Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Дүние тарихы

Бабыр - Үндістан билеушісі (1488 - 1530)
БАБЫР - үНДІСТАН БИЛЕУШІСІ (1488 - 1530) 

Бабыр - түркі әлеміндегі көрнекті тұлға . Әр түрлі әлем халықтарыныњ энциклопедиялары мен тарихи кітаптарда мынандай анықтаманы көруге болады: Бабыр Захар ад-Дин Мұқаммед - Барлас руынан шыққан 1483 жылы 14 февральда Ферғана әмірі Омар Шейхтыњ отбасында дүниеге келген. Анасы Құтлық Нигар ханым шағатайлық Жүніс ханныњ үлкен қызы. Бабыр Ферғана әмірі, үндістанды жаулап алған талантты қолбасшы, өзініњ артынан көптеген әдеби шығармалар қалдырған көрнекті шығыс ақыны. Бабырдыњ ењбектерініњ ішінде автобиографиялық "Бабыр - намэ" шығармасы ерекше көњіл аударады. 

Бабыр орта ғасырлық шығыста жања өзгерістер болып жатқан кезде дүниеге келген. Монғол игілігінен босаған мемлекеттер ұсақ иеліктерге бөлініп, туыс адамдар өзара күресіп жатқан кезде, Бабыр өзініњ туған қаласын тастап үндістанды жаулап алады. Оныњ құрған мемлекеті - "¦лы Моғолдар империясы" - деп аталынды. Оныњ жеке өмірі қызығушылық туғызумен қатар, тәлім-тәрбие алатын жағы мен қайғылы жақтарыныњ қатар жүрген жерлері де бар. 
Бабыр бала кезінен бастап, өзін ақылды, тәрбиелі, күшті, шешімді тез қабылдайтындығымен ерекшеленді. Он екі жасында (1485 ж.) қолбасшы болумен қатар сол замандағы дүрбелењ жылдар мен толқуларды басынан кешіріп жатқан Ферғананыњ нағыз әмірі бола алды. Сол он екі жасында апталар бойы аттан түспей шайқастарға түсіп, Сырдария мен Амудария аралығында империя құруға ұмтылды. 

Ол 1501 жылы Самарқан қаласын жаулап алды. Алайда, Дешті Қыпшақтан шыққан Мұхаммед Шейбани хан Бабырмен сұрапыл соғыстар жүргізіп, оны Орта Азия жерінен ығыстырып шығарды. Шегінген Бабыр Кабулді жаулап алып, Бадахшанға орналасады. Сол жерде 1506 жылы падишах болып тағайындалды. ¤з еліне жењімпаз болып оралу үшін, ол 1513 жылы Шайбани әулетімен күреске түсті. Бірақ күшті дала әскеріне қарсы тұра алмай жењілген үстіне жењіліс таба берді. 

¤зініњ мақсатына жете алмаған Бабыр өзініњ руластары және дулат, қыпшақ, арғыннан жасақталған әскерімен 1518-1525 жылдар аралығында үндістанға бес жорық жасады. 1526 жылы Бабыр Лахорды алғаннан кейін, тез арада Пенжаб, Агра, Дели қалаларын жаулап алды. ¦лы Моғолдар империясы 1526 жылдар мен 1858 жылдар аралығында, яғни ағылшын отаршылдары үндістанды жаулап алғанға дейін өмір сүрді. Атақты қолбасы, әрі Шығыс пен әлемдік әдебиеттіњ көрнекті өкілі Захар ад-Дин Бабыр құрған империя үш ғасырдан артық өмір сүрді. 

Бабыр шайқастан бас тартпайтын талантты қолбасшы болумен қатар, керемет дипломат адам болды. Ол Орта Азия билеушілерімен үздіксіз қарым-қатынас жасап отырды. Бұл елдер аралығында үнемі елшілер алмастырылып отырды. Ол ¦лы Моғолдар империясында бірінші кезекте экономиканы жөнге салып, көрші елдермен тұрақты сауда қатынасын жүргізіп отырды. Бабыр жастардыњ тәрбиесіне, білім алуына көп көњіл бөлумен қатар, өнер мен қолөнерге, сәулет пен құрылыс өнерін де назарынан тыс қалдырмады . Бабыр 47 жасында Агра қаласында дүние салған, Кабулға таяу жердегі Шердарбазда жерленген . 

Бабыр әлемді жаулап алушы, қолбасшы атақтарымен қатар, өлењдердіњ авторы ретінде де белгілі болған. ¦лы Моғолдар империясыныњ негізін салушы энциклопедиялық "Бабыр намэ" шығармасынан бөлек "Мубайн" кітабы мен бірқатар өлењдер жинағыныњ авторы болып табылады. 

"Бабыр намэ" тек тарихи ғана емес, әдеби шығарма да болып табылады. Кітап 1526 - 1530 жылдары шағатай (ол кезде түріктіњ әдеби тілі) тілінде жазылған. Кітапта Орта Азия, Афганистан, Пәкістан, үндістан халықтарыныњ тарихына, этнографиясына, географиясына байланысты мол мәліметтер болумен қатар, XV -XVI ғасырларда Дешті Қыпшақты мекендеген ру, тайпаларға байланысты да мәліметтер бар. 

"Бабыр намэ"- орта ғасырлық Шығыстыњ тарихына қатысты бағалы дерек ретінде XIX ғасырдан бастап шет тілдерге аударылып, бірнеше рет басылымдардан жарық көрді. 1959 жылы өзбек тіліне аударылды. ¤кінішке орай, Қазақстан ғалымдары ұзақ уақыт көњіл бөлмей келді. Тек 1993 жылы ғана қазақ тіліне аударылып жарық көрді. Аударманыњ шағатай тіліндегі нұсқасынан айырмашылығы аз.

Категория: Дүние тарихы | Добавил: nauriz (01.09.2013)
Просмотров: 1518 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4013
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 7
Қонақтар: 7
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!