Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Биология

Хромосомалардың морфологиясы және көлемі

Хромосомалардың морфологиясы және көлемі. Хромосомалардың жалпы морфологиясы оларды ең қысқарған және экватор жазықтығында орналасқан метафаза немесе анафазаның бастапқы стадиясында жақсы байқалады.

Бұл кезде хромосомалар жақсы көрінеді, олар пішіні мен үлкендігі жөнінен айрықшаланады (2-сурет). Әр хромосоманың формасы негізінен алғашқы тартылыс кезінде анықталады, ол жерде центромера бо-лады. Әр түрлі хромосомолардағы центромераның орны түрліше болады, бірақ ол әр хромосоманың өзіне тән және тұрақты болады.
Центромера хромосоманың ең ұшында болмайды деп бол-жайдьц Хромосомалардың ең үшындағы сеғменттері теломера ‘ деп
аталады./Хромосоманың центромераға жақын орналасқан. учаскесін проксимальді, қашығырақ учаскесін дистальды деп атайды.
Хромосомада алғашқы тартылыстан өзге, үршық жіпшелерімен байланыссыз екінші тартылыс болуы мүмкін, (2-сурет, 5). Хромосомадағы бүл тартылыс ядрошықтың қалыптасуымен байланыстьу оны ядрошық уйымдастырушы деп атайды. ;Хромосоманың бұл учаскесінің құрылысы күрделі екені анықталды және рибосомалық РНК синтезіне жауапты.ІЕкінші тартылыс кейде өте ұзын болуы мүмкін, ондай жағдайда ол тартылыс хромосоманың негізгі денесінен шағын учаскені бөліп тұрады, ол спутник деп аталады Мұндай хромосомалар спутникті деп аталады / (2-сурет, 6).
Жоғарыда айтылғандай, метафаза кезінде хромосомаларды полюске тарататын центромераға ұршық жіпшелері бекітіледі. Егер хромосоманың центромерсіз учаскесі (ацентрлік фрагмент) бүзылса, ол репродукциялана алуға қабілетті, бірақ центромераны қалпына келтіре алмайды. Центромерасы болмағандықтан, мұндай ацентрлік фрагмент ориентация жасай алмайды, сондықтан клетка бөлінуі кезінде көбінесе жойылып кетеді.

Хромосома

Хромосома


2-сурет. Метафазалық хромосомалар типі:
1— метацентрлік (екі бөлігі бірдей); 2—субметацентрлік; 3— акроцентрлік (екі белігі мүлде бірдей емес); 4— телоцентрлік (екінші бөлігі ;қоқ) хромосома; 5— екінщі тартылыстіл дентрлік хромосома; б— спутникті хромосома. Ашық түсті дөңгелектер арұқылы центромера көрсетілген.
метафазалық пластинка

метафазалық пластинка


Фрагментцентромерасымен басқа хромосомаға байланысса ғана сақталады.
Алайда таякша тәріздес хромосомалар да белгілі, ұр-шық жіпшелері оның бүкіл денесінің ұзына бойына жалғасады. Мұндай хромосомалардың диффузды центромерасы болады. Мұндай жағдайда бөлек қалған хромосома фрагменттері анафазаға бір қалыпты ажырауы мүмкін. Бүл құбылыстың та-биғаты әлі жете зерттелмеген. Хромосомалардын, морфологиясы ғана емес, үлкендігі де әр түрлі. Олардың ұзындығы 0,2—50 мкм аралығында; диаметрі 0,2—5 мкм (немесе 20—50 нм). Алайда белгілі бір хромосоманын, ұзындығы біршама түрақты.
Жіктеп бояуға мүмкіндік беретін хромосоманы бояудың жаңа әдістерін қолдану, яғни хромосоманың боялған және боялмаған бөліктерінің заңды кезектесуін — диаметрі әр түрлі дискілерін анықтау, әр хромосомаға дәл сипаттама беруге яғни хромосоманың жеке-даралығын анықтауға мүмкіндік берді (3-сурет).
Сонымен әр клеткада хромосомалардың формасын, үлкендігін және жіктеліп боялуын қарастырған кезде олардың бәрін өзара ұқсатуға болады. Ал зерттеп білуді жеңілдету үшін, әр-қайсысын ажыратып нөмірлеу керек. Мысалы, адам хромосома-лары (28-тарауды қараңыз) және бірқатар басқа организм хромосовдалары осылай істелген.
Категория: Биология | Добавил: Anonymous (10.02.2013)
Просмотров: 1109 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4008
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!