Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Дүние тарихы

Ертедегі түрік жазуы
Скачать реферат с сервера

Ертедегі түрік жазуы

Ертедегі түрік жазуын ұқсастыру ең күрделі және қиын проблемалардың бірі, өйткені бұл тақырып бойынша ол дерек көздерінің өте жұтаңдығымен ғана емес, сонымен бірге соңғы уақытқа дейін көпшілігінде көшпенділердің жазба мәдениетін, жазба (зайырлы) әдебиетін жоққа шығарып келген ғалым ағайындардың көп ғасырлық теріс түсінігімен де қиындатылып келді. Әсіресе бұл проблеманы дұрыс түсінуге ХІХ ғасырдың шығыстанушы ғалымдары үлкен зиян келтірді. Олар ертедегі түрік халықтарының кітаптық (баспаханалық) өнімдерін таппастан, олардың, оның ішінде көшпенділердің жалпы мәдениеті болмағандығы туралы қорытындылар жасаған. . 

ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихы мен мәдениетін жетік зерттеушілердің бірі А.Левшин былай деп жазады: "Қырғыз-қазақтардың білімді болуына не өмір салты, не әдет-ғұрпы, не діні мүмкіндік бермейді. Олардың бар ағартуы адамды еріксіз дерлік нұрландыратын бірнеше әлсіз сәулелерден тұрады, ол аздап ойлана алса да, қиял елесі болса да және өзін қоршаған заттардан әсер алса да, бірақ олардың бұл танымдары ырымшылдығымен сиқын бұзады. ¤з тілінде оқи және жаза алатынды ғалым ретінде құрметтейді, жалпы олар хат танымайды". ХІХ ғасырдың басындағы бұл қызық шығыстанушыны далалық номадтардың мәдениеті туралы үрдісшілдік пен теріс түсінік күшті еліктіргені соншалықты, ол өз кітабының ең басында: "Қайсақ" немесе "қасақ" сөзі бұзылған "қазақ" аты болып табылады, кейбір шығыстық жазушылар сендіргендей, оны ертедегілер Христово Рождестводан әріден шығарады",-деп жазғанын ұмытқандай болады. (Левшин А.И.). 

¤ткен жүзжылдықтағы қазақ далаларының құрметті зерттеушісі, А.С.Пушкиннің замандасы сізді Христово Рождествоға дейінгі оқиғаларға, яғни "біздің дәуірімізге дейінгі" деп аталатын ортақ қабылданған датаға сілтеп жіберетін болса, онда біз де ғасырлар тереңіне үңілейік, егер "қасақ, қазақ, казах" сөзі соншалықты ежелгі болса, онда ертедегі түріктік ауызша сөз де, бәлкім, сөздің өзі сияқты көне шығар. 

О. Сүлейменовтың "Жазудың тілі" кітабында "Бехистундік жазуды" жаңаша оқуы "Скунха сак" дегеннің "Скун хасак" екенін бізге анықтауға мүмкіндік береді, бар-жоғы бұл екі сөзді басқаша буынға бөлуге тура келді, бұл іздестірулерде шығыс жазушыларына сүйенген А.И.Левшин өз еңбегінде айтқандарына біз де келеміз ... Ия, этноним ретінде "қасақ, қазақ, казах" сөзі біздің дәуірімізге дейін де жүрген, өйткені парсы патшасы Дарий І-дің "Бехистундік жазбалары" б.д.дейінгі 6 ғасыр деп белгіленеді. 

Солтүстік көшпенділері - ғұндар туралы айта отырып, шамамен сол кездері ертедегі қытай тарихшылары оларды "хасак" деп атайды. Осы ертедегі қытай жылнамалары көшпенділердің ежелден жазуының барлығы туралы куәліктерді аз қалдырған жоқ. Н.Я.Бичурин (о.Иакинф) өзінің "Ежелгі уақыттардан Орта Азияда өмір сүрген халықтар туралы деректер жинағында" бірнеше жерде:"Мемлекет адамдары бейнеленген күміс тиыны бар, пергаминде көлденең жолдармен хат жазады", - делінген. (Бичурин Н.Я.). Және сонда, басқа бетінде: "Түрік жазбалары Ху халқының жазбаларын еске түсіреді", - дейді. (Бичурин Н.Я.). Бұл жазбалардың бәрі Ғұндар (хундар) империясы тарап, ал оны құраған тайпалар мен рулар 2-5 ғасырларда Алтайға қоныс аударған аралық уақыт кезеңіне жатады. 

Әдетте, жазу оған деген шаруашылық қажеттілігі білінген жерде пайда болады. Мысалы, ассириялық және вавилондық саз тізімдіктерде негізінен белгілі бір тауардың бар-жоқтығы, құмыралар саны және басқалары туралы немесе борыш және басқа жазбалар бар. Ертедегі түріктер бұл жөнінен сонылық таныта алмаған, "жазба" деп аталатын ағаш тақталарға адамдардың, жылқылардың, салықтардың және малдың саны туралы жазбаларды пышақпен оятын. Бірақ жазу тек ғұндарда ғана емес, сонымен бірге скифтерде де болған. Мысалы, византиялық тарихшы Менандр түріктік елші, соғдылық Маннах "скиф жазбаларымен" жазылған қағанның жолдауын жеткізді деп әңгімелейді. 

"Аңдық стиль" бұйымдарында бейнеленген тұтас философия мен мифологияны құрайтын аса бай материалдық мәдениеті, "скифтік алтыны" және сол сияқты ежелгі өнер заттары бар скифтер мен сақтардың жазуы, әліпбиі немесе болмысты жазу, тіркеудің басқа бір әдістері жоқ дегенге ешкімнің ойланбау жағдайы түсінбестік туғызады. Ақырында, 70-ші жылдары "Алтын адаммен" бірге Есік қорғанында жазуы бар күміс сақ тостағаны табылды! . Бірақ өкінішке қарай, әлі күнге дейін бұл жазу оқылған жоқ. . 

Сол кезде, гректердің өздері сол уақыттың "жеті ақылгөйіне" жатқызылған скифтік Анахарсис туралы әңгімелерінде Геродоттың өзінде де және скиф патшасы Скиланың қайғылы тағдыры туралы новеллада да бұл скифтер "сауатты", яғни грекше оқи да, жаза да алған адамдар болған деп баяндалады. Тіптен Анахарсис скиф жерінен Грецияға, Афиныға данагөй және стратег (әскербасы) Солонға басқа ештеңеге емес, білім алуға келді емес пе! Оны гректерге жіберген скифтер патшасы. Қалай болғанда да, Геродот осылайша жазады. Сонымен, скифтер тарихта тек тамаша жауынгерлер ретінде ғана емес, қатарларынан жазуы мен сауаты бар терең ғұлама даналар шыққан халық ретінде танылған. 

"Скиф жазуының" бар-жоқтығы әлі даулы болғандықтан, грек және скиф мәдениетінің бір-біріне тіптен зор ықпалы болғанын айту қажет. Скифтер негізінен жаппай көшпенділер болды, сондықтан б.д.дейінгі 8 ғасырдан бастап, гректер Қара теңіз бойын отарлай бастайды, өйткені скифтер олардың бұл әрекетіне еш қарсылық көрсетпейді. Ертедегі гректер Қара теңіз жағалауларына белсене көше бастаған және ол жерлерде қалалар салған бұл 8-ден 5 ғасырға дейінгі бұл кезеңді ғылыми терминологияда "¦лы грек отарлауы" деп аталды. Қара теңіз жағалауларында антиктік Милет, Коринф, Ольвия, Фокея, Мегара, Пантикапей, Херсонес және басқа көптеген қалалар мен мемлекеттер пайда болды. Гректерге өз қалаларын нығайтуға кедергі келтірмей, скифтер мен көшпенділердің басқа тайпалары солтүстік және солтүстік -шығысқа таман орналасады, олармен белсене араласады, сауда қатынастарын орнатады. Рас, кейде көшпенділер әділеттілікті қалпына келтіру үшін келімсектерге шабуыл жасайды. Бұл шабуылдарға себеп болған жағдай ең алдымен шартпен жер алған отырықшы гректер кейде олардың жалдау ақысын төлеуден бас тартады. "Рас, көшпенділер қарақшылардан гөрі көбірек жауынгерлерге ұқсайды, бірақ алым үшін соғыс жүргізеді. Шындығында, олар өз жерін оны өңдегісі келгендердің иелігіне береді және егер есесіне келісілген және де шектен шықпаған, байу үшін емес, тек өзінің күнделікті тіршілік қажеттерін қанағаттандырарлық төлем алса, соған риза болған. Алайда, кімде-кім ақша төлемесе, солармен көшпенділер жауласады. Сондықтан да Гомер ол адамдарды бірден "әділ" және "кедейлер" деп атаған. Және шындығында, егер оларға жердің жалдау ақысын дұрыс төлеп тұрса, онда олар ешқашан соғысты бастамаған болар еді". (Страбон). Мәселе б.д.дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасына қарай Скифия Греция үшін негізгі астық жеткізушіге айналды. . Және де парсы патшасы Дарий І, содан кейін оның мирасқоры Ксеркс Грецияға шабуыл жасамастан бұрын грек қалаларымен экономикалық жағынан байланысты, отарлаушы ел - Грецияға базисті ел болып табылатын Скифияны бейтараптандыруға ұмтылды. Парсы патшаларының Скифияға жорықтары болашақ грек-парсы соғыстарымен, гректермен соғыс бастамас бұрын парсылар Грецияны бидаймен және егіншіліктің басқа өнімдерімен қамтамасыз етіп тұрған аудандарды басып алуға талпыну жағдайына байланысты болды. Сол кездің өзінде-ақ Шығыс Еуропа Оталық Еуропаны азықтандырды! Егер көшпенділердің жоғары өнерінің - аң стилінде, "аңдық стильде" жасалған қола, темір және алтын бұйымдарының болғандығы даусыз болса , онда ертедегі уақыттарда жүйелі болмай-ақ қойсын, бірақ шаруашылық қажеттері практикасында жазудың барлығын зираттық ескерткіштердегі көптеген жазулар дәлелдейді. ."Ақтасты-1" зираты. Б.д.дейінгі 4-6 ғасырлар). 

Көшпенділердің өз әліпбиі болмағандықтан, олар соғдилық жазуды пайдаланған, ал мәтіннің өзі соғдилық әріптермен түрік тілінде жазылды. Мұндай ескерткіштердің ең белгілісі шамамен Маниах елшілігінен кейін 15 жылдан кейін, алғашқы қағандардың бірі Таспара (572-581) құрметіне қорғанға қондырылған Бұғыт жазуы болып табылды. Осы жазуды оқитындарға арналған үндеуден қағанаттың түрік тұрғындарының арасында соғдиялық жазудың кең тарағаны көрініп тұр, жазуда Таспара қағанның отыз жылдық қызметі мен ерліктері туралы баяндалады. Тастың сыртқы бетінде мәтіннің санскриттегі (ертедегі үнділік тіл) аудармасы жазылған. Және де бұл Бұғыт жазуын біз қазір ең ежелгі әдеби мәтін деп айта аламыз, өйткені эпитафия - бейіт тасындағы жазу - әдеби жанр болып табылады! 

Дегенмен, Петр І қызметінде тұрған неміс ғалымы Д.Мессершмидт және оның сапарласы, тұтқынға түскен швед офицері И.Старленберг Енисей алқабынан сына жазуларды тапқаннан кейін, 18 ғасырда ертедегі түрік жазу ашылып, ғалымдар әлеміне белгілі болды деп қабылданған. Мәтіндері сына жазулар деп аталды, өйткені скандинавиялық сына жазуларға өте ұқсайды. "Руна" деген құпия жазу дегенді білдіреді. Шоқан Уәлихановтың досы, орыс саяхатшысы Н.М.Ядринцев 1889 жылы жергілікті тұрғындардың көмегімен Солтүстік Моңғолиядан, Орхон өзенінің аңғарынан "сына" жазуы бар тас бағандарды тапты. Бірнеше жылдардан кейін бұл мәтіндерді дат лингвисі В.Томсен шешті. Ол оқыған бірінші сөз "Тәңір-Құдай" болды. . В.Томсен аударған мәтінде Күлтегін және Білге қаған туралы жазу болған.

Категория: Дүние тарихы | Добавил: nauriz (01.09.2013)
Просмотров: 1618 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4013
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 8
Қонақтар: 8
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!