Главная » Статьи » Биология |
Тері аурулары Қышыма қотыр (чесотка) терінің жұқпалы ауруы. Оны тарататын қоздырғыш қышыма қотыр кенесі. Ол адамның терісіне жұққан бойда, өзіне орын "қаза" бастайды. Ұрғашысы сол өзі "мекендеген" тұсқа жұмыртқа салады. Үш-төрт күннен кейін онысы құртқа (личинка) айналады. Қалай жұғады? Қышыма қотыры бар адаммен қарым-қатынас жасағанда, онымен төсек орынды, киім кешекті, орамалды сүлгіні, ысқыны (мочалка) т.б. заттарды бірге пайдаланғанда жұғады. Тиісті санитарлық тәртіп сақталмаса моншада, душта, жатақхана мен мейманханада да кышыма қотырға ұшырап қалуыңыз мүмкін. Қайтіп байқалады? Дененің кей тұсы бой бермей дуылдап кышиды, үстін түрлі түйіншектер, көпіршіктер, қанды қабыршақтар, тырнақ ізі басады. Мұндай жағдай аяқ-қолдың буын бүгілістерінен де, саусақ аралықтарынан да, тұла-бойдан да байқалады. Не істеу керек? Осындай белгі сезілді дегенше, уақыт оздырмай дәрігерге көріну керек. Қышыма қотырмен күресте дәрігерге уақытында көріну де, дер кезінде тыңғылықты емделу де, науқастың тұтынған заттарындағы паразиттің көзін жою да маңызды. Сақтану шаралары Қышыма қотырдан аман болудың басты жолы тазалық. Апта сайын суға түсіп, іш киімді жетісіне бір ауыстырып түру шарт. Әсіресе біреудің іш киімін, қолғабын киюден аулақ болыңыз. Қышыма қотырға шалдыққан адам ауруханаға жатпай, үйде емделсе, оның төсек-орыны, тұтынатын заттары басқалардікіне араластырылмайды. Кірлеген іш киімдері бөлек калтаға салынады. Оларды 1-2% сода ертіндісі немесе кез-келген ұнтак сабын қосылған, сақылдап қайнап тұрған суда 10 минуттай қайнатып жуу керек. Дезинфекциялық заттар болған жағдайда олар дәрігер айтқан ертіндіге ғана салынады. Сырт киім тек үтіктеліп қана киіледі. Науқас жатқан бөлме 2 пайыздық сабын-сода ертіндісімен күн сайын сүртіледі. Ауру кісіге күтім жасап әйтпесе жатқан жерін жинап болғаннан кейін қол мұкият түрде сабындалып жуылады. Моншаға, душқа түскенде легенді, орындық пен сөрелерді ыстық сумен ыждағаттап шаюды ұмытпаңыз. Басқаның ысқысын, сыпыртқысын (веник) пайдаланбаңыз. Қышыма қотырдан дәрігерге уақыт оздырмай көрініп, жеке бастық және қоғамдық тазалық талаптарын сақтаған адамның тез айығатыны жадыңызда жүрсін. Денсаулығын сактағысы келмейтін адам жоқ. Көп жағдайда бұл кісінің өзіне, денесін шынықтырып, саулығын қорғай білуіне байланысты. Дегенмен, балаға әке-шешеден берілетін, тұқым қуалайтын кеселдердің, бары да белгілі. Оларды туа біткен аурулар, — деп жатамыз. Сондай сырқаттардың "алдыңғы шептегілерінің" бірі — венералық індеттер, оның ішінде мерез (сифилис) бен соз (гонорея). Мұндай дерт біреуден біреуге негізінен жыныстық қатынас арқылы беріледі. Ерлі-зайыптылардың "серілік" құрып, бір-бірінің көзіне шөп салуы, кездейсоқ төсек ләззаты - кеселге тап болудың бірден-бір жолы. Мерезге де, созға да көбінесе мастар ұшырайды. Ондай кезде ұят-аят, адалдық деген мүлдем естен шығады. МЕРЕЗ Мерездің қоздырғышы — бозғылт спирохета (бледная спирохета). Әлгінде ескерткеніміздей, ол негізінен жыныстық қатынас арқылы жұғады. Алайда кейде басқа жағдайда да ұшырап қалуыңыз ғажап емес. Мәселен, мерезге шалдыққан кісімен сүйіскенде, бір ыдыс-аяқпен ас-су ішкенде, шылымының қалдығын тартқанда, т.б. Ауру жұққанан кейін білінгенше арада 3-4 аптадай уақыт өтеді. Бұл мезгіл сырқаттың жасырын кезеңі, инкубациялық кезең деп аталады. Бірақ мерезге ұшыраған адам осы "жасырын кезеңнің" өзінде-ақ басқалар үшін қауіпті, оның ауруы өзгелерге жұға береді (мысалы, төсектес жұбына). Қалай білінеді? Алдымен дененің микроб енген тұсына кішкентай жара шығады. Бұл жараны "қатты шанкр" дейді. Осы қатты шанкрға таяу лимфа түйіндері ісініп, ұлғаяды. Мерездің бастапқы кезеңіне тән белгілер, міне, осы. Сырқаттың екінші кезеңінде спирохета қан және лимфа түйіндері арқылы бүкіл тәнге жайылады. Науқастың денесін кызғылт дақ, түйін, ұсак ірінді жара басып кетеді. Бөрткендер бір жарым айдай уақыттан соң өзі-өзінен кетіп қалады. Бұл алайда аурудың айыққаны емес. Оларға бір жарым, үш айдан уақыт салып, бөрткен қайтадан қаптайды. 3-5 жылға дейін мерез осылай «тиіп қашып, тиіп қашып» жүре береді. Байқамаған, сақтанбаған жағдайда ауру басқаларға жұғады (науқас кісіден). Қатері қандай? Егер ауру адам емделмесе ішкі ағзаларына, жүйке жүйесіне зақым келеді. Ақыл-есінен айырылуы, соқыр болып қалуы. тіпті өліп кетуі де «әбден ықтимал. Ең бастысы -мерез науқастың өзімен кетпей, сөз басында айтылғандай, оның тұқым - тұқиянына беріледі, ұрпағынан-ұрпағына жалғасады (емделмеген жағдайда). Соз Создың (гонорея) қатері де мерезден олқы соқпайды. Оны туғызатын қоздырғыш микробты - "гонококк" - дейді. Создың да таралатын басты жолы — жыныстық қатынас. Оның жасырын, инкубациялық кезеңі көбіне 2-4 күнге ғана созылады. Кейбіреулер созды жеңіл-желпі сырқат көреді. Бұл мүлдем қате. Өйткені ол ерлердің үрпі безінің (предстательная железа), аталық, аналық бездердің қабынуына, несеп жолының тарылуына, бедеулікке соқтырады. Белгілері Түзге отырғанда несеп жолы қатты ауырады. жыныс мүшесінен жасыл-сарғыш түсті ірің ағады. Созды да, мерезді де тек осы салаға маманданған дәрігер ғана (врач-дерматовенеролог) анықтап, дұрыс емдей алады. Өзіңізге-өзіңіз диагноз қойып, өз бетіңізбен емделуден аулақ болыңыз. Емделмеген немесе ем дұрыс қолданылмаған венералық сырқаттың опық жегізетінін есіңізден шығармаңыз! | |
Просмотров: 2305 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |