Скачать реферат с сервера
МАЗМҰНЫКІРІСПЕ ..........................................................................................................3 І-Тарау Арабтар мемлекетінің құрылуының алғы шарттары 1.1 Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі............................11 ІІ-Тарау Халифаттың құрылуы, жаулап алушылықтары 2.1 Араб халифатының құрылуы.......................................................................21 2.2Алғашқы Төрт тақуа халифтарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар......... ........................................................................................24 2.3 Орта Азия халықтарының ислам дінін қабылдауы...............................29 ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................43 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................45 КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы "Қазақстан – 2030” деген халыққа арналған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси – экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мәселелерін жете зерттеп, олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор. Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы – бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы. Араб халифатының эканомикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы Омейядтар халифаты кезінде және Аббаситтер билігінің алғашқы жүз жылдығы ішінде жедел қарқынмен дамыды. ҮІІ ғасырдың 30-шы жылдарында құрылған араб халифаты ХІ ғ. ортасындағы селжұқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін экономикалық – мәдени дамуы жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің бірі болды. Араб халифатының құрамы ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер, парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар т.б. Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды. Оның жоғары дәрежеде дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік аппараты болды. Олар дүниежүзілік сауда жүргізді. Оның экономикасының негізін ақша және жүйелі түрде жиналатын алым - салықтар қалады. Қазынаға түсетін байлық, әлеуметтік – экономикалық және мемлекеттік құрылыс - яғни, халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шариат заңдарымен реттеліп отырды. Халифатта орта ғасырларға тән құнды ескрткіштер, әдеби, ғылым - білім өмірге келді. ХХ ғ. 90 ж. бергі уақыт әлемнің жекелеген халықтары мен өркенниеттері үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат тағдырындағы бетбұрыс кезең де болып отыр. Осы "ұлы жаңару” кезеңі (Л. Спайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүние жүзі елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдік әр түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, (локалдану) сияқты тенденцияларды байқатып отыр. Алайда болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ. Мұны бүкіл адамзат өткен тарихы дәлелдеп береді. Енді ғана табалдырықтан аттаған жаңа ХХІ – ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі айқындай түсуде, өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-қайсысының болмасын тағдыры өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз байланыста болып келеді. Әр түрлі деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда Орталық Азия, Еуразия және бүкіл әлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың, аса қажеттілігі жөнінде елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та соңғы жылдары жиі айтып жүр және оның бастамасы мұндай одақтардың құрылуы қазіргі таңда іс жүзінде асып та жатыр. Қазаргі таңда халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі интеграциялану мен ғаламдану қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени тарихи процеске әр түрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде әсіресе мәдениет аралық өзара ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттердің эволюциясындағы және жалпы әлемдік өркениет дамуындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып отыр. Мәдениеттередің өзара ықпалдастығы өзара қарым-қатынасқа түскен халықтардың дамуына және бүкіл адамзаттың мәдени қорының байытылуына ықпал ететін объективті құбылыс. Осындай империялардың бірі – орта ғасырлық араб халифаты. Халифат өз дамуының ең бір шырақтау шегіне жеткен кезде "Ескі дүниенің” ширегінен астамын Солтүстік Африка, Үндістанға дейін алып жатты. Мәселе бұл мемлекеттің көлемі жағынан аса ауқымды болуында ғана емес тарих үшін ең маңыздысы – осы мемлекет әр түрлі өркениеттер ықпалдастыққа түсе отырып, жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды, бұл мәдениеттің тілі – араб тілі, ал идеологияның негізі ислам болы. Сондықтан да арабтар жаулап алған территорияда бағзы замандардан бергі Тигр мен Ефраттың, Иран мен Сирияның, Египет пен Индияның, Алдыңғы және Орта Азияняң өркениетті халықтары мекен етті. Түркі халықтары ислам мәдениетін тек жай ғана тұтынушылар ғана емес, сол мәдениетті белсенді түрде жасаушы халықтың біріне айналды. Деректік негіздері. Бітіру жұмысын жазуда түрлі деректер, соның ішінде әсіресе жазба деректер кеңінен қолданылады. Тақырып ислам діні мен тығыз байланысты болғандықтан ең басты дерек көзі "Құран кәрім” және Мұхаммед пайғамбардың Хадистерін пайдаландық. Орталық Азия халықтарының өміріндегі өзгерістерді зерттеу үшін бізге, ең алдымен, Қожа Ахмет Иассауи және т.б. ғұламалардың еңбектері басты дерек болып табылады. Аталған түркі ойшылдарының еңбектері түрік-ислам синтезінің тікелей жемісі болғандықтан да бұл еңбектерді зерттеу арқылы сол дәуірдің тыныс-тіршілігін, исламның келуі мен түркілер өмірінде, олардың дүниетанымында, психологиясында орын алған өзгерістерді түсінуге болады. Бітіру жұмысында соны мен бірге араб-парсы, қытай деректерін кеңінен қолдандық. Арабтардың Орталық Азияға келуін оң салдарларының бірі араб ғалымдарының түріктердің тарихын мәдениеті мен географиясын түріктердің өз отандастарын және басқа да белгілі халықтар мен салыстыра отырып қарауға болады. Ү-ҮІ ғасырлардағы арабтардың экономикасы мен қоғамдық құрылысы, тұрмыс салты, мәдениеті мен діни нанымдары жөніндегі мәліметтерді біз исламдыққа дейінгі, яғни, ежелгі замандағы араб өлең жолдарынан аламыз. Яғни, ертедегі араб поэзиясы Ү-ҮІ ғғ. арабтар туралы деректер көзі жайында Крачковский И.Ю. былай дейді: "Ол өлең – жырлардың құндылығы – сол кездегі араб тайпаларының өмірін, оның қоршаған ортамен қатынасын фотография дәлдігімен бейнелеуінде”[7]. Сондықтан да мамандар бұл жырларды ислам дініне дейінгі араб халқын, оның тұрмыс салтын сипаттаудағы ең маңызды да беделді деректер деп есептейді. Тарихнамалық зерттелу деңгейі: Ежелгі замандағы, исламға дейінгі араб халқын, ақын - жырауларының шығармаларында бейнеленген Ү-ҮІ ғғ. Аравияның жағрафиялық ортасын зерттеуде жаңа заман кезіндегі саяхатшылар жинаған әртүрлі бай материалды да қоса пайдалану қажет. Ежелгі ислам дініне дейінгі Аравияның табиғи ортасы ХІХ ғасырға дейін айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Ислам діні қалыптасқанға дейінгі арабтар поэзиясын ҮІІІ - Х ғасырларда оларды жинаушылар мен редакторлар біраз толықтырып, өзгертті де. Батыс Еуропалық оқымыстылардың арасында ХІХ ғасырдың 50 – 70 жылдарында ол поэзия шынымен Ү – ҮІ ғасырлардағы авторлардың шығармалары ма, жоқ әлде олардан кейін, халифат құрылғаннан соң, яғни ҮІІІ - ІХ ғғ. шығармалар емес пе деген күдіктен соң, болды. Әрине, бұл сұраққа жауап іздеушілер әртүрлі көзқараста болды. Бірақ, негізінен сол Ү – ҮІ ғғ. авторлардың шығармалары деген тұжырым жасалды. Бұл мәселені ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында ағылшын шығыстанушысы Маргомус С. Пен египеттік оқымысты Тахао Хусейн күн тәртібіне тағы қойды. Ол екеуі исламға дейін жазылды деп жүрген поэзияның авторлары халифат кезіндегі ақын – жыраулар деп жариялады. Бірақ, бұл пікір осы екі оқымыстылардың ғана пікірі болып қалды. Ғылым исламға дейінгі поэзияның шындық екенін, жәнеде сол кезде (ІҮ – Ү ғғ.) жазылғанын мойындайды. Дегенмен біраз қосымшалар, толықтырулар, анықтамалар енгізілгендігін жоққа шығармайды. Араб поэзиясы жөніндегі ең көрнекті маман Крачковский И.Ю. осы пікірді қолдайды. Оның дәлелі - орта ғасырлардағы авторларда шығармалардың кейіпкерлері, мінез – құлық, әрекеттері кездеспейді [5]. Айтылып отырған кезең туралы ең құнды деректердің бірі 1135 жылы қайтыс болған Шахрастанидің "Кітап ал – милал ва – нихал” (Діни секталар мен философиялық мектептер кітабы) деген еңбегі. Ол шығармада исламға дейінгі арабтардың діни нанымдарын, әдет – ғұрыптарын баяндайтын жеке тарауы бар. Арабтардың алғашқы қауымдық құрылыстағы өмірі туралы мәліметтердің тағы бір құнды дерегі Ибн-Халдунның "Мукамидимасы”. Ол арабтардың шаруашылықтары мен қоғамдық құрылысына көп көңіл бөлген. Автор арабтарды көшпелі халықтар деп суреттейді. Исламға дейінгі арабтар туралы олардың көршілері де біраз мәліметтер қалдырды. Бірақ, оларды құнды деп айту қиын. Себебі, олар көршілері арабтарды жете білмеген. Тарихшылар үшін тек сириялық жылнамалар біраз құнды дерек көзі болып табылады. Арабтардың Ү –ҮІ ғғ. қоғамдық құрылысын зерттеушілердіңішінен бірінші орынға Робертсон Смитті қоюға болады. Оның "Ертедегі Аравиядағы туыстық және неке” атты еңбегі 1885 жылы Кембриджде басылып шыққан. Айтылып отырған кезең туралы құнды еңбектің бірі Юлиус Вельхаузеннің "Араб пұтқа табынушылығының қалдықтары” деген шығармасын айта кетуге болады. Ол Берлинде 1927 ж. жарық көрген. Исламға дейінгі арабтардың өмірі, тұрмыс салты, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы туралы деректер Анри Ламменстің бірінші еңбегінде орын алған [8]. Ү – ҮІ ғғ. арабтар жайында Леон Каэтанидің екі томдық "Шығыс тарихының очерктері” (Милан, 1911 ж.) атты еңбегінде келтірілген. Бірінші томында "Исламға дейінгі Аравия”, "Ежелгі арабтар” геологиялық-климаттық, әлеуметтік – экономикалық жағдайы туралы біраз мәліметтер береді. Ислам діні қалыптасуы қарсаңында арабтар туралы мәліметтердің тағыда бір құнды көзі – Джирджа Зейданның "Исламға дейінгі арабтар” деген еңбегі. Сонымен қатар Кассэн де Персевальдың 1847 жылы шыққан "Исламға дейінгі арабтар тарихы”, А. Мюллердің Санкт-Петербургте 1895 жылы жарық көрген "Ислам тарихы”, А.Е. Крымскийдің Москвада 1911 ж. басылып шыққан "Арабтардың, араб әдебиетінің тарихы” деген сияқты еңбектерді атап өтуге болады. Исламның шығуы туралы негізгі дерек "Құран” болып табылады. Оны Осман халиф (644 – 656 жж.) ауызшадан жазбашаға түсірген. Ол 114 сүреден тұрады. Бұл қасиетті кітапта Алла тағаланың 77934 сөзі жазылған [3]. Келесі маңызды дерек ҮІІІ ғасырдың екінші жартысында жазылған Мединалық Ибн-Исхактың "Алланың өкілінің өмірі” – "Сират расул Аллах” деген шығармасы. Ол бізге ІХ ғ. өмір сүрген филолог Ибн ишамныңөңдеуімен жеткен. "Сиратқа” ... қосымша болып табылатын Вакыдидің (747 – 823 жж.) " Әскери жорықтар кітабы” – "Китаб ал – Магази” – Ислам дінінің шығуы жөніндегі тағы бір маңызды дерек болып табылады. Ислам туралы оның негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар туралы еуропалықтар арасындағы алғашқы шығармаларды визаниялықтар жазды. Олар орта ғасырларды арабтармен әрі жиі соғысып, әрі экономикалық, мәдени қатынастарда болып тұрды. Византиялық ресми православие бағытын ұстанушы грек – византиялық тарихи және теологиялық шығармалардың авторлары жалған пайғамбар, исламның шығуына себепкер деп есептеген Мұхамедке дұшпандық сезіммен қарады. Сондықтан да византиялық әдебиетте ислам бұрмаланған түрде бейнеленген. Батыс Еуропада ислам туралы мәліметтерді алғаш рет крест жорықтары кезінде өздеріне қас дұшпан болып көрінген дінге идеологиялық қарсылық көрсету мақсатымен католик миссионерлері тарата бастады. Бірінші крест жорығынан кейін ХІІ ғасырларда Испанияда тұрған, араб тілін жақсы білген Католик монахы Роберт Кетензис Құранды латын тіліне аударды. Бұл аударма исламды жоққа шығару мақсатын көздеген клюнилік аббат Петр Благочесивыйдың бастамасы бойынша жасалды. Мақсатқа сай Құран көптеген бұрмаланушылыққа ұшырады. Құранның осы алғашқы аудармасы тек 1543 жылы Швейцариядағы Базельде басылып шықты [16]. Ислам тек өткен ғасырда ғана ғылыми зерттеудің объеткісі бола бастады. Еуропалық шығыстанушылар сол кездегі тарихнаманың деңгейіне сай исламның шығуын Мұхаммедтің қызметіндегі оның жеке басының ерекшеліктерімен байланыста қарастырады. Мұхаммедтің өмірбаянын алғаш ғылыми тұрғыдан зерттеген австриялық дәрігер, әрі шығыстанушы Алонс Шпренгер (1813-1893 жж.) болды. Оның "Мұхаммедтің өмірі мен ілімі” бір дегеннен еңбек ескіріп, өз мән – маңызын жоғалтты. Шпренгер бірден – бір дүниежүзілік дін деген қате көзқараста болды. Сол себепті де "оның шығуын әр қадамынан бастап талдай аламыз”, - деп есептеді. Бұл арабистің мұндай қате көзқарасы оның мұсылмандық тарихи – діни материал – "Сират расул Аллах” пен хадистер жинағына сын көзбен қарамағандығының жемісі [14]. Мұхаммедтің өмірбаяны жөніндегі келесі бір Еуропалық ғылыми еңбек – ағылшын Уильям Мюирдің Лондонда 1856 жылы жарық көрген "Мұхаммедтің өмірі” деген шығармасы. Шпренгерге қарағанда У. Мюир (1819 –1905 жж.) отарлардағы христиан миссионерлігіне тән деректі айыптаушылық, дұшпандық пікір білдірді. Исламның шығуын ол Мұхаммедтің шайтанның азғыруына түсіп кетуінің нәтижесі деп түсіндірмекші болды. Орта ғасырлық түнек рухында жазылған Мюирдің бұл шығармасының ғылыми құндылығы жоқ. Исламның шығуының әлеуметтік себептерін анықтауға бірінші болып неміс арабисі Губерт Гримме (1864 – 1942 жж.) өзінің "Мұхаммед” атты еңбегінде әрекет жасады. Бірақ оның "Мұхаммедтің” меккелік қызметі кезінде туа бастаған ислам – дін емес, социалистік қозғалыс, әрі ілім болды”, - деген тұжырымы сын көтермейді. Гриммнің еңбегінде келтірілген нақтылы материалдар назар аударарлық. Монтгомери Уотт жазған өмірбаян "Мұхаммед – Меккеде” және "Мұхаммед Мединада” деген екі кітаптан тұрады. Ол кітаптар Оксфордта 1953 – 1956 жылдары жарық көрген. Ф. Бульдің кітаптары жарық көрген. Ф. Бульдің кітабымен салыстырғанда М. Уоттың бұл екі кітабы өте бай материалды қамтыған. Ол материал тек хронологиялық тәртіпке ғана емес, жекелеген мәселелер бойынша да жүйеге (мыс., "Мұхаммед және еврейлер”, Мұсылмандық мемлекеттің сипаты”, Қоғамдық құрылыстағы реформа” т.с.с.) келтірілген. Бірақ бұл еңбектің ғылыми құндылығы төмен себебі, автор мұсылмандар арасындағы аңыздарға күмәнсыз иланып, араб – мұсылмандық тарихнама дәстүріне сын көзбен қарамаған. ХХ ғғ. басынан бастап бері жарық көріп жатқан Мұхаммед жөніндегі әдебиеттің ғылыми құны өте төмен. Араб мұсылман тарихшылары жазған Мұхаммедтің өмірбаяндары Ибн Исхактың "Сиратын” ғылыми сын тұрғысынан талдамай, сол күйінде баяндау ғана болып келеді [2]. Бұл еңбектердің ішінен Мұхаммед Хусейн Хейкеалдың "Хайат Мұхаммед” (Мұхаммедтің өмірі) деген шығармасын ерекше атап етуге болады. Ол 1947 жылы Кайрде басылып шықты. Құранға сүйене отырып Хейкал ислам діні іскерлік пен бәсекелесті (конкуренция) қолдайды деген тұжырым жасайды. Мұсылман өркениетін рухани негіз, ал батыс өркениетіне қарсы қылады. Оның пікірінше, мұсылман өркениетіне рухани негіз, ал батыс өркениетіне экономикалық негіз тән. Батыс пен мұсылман әлемі арасындағы тағы да бір ерекшелік – Батыс мемлекет пен шіркеу арасында тынымсыз күрес жүріп отырса, мұсылмандар әлеміне бұл екі институт бір –біріне толықтырып, тығыз ынтымақтастық өмір сүруде. Хейкаль исламның социалистік сипатына да жағымды баға береді. Орыс авторларының ішінде В. Соловьевтің "Магомет” деген Мұхаммедтің өмірбаяны жөніндегі шығармасы кең танымал болды. Ол Санкт – Петербурда 1896 ж. жарық көрген болатын (Алматыда – 1990) [41]. Сондай – ақ М.Н. Петровтың "Магомет Пройсхождение ислама” атты еңбегі де көңіл аударарлық. Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қызметін проф. А. Е. Крымский едәуір зерттеді. Ол "Источники для истории Мұхаммеда” деген деректер жинағын жариялады. Сонымен қатар "История мусульманства” және "История арабов” деген еңбектерінде ислам дініне көңіл бөлді. Вашингтон Ирвингтің "Жизнь Магомета” деген кітабы орыс тіліне аударылып, оған, Н. А. Добролюбов пікір жазған. В. Ирвингтің бұл еңбегі тарихи роман жанрына жақын, яғни ғылыми құндылығы төмен. Ислам дінінің шығуына советтік ғылыми әдебиеттерде әжептәуір көңіл бөлген. Бірнеше теориялар қалыптасты. Оның біріншісі М.Н. Поеровскийдің тарихи концепцияларының ықпалы мен қалыптасқан. М.А. Рейснердің сауда – капиталистік теориясы дүрілдеп тұрған Марксизм – Ленинизм іліміне жат бұл тория 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басында кеңінен жайылды. Сонымен қатар "көпшілік” және "егіншілік” теориялары да белгілі болды. Көпшілік теориясы бойынша ислам алғашында Аравияның бедуиндер бұқарасының мүддесін көздеді, солардың идеологиясы болды. Ал екінші теория шаруашылық өмірдегі диқандардың рөлін шектен тыс асыра көтермелеп, алғашқы ислам "кедей шаруалардың идеологиясы болды” деген пікірді дәлелдеуге тырысты. Мұхаммедтің өмірбаянын, ислам дінінің шығу себептерін белгілі орыс жазушысы В. Панова (1905 – 1973 жж.) мен оның ұлы, әйгілі арабтанушы Ю. Бахтин бірлесе зерттеген. Олардың 60- шы жылдары жазылған " Мұхаммед пайғамбардың өмірі: Тарихи толғау” атты еңбектері кезінде Жазыл рап сериясына арнайы жазылғанымен жарық көре алмай қалған болатын. Шын мәнінде бұл тарихи толғау әлем әдебиетіндегі тарихи деректерді ең мол қамтыған Мұхаммед Ғалаиһи С-Саламның толық өмірбаяны [39]. Бұл өмірбаянды "Жазушы” баспасы қазақ тілінде 1993 жылы басып шығарды. "Ислам әлемі баспасы дүниеге келіп, діни кітаптар шығаруды қолға алды ("Егемен Қазақстан” 21. 03. 1997ж.). Енді Мұхаммед пайғамбарға, арабтарға арналған әдебиеттер көптеп шығарылады деп сенеміз. Ол еңбектердің Қазақстан тарихын, байыта түсетініне күмән жоқ. Зерттеу барсысында Қазақстандық зерттеушілерінің көзқарастары өзара және басқа да зерттеушілерінің пікірлері мен қатар талданып салыстырмалы тарихи зерттеу әдісі қолданылды. Бітіру жұмысын жазуда Батыс пен Шығыстың өзара ықпалдастығы Еуразияшылықтың тарихи тамырлары жөнінде соңғы жылдары жаңаша тұрғыда көп зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген Қазақстандық тарихшы Қ.Т. Жұмағұлов еңбектері бағыт- бағдар беретін әдістемелік теориялық негіз ретінде қолданылды [18, 19, 20, 21]. Бітіру жұмысын жазуда алға қойған мақсат - міндеттер: Қоғам ішіндегі әртүрлі әлеуметтік топтардың ынтымағын қамтамасыз ете білу де, үш материктің көп ұлтты халықтарынан құрылған мемлекеттің ІҮ ғасырдан астам уақыт өмір сүруінің бір себебі болды. Араб халифатының әлеуметтік - экономикалық қатынастарды шешу тәжірибесін үйрену қазіргі кездегі мәселенің бірі. Бірақ өкінішке орай бұл маңызды мәселе дұрыс шешімін таппай отыр. Халифаттың көптеген елдерді оңай әрі тез жаулап алуының, оларды өз қол астында тапжылтпай ұстап отыруының себептерін зертеу, ұғу, тағлым алу біздің мемлекетіміздің жарқын болашаққа жетуіне едәуір үлес қосады деп санаймыз. Сол себепті де біз өз бітіру жұмысымыздың тақырыбы етіп "Араб халифатының құрылуы және оның жаулап алушылықтары” мәселелерін таңдап алдық. Бұл мәселе әлі күнге дейін дұрыс шешімін таппай келе жатыр. Біздің республикамыздың саяси-экономикалық жағдайын нығайтып, өркениетті елдер қатарына қосылу үшін, 2030 жылға қарай "Орталық Азия Барыс” атану үшін араб халифатының әлеуметтік - экономикалық жағдайын жаңа, жалпы адамгершілік құндылық тұрғысынан саралау қажет. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде таңдап алған тақырыбымның маңыздылығын дәлелдеуге, бітіру жұмыстың мақсат – міндеттерін ашып көрсетуге басты назар аударылды. Бірінші тарауда ислам дінінің қалыптасуы туралы деректерге, зерттеулерге шолу жасалынды. Ол діннің қалыптасуының алғы шарттарын әлеуметтік – экономикалық негіздерін ашып көрсетуге тырыстық. Бұл тарауда сонымен қатар халифаттың құрылуының алғы шарттары, тарихы баяндалды. Екінші тарауда деректер мен зерттеулерге сүйене отырып алғашқы төрт тақуа халифаттардың тұсындағы араб жаулап алушылықтарының себеп - салдары, феодалдық қатынастарға талдау жасалынып баяндалды. Бітіру жұмысы осы екі тарауда баяндалған мәселелерден туындайтын қорытындымен аяқталады. Бітіру жұмысының соңында пайдаланылған деректер мен зерттеу еңбектерінің тізімі келтірілген. І – ТАРАУ. АРАБТАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ 1.1 Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі Ислам Меккеде өмірге келді. Мекке – Хиджаздың ең үлкен елді мекені. Оның төңірегі құлазыған шөл дала, өсімдік те – аз: түйе жейтін жантақ, қой-ешкіге жетерлік шағын жайылым ғана болды. Жері егін егуге мүлде жарамсыз, азын аулақ түйе, ешкі, қой сияқты түлік түрі аяғынан тозып, азық айырдан демесең, мал ұстауға да мейлінше қолайсыз. Құдықтар суы өте тереңнен шығады. Сондықтан да Меккенің тұрғындары не мал өсірумен, не егіншілікпен айналыса алмады. Мекке сауда керуенінің жолындағы зәмзәм бұлағының бойында өмірге келген [35]. Зәмзәм суының шипалы қасиеті бар. Сондықтан Мекке бірден қасиетті мекенге айналды. Зәмзәм бұлағында Каоба Храмы араб бедеуилерінің атамзаманнан табынатын орны болған [13]. Ол храмды Абрам (Ибрахим) мен оның египеттік күңі Ажардан туған баласы Исмайл салғызған деген аңыз сақталған, тек Палестинаға келгеннен кейін, пұшпағы қанамаған бедеу әйелі Сара өз қожасынан бала болмайды деп ойлаған соң, Египет перғауыны ханымына тік тұрып қызмет қылсын деп жанына қосып берген күні Ажарды құдай қосқан қосағы Ибрахимге тоқалдыққа алып береді. Кешікпей Ажар Ибрахимге Исмайлдай ұл тауып береді. Жасы жетіп, үміті үзіле бастаған кезде шағында Сара құдіреті күштінің желеп-жебеуімен жүкті болып, Исках есімді ұл туады. Сара Ибрахимді Ажарды қуып жіберуге қимады. Бірақ жаратқан Сараның талабына құлақ асты да, Ажар мен Исмайлды құдіреті күшті иллара етке Арабияның бір түкпіріне апарып салуға Ибрахимді мәжбүр етті.... Жалғыз қалған Исмайл шырылдап жылап, жер тепкілей бастады.... Баланың тепкілеген жерінен тұп-тұщы ауыз судың көзі ашылып, бұрқ ете қалды... Пайда болған зәмзәм қайнарының жанында кейін Исмайлдан тараған арабтар Қағба аталған "Құдай үйін” салды. Қағбадағы қара тастың құпиясы әлі күнге дейін жұмбақ. Ол басында әппақ болған – мыс. Кейін пұтқа табынушылар көп сипалай берген соң қап-қара болып кетіпті. Бірнеше рет болған су тасқыны Қағбадағы қара тасты құлата алмаған. Қала осы ежелгі қасиетті Храмның төңірегіне орналасқан. Ол храмды Меккеліктер "Алланың үйі” деп, ал өздерін "Алланың көршісіміз” деп атаған. Голландық ориенталист К.Х. Снус Хюргроанья: Аллах өзінің көршілеріне Зәмзәм суы мен тастардан, құм мен тастардан, құм мен аптап ыстықтан басқа ештеңе де силаған жоқ деп жазыпты. Мекке сауда- саттық, алым-берімге таптырмайтын жер. Қалтарыс, қаға берісі мол жолдар мазасыз, жыл он екі ай бойы ұры-қарысы үзілмейді: Оңтүстік Арабияға, Иранға, Сирияға, Жерорта теңізіне сапар шеккен керуендер осы өңірді басып өтеді. Алайда Меккенің атының шығуы оған байланысты емес. Онда арабтың көптепген тайпалары пір тұтатын көне аруақтары мен әулиелі орындары көп еді. Сондықтан да Мекке киелі орын деп айырықша дәріптелді. Арабияның түкпір – түкпірінен сабылып келіп, әулиелі орындарға түнеушілер жыл он екі ай бойы бір үзілметін [14]. Солармен алым-берім, сауда-саттық шағын шаһардың күнелтуіне жарап тұрды. Меккеден жылына екі рет қыста және жазда үлкен сауда керуендері шығатын. Оның біріншісі (қыста) – Иеменге, ал екіншісі – Солтүстікке қарай, Палестина мен Сирияға, Иракқа, тіпті Египетке бағытталған. Ол сауда керуендерін Меккеден құдіретті тайпа-курейштер ұйымдастырылатын. Ол керуенге кез келген Меккелік кіре алатын. Керуендер алып шығатын тауарлар құны әр кезде, әр түрлі болды. Дегенмен орта есеппен 50 мың алтын тиын болатын. Курейштердің омейя руы ғана 5-6 мың ақшалық тауар жөнелтетін керуенді де сол ең қуатты Омейя руының өкілдері басқаратын. Үлкен керуендерді жол білетін серіктер мен қорғаушы күзет жасағы алып жүретін. Түйелерді, оны айдаушылар мен жүк тиеушілерді көшпелі бедуиндерден жалдайтын. Тәжірибелі жол сілтеушілер құдықтар мен түйе жайылып, қоректене алатын жерлерді жақсы білетін. Керуен басшысы жүйрік түйеге мінген пысық жігіті арқылы Меккемен үзбей байланыс жасап отыратын Хиджаздықтар мен Недждіктер Қағбаға қажылыққа келіп отыратын қасиетті айлар белгіленді. Ол айларда кек қайтарып, қан төгуге қатаң тыйым салынды. Мекке мен оның төңірегі "Храм” деп, яғни адам өлтіру сияқты ауыр қылмыстыларға жол берілмейтін "қасиетті мекен” деп жарияланды. Сауда Мекке тұрғындарының басты кәсібі болды. Бұл қалада кім саудагер болмаса, оның тамағын тауып ішуі қиын болатын. Ислам діні шыққанға дейін Меккеде өзінің ақша жасайтын сарайы болмады. Саудада Византия мен Иран, Иемен ақшалары (алтын, күміс монеталары) пайдаланылды [29]. Саудамен қатар Меккеде өсімқорлық та кең қанат жайды (арабша –"риба”). Әжептәуір табыс табуға болатын саудаға қатысу үшін шағын және орташа байқуатты адамдар өсімқорлардан қарызға ақша алып отырды. Бай көпестер саудамен де, өсімқорлықпен де айналысты. Айталық, Вакыди: "Аббас өз тайпасының адамдарына көп ақша қарыз берген”, - дейді. Бір диркен - бір диркемге, бір динар - бір динарға қарызға берілетін, яғни бір динар қарызға алған адам кейін екі динар етіп қайтаруы тиіс болған (100 % өсіммен). Меккелік сауда керуенінің тұрақты бір мүшесі Тайф қаласының тұрғындары, оның ішіндегі қуатты сакиф тайпасының өкілдері болды. Меккемен Тайфтың экономикалық байланысының тығыз болғандығы соншалықты, ол қалаларды "Маккатани” – яғни "екі Мекке” деп атаған. Тайф пен оның маңындағы ауыл тұрғындары бау бақшасы, жоқ меккеліктерді жеміс-жидекпен, көкөніспен қамтамасыз етіп отырған. Тайфтың маңында меккеліктердің жазғы ыстықтарда паналайтын дачалары болатын [10]. Меккедегі тайпалардың ішіндегі ең қуаттысы Омейя руы болды. Осы рудың өкілдері бай өсімқорлар болды. Солардың арасынан сауда керуен басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару тізгінін қолында ұстаушылар шығып отырды. Олар Қаабаның төңірегінде, ал-Батха деп аталған тегіс жерлерде, алаңдарда тұрды. Курейш басшыларының тек ақшасы мен тауары ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар олардың егістік жерлері, малдары мен құлдары да көп болды. Олар асыл тұқымды жылқылардың иесі болды. Меккеде, оған жақын жерлерде курейштен басқа хавазин, гатафан тайпалары қоныстанды. Ал тайфте скиф тайпасы тұрғанын жоғарыда айтып өттік. Меккеде сондай-ақ "одақтастар” деп аталған "ахлафтар” да тұрды. Бұлар басқа тайпалардан келіп қосылған кірмелер болса керек. Меккенің шет жағында "завахир” деп аталған кедейлер тұрды. Меккеде христиан, иудей, зароастра дініндегі шетелдіктер де тұрып жатты. Олар да сауда- саттықпен айналысатын. Курейш тайпасының құрылымы онша күрделі болған жоқ. Ірі көпестер мен өсімқорлар тобы "мала” деп аталды. Құлдардан полиция құрылды. Ол "АХАБИШ” деп аталға. Жиналыс үйі жұмыс істеді. Ол ақсақалдар кеңесінің билігінде болды. Аңыздарда "Жиналыс үйінің” (дар анназва) негізінен Кусайя Ибн-Килаба қалаған дейді. Табаридің айтуынша Кусаяның қолында өз тайпасы (курейш) сеніп тапсырған билік, яғни Хиджаба, Сикая, рифада надва және Лива болды. Хиджаз дегені – Қағбаның кілтін ұстаушыс, Сикая – Қағбаға табынуға келген қажыларды сумен қамтамасыз ету міндеті, рифада – ішерге тамағы жоқ табынуға келгендер үшін жиналатын қорды ұстауы. Ол қорды курейштер мен т.б. тайпалар жинайтын. ЛИВА дегені ақ матадан жасалған ту. Ол найзаның ұшына байланатын. Соғыс кезінде ол ту әскер қолбасшысы – райсқа табыс етілетін. Кусайя курейш тайпасының омейя руынан болатын. Ал ахабиштер, яғни полиция, бай курейштердің африкандық құлдарынан құрылатын. Олар курейштер қазынасы сақталатын қағба, бай курейштердің үйлерін күзететін [40]. Айтылып отырған кезде Батыс Аравиядан бір құдайға табынушылық дегеннің еш құпиясы жоқ болатын. Христиан, иудей діндеріндегі шет елдіктер бұл жаққа келіп-кетіп жүрді, Меккенің өзінде тұрып та жатты. Кейбір арабтар сол діндердің бірін қабылдап та жатты. Бірақ араб политейашінің маңызды орталығы болып отырған. Меккеде ланифизмнің (бір құдай) тарауына жақын ұйымдастырылып, қалыптасып қалған қағба дәстүрі (культ) кедергі жасады. Ондағы идеолдарға көшпелі бедуин тайпаларының қажылығы курештердің экономикалық жағдайына байланысты болатын. Әртүрлі құдайға сенетін бедуин тайпалары Қағбаға көп мал алып келіп, курештерге пайда келтіретін. Сондықтан да курейш ақсүйектері көп құдайға, пұтқа табынушылықты барлық күшін сала қорғап бақты. Барлық Аравиядағы политиамның ақыры жақындап келе жатты. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, қауым мүшелерінің байлар мен кедейлер бөліне бастауы, тайпалық одақтардың құрылуы осының бәрі бір денеге, бір құдайға сену арқылы бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуын қажет ете бастады. Араб монетейзмі түріндегі ханифизм политейзмге қарсы күреске кірісті. Ханифизм өкілдері тайпалардың, жергілікті халықтардың жекелеген көп құдайларының орнына барлық арабтарға бірдей жалғыз рахманды және бір дінді ұсынды. Бұл күрес алдымен әрине Меккеде қызу жүрді. Себебі, Меккедегі Кағба политизмінің базисі еді. Осындай жағдайда Ислам діні өмірге келіп, қалыптаса бастады. Оның негізін Мұхаммед Ғалайһи С-Салам пайғамбар (570-632жж.) қалады. Мұхаммед Пағамбардың ата-бабасы қағбаның кілтін ұстаушылар болған, ал қағбаның негізін Ибраһимнің (Абраһале) Ажар деген египеттік күңінен туған баласы Исмайл қалаған дедік. Исмайлдан мирас болып қалған Жарһумды қағбадан Бану Хұзов тайпасы қуып шығыпты. Кейінірек Исмайлдың Құрайш деген ұрпағы үйлі-жайлы болып, қағбаға қайтып оралды да, оны тәртіпке келтірді. Оны Құрайш – Мекке қаласының негізін қалаған тайпаның арғы атасы болды. Құрайштың жетінші ұрпағы қосай Меккеден қалған азды-көпті Хұзаолар қуып шықты. Сөйтіп, 440-450 жылдары аралығында құрайштар Меккені басы-байлы иемденді. Ал Қосай – Мұхаммедтің төртінші атасы болатын. Ол 480 жылы қайтыс болған. Оның мұрагері Хашім – Мұхаммедтің үшінші атасы. Ол да Қосай сияқты Меккенің дуанбасы болды. Хашім қайтыс болғанда оның артында қалған сәбиі Шейба Мұхаммедтің үшінші атасы. Ол да Қосай сияқты Меккенің дуанбасы болған. Хашім қайтыс болғанда оның артында артында қалған сәбиі Шейба Мұхаммедтің екінші атасы болатын. Ол Ясрибтегі нағашыларының қолында өсіп, ержеткен соң әкесінің інісі Мүтәлібтің қолына келді. Меккеліктер Шейбан Мүтәлібтің құлы екен деп Әбд –ал- Мүтәліб деп атап кеткен (Абд – олла- құдайдың құлы). Осы Шейба - Әді Әл - Мүтәлібтен Мұхаммед Ғалейһи – ас - салам пайғамбардың әкесі Абдолла туған [39]. Шейбанның көпке дейін баласы болмапты. Бір күні Қағбада бүкіл халықтың көзінше құдайға жылап жалбарынып, бала сұрапты. Егер алла 10 ұл берсе біреуін құрбандыққа шалар едім деп ант береді. Бұл тілегі алланың құлағына шалынып, Әбді әл-Мүтәліб он екі ұл сүйді. Ол берген антын орындау үшін бір ұлын құдайға құрбандыққа шалу үшін жеребе тастайды. Ол жеребе өте сүйкімді ұлы Абдолланың ("Құдай құлы”) үлесіне түсті. ... Ақыры Абдолланың орнына 100 түйе құрбандыққа шалынды (Әбді әл-Мүтәліб сәуегейдің айтқанын орындап Қағбаның ішінде Абдолла мен 10 түйе алып келді. Жеребені он рет сү рағанда 10 рет Абдоллаға шықты. Құрбандық жолы Абдоллаға түскен сайын он түйеден айдап әкеліп қосып отырды. Тек түйе саны 100-ге жеткенде жаратқан адам қанының өтеуіне осы жарайтынын білдірді. Әбді әл-Мүтәліб қателесуден қорқып, 2 рет садақа суырды, 2 ретінде де құрбандық жебесі түйеге түсті. Енді күмәндануға негіз қалмады. Сүйтіп, Абдолла ажалдан аман қалды). Шамамен 569 жылы Абдолланы әкесі Әминаға үйлендірді. (Әмина-"Кіршіксіз адам” дегенді білдіред). 569-570 жылдары Сананың билеушісі Абдраханың қолбасшысымен иемендіктердің Меккеге жорығы басталды. Жорыққа Эфиоп әскері қатысты . ... Бірақ олар сәтсіздіктерге ұшырады (торғайлар тас лақтырыды ; әскер шешек дертіне шалдығып, қырыла бастады. Аман қалғандарды кері қашты. Сол жылы иемендік арабтар Эфиоп әскерін елінен қуып шықты. Оларға Иран көмектесті. Болашақ пайғамбар, құрайыш тайпасының Омейя руынан шыққан Абдолла мен Әминаның отбасында 570 жылы 29 тамызда (биыл 17-18 шілде) дүниеге келді. Мұхаммед туардан 2-3 ай бұрын әкесі өлді. Әкеден қалған мұра : бес түйе, бірнеше қой және ассирийлік күн Барақат. ...,.... көшпенді тайпаларға тәрбиеге беру дәстүрі барды. Бұл жолы Меккеге балаларды тәрбиеге алуға құрғақшылық салдарынан жоқшылыққа ұшыраған Бану-Сал, Бану-Бәкір тайпаларының әйелдері келіп еді. Олар қолақы төлемі аз бола ма, ал жесір әйел тұрмысқа шықса жаңа күйеу тіпті ештеңе татырмай ма деп әкесіз жетім Мұхаммедті алғысы келмеді [39].
|