Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Дінтану

Ұлт және дін
Скачать реферат с сервера



Мұртаза БҰЛҰТАЙ

АУМАЛЫ-ТӨКПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ 
ҚОҒАМ, ТҰЛҒА ЖӘНЕ ДІН

Қоғам – адам баласын басқа махлұқаттан даралайтын басты қасиеттің бірі. Жеке тұлғалардан (фәрдтер) құралатын адам қоғамы кейде тұрақты әлеуметтік сипат танытса, кейде экономикалық (ықтисади), саяси һәм әлеуметтік (ижтимағи) өзгерістер салдарынан кернеулі де тұрақсыз кейіп танытады. Сойылынан қан тамған Кеңес империясының құрдымға кетуімен басталған әлеуметтік өзгерістер мен дағдарыстар зобалаңы біздің елімізді де шарппай қойған жоқ. Соңғы 10 жылдың көлемінде елімізде менталитет, ой-сана, тәрбие, сенім, дағды жағынан жаңа қоғам – Қазақыстан қоғамы қалыптасуда. Қазақыстан азаматтары – Қазақыстан қоғамын қалыптастыратын фәрдтер. Ықтисадтық, демографиялық, психологиялық, саяси, әлеуметтік өзгерістер әбден күшейген осы кезеңде фәрдтерге (жеке адамдарға) назар аударып, олардың аумалы-төкпелі кезеңді шығынсыз һәм жарақатсыз өткізуіне көмектесуіміз ләзім. Бұл біздің еліміздің келешектегі өміріне тікелей тәсір ететін жағдай. Біздің осы мақаладағы мақсатымыз – өтпелі кезеңдегі фәрд пен қоғамның әлеуметтік мәселелерінің шешілуіндегі діннің рөлін, маңызды орнын талдамақ. 
Дін дегеніміз тұңғыш инсан[1] Адам Атамыздан бері қарай мәужүт[2] нәрсе. Бәшериет[3] тарихында дін әрқашан да болған, бола да бермек. Атақты философ Һенри Бергсон (Henry Bergson, 1859-1941): "Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, пәнді яки фәлсәфәні білмейтұғын инсан қоғамдарын кездестіруге болады. Бірақ, дінсіз ешбір қоғам болмайды” деген. Тағы бір батыстық философ Уильямс Жеймс (Williams James, 1842-1910) болса: "Біздің ойымызша адам баласы ең соңғы күнге дейін құлшылығын жалғастырмақ” деген. Эрнест Ренан (Ernest Renan, 1823-1892): "Сүйген нәрселеріміздің, дүниедегі өміріміздің және нығметтердің бәрінің жоқ болып кетуі мүмкін. Діндарлығымыздың жоғалуы болса әсте мүмкін емес” дейді. Бартемели Сэйнт Хилаирдың (Bartemely St. Hilair) діндарлықтың пайда болуы хақында айтқаны: "Ілім деген не? Инсан деген не? Бұлар қайдан келді? Оларды кім жаратты? Соңы қалай болмақ? Хайат[4] деген не? Өлім деген не? Өлімнен кейін не болмақ? Әр милләт,[5] қоғам және жамағат осы сұрақтарға өзінше жақсы-жаман, қабылданар-қабылданбас жауаптар берген. Міне, діндарлық дегеніміз осы” деген.[6] Сондықтан, дін секілді адамның адамдығының басты көрсеткіші болып табылатын қасиетті ұғымның әлеуметтік өмірдегі орны мен маңыздылығын жете зерттеп, әбден түсінуіміз шарт. Діндер тарихын зерттеген мамандар діни сезімдердің адамдарды біріктіруде қандастық, жерлестік, руластық, нәсілдестік қатарлы факторлардың бәрінен де күшті болғанын дәлелдеген. Дін адамның өзінің жаратылысындағы құпияларды анықтап, табиғаттағы құбылыстардың, ғарыштағы қозғалыстардың астарын түсіну үшін ізденіске түсуінен, сұрақтарға жауап іздей бастауынан алау алған сезімнен туындайды. Құран Кәрімдегі мына аяттар осыған саяды: 
"51/21: Өз бойларыңда Аллаһ Тағаланың барлығының неше дәлелдері (нышандары) бар! Көрмейсіңдер ме?” [7] 
"88/17-20: Адамдар түйенің қалай жаратылғанына, аспанның қалай биіктетілгеніне, таулардың қалай үйілгеніне, жердің қалай жайылып төселгеніне қарамай ма?” [8] 
Ешбір қоғамның дінге жеңіл қарамағаны белгілі. Хақ болсын, ғайрихақ болсын адамдардың өз діндеріне берілгені, хатта (тіпті), сол дін үшін жанын аямағаны байқалады. Пайғамбарымыздың кезіндегі бұтқақұл арабтар Мәулеміздің[9] уағызына, түсіндірген дініне немқұрайдылықпен қараған жоқ, олар кім не істесе соны істесін деген жоқ. Олар Исламды тоқтату үшін қарулы қақтығыстар, қуғындау, қудалау сықылды қаймықтырушы қатал шаралардың бәрін де қолданды. Сондықтан, діндарлық сезімнің қаншалықты күшті екенін осысынан-ақ байқауға болады. Түркі халықтары да өздері қабылдаған діндерді сақтап қалу үшін аталмыш шаралардың бәрін қолданған. 
Діни жолдар 1) Құдайы (Иләһи) бұлақтан 2) адами бұлақтан хасіл болған. Адами бұлақ дегеніміз адамдардың ағаштарға, аспан денелеріне, жыртқыш аңдарға, теңізге, тауға т.т. табынуы, ал Құдайы (Иләһи) бұлақ дегеніміз Адамнан бастап, нәбилер[10] арқалы күллі адамзатқа мәлім етілген хақ жол. Нақтылы Бір Аллаһ ұғымына жету, әрине, әркім үшін оңай болмасы анық; үйткені, адамдар көбінесе көзге көрінетін, заттық тәңірлерге сенуге мейілді (бейім) болып келеді. Заттық денелерден арылған, шексіз, барлық құдірет иесі Аллаһ ұғымына жету үшін адамның көп ұмтылып, зер салып, ойланып, толғануы керек. Сондықтан, тарих қойнауында пайда болған наным-сенімдерге осы тұжырымды ескере қарағанымыз жөн. 
Күрделі әлеуметтік өзгерістерді бастан кешіріп жатқан қоғамдарда мынандай әлеуметтік-экономикалық аурулар пайда болады; 
• Құлдыраушылық (коррупция) 
• Парақорлық 
• Ахлақи (этикалық) дағдарыстар 
• Жыныстық-эпидемиялық аурулар 
• Надандық, білімсіздік 
• Нашақорлық (есірткіге тәуелділік) 
• Маскүнемдік (алкоголизм) 
• Контрабандалық әрекеттер 
• Миссионерлердің жаппай көбеюі 
• Дін ауыстыру 
• Кісі жақтау және алалау 
• Жерлестік, руластық 
• Азаматтарды оқшаулау (дискриминация) 
• Әділетсіздік 
• Сенімсіздік, белгісіздік 
• Ықтисади дағдарыстар 
• Жұмыссыздық, кедейлік 
• Ұятсыздық, жезөкшелік 
• Өзін өзі өлтірушілік (суицид) 
• Демографиялық ауытқулар 
• Ішкі һәм сыртқы көш 
• Ифрат уә тәфрит (экстремизм) 
• Қылмыскерліктің артуы т.т. 
Міне, осындай күрделі өзгерістерге ұшырап, әлеуметтік-ықтисадтық ауруларға шалдығып жатқан қоғамдағы діннің маңыздылығын жаңадан ашқандаймыз. Хақ дін Исламның аталмыш мәселелердің оңды шешімін табуы тұрғысында қаншалықты елеулі рөл атқара алатыны енді-енді көрер көзге аян болып келе жатыр. Жетпіс жыл бойына қалыптасып, тамырын терең жайған Кеңестік қоғамнан жаңа қоғамға бет бұрған фәрдтердің (тұлғалардың) бұл күндері санасында белгісіздік, сенімсіздік сықылды адам қоғамының дұшпаны саналатын кері сипаттар ен жайлауда. Қоғам мүшелерінің бірін-бірі танымауы, біріне-бірі сенбеуі – олардың алшақтауына, ал бұл үрдіс асқынғанда сол елдің мемлекеттілігіне қауіп төнуіне апарып соқтырады. Жасалып жатқан реформалардың азаматтардың көңілінен шығуы – азаматтардың реформаларды жөнді түсінуіне һәм қолдауына тікелей байланысты. Үйткені, билік басындағылар демократиялық түзімде билік күшін халықтан алады. 
Исламият мемлекеттік билікті нығайтушы, адамдарды жақындастырушы, қоғамның тамырындағы қанның айналымын реттеуші, бірлікті, ұйымшылдықты уағыздаушы дін. Осындай өтпелі дәуірдегі адамдардың діни сана-сезімін ояту, арттыру арқалы олардың һәм қоғамның өтпелі кезеңнен жайбарақат шығуына мүмкіндік жасаймыз. 
Адамды қозғалтушы, тіршіліктің қамына жұмсаушы, белгілі мінез-құлық танытушы ішкі факторлары бар. Бұларды қызығушылық, қалау, қажетсіну, тілеу, ұнату, армандау, ұмтылу, мақсат тұту, талпыну, көксеу сықылды сөздермен түсіндіруге болады. Осы факторлар саналы яки санасыз, физиологиялық, сезімтал (эмоциялық), ақыли һәм әлеуметтік бола алады. Адамның жүріс-тұрысы мен мінез-құлқындағы, өзін-өзі ұстауындағы (тауыр) негізгі күшті өндіретін осы ішкі факторлар түрткі (мотива) деп аталады.[11] Әр фәрдтің тауырларын анықтайтын динамикалық факторлар жиынтығына түрткілену (мотивация) дейміз. Адамның діни әрекеттерін түрткілейтін факторларды былайша сұрыптауға болатын секілді; 
1. Дінге деген қажеттілік 
2. Діни қалаулар 
3. Адамның табиғат құбылыстары алдындағы шарасыздығы және оcының салдарынан пайда болған Тәңірден жәрдем сұрау талабы 
4. Әр түрлі кедергіге душар болған адамның дінге ұмтылу түрткісі 
5. Әлеуметтік махрұмдық 
6. Басқа дүниеге, басқа өмірге сену 
7. Өлімнен қорқу, мәңгілік өмірді армандау 
8. Ахлақи (этикалық) түрткілену (мотивация) 
9. Кінәлілік һәм күнәкәрлық сезім 
10. Өзінің кім екенін табу түрткісі 
11. Қиналу және діндегі сенімділік 
12. Ақылдың талаптары 
13. Болмысты түсінуге деген құштарлық 
14. Әлеуметтік үндестік һәм ахлақи (этикалық) құндылықтарды сақтау түрткісі 
Адамның тумысынан, болмысынан діни қабілетке ие екені анықталған. Адам баласы осы діни қабілетпен дүниеге келеді де діни сенімді іздейді. Балалар психологиясымен шұғылданған ғалымдардың зерттеулері жас балалардың дінге бейім һәм діни мәселелерге ерекше кіріптар келетінін анықтаған.[12] Батыс ғалымдары ХХ ғасырда қол жеткізген осы ғылыми хақиқат, осыдан 14 ғасыр бұрын Құран Кәрим аяттары мен Әз Пайғамбардың хадистерінде "Фитрат” сөзімен түсіндірілген-ді; 
"Сен Аллаһ Тағаланы бірлеуші болып жүзіңді дінге, Аллаһ Тағаланың фитратына бұр! Аллаһ күллі адам баласын осы фитрат бойынша жаратқан! Оның жаратуын өзгертуге болмайды! Міне, тура дін осы, бірақ, адамдардың көбісі мұны білмейді!”[13] 
Фитрат сөзі арабтың "фатр” етістігінен шыққан; бір нәрсені бастапқыда жару, қазу, ең алғашқы жаратылыс дегенді білдіреді. Бұл алғашқы адамның жаратылуы мен оған фитратта берілген қасиеттерді, қабілеттерді білдіреді. Исламият фәрдтің иманының берік, жанұяның мықты, қоғамның ұйымшыл һәм ынтымақты болғанын қалайды. Ғибадаттардың көпшілігінің жамағатпен жасалуы қоғамға, жамиғат өміріне қаншалықты мән берілгендігін көрсетеді. Құлшылық сәті адамдардың бір-біріне ең жақындайтын кезі. Сондықтан, жамағатпен жасалатын рәсімдер, дұғалар қоғам мүшелерінің бірлігін нығайтады, олардың етене араласуына септігін тигізеді. Алайда, технологиялық тұрғыдан әжептәуір дамыған батыс елдерінде "индивидуализмнің” салдарынан миллиондаған тұрғындары бар қалалардағы көптеген адамдардың өздерін "жапа-жалғыз” сезінетіні анықталған. Өзін жалғыз, тасталған, тысталған сезінетін адамдарда қоғамға бағыныштылық сезімі әлсірейді, жанұя ұғымына салқын қараушылық пайда болады. Мұндай адамдарда өзімшілік ауруы асқынады… 
Исламият адамдарды еңбек етуге, сабырлылыққа, қайраттылыққа, мәреге жету үшін қажыр көрсетуге шақырады. Төмендегі Құран аяттары осыған меңзейді; 
"Аллаһ саған берген несібелерден (Оның жолында жұмсап) ахирет мекенін көзде, бірақ, дүниедегі нәсібіңді де ұмытпа! Аллаһ саған ихсан еткендей, сен де (адамдарға) жақсылық жаса! Жер бетінде бұзақылықты қалама! Күдіксіз, Аллаһ бұзақыларды жақтыртпайды!” [14] "Шынында адамға еңбегінен басқа еш нәрсе жоқ!” [15] 
"Сол күні әр нәпсі жасаған жақсылықтары мен жамандықтарын алдында көреді!” [16] Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммедтің (569-632) мына мүбәрәк хадистері қандай тамаша; 
"Ризықтың оннан тоғызы тижаратта-дүр (сауда-саттықта)” 
"Іс-әрекеті тура мұсылман саудагер қиямет күні пайғамбарлар және шәһидтермен бірге болады” 
"Ризықты жердің астындағы нәрселерден іздеңдер” 
"Өнер (ісмерлік) – кедейліктен сақтайтын қорған” 
"Еңбек етіп кәсіп қылу әрбір мұсылман еркек пен әйелге фарыз-дүр” 
"Халалды іздеу әр мұсылманға уәжіп-дүр (маңызды міндет)” 
Жоғарыда мағналары келтірілген аяттар мен хадистерде әлеуметтік қайырымдылық, дүниелік тіршілік үшін қамдану, еңбек ету, жақсылық жасау, әлеуметтік тыныштықты бұзбау (сақтау) секілді тақырыптар туралы маңызды хүкімдер келтірілген. Исламияттың осы хүкімдерін жете түсінген, хақтығына иман еткен фәрдтер әлеуметтік өзгерістер толқынына қарамастан адал еңбек етеді, тапқанын Аллаһ жолында жұмсайды, жарлы-кембағалдарға көмектеседі. Олар еңбексіз еш нәрсенің болмайтынын біледі. Олар әлеуметтік өзгерістерге душар болған қоғамда өздерінің иманын, сенімін, өмірлік жолын сақтай біледі; әр түрлі қиыншылықтар мен таршылықтардың емтихан екенін түсінеді; 
"Біз қай елге бір пайғамбар жіберсек, оның халқын жалынып, жалбарынулары үшін мұтлақа (міндетті түрде) жоқшылық һәм таршылықпен қинағамыз” [17] "Шынында біз, перғауынның ұрқын, олар ғибрат алар ма деп, ұзақ жылдар бойы жұт және табыс тапшылығымен қинадық” [18] 
"Аллаһ бір шаһарды мысал етті; бұл шаһар сенімділікте, қауіпсіздік орнаған һәм хұзырлы (тыныш) еді. Оған жан-жақтан мол ризықтар ағылушы еді. Бірақ та олар Аллаһтың ризықтарына опасыздық жасады (шүкірін орындамады). Аллаһ та оларға, жасаған қылықтарының салдарынан, аштық һәм қорқу киімін (пәлекеттерін) татқызды” [19] 
"Әлбетте, күдіксіз сенен бұрынғы үмметтерге де пайғамбарлар жібердік. Бізге жалбарынулары үшін оларды таршылық һәм мұңмен қармап, жазаладық” [20] "Менің зікірімнен (Құраннан) бет бұрушылардың барлығына тіршіліктің тапшылығын береміз һәм қиямет күні оларды соқыр етіп тірілтеміз” [21] 
Исламияттың басты мақсатының бірі адам баласының ақылын, санасын, ойлау қабілетін қорғау, ұрпақты жалғастыру, айналаны қоршаған ортаны (табиғатты) аялау. Сондықтан, хақ дініміз маскүнемдік, араққештік, шарапқұмарлық, нашақорлық сықылды естен тандыратын, адамның санасын құртатын жаман қылықтарды хоштамайды, оларды үзілді-кесілді лағынеттейді. Соңғы жылдары елімізде, өкінішке орай, осындай жағымсыз қылықтар көбейіп барады. Арақ-шараптан уланғандарды, бірін-бірі өлтіргендерді, өзінің үйін, кәсіпорнын байқамай өртегендерді күнде теледидардан көруге болады. Үшбұ азаматтарымыз Пайғамбарымыздың мына хадистері мен Құран Кәримдегі аяттарды білсе, істегендерінің қаншалықты ерсі екенін түсінер еді. Рахмет Елшісі бір сөзінде былай деген; 

Категория: Дінтану | Добавил: nauriz (01.09.2013)
Просмотров: 1428 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!