Скачать реферат с сервера
Ежелгі Тұран немесе түріктер қайдан бастау алады?Орта Азия - түріктердің заңды, туған жері, олардың ата-бабаларының жері. Мұсылмандық тарихи кітаптарда және ертедегі қолжазбаларда бұл жерлер "Тұран мемлекеті" деп аталады. Түріктердің өздері де олардың ата-бабалары ежелгі уақыттарда Хан-Тәңірі тауында және Алтайда тұрған деседі. Егер Хан-Тәңірінің Іле Алатауында екенін, ал Алтай таулары да Алатау сияқты екенін ескерсек, олардың айтқандары шындыққа толық сәйкес келеді. Сондықтан түріктер Орта Азияны өзінің қасиетті жері, туған мәдениеті мен тарихының кіндігі, барлық түрік халықтары мен тайпалары бастау алатын жер деп есептейді.
Тұран немесе Түркстан - Сібірден Шығыс Еуропаға дейінгі жерлер - түріктер тұрған және өмір сүріп келе жатқан аумақ. Түркстан өз кезінде Батыс және Шығыс деп екіге бөлінеді. Еуразиядағы тарихи процестерді түсінуде ең басты нәрсе не десек, түріктердің мәдениеті мен әдебиеті, тарихы мен ғылымы зор маңызға ие.
Сол мұсылман тарихшылары түріктердің ежелден бергі жерін, яғни Тұран жерін үш үлкен бөлікке жіктейді. Біріншісі: Қытайдың солтүстігіндегі үлкен облыстар. Бұл жерлерге Манчжурия, Моңғолия, Шығыс Түркстан және Солтүстік Қытайдың өзі кіреді. Бұл жерлерде Қарақұм , Жемқұт, Ханко, Сусе, Отыкен қалалары тұрды және бір кездері түріктердің иелігіне ертедегі қытайлардың астанасы Хан-Балық (Халық-Балық) енді. Екіншісі: Түркстан, Мауренахр, Тохаристан, Бадахшан - Сырдария мен Әмудария өзендері бойындағы жерлер. Осы заманғы Сібірден оңтүстікке таман жерлерде бұрын орналасқан түріктер кейінірек егіншілік үшін бұл шұрайлы аумаққа өтеді, яғни отырықшыға айналады! Түріктер әрқашан көшпенділер болмаған ... Солтүстікте олардың аумақтары тундраның жансыз, Солтүстік Мұзды мұхитқа жақын жерлермен шектелді, Батыста әрқашан оларда Кавказды қосқанда, Каспий мен Қара теңіз болды, оңтүстікте олардың жерлері осы күнгі Иранға, ертедегі Персияға дейін созылды, Шығысында оларда әрдайым Қытай болды. Осы жерлердің бәрі Батыс Түркстан - парсылық және ежелгі қытай жылнамалары бойынша Тұран деп аталды.
Батыс Түркстанға ежелден Қашғар, Хотан, Алмалы сияқты қалалар жатты, бұл қалалардан басқа Соғдиана, Ферғана, Самарқанд, Ходжент, Термез сияқты мәдени орталықтар да болды.
‡шіншісі: Хорезм және қыпшақ далалары. Бұл жерлердегі Құрғандж, Қас - ертедегі түрік қалалары. Бұған Дешті-қыпшақ шөлдері мен жартылай шөлдері, Каспий жағалаулары (Хазар патшалығы) Азов теңізі мен Азов қаласына іргелес жерлер енді.
Туран және оның тарихы 3500 жыл бұрын басталады да, ежелгі еврей Тауратында, ассириялық, вавилондық, парсылық (мидиялық) авторлар, ертедегі гректер мен римдіктер тіркелген ежелгі түріктердің ертедегі мемлекеті ретіндегі Туранның өз тарихы Орта Азияның ежелгі көшпенділері скифтердің ғұндарға, ғұндар халқы мен мемлекетіне айналуымен аяқталды. ұлы Ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі 220-216 жылдардан бастау алады.
Сақ-cкиф патшалықтары орнына Енисейден Дунайға дейін көсілген, ежелгі Туран аумағын өзіне толық жинақтаған, онысымен қоймай Қиыр және Тынық мұхит Шығысына, Қытай мен Жапонияға қарай қозғалған Ғұндардың ұлы Империясы келді ... Солтүстіктен тұрақты шапқыншылықтан шаршаған ертедегі қытайлар ғұндардан Батыстан Шығысқа бүкіл шекара бойына созылған тас қабырғамен бөлектенуге мәжбүр болды. Ғұн империясының тікелей мұрагерлері көк түріктері еді. Олар өз шекараларына бұрынғының барлық бірлестіктерін, яғни Батыс және Шығыс Түркстанды қосып алды. Жарқын өкілдері Күлтегін, Тоныкөк, Бумын және Истеми болған көк түріктерден кейін тарих сахнасына моңғолдар шықты. Олардың жауынгерлері мен әскербасыларының көпшілігі түрік тегінен шыққандар еді. Оның үстіне көптеген түрік тайпалары мен рулары Шыңғысхан ұлдарының туы астына кіріп, моңғолдардың жауынгерлік бөлімдеріне тұтасымен енді.
Қытай жылнамаларында түрік көсемдері мен мемлекеттердің аттары қытайша жазылған, кейде ажырату қиын.
"Түрік" этнонимі туралы. Тарихтың ұлы атасы Геродот жазбаларынан Тарғытай, Тариғатай сияқты естілетін скифтердің аты-жөндерін, Тураджлер, Таурутта - Яфестің (Ияпистің), Ияфеттің немересі сияқты скифтер жер атауларын кездестіреміз. Бұл аты-жөндер бойынша олардың түріктік тегін аңғарамыз. Мұсылман жазбаларында Яфестің Түрік есімді ұлы болды деген деректер бар, және де онда басқарушы Феридунның Турадж яхут (якут) Тур есімді ұлы болғаны айтылады. Осыдан Тұран жерінің атауы тарауы мүмкін. Көріп отырғанымыздай, "түрік" деген сөздің өзі өте ерте кезден шыққан және ол бұл халықты басқалардан ажырату үшін қолданылған. Әдеби және тарихи практикаға "түрік" сөзін көк түріктері енгізген, Күлтегін жазуларында ол өз халқын "түріктік" деп атаған. "Түрік" сөзінің мағынасы туралы алуан түрлі пікір бар. Кейбіреулер оны "Тұр" - тұру ретінде түсіндіреді, яғни өзінің заңды сөзінде тұрған адам, тәртіпті жауынгер дегенді білдіреді. Бұл ең қарапайым түсіндіру. Біздер үшін "түрік" сөзі - көп санды халықтардың, тайпалар мен рулардың атауы, олардың ортақ аты, есімі екенін білу де жеткілікті.
Түрік тілі орал-алтай тілдері тобына жатады, угро-финдерге және мадьяр-венгрлерге жақын. Алтай тілдеріне моңғол, манчжур, корей және тарихи алыстығына байланысты жақындығын жоғалтқан жапон тілдері жатады. Ал шын мәнінде барлық бұл тілдердің түбі бір, ол - ежелгі алтай немесе шумер тілі.
Ертедегі түріктермен мың жыл дерлік жауласқан ирандықтар бұл халықтарды Иран және Тұран деп ажыратты. Бұған Әбілқасым Фирдаусидің ұлы "Шахнаме" эпосы куәлік етеді. Фирдоусидің поэмасы мың жыл бұрын дерлік жазылды, ол парсылардың патшалары Дари мен Кир шапқыншылығынан Туранды массагеттер мен сақтар қорғаған одан да ертедегі уақыттар туралы баяндайды.
|