмдегі су-электролиттік тепе-теңдікті сақтап қалпына келтіру керек. Ол 2 этаптан тұрады. 
1 Регидратаци, инфузиялық терапияға дейінгі жоғалған сұйықты қалпына келтіру. 
2 Сұйықтық жоғалуының жалғасуын коррекциялау, яғні дәреті қалпына келгенше су-электролиттік тепе-теңдікті ұстап тұру. 
Алдын-алу шаралары. 
Тырысқақ қолайсыз аудандардан келген адамдарға ерекше көңіл бөлініп, олардың от басы мүшелеріе 5 күн емхана дәрігері бақылайды. Егер дәреті өзгерген жағдайда инфекциялық стационарға бақылауға алады. Арнайы алдын алу мақсатында кқрсетпелеріне байланысты беріледі. Сынама (прививка) 7 жастан бастап жасалады. Тырысқақ ошағында эпедемияға қарсы комплексті шаралар жүргізіледі. 
1 Жедел түрде гозпитилизациялау, оқшаулау,тексеру және емдеу 
2 Жедел-ішек инфекцияларын тырысқаққа тексеру 
3 Контакта болғандарды табу, оларды оқшаулау 5 күн медициналық бақылауда ұстау (бактериологиялық тексеру, профилактикалық мақсатта антибиоттин тағайындау) 
4 Ошақта эпидемиологиялық тексеру 
5 Күнделікті және ақырғы дизенфекция 
6 Санитарлық- гигиеналық шарала

Категория: Биология | Добавил: nauriz (18.08.2013)
Просмотров: 2254 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4014
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 6
Қонақтар: 6
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!