Главная » Статьи » Биология |
Генетиканың негізгі түсініктері
Айқас шағылыстыру – гомологты хромосомалар мейоздық бөліну кезінде бір-бірмен айқасып, сәйкес үлескілермен алмасу процесі. Аллельді гендер - гомологиялық жұп хромосомның бірдей учаскілерінде орналасқан бір геннің әртүрлі формалары. Аллельді гендер бір белгінің вариантын анықтайды. Аутосомдар – жыныстың екеуінде болатын хромосомдар. Биологиялық алға басу (пргресс) – дарақтар санының, жүйеленген сан алуандықтың артуы және аймақтың кеңеюі. Биологиялық кері кету (регресс) – дарақтан саны мен олардың жүйеленген топтары санының кемуі және аумақтың тарылуы. Ген – хромосомның белгілі бөлігінде орналасқан тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі. Белоктың алғашқы құрылымы туралы хабар бар ДНК молекуласының учаскесі. Гендік қор (генофонд) — популяцияның түрлік немесе систематикалық топтық гендерінің жиынтығы. Геном – жасуша хромосомасы немесе организм гендерінің гаплоидты жиынтығы. Генотип – ағзаның гендер жиынтығы. Гетерозиготты ағза – белгілі геннің әр түрлі жұп аллельді гомологты хромосомаларда орналасқан әртүрлі гендер. Гетерозис – гомологты хромосомада белгілі жиілікпен кездесетін гендердің жиынтығы. Гибридологиялық әдіс - әртүрлі таза сызықтарға жататын даралардың гибридизациясы және бір-бірінен альтернатив белгілері бойынша ажыратылады. Келесі ұрпақта мұндай шағылыстыру нақты статистикалық заңдылықтар бойынша өтеді. Гомозиготты ағза – гомологты хромосомада белгілі геннің бірдей жұп аллельдері орналасқан диплоитты ағза. Гомологиялық хромосомдар – құрылысы жағынан ұқсас бір локуста аллельді гендері бар, бір белгінің дамуына жауап беретін хромосомдар. Ди – және полигибридті шағылыстыру – екі немесе көп жұп қарама-қарсы белгілері бойынша ажыратылатын гомозиготалы даралар шағылыстыру. Доминантты ген - аллельді гендердің біреуін – рецесивті генді басатын ген. Белігінің басым болу құбылысын доминанттау, ал басым белгіні доминантты белгі деп атайды. Жынысты хромосомдар – екі жыныстың бір-бірінен ажырай алатын хромосомдар. Кодомирование – гетерозиготалы организмде екі аллельді геннің айқын көрінісі және де олар бір біріне әсерін тигізбейді. Коньюгация – бактериялардағы ДНК алмасу процесі. Бұл жағдайда ДНК беретін жасуша (донор), ДНК-ны қабылдайтын (акцептор) қосылады. Көбею шексіздігі – бұл тірі ағзалардың дәл осы нақтылы жағдайларда тірі қала алатын ұрпақтарды көбірек өндіретін ортақ қасиет. Моногибридті шағылыстыру – бір жұп альтернатива белгілері бойынша ажыратылатын гомозиготалы даралар шағылыстыру. Мутация — организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері — гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. Өзгергіштік — организмнің бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі, соған байланысты ол жаңа белгі-қасиеттерге ие болады немесе өзінің кейбір белгі-қасиеттерін жоғалтады. Таза линия (іріктемелер, қолтұқымдар, штаммалар) – гендердің бір немесе бірнеше аллель бойынша гомозиготты жиынтығы, өсімдіктердің өздігінен немесе өзара тозаңданғанда белгілердің ыдырауы байқалады. Толық доминанттылық – аллельді жұп геннің біреу басым қасиетті көрсетіп, гетерозиготалы күйде де гомозиготалы даралардағы сияқты айқын көрініс береді, ал рецессивті геннің әсері байқалмай жасырын қалады. Толымсыз доминанттау – аллельді гендердің екеуінің әсері бірдей байқалып, сондықтан аралық сипаттағы формалар қалыптасады. Тұқымқуалау – организмдердің ұрпақтан ұрпаққа белгілерін өтқізе алатын қасиет. Тұқымқуалауғыштық материалдарын тасымалдаушысы ДНК болып есептеледі. Фенотип – геноти пен айналадағы ортаның әсерінен қалыптасқан белгілердің жиынтығы. Хромосома - өзіндік ядролық құрылым, екі иықшасы, центромерасы және екі хроматинды болады. Ыдырау – ұрпақта бірнеше фенотиптің немесе генотиптің пайда болуы. | |
Просмотров: 1746 | Рейтинг: 4.0/2 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |