Созылмалы пневмония- инфекцияға байланысты туындайтын өкпе тканінің жергілікті созылмала қабынуы: ол дұрыс емделмеген жедел пневмонияның салдарынан пайда болады және қайталауға бейім болып келеді. Классификациясы 1. Даму барысына қарай: 1.Қайталауы 2.Саябыр кезі 2. Клиникалық- рентгенологиялық сипаттамасына қарай: 1. Бронхоэктаз бар пневмония 2. Бронхоэктазсыз пневмония 3. Жайылу көлеміне қарай: 1. Түйінді пневмония 2. Сегментарлық пневмония 3. Бөлік пневмония 4. Морфологиялық өзгеріске қарай: 1. Аралық пневмония 2. Карнификатциалы пневмония. Этиологиясы Жедел пневмонияның себептері созылмалы пневмонияға да себеп болады. Патогенезі ( басты механизмдері) 1. Дұрыс емделмеген жедел пневмония 2. Түкті себептер: а)сырт себептер ( шылым шегу, ішімдік, стресс, жағымсыз ауа-райы мен кәсіби жағдайлар, вирус арулары) б) ішкі себептер ( жоғарғы тыныс жолдарының түінді инфекциясы.Организм реактивтілігінің өзгерісі , фагоцитоздың әлсіреуі, бронх- өкпе жүйесінің жергілікті иммунететінің әлсіреуі) 3. Өкпе тканінде қайталап тұратын созылмалы қабыну процесі. 4.Шектелген деформациялы сегментарлық бронхит. 5. Бронхоэктаздардың пайда болуы. 6. Түйінді пневмосклероз не пневмофиброз. Клиникасы 1.Бронхоэктаздар болатын созылмалы пневмония 2.Бронхоэктазсыз созылмалы пневмония Екі түріне де тән ауру белгілер: - Ауру басының жедел пневмониямен байланысты болуы - Өкпе қабынуының өкпенің бір бөлігінде қайталауы - Өкпедегі процестің шекті түрі - Ренгенологиялық тексеруде түйінді пневмосклероз, деформациялы бронхит, плевра тыртықтарының, шектелген эмфизема белгілерінің болуы - Белгілі бір клиникалық симптомдардың болуы - Тыныс алу және қан айналысы жүйесі жағынан онша көзге түсерліктей функциялық өзгерістердің болмауы. Созылмалы пневмонияның бронхоэктаздық түріне тән белгілері 1. Бронхтың жергілікті тазарту функциясының қайталап бұзылуы. Организмнің иммундық реактивтілігінің өзгеруі. 2. Клиникалық симптомдардың өте айқын болуы көп мөлшерде іріңді қақырық болуы, дене массасының азаюы, зақымданған жердің үстіне ылғалды сырылдың көп болуы,қан қақырудың жиі кездесуі. 3. Белок және липидтер алмасуының бұзылуы альфа-2 және гамма-глабулинемия, қанда жалпы липидтер мен холостириннің азаюі. 4. Аурудың ауыр асқынуларының жиірек кездесуі :өкпеден қан кету, плевра эмпиемасы, спонтанды пневмоторакс, екінші ретті амилоидоз, септикопиемия. Созылмалы пневмонияның басты синдромдары 1.Жергілікті пневмосклероз және жергілікті қабыну синдромы: - Кеуденің ауру жағының семуі және оның тыныс алуда қалыңқы болуы, дауыс дірілі мен бронхофонияның күшеюі. - перкуссиялық өкпе дыбысының қысқаруы - ұсақ көпіршікті ылғылды сырылдар - рентгенологиялық өзгерістер - бронхоэктазиялық түрінде-өкпе суретінің жергілікті деформациясы, киста тәрізді орындар, өкпе бөлігінің, не сегментінің көлемінің кішірейіп, кеуде аралығының ауру жаққа қарай ығысуы. 2. Жай қабыну синдромы: - субфебрильді қызба 3. Тыныс жетіспеушілігі синдромы: - демікпе - цианоз - тахикардия - сыртқы тыныс функциясының обструктивті не аралас түрлі өзгеруі. Созылмалы пневмонияның асқынулары мен салдары 1. Пневмосклероз және тыныс жетіспеушілігі 2. Өкпеден қан кету . 3. Плевра эмиемасы . 4. Спонтанды пневмоторакс . 5. Бронхобструктивті синдром. 6. Екінші ретті амилоидоз. 7. Сегментарлық бронхит. Созылмалы пневмонияны емдеу принциптері Ем комплексті, жекелеген және ауру патогенезіне негізделген болу керек. Науқас адамды ауру қайталамасының басында мүмкіндігінше ерте стационарға жатқызу керек. 1. Антибактериялық терапия: - антибиотикограмма нәтижесін ескере отырып антибиотиктер белгілеу - әсері ұзартылған сульфаниламидтер 2. Иммунитетті пассивті көтеру емі. 3. Иммунитетті түзету емі: - иммуномодуляторлар 4. Бронхтың дренаж функциясын жақсарту: - төсекте әдейі қалып беріп бронхты тазарту - бронхолитиктер - муколитиктер - қақырық жүргізу дәрілері - кеңірдек ішін жуу және емдік бронхоскопия 5. Симптоматикалық ем: - интоксикацияға байланысты ем - миокардиодистрофия емі - электролиттік өзгерістер емі 6. Созылмалы пневмонияның бронхоэктазиялық түрінде консервативтік емнің тиімділігі аз болса, хирургиялық ем қолдану.
|