Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Биология

Фермерлік шаруашылығындағы зоогигиеналық және мал дәрігерлік шаралары

Мал мен құс қораларына қойылатын зоогигиеналық талаптар. Жануарлар қораларына сырттан келетін инфекцияға жол бермес үшін, олардың организмдеріне керекті физиологиялық қажеттерді толығымен қамтамасыз ету керек. Мал мен құстың қоралары олардың түрлеріне, жасына, беретін өніміне, жатып-тұру әдетіне, желдетуге ыңғайлы, жылы болуға тиіс. Тұрғын үй мен қора арасындағы қашықтық 20-30 метрден кем болмауы тиіс. Жылы күндері малды, құсты далаға шығару үшін қоршаулы ашық алаңдар жасайды.

 

Жарық коэффициенті, яғни, терезелер мен еден көлемдерінің қатынасы -құс қорасында 1:10, қой мен ешкі қораларында 1:20, ірі қара мал қораларында 1:16  болуға тиіс. Малды аурудан сақтау үшін қораны таза ұстап, микроклиматты сақтау қажет. Қой мен ешкі қораларының сәкісі саз-балшықтан, ал ара қара малдікі – тақтайдан жасайды. Тәулігіне ірі қара мал 20 л, ал бұзауы – 2 л зәр шығарады, сондықтан сәкінің зәр ағып шыға алатындай ойыс арығы болуы керек. Қора ішінде зәр мен нәжістен улы булары көтеріледі, тығыз концентрациялы ауыр булар таза ауаның алмасуына бөгет жасайды. Сондықтан улы зәр булары жиналатын жерде қораның төбесіне биіктігі 1 м тақтайдан құбыр орнатады. Қораның ішіндегі микроклиматтың тазалық дәрежесінен мал мен құстың өнім беру қасиеттері 20%-тен  40%-ке дейін кемітеді. Мысалы, қыс кезінде ірі қараның қорасындағы ауа температурасы 8-12о С, құстың қорасында – 13-17о С болу керек; ылғалдылығы 60-70%-ке тең; ауа ағынының қозғалыс жылдамдығы қыста 0,1-0,2 м/с, жазда 0,3-0,5 м/с тең; көмірқышқыл газының ауадағы мөлшері ірі қара мал үшін 0,25%, төл үшін 0,2%, құс үшін 0,15-0,18%-тен аспағаны жақсы, аммиактың сақа мал үшін 20 мг/м3, ал төл үшін 10 мг/м3 аспау керек.

 

Ірі қараны күніне 3 рет, сауынды сиырды 4-5 рет, қой мен ешкіні 1-2 рет, шілдеде 3 рет сауады. Орта есеппен тәулігіне:  ірі қара 60-70 л, 6-айлық жас бұзау  10 л, қой мен ешкі 8 л, қозы мен лақ 4 л, қоян – 3 л, ірі тауықтар 0,3 л, күркетауықтар 1 л, ірі үйректер 0,7 л, ірі қаздар 1,2 л, жылқы 80 л, түйе 100 л су ішеді. Түйе жаз айларында 16 тәулік, ал қыста 46 тәуліке дейін су ішпей, жүре береді.

 

13.2. Мал мен құстарда кездесетін аурулар.

 

Сапалы өнімдерді – етті, сүтті, жүнді, балды, жұмыртқаны, тері, мүйіз, түбіт шикізаттарды тек дені сау мал мен құстан ғана алуға болады. Мал мен құс өсіруші фермерлер жиі кездесетін аурулар жайлы жалпы, бастапқы түсініктері болуы керек. Мал мен құста кездесетін аурулар шығу себептері, залалдығына және таралуына қарай, бірнеше топқа бөлінеді:

a)      жарақаттар;

b)      жұқпайтын ішкі аурулар;

c)      жұқпалы (инфекцияллық) аурулар – індет;

d)      паразиттік (инвазиялық) аурулар.

Бұл топтарға жататын ауруларға толығырақ тоқталайық.

Жарақаттарды жабық және ашық деп екі топқа бөледі.

 

 

13.2. Жабық және ашық жарақаттар.

 

Жабық жарақатқа жататын  соғылу жарақаты – терінің астындағы ұлпаның қатты заттарға соғылуынан, мыжылуынан пайда болатын жарақат; пайда болу себептері әртүрлі, мысалы, мал тебіскенде, сүзіскенде, қатты еденге, мұзға, тасқа, бетонға, темірге, құмға, т.б. жерлерге құлауынан, жылқыны ер қажауынан, бақташылардың қатты заттармен соғуынан пайда болады. Малдың жарақат болған жері ісініп тұрады, саусақпен үстінен басса, мал ауырсынады. Сол жері әуелі қызарып, содан кейін көгереді де ісінеді. Жарақаттың үстіндегі жүнін қырқып, йод тұнбасын немесе 5%-тік марганец қышқылды калий ерітіндісін жағады.

 

Жабық жарақаттың келесі бір түрі – қанталау – малдың соғылған кездегі қан тамырларынан қан ағып, терінің астына жиналады, яғни қанталайды. Сондай жерлерге мұз, қар, т.б. суық заттарды басып, таңғышпен танып тастап, 2-3 күннен кейін жылы компресс басып, жараның бетіне йод жағып тастау керек.

 

Ашық жарақаттар пайда болатын себептер: пышақтың, шынының, үшкір заттардың (балта, күрек, таяқ, тас) әсерінен. Әуелі қанды тоқтатып, бинтпен қаттылап байлап тастау керек; содан кейін мал дәрегерін шақыртып, кеңесу қажет.

 

Ашық жарақаттардың тағы да бір түрі – күйік – малдың денесінде жоғары температурадан немесе химиялық күйдіргіш заттардан пайда болады. Күйіктің айналасындағы жүнді қырқып алып, спирт немесе бензинмен сүртіп, тазалайды; содан кейін күйіктің бетіне марганец қышқылды калийдің 3-5%-тік немесе бриллиант жасылының 1-2% спирттегі ерітіндісін, не болмаса 5% йодтың ерітіндісінің бірін жағу керек. Ашық жарақаттардың келесі бір түрі – үсік – төменгі температураның әсерінен пайда болады. Оған көбінесе малдың «перифериялық» жерлері – құлағының ұшы, желіні, еркек малдың қамшысы, құстың айдары, сырғасы немесе яақтары – шалдығуы мүмкін. Бұндай жарақаттар пайда болысымен мал дәрігерін шақыртқан дұрыс.

Категория: Биология | Добавил: Anonymous (23.01.2013)
Просмотров: 1256 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4014
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!