Скачать реферат с сервера
Белгісіз, түсініксіз халық - Ғұндар империясыБір кездері Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ежелгі халықтардың бірі ғұндар болды. . Түрлі тарихи жазбаларда ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері түрліше аталады. Ғұндар құрған үлкен және шағын мемлекеттер белгілі. Ең үлкен және осыған байланысты неғұрлым белгілілері болып табылатын зор тарихи із қалдырған ғұндардың екі империясы бар. Олардың біріншісі - Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті, оны қытайлар Шаньюй Тұман (б.д.дейінгі 209 жылы өлген) деп атаған. Оның тұсында ғұндар мемлекеті біршама әлсірейді, бірақ оның есесіне мұрагері Қасиетті Мете (Мөде, Мао Дунь) б.д. дейінгі 209-176 жылдары "Ғұндардың ұлы империясы" деген мемлекетті басқарды. Екінші империя - Аттиланның (Еділ патша) империясы. Оның кезінде ғұндар Шығыс Еуропадан Сырдарияға дейін өмір сүрген халықтар мен аумақтарға иелік етті. Оның мемлекеті "Ғұндардың батыс империясы" деп аталды.
Ең алдымен ғұндар (гунну) неліктен осылайша аталды, оларды кімдер осылай атады дегенді айтуымыз керек. Ғалымдар арасында бұл мәселеде біраузыдылық жоқ. Еуропалық та, қытайлық та тарихшылар сонау алыс уақыттағы көшпенділерді түрліше атаған. Әрбір жүзжылдықта жылнамашылар мен тарихшылар өздерінің ыңғайына қарай атаған, ал қытайлықтар біздің дәуірімізге дейін және одан кейін де бір халыққа 32 атау берген. Батыстық ертедегі тарихшылар өз кітаптарына ғұндарды гун-гунний, хун-хунну, кун-кунну, хон-хэн, хун-ху-гуз, сюнну және тағы басқа сол сияқты жаза берген. Біз барлық осы атау-этнонимдерден біреуін - хунну дегенді немесе Аттила ғұндары туралы сөз қозғалғанда гунндар дегенді шығарып аламыз. . Қазақтар мен басқа түрік халықтары оларды "ғұндар" деп атайды, өйткені ғұндар шын мәнінде қазақтардың, жалпы түркілердің алыстағы ата-бабалары, сондықтан оларды біздер де осылайша атаймыз. Оған біздердің дәлелдеріміз жеткілікті.
Енді тарихи кітаптарға жүгінейік. Белгілі тарихшы Отто Франко өзінің үш томдық "Қытай тарихы" деген еңбегінде: "Ғұндар қайдан шыққан, олардың ата-бабалары кімдер екенін біздер айта алмаймыз. "Ғұндар" деген атаудың өзін бір халыққа біріккен әлдебір сан алуан тайпалар алған шығар. Шамамен "скифтер" дегеннің өзі де сондай. Бірақ олардың өзегі ең алуан уақыттар мен дәуірлерде түріктер болды дегенмен келісу керек",- деп жазды.
Қытайлардың өз "тарих атасы" Сы Машиян (Сыма Цянь) болды. Ол б.д.дейінгі 145 немесе 135 жылы туды. ¤лген жылы белгісіз. Оның "Тарихи жазбаларының" 110-шы бөлімінде ғұндарға байланысты:"Ғұндардың арғы атасы Шия хоу патшалығы әулетіне жататын Шоң би (Шун вей) болған ... Шоң биден Тұман қағанға дейінгі мыңжылдықтар барысында ғұндар біресе күшейіп, біресе әлсіреп отырған ... Ақыры тек Мөде тұсында олар өте күшті болды. Солтүстігінде олар өздеріне юечжи халқын қаратты, оңтүстігінде Қытаймен соғысты. Сол кезден бастап ғұндардың шағын империясы белгілі, оларды тарихи кітаптарға жаза бастады",-делінген.
Бұл "шағын империя" өзін барынша таныта бастады, сондықтан да қытайдың менмен патшасы Вен Ди (б.д.дейінгі 179-163 жылдар) Мөденің ұлы Лау Шанға жіберген жолдамасында сыпайылап:"Сіздің Құдыретті Мәртбеңізге біздің құттықтауымызды жолдаймыз" ,-дейді. Мұнысы - әміршінің артықшылықтарын тануы. Онымен өзін тең ұстаған, тіптен одан өзін биікке көтерген ғұндардың Құдыретті қағаны өзінің жауап хатында: "Аспан мен жерден жаралған, Күн мен Ай таққа отырғызған ғұндардың ұлы жолбасшысы Хань патшалығының билеушісіне өзінің жүрек жарды сәлемін жолдайды" ,-деп жазады.
Бұл жерде "Құдыретті" деген сөз Тәңірі-Көктен туды, құдай жаратқан, бақытты билеуші дегенді білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, ғұндардың билеушісі ол Тәңірі-Көк Құдайдан жаралдым дегенді мойындайды және соның арқасында патшалық құрған таққа отырдым дегенді білдіреді.
¦зындығы 10 мың лиден астам (бір ли жарты шақырымға тең) әлемге әйгілі ¦лы қытай қабырғасы ғұндардан қорғану мақсатында тұрғызылған. Оның құрылысы шамамен б.д.дейінгі 352 жылы басталып, б.д.дейінгі 213 жылы оны жанжалқойлығымен белгілі Ши Хуанди бітірді. Сонымен, біз ғұндар империясының оңтүстік шекарасы қай жерде болғанын білеміз. Ол тура ¦лы қытай қабырғасымен жүріп отырған және оның ұзындығы 5000 километр ... Ғұндар империясының шығыс шекарасы Сары теңізге жеткен, солтүстігі Байқал көлінде, батысы Хазар (Каспий) теңізінде болған. Сол уақыт үшін бұл әлемдегі ең ірі ел болды... .
Ғұндар мемлекетінде билікті мұрагерлік бойынша беріп отыру қатаң сақталды. Егер билеуші Тұманның белгілі бірінші жазбаша деректерінен санайтын болсақ, б.д.дейінгі 46 жылға дейін, ғұндар империясы Солтүстік және Оңтүстік болып бөлінгенде, ғұндар тағына 22 қаған отырыпты. Еуразия тарихында өшпес із қалдырған Аттила - "ғұндардың Батыс империясының" императоры өзін Құдыретті Мөденің (Моде-шаньюй) ұрпағымын деп санаған.
Академик Әлкей Марғұлан ғұндар туралы өзінің зерттеулерінде әрдайым "ғұндар тарихы - осы заманғы түрік халықтарының ертедегі тарихы, дәл солар ¦лы далада өз мемлекетін құрды",-деп еске салатын.
Көптеген ғалымдар түріктер ғұндардан тараған, ғұндар-біздердің алыстағы ата-бабаларымыз дегенді даулы санайды. Қазақтар тарихына 3-4 мың жыл, ал сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар біздердің заңды ата-бабаларымыз екенін дәлелдеу әлі алда. Бұл біздің ұрпақтарымыздың ісі.
Ғұндар Тәңірі-Көкке табынған халық болды, олар арғы аталарынан қалған барлық заңдар мен салттарды, неке мен азаматтық өмір заңдарын, дәстүрлерді сақтады. Ғұндардың еркектері шетінен жауынгер саналды. Бейбіт күндері ғұндар мал бақты, астық септі, қолөнер кәсібімен айналысты. Олар дүние жүзінде бірінші болып темір рудасын қайнатты, мыс-қоланы балқытты, алтын және металл бұйымдары мен әшекейлерін жасады. Олардың арасында қолынан өнер тамған шеберлер болды.
Академик Әлкей Марғұлан "Ертедегі әндер мен аңыздар" кітабында ғұндардың биік қабырғалармен қоршалған гүлденген қалалары болды деп жазады, және де сөзінің дәлелі ретінде археологиялық олжаларды, этностардан және қазақ халық шығармашылығының басқа да шығармаларынан мысалдар келтіреді. . Күнделікті өмірде ғұндардың салттары мен дәстүрлері, киім түрлері, тамақтану азықтары және тағамдары, елді және өндірісті басқару үрдістері қазақтыкімен толық сәйкес келеді деп батыл айтуға болады. Кеңкөлдегі, Пазырықтағы, Таластағы, Нойон уладағы, Орхон мен Енисейдегі, Іледегі археологиялық олжалар мен зерттеулер мұның осылай екенін дәлелдейді. Тіптен бүгінге дейін ғұндардың жазба мәдениеті болмаған деп саналып келді. Орхон-Енисейдегі, Таластағы, Есіктегі тастағы мәңгі сына жазулардың ғұндарға қатысы жоқ деген пікір басым болды. ¦лы түріктанушы және қазақ халқының досы Лев Николаевич Гумилев ғұндар туралы өз кітаптарында: "245-250 жылдары қытай елшісі Кан Тай Фунанға (осы күнгі Кампучий) сапар шегеді және өз естеліктерінде : ... Оларда, кампучийліктерде, кітап бар, олар оны мұрағаттар қоймасында сақтайды. Олардың жазулары ғұндардың жазуларына ұқсайды", - деп жазды. Егер ғұндарда жазу жоқ болса, онда қытай елшісі Кан Тай Фунан жазуын немен салыстырған? Бұл сұраққа жауап беру, бәлкім, біздің болашақ зерттеушілеріміздің үлесіне тиер. болды деп жазады, және де сөзінің дәлелі ретінде археологиялық олжаларды, этностардан және қазақ халық шығармашылығының басқа да шығармаларынан мысалдар келтіреді. . Күнделікті өмірде ғұндардың салттары мен дәстүрлері, киім түрлері, тамақтану азықтары және тағамдары, елді және өндірісті басқару үрдістері қазақтыкімен толық сәйкес келеді деп батыл айтуға болады. Кеңкөлдегі, Пазырықтағы, Таластағы, Нойон уладағы, Орхон мен Енисейдегі, Іледегі археологиялық олжалар мен зерттеулер мұның осылай екенін дәлелдейді. Тіптен бүгінге дейін ғұндардың жазба мәдениеті болмаған деп саналып келді. Орхон-Енисейдегі, Таластағы, Есіктегі тастағы мәңгі сына жазулардың ғұндарға қатысы жоқ деген пікір басым болды. ¦лы түріктанушы және қазақ халқының досы Лев Николаевич Гумилев ғұндар туралы өз кітаптарында: "245-250 жылдары қытай елшісі Кан Тай Фунанға (осы күнгі Кампучий) сапар шегеді және өз естеліктерінде : ... Оларда, кампучийліктерде, кітап бар, олар оны мұрағаттар қоймасында сақтайды. Олардың жазулары ғұндардың жазуларына ұқсайды", - деп жазды. Егер ғұндарда жазу жоқ болса, онда қытай елшісі Кан Тай Фунан жазуын немен салыстырған? Бұл сұраққа жауап беру, бәлкім, біздің болашақ зерттеушілеріміздің үлесіне тиер.
|