Главная » Статьи » Биология |
Сипаттамасы: Биіктігі 30- Таралуы: Шыққан жері Оңтүстік Америка.Европаға 1565 жылы әкелінген, Ресейде 1765 жылдан бастап егіледі. Қазіргі заманда дүние жүзінің бырлық елдерінде егіледі. Дайындалуы: Түйнекті алқаның түйнектерін күзде қазып, жинап алады. Химиялық құрамы: Картоптың түйнегінде 10-28% крахмал, 15% май, 1,3% белок, A, B1, B2, C, PP, K1, Д витаминдері, натрий, калий, кальций, хлор, күкірт тұздары, микроэлементтерден мыс, қобальт, йод болады. Қолданылуы: Крахмал өндірісінде қолданылады. Жұмсақ бидай (Triticum vulgare, пшеница обыкновенная). Сипаттамасы: Биіктігі 50-180 см-ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, жапырағы жалпақтау таспа тәрізді, сабақ бойыны қыгап арқылы орналасады. Гүл шоғыры 4-5 гүлден тұратын масақ. Таралуы: Қазақстан мен Сібірдің далалы аймақтарында көптен себіледі. Өнімділігі жоғары. Химиялық құрамы: Негізгі құрамдық бөлігі – крахмал. Одан басқа белоктық заттар, витаминдер болады. Қолданылуы: Крахмалдың өндірістік көзі болып табылады. Сонымен қатар бидай дәндерінен Митрошин сұйықтығы дайындалып, тері ауруларын емдеуге қолданылады. Егістік күріш (Oryza sativa, рис посевной). Сипаттамасы: Биіктігі 50- Дайындалуы: Күріштің дәндерін күзде жинап алады. Химиялық құрамы: Дәндерінде 3-12% белок, 65-70% көмірсулар, 4-6% майлар болады. Қолданылуы: Крахмал өндірісінде қолданылады. Биік андыз (Jnulae helenium, девясил высокий). Сипаттамасы: Биіктігі 1,5 м-ге жететін, тік сабақты көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары ірі, сопақша-эллипс пішінді, шеттері бейтегістісті болып келеді. Тамырсабағы қысқа, Жуан, көп басты, диаметрі 6- Таралуы: ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік және Орталық аймақтарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Шымкент маңайларына өседі. Дайыңдау аймақтары – Краснодар, Ставрополь өлкелері мен Қазақстан. Дайындалуы: Тамырлары мен тамырсабақтарын күзде, жемістері пайда болғаннан бастап үсік жүргенге дейін дайындайды. Өсімдік сабағының маңын Шикізаттың сапалық көрсеткіштері: Тамырсабақтары мен тамырларының ұзындығы 2-ден 20 см-ге дейін, жуандығы 0,5 см-ден 3 см-ге дейін болады. Сынған жері бейтегіс. Сырты сұрғылт-қоңыр, іші сарғылт-ақ түсті, хош иісті, ащы дәмді. Ылғалдығы 13%-дан артпау керек, жалпы күлі 10%-дан артпау керек, солған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек, сынған жерінде қарайған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспалар 0,5%-дан көп болмау керек. Минералдық қоспалар 1% - дан артпау керек. Химиялық құрамы: Шикізаттың құрамында 40%-ға дейін инулин болады, эфир майлары және сапониндер бар. Қолданылуы: Қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Эфир майының антисептикалық, қабынуға қарсы әсері бар. «Аллонтон» препараты асқазан-ішек жарасын емдегенде қолданылады. Дәрілік препараттары: Қайпатпа, «Аллантон», «Девять сил» сусына Бүргелі бақажапырақ (Semina Psyllii, подорожник блошный). Сипаттамасы: Бір жылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 40 см-ге дейін. Сабағы күшті бұтақталған, тамырсабағы үлкен емес, үршық тәрізді болады. Жапырақтары ұзынша, түк басқан, қарама-қарсы орналасқан, жиектері бүтін. Гүлдері үсақ, масақ тәрізді гүлшоғырын құрады. Жемісі эллипс тәрізді, қостұқымды қорапша. Таралуы: Шығыс Закавказьеде, Түркменияда өседі. Қазақстанда кездеспейді. Таудың етегінде өседі. Дайындалуы: Бүргелі бақажапырақ шөбін өсімдік гүлдеген кезде жинайды, орып алады да, жинап кейінгі 24 сағаттың ішінде зауытқа жібереді. Ұрықтарын жеміс піскенде жинайды. Шөбін орып алады да, кептіріп, бастырады. Шикізаттың сапалық көрсеткіштері: Шөбі: Өсімдіктің жер үсті бөліктері бұтақталған, жапырақталған, мамық басқан ұзындығы әртүрлі сабақтардан тұрады. Жапырақтарының ұзындығы 7 см-ге дейін, жиектері бүтін, қарама-қарсы орналасқан, ұзынша келген, гүлдері үсақ. Шөптің түсі сұрғылт-жасыл. Иісі жоқ, дәмі сәл ашылау. Ылгалдығы 70%-дан кем болмау керек. Табиғи түсін өзгерткен шөптің бөліктері 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспарлары 2%-дан артпау керек. Минералдық қоспарлар 1%-дан артпау керек. Дәндері: Дәндері ұзынша-сопақтау, қайықша тәріздес, ішіне қарай қайырылған. Бір жағы дәңес, екінші жағы ойық. Дәндер жылтыраған, тегіс. Ұзындығы 1,7- Химиялық құрамы: Шөбінде шырышты заттар, терпеноидтар мен флавоноидтар, иілік заттар бар. Дәндерінде шырышты заттар, гликозид аукубин, белоктар, майлар бар. Қолданылуы: Шөбінде бақажанырақ сөлін алады. Бұл сол антацидті гастриттерде, созылмалы колиттерде қолданылады. Дәндерінің тұндырмасы іш айдайтын препарат ретінде және колиттерде бүркен қаптайтын препарат ретінде қолданылады. | |
Просмотров: 1183 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |