Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Дінтану

Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз
Скачать реферат с сервера


ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАЗБА ЖӘДІГЕРЛІКТЕРІМІЗ

Түркияның көптеген жоғары оқу орындары мен бірқатар мемлекеттік кітапханалары қолжазба қорларында еліміздің ортағасырлық шаһарлары мен кенттерінен шыққан арыс¬тарының әлі күнге дейін жарық көрмеген және ара-кідік басылған да еңбектері бар. 
Солардың ішінде Отырар, Сығнақ, (Жазба деректерде осылай көрсетілген – Ә.Д.) Женд, Түркістан, Тараз, Баласағұн ғұлама¬ларының түрлі тақырыпты қамтитын қол¬жаз¬балары көптігімен таңғалдырады. Мысалы Әбу Насыр әл-Фараби, Хұсам ад-дин Хұсейн бин Әли Хажжаж әл-Ханафи ас-Сығнақи, Мухаммед Абд ас-Саттар әл-Кердери, Һиба¬тулла ат-Түркістани ат-Тарази, Мухий ад-дин Женди, Ала ад-дин Түркі¬стани шығармалары және Қожа Ахмет Ясауи "Диуанының” көшірмелері жиі кездеседі. 
Түріктер ондай асыл дүниелерді ұзақ ғасырлар бойы Таяу және Орта Шығыстың мәдени, ғылыми, рухани орталықтары Бағдад пен Басра, Дамаск пен Халаб, Мекке мен Мадина, Каир мен Тунистен жинаған. Өйткені, 1517 жылдан бастап аталмыш шаһарлар түріктер құзырында болды. Сол себепті де ел астанасы Ыстамбұлға және Түркияның өзге де қалаларына тек жазба жәдігерліктер ғана емес, сондай-ақ Ибраһим (ғ.с.), Исмаил (ғ.с.), Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарларымыздың жеке заттары, қасиетті Кағбаның кілттері, халифалар мен әскери қолбасшылардың қылыштары да әкелінді. Олардың арасында Алла тағаланың соңғы елшісінің (с.ғ.с.) хаттары да бар. Аса құнды ол заттар қазірге дейін көздің қарашығындай сақталуда. 
Иә, Түркия – исламдық жәдігерлер мен мұраларды жинап, сақтауға, зерттеуге ерекше көңіл бөліп келе жатқан өркениетті ел, оның кітапхана қорлары араб, парсы тіліндегі қолжазбаларға байлығымен танымал. 
Елдің барлық кітапханаларындағы ислам өркениетіне қатысты ондай дүниелер жайлы мәліметтерді бір жерден, Ыстамбұлдағы ІSAM-нан табуға болады. 
ІSAM – қысқартылған сөз, түрікшеден аударғанда "Ислам зерттеулер орталығы” деген мағынаны білдіреді. Ол Түркия уақыфтары бас кеңесіне қарайды. Ғимарат арнайы әдемі салынған. Кітапхана қорына тек Түркиядағы ғана емес, әлем елдерінде басылып жатқан исламға қатысты зерттеу кітаптары да алдырылып отырады, ондағы қолжазбалар каталогі компьютерге түсірілген, көшірмелерін дайындап бере алады. 
Жалпы Түркияның ислам саласындағы зерттеуді жеңілдету, ынталандыру жолында техника мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы өзгелерге үлгі деуге болады. Соның бір дәлелі – кітапханаларында сақталған бағалы кітаптар мен қолжазбалардың электронды көшірмесін тез жасатып алу мүмкіндігі. 
ІSAM-да орындалып жатқан игілікті жұмыстардың бірегейі – көп томды Ислам энциклопедиясының қазірдің өзінде 38 томының шығып үлгеруі. 
Сонымен, Түркиядағы түрлі қорларда сақтаулы қазақ даласы перзенттерінің жазба дүниелерін мерзіміне қарай сөз етер болсақ, әуелі әрине Отырар ұландары бірінші орында тұрады. Фарабтықтардың түрлі тақырыптарды сөз ететін араб және түрік, парсы, ағылшын тілдеріне аударылған еңбектері өз алдына бір төбе. Солардың ішінде энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) бастаған отырарлық ойпаздардың орны бөлек.

Фарабтық ойшылдар 
1. Әбу Насыр әл-Фараби (870¬¬ – 950). 
а)Араб тілінде: 
1) "Рисала фи-л ақл” – "Ақыл (парасат) жайлы трактат”. Қолжазба. 
2) "Китабу-л мантиқ” – "Логика жайлы кітап”. Қолжазба. 194 бет. Топкапы сарайы кітапханасы. Аманат қазынасы. 
3) "Диуан” – "Жинақ”. Қолжазба. Баязит мемлекеттік кітапханасы. 
4) "Рисала танбиһ ала сабил-с сағада” – "Бақыт жолын көрсету жайлы трактат”. Қолжазба. Селжуқ, Анкара университет¬тері, илаһийат факультеті. 
5) "Рисала фи-л илми илаһи” – "Тәңір¬лік ілім жайлы трактат”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 
6) "Рисала фи-л ахлақ” – "Мінез-құлық жайлы трактат” – Қолжазба, Сүлеймания кітапханасы. 
7) "Ат-Тағлиқат” – "Афористикалық (жазбалар”). Қолжазба. Анкара университеті кітапханасы. 
8) "Китабу-л Ибара” – "Сөйлем жайлы кітап”. Қолжазба. 
9) "Китабу-т тахлил” – "Талдау (анализ) туралы кітап”. Қолжазба. 
10) "Фалсафату-л Аристуталис” – "Аристотельдің философиясы”. Қолжазба. 
11) "Китаб ара аһл әл-мәдинату-л фадила” – "Кемел қала тұрғындарының көзқарасы жайлы кітап”. Қолжазба. Бейрут. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы. 
12) "Рисала фи фадилату-л улум уа-с санаат” – "Ғылым мен түрлі өнерлердің қасиеті жайлы трактат”. Қолжазба. 
13) "Китаб әл-хуруф” – "Әріптер кітабы”. Қолжазба. 
14) "Ағмалу-л фалсафия” – "Философиялық жұмыстар”. Қолжазба. 
15) "Китаб ихса әл-улум” – "Ғылымдарды жіктеу кітабы”. Қолжазба. 
16) "Уйуну-л масаил” – "Мәселелер қайнары”. Қолжазба. 
17) "Китабу-л қийас” – "Силлогизм кітабы”. Қолжазба. 
18) "Шарх Әбу Насыр әл-Фараби ли-китаб Аристуталис фи-л қийасат” – "Аристотельдің "Силлогизм” кітабына Әбу Насыр әл-Фарабидің түсіндірмесі”. Қолжазба. 133 бет. Топкапы сарайы кітапханасы. 
19) "Әл-Әлфадуил Афлатунийа уа-т тақуилус сийасату-л мулукийа” – Қол¬жазба. Топкапы сарайының кітапханасы. 
20) "Китаб мусик әл-кәбир” – "Музыканың үлкен кітабы”. Қолжазба. 
21) "Китабу-л аурад” – "Дұға жайлы кітап”. Қолжазба. 
22) "Китабу-с-сийасату-л маданийа” – "Азаматтық саясат жайлы кітап”. Хайдара¬бад. Мәжіліс баспасы. Анкара университеті илаһийат факультетінің кітапханасы. 
23) "Рисала фима йанбағи ан йуқаддим қабла тағлими фалсафа” – "Философияны үйренуден бұрын нені білу керектігі жайлы трактат”. Қолжазба. 
24) "Китабу-л жадал” – "Диалектика жайлы кітап”. Қолжазба. 
25) "Китабу-л мадхал ала синату-л муси¬ка” – "Музыка өнеріне кіріспе кітап”. Қолжазба. 
26) "Фусулу-л мадани” – "Азаматтық (саясат жайлы кітап) бөлімдері”. – Измир, 1987 Түрік тарихы ұйымы кітапханасы; 19-май университеті кітапханасы. 
27) "Китаб мусик әл-кәбир” – "Музы¬ка¬ның үлкен кітабы”, Париж, 1930 (Түрік тарихы ұйымы кітапханасы). 
28) "Әл-Мадинату-л фадила” – "Кемел қала”, Ыстамбұл 1956. Түрік тарихы ұйы¬мы кітапханасы. 
29) "Талхис науамис Афлатун” – "Пла¬тон заңдарына қорытынды”. Варвург институты, 1952. 
30) "Рисала ужуһ уа имкан” – "Ұлы Жарату¬шы және әлем жайлы трактат”. Қол¬жазба, (Түрік тарихы ұйымы кітапханасы). 
31) "Ихса-ул улум” – "Ғылымдарды жіктеу”. Ыстамбұл, 1990, Ерзурум универ¬си¬теті илаһийат факультеті кітапханасы. 
32) "Китабу-л жам байна райайни-л хакимайн” – "Екі басым ойды тоғыстыру жайлы кітап”. Бейрут, 1986. 
33) "Китабу-л хуруф” – "Әріптер кітабы”. Бейрут, 1986. 
34) "Мабади ала аһл мадинату-л фадила” – "Кемел қала халқының негізі”. Оксфорд, 1985. 
35) "Таалики ибн Уажжа ала мантики-л фадаил” – "Ибн Уажжаның қасиеттер логикасына түсіндірмесі”. Бейрут, 1994. 
36) "Китаб ал-Алфазу-л мустаъмала фи-л мантик” – "Қисын ілімінде қолданы¬латын сөздер”. Бейрут. 
37) "Мантиқ инда ал-Фараби” – "Әл-Фарабидің логикасы”. Бейрут, 1985. 
38) "Китаб ал-имкинату-л маглата” – "Со¬физм¬нің мүмкіндігі жайлы кітап”. Қолжазба. 
39) "Рисалатани фалсафиатани” – "Философиялық екі трактат”. Қолжазба. 
40) "Рисала фи-л масаили мутафарриқа” – "Әр түрлі мәселелер жайлы трактат”. Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультеті университеті. 
41) "Ар-Рисалату зийнунийа” – "Зенон трактаты”. Қолжазба. Баязит университеті. 
42) "Әл-Мабади” – "Негіздер”. Қол¬жаз¬ба. 1014. 
43) "Китабу-л бурһан” – "Дәлел жайлы кітап”. Қолжазба. 1099. 
44) "Рисала шарх рисалати-з зийнуни-л кабири-л йунаний” – "Грек үлкен Зенон трактатына түсіндірме”. Қолжазба. Анкара уни¬верситеті илаһийат факультеті кітап¬ханасы. 
45) "Рисала ад-дуаи-л қалбийа” – "Жү¬рек дұғасы трактаты”. Хайдарабад. Мәжіліс баспасы. Анкара университеті илаһийат факуль¬теті кітапханасы. 
46) "Фусул мунтаза”. Қолжазба. – Түрік тарихы ұйымы кітапханасы. 
47) "Рисала фи ма йасиху уа ма йасиху мин ахками-н нужум” – "Жұлдыздар тура¬лы дұрыс және дұрыс емес үкімдер жайлы трактат” Мысыр. Мармара университеті. Илаһийат факультетінің кітапханасы. 
48) "Китабу Аристуталис фи-л ибари” – "Аристотельдің сөйлем жайлы кітабы”. Бейрут. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы. 
49) "Шарх фусусу-л хикам” – "Кемең¬герлік меруерті (трактатына) түсіндірме”, Амире баспасы. Анкара университеті кітапханасы. 
50) "Фадилату-л-улум уа-с синаға” – "Ғы¬лымдар мен түрлі өнерлердің қасиеті”. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы. 
51) "Китабу-л фусус” – "Гауһар тастар жайлы кітап”. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы. 
52) "Рисала мақалату фи аград ма бада-т табиғат” – Анкара университеті илаһийат факультетінің кітапханасы. 
53) "Рисалату фи исбати-л муфарриқат” – "Бөлушілердің барлығын дәлелдеу” атты трактат. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы. 
54) "Китабу-л милла уа нусусу ухра” – "Ұлт және басқа да деректер жайлы трактат”. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы. 
55) "Ас-Сиясату-л маданийа ау мабаду-л маужудат” – "Азаматтық саясат немесе болмыс әлемінің ережелері”. 9 (Eylhl) қыркүйек университеті илаһийат факультеті кітапханасы. 
56) "Әл-Жамиғ байна райи-л хакимайн Афлатун әл-илаһи уа Аристуталис” – "Екі кемең¬гер Аристотель мен Платон ойлары¬ның жинағы”. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы. 
57) "Мабадиу-л фалсафату-л қадима” – "Ежелгі философия негізі”. Анкара универ¬си¬теті илаһийат факультеті кітапханасы. 
58) "Рисала ли-л муаллими-с сани фи жауаби масаил суйла анһу” – "Екінші мұға¬лім¬нің сұралған мәселелердің жауап¬тарын қамтыған трактаты”. Мармара универ¬ситеті илаһийат факультеті кітапханасы. 
59) "Зийну-л кабири-л йунани” – "Грек үлкен Зенон”. Анкара университеті илаһийат факультеті. 
60) "Әл-Мажмуғ” – "Жинақ”. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы. 
61) "Әл-Мадхал ила синағати-л мусиқа” – "Музыка өнері трактатына кіріспе”. Көпрулү кітапханасы, Пазыл Ахмет Паша. 
62) "Тақуиму-с сиясату-л мулкийа уа-л ахлақи-л ихтийарийа” – "Патшалық саясатты және ерікті мінезді түзулеу, дұрыстау”. Көпрулү кітапханасы, Пазыл Ахмет Паша. 
63) "Ажайбу-н нусус фи тахзибу-л фусус” – "Гауһарларды реттеу ғажайып адамдардың орны”. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы. 
64) "Фасл мин китабу-с сиясати-л маданийа” – "Азаматтық саясат кітабының бір бөлігі”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 
65) "Рисала фи мабадил-лати биһа әсжам уа-л ағрад” – "Денелер мен (ағрадтардың) негізі саналатын қағидалар”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 
66) "Рисала фи-л уахид уа-л уахда” – "Жалғыз бен бірлік жайлы трактат” Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 
67) "Рисала фи тафсири китаби-л мадхал фи синағати-л мантық” – "Логика өнеріне кіріспе кітабына тәпсір жайлы трактат”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 
68) "Әл-Мантиқу-с саманийа” – "Сегіз логика”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 
69) "Әл-Ибара ‘ан аради Аристуталис фи китаби ма бағда-т табиға”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 
70) "Әл-Масаилу-л фалсафийа уа-л ажуиуа ‘анһа” – "Фалсафа мәселелері және олардың жауаптары”. Қолжазба. Сүлей¬мания кітапханасы. 
71) "Әл-Адғийа” – "Дұғалар”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 
72) "Әл-Жуғрафия инда-л муслимун” – "Мұсылмандарда жағрафия ілімі”. Қолжазба. Харран университеті илаһийат факультеті кітапханасы. 
Бұлардан басқа да біршама трактаттар Әбу Насырдың өзге де көне грек оқымыс¬тылары шығармаларына жазылған түсіндір¬мелерінен тұрады. 
Иә, Түркия кітапханаларында Әбу Насыр әл-Фарабидің негізінен осындай фи¬ло¬софия, логика, психология, фило¬логия, музыка, география және т.б. ғылым сала¬ларына қатысты еңбектері сақталған. Түрік ғалымдарының ХХ ғасырдың 50-жыл¬дарынан бері Отырар перзенті еңбектерін жиірек зерделеп, тіпті түрік тіліне де аударғаны байқалады. Солардың ішінде Әбу Насырдың "Китабу-л хуруф” – "Әріптер кітабы”, "Китабу-т тахлил” – "Талдау кітабы”, "Китабу-л ибда” – "Білдіру кітабы”, "Китабу-л қийас” – "Силлогизм кітабы”, "Рисала танбиһ ала сабил-с сағада” – "Бақыт жолын көрсету (сілтеу) жайлы трактат”, "Мантиқ инда әл-Фараби” – "Әл-Фарабидің логикасы”, "Рисалату фи-л ақл” – "Ақыл жайлы трактат”, "Фусусул мадани” – "Азаматтық [саясат кітабының] гауһар¬лары”, "Китаб ара аһл әл-мадинату-л фадила” – "Кемел қала тұрғындарының көзқарасы” атты еңбектері жиірек ұшыра¬сады. Сондай-ақ оның "Ихса әл-улум” – "Ғылымдарды жіктеу”, "Сийасату-л мада¬нийа” – "Азаматтық саясат” секілді шығар¬ма¬ларын да кездестіреміз. Бұлардың бір¬қатары қазақстандық фарабитанушыларға таныс, біршамасы аз да болса зерттелген және орыс, қазақ тілдеріне тәржімаланған. 
Түркияда Әбу Насырдың Бейрутте, Каирде, Теһранда, Хайдарабадта (Үндістан), Оксфордта араб, ағылшын, неміс тілдерінде басылған еңбектері де бар. Француз, ағылшын, неміс, парсы оқымыстыларын түрік ғалымдары сияқты Отырар ғалымы¬ның философиялық, логикалық, музыкалық шығармалары көбірек қызықтырған. 
Түркияның қолжазбалар қорында Әбу Насыр Әл-Фарабидің Иранның түрлі кітап¬ханалары мен қолжазба қорларында ұшы¬ра¬сатын біраз дүниелері де бар. Олардың кейбірін өткен ғасырдың 90-жылдары, Иран¬дағы сол кездегі елшіміз Мырзатай Жолдас¬беков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сый еткен. 
Әбу Насыр әл-Фарабидің тек арабша ғана емес, түрік, ағылшын, француз тіл¬деріндегі 25 еңбегін Түркияның түрлі кітап¬хана¬лары¬нан тапқанымызды да айта кеткен жөн. 
Сонымен Түркия кітапханалары мен қолжазба қорларына сүйеніп біз Әбу Насыр Әл-Фарабидің 100-ден астам еңбектерін атадық. Ал ұлы ғұлама қанша еңбек жазды? Қанша шығармасы біздің заманымызға жеткен деген мәселеге келсек, орта ғасыр¬ларда энциклопедист Отырар перзентінің өмірі мен шығармашылығын жинап, зерде¬легендер Ибн ан-Надим (Х ғ.), Ибн Саид әл-Қуртуби (ХІ ғ.), әл-Байхақи (1169), Йа¬құт әл-Хамауи ар-Руми (1229), Ибн Саид әл-Қифти (1248), Ибн Әби Усайбиға (1270), Ибн Халликан (1282), әл-Қазуини (1283), Әбу-л Фида (1331), Аз-Заһаби (1348), Әл-Йафиғи (1367), Ас-Сафади (1383), Хаджи Халифа, Ибн әл-Имад (1657), әл-Акари (1678), соның ішінде Ибн Саид әл-Қифти оның жүзден астам трактаты барын айтумен қатар, аттарын да атаса, Ибн Әби Усайбиға 105 шығармаларының тізімін берген. 
Осы ретте Қазақ¬стандық белгілі психолог ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атын¬дағы Қазақ ұлттық уни¬вер¬ситетінің профес¬соры Құбығұл Жарық¬баев¬тың да еңбегін атап кетуге тиіспіз. Ол да Әбу Насыр шы¬ғар¬маларының библио¬гра¬фиясын көз майын тауысып жасағаны есімізде. 
Бірақ Әбу Насырдың өмірі мен шығар¬маларына арналған әлемдік деңгейдегі бір ізді, біртұтас, толыққанды библиография әлі еш жерде, ешқандай елде жасалған емес. 
Біздің соңғы жылдардағы ізденістеріміз бен зерттеулеріміз Отырардан шыққан дара тұлғалардың көп екенін көрсетіп отыр. Мен осы күнге дейін олардың 30-ға жуығын таптым. Солардың Түркия кітапхана¬ларын¬дағыларын мерзімдік тәртіппен қарасақ атақты Әбу Насыр әл-Фарабиден кейін

2. Әбу Ибраһим Исқақ бин Ибраһим әл-Фараби (?-961) тұр. 
Отырарлық бұл ғалымның да өмірі мен шы¬ғармашылығы туралы өткен ғасырдың 95-жылы шыққан "Қазақ даласының жұл¬ды¬з¬дары” атты еңбегімде жазғанмын. Ол Әбу Насыр әл-Фарабиден соң өмір сүрген. Алғашқы білімді туған елінде алған соң, ар¬ман қуып Дамаскі мен Бағдадқа аттанған. Сөйт¬кен Әбу Ибраһим Исхақ араб тіл білімі мәселелерімен айналысып, еңбек жазған. Оның ХХ ғасырдың 70-жылдары Мысырда шық¬қан шығармасы "Диуан әл-әдаб фи-л луға” – "Тіл жайлы адаб жинағы” деп аталады. 
Әбу Ибраһимнің біздің заманымызға аталмыш жалғыз-ақ еңбегі жеткен деп есеп¬тейтінбіз. Сөйтсек, оның күні бүгінге де¬йін бізге белгісіз болып келген "Ар-Рихлату-л Хижазийа” – "Хиджаз сапары” атты шы¬ғар¬масы да бар екен. Ол қолжазба. Көлемі 395 бет. Харран университеті илаһийат фа¬культетінде сақтаулы. Бұл дүние ғалымның Мекке, Мединеге барған сапарының жай-жапсарын баяндаса керек деп ойлаймыз.

3. Әбу Насыр Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фараби (?-1002) 
Араб тілінің көрнекті өкілі саналатын бұл жерлесіміз де Отырарда Х ғасырдың шамамен 2 жартысында туған. Алғашқы білімді де отанында алған. Сосын нағашысы Әбу Ибраһим Исхақтың шақыруымен Бағдад пен Дамаскіге аттанған. 
Оның да еңбектері араб тілі мәсе¬лелеріне арналған. Әбу Насыр Исмайлдың негізгі еңбегі "Тадж луға уа сихах әл-арабийа” – "Тіл тәжі және дұрыс (нағыз, шынайы, ақиқат) араб тілі” деп аталады. Отырарлық бұл ғалым негізінен араб тілі¬нің лексикографиясын жазумен аты шық¬қан. Еңбектің Түркия кітапханалары мен қолжазба қорларындағы нұсқалары түрліше аталады. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, менің шәкіртім Шынар Қалиева Әбу Насыр Исмаил әл-Жауһаридің өмірі мен шығармашылығына арналған өте құнды, білгірлікпен канди¬даттық диссертация жазып, Ташкентте 2002 жылы қорғады, кейін ол (2006) кітап болып шықты. (Ш.С.Калиева. Творчество Исмаила ал-Джаухари и его место в арабской филологии. Алматы, "Қазақ университеті”, 2006, 140 бет).

4. Мухаммед бин Мухаммед бин әл-Хусейн Мадж ад-дин әл-Усрушани, Мухаммед бин Хусейн әл-Фараби (?-1234) 
Отырарлық бұл ғалым жайлы да "Қазақ даласының жұлдыздарында” мағлұмат берілген. Мұхаммед ХІІІ ғ. өмір сүрген парасат иесі. Әбу Насыр әл-Фарабидің фи¬лософиялық еңбегіне түсіндірме жазыпты, бірақ ол еңбегі жарияланбаған. Қолжазба күйінде сақтаулы. 
"Әл-Фусул” – "Бөлімдер” ("Тарау¬лар”). Қолжазба. 
"Шарх "Фусус әл-Хикам” – "Ке¬меңгерлік меруертіне” түсіндірме”. Баязит кітапханасы, Сүлеймания кітап¬ханасы Мармара университеті кітапханасыдағы оның барлық нұсқаларында 116 бет және 1291 жыл деген мерзім көрсетілген. Тек Баязит кітапханасындағы нұсқасы 78 бет, Сүлейманиядағысы 106 бет. Соңғыда 1013 жыл деген мерзім тұр.

5. Абдуллаһ бин Мухаммед бин Йусуф Насыр әл-Фараби әл-Әзди. 
Оның "Тариху-л уламаи-л Андалус” – "Андалусия ғұламаларының тарихы” атты еңбегі Ататүрк университеті илаһийат фа¬куль¬теті кітапханасында. Шығарманың та¬рих мәселесіне арналғанына қарағанда ав¬торы тарихшы сияқты. Отырарлық бұл ой¬шыл жайлы әлі әзір қолымызда мағлұмат¬тар жоқ.

6. Абд әл-Латиф ибн Ахмад әл-Фараби да жаңа әл-Фараби. 
Ол Мароккода "Әл-Харакату-л фикрийа уа әл-әдабийа фи-л алами-л араби ал-хадис” – "Жаңа араб әлеміндегі ой-пікір және әдеби қозғалыс” (Касаб¬ланка, 1983) атты еңбекті құрастырған. Шығарма Ливанда да жарық көріпті. (Бейрут, 1995). Бұл кітап Түркияның Жум¬һурият универ¬ситеті, илаһийат факуль¬теті кітапханасында. Өкінішке орай Абд әл-Латифтің өмірі мен шығарма¬шылығы туралы дерек кездестіре алмадық.

7. Әбу-л Фадл Таһир бин Мухаммед әл-Фараби Заһирдің еңбегінің аты "Диуан” – "Жинақ”. Ол Түркияның Баязит мемле¬кеттік кітапханасында. Қолжазба. Өмірі жайлы мәлімет жоқ. 
Сонымен жоғарыда өздері ғана емес, сондай-ақ шығармалары туралы да деректер келтірілген отырарлық 7 оқымысты негізі¬нен дүниәуи ғылым салаларының өкілдері болса, ал төменде сөз болатындарының туын¬ды¬лары негізінен ислам діні мәселелеріне арналған. 
8. Аға Хасан әл-Фарабидің Түркия кітапханаларында сақтаулы еңбегі "Һидая” тәржімасы” деп аталады. Ол Орта Азиялық Бұрһан ад-Дин әл-Марғинанидің (?-1197) "әл-Һидая” атты Әбу Ханифа мәзһабында жазылған еңбегінің тәржімасы секілді. Автор жайлы әлі әзір мағлұмат жоқ.

9. Бурһан ад-дин Ахмед бин Абу Хафс бин Йусуф әл-Фараби (?-1174) 
"Манзума фи-л муаннасати-с самаийа” – "Тіл ережелеріне бағынбайтын әйел тегіне (женский род) қолданылатын қалыптар”. Тағы бір еңбегі "Заллат әл-қари” – "Қаридың қатесі” деп аталады. Ол қолжазба. 121-214 бет. Сүлеймания кітапханасында. Бір нұсқасы Санкт-Петербордағы шығыстану институтының қолжазба қорында бар. Шығарма қасиетті Құранды дұрыс оқу жайлы сөз етеді. Отырарлық ғалым ХІІ ғасырда өмір сүрген.

10. Әбу-л Қасым Махмуд бин Ахмед әл-Фараби (1130-1210) 
Әбу-л Қасым Махмуд бин Ахмед әл-Фараби энциклопедист Әбу Насыр және тілші екі әл-Фарабилерден кейін Түркия кітапханаларында еңбектері жиірек ұшыра¬сатын ғалым. Оның шығармалары көбінесе дін мәселелеріне арналған. Әбу-л Қасым әл-Фараби туралы да "Қазақ даласы¬ның жұл¬дыз¬дары” атты кітабымда жазғанмын. 
Әбу-л Қасым еңбектері ішінде Түркия кітапханаларында жиі ұшырасатыны – "Халисату-л хақаиқ” – "Таза шындық”. Қолжазба. 207 беттен тұрады. Ол бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған. Қыс¬қартылған 60 беттік нұсқасы Санкт-Петербург университетінен ұшыраттым. "Халисату-л хақаиқтың” бір-бір нұсқалары Атиф Әфенді, Анталия Текелі облысы халық кітапханасы, Бурса аймақтық кітапханасында тұр.

11. Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани (1286-1356) 
Қауам ад-дин қазіргі Түркістан қала¬сының шығысында 20 шақырымдай жердегі, орта ғасырларда Итқан (Атқан), қазір Иқан деп аталатын кентте 1286 жылы туған. 31 жасқа дейін Отырарда имам болған. Сонан соң білім іздеп әуелі Самарқан мен Бұхара¬ға, сонан соң Дамаскіге сапар шеккен. Бағдадта 25 жыл қазы болған. Сонда үйленіп, ұлды-қызды болған. Кейін Каирге қоныс аударып, сонда біржола тұрақтап қалған. Египеттің ортағасырлық Ибн Тагриберди, Әл-Макризи, Ибн Касир, ас-Суйути секілді және т.б. ойшылдары ол жайлы қалам тербеген. Өз дүниелерінде олар Қауам ад-Динді "Каирге қала әкімі Саргатмиш (Сыргатмыш) шақырған. Онда Қауам ад-Дин медреседе ұстаздық еткен”, – дейді. Каирге барған бір сапарымда мен сол медресені іздеп таптым. Қазірге дейін ол дін аман тұр. Суретті қараңыз. 
Иқан перзенті 73 жыл жасап, 1356 жылы дүниеден өткен. Оның Каир, Дамаск, Кувейт, Түркия, Голландия, Өзбекстан, Ресей кітапханалары мен қолжазба қорларында оннан астам трактаттары бар. Біразы менің де жеке мұрағатымда сақтау¬лы. Ол туралы кезінде "Егемен Қазақстан” газетінде "Каир медреселерін басқарған Отырар имамы” атты үлкен мақала жария¬лағанмын (№20-23, 25 қаңтар 2006). Иқан жұрты сол дүниені оқып, риза болып, отандас ғалымына арнап Иқаннан мешіт салдырды. Оны 2008 жылдың 27 желтоқ¬санында арнайы барып ашып, алыста қалған отандас бабаға арнап дұға бағыштадым. 
Қауам ад-диннің Түркияда бірқатар еңбектері сақтаулы. 
Түркияның қолжазба қорлары мен кітапханаларындағы отырарлық ғұламалар мен олардың жазба жәдігерліктері мен ба¬сы묬ған дүниелері туралы деректер осылар. 
Ибн әл-Фуати деген атпен белгілі орта- ғасыр¬лық хадисші, тарихшы Камал ад-дин Абд ар-Раззақ ибн Ахмад әл-Бағдади аш-Шайбани ал-Ханбали (1244-1323) "Маджма ал-адаб фи муғджам ал-алқаб” – "Лақап аттар анықтамалығы туралы әдеби жинақ” атты 5 томдық еңбегінде тек Отырар ғана емес, сондай-ақ қазақ жерінің Қайалық (Талды¬қорған өңіріндегі Қойлық шаһары), Имил (Сыр бойында болса керек – Ә.Д.), Түркістан, Женд, Сауран, Исфиджаб – Сайрам, Қараспан, Сығанақ, Иқан (Итқан), Жікілдік парасат иелері туралы да деректер бар. Фараб¬тан шыққан бізге беймәлім үш ғұламаны ол Утрари (Отырари) деп көрсеткен. Олар:

12. Умдат ад-дин Әбу Талиб Мухаммед ибн Абд әл-Азиз ибн Ахмед ибн Абд ар-Рашид әл-Утрари (Отырари) әл-Мүкри Құранды өте жақсы оқыған. Оның мән-мағынасы жайлы талас пікірлерге де барған.

13. Ала ад-дин Әбу-л Харис Арслан ибн Дауд ибн Әли әл-Утрари (Отырари) әл-Муаддил әл-Фақиһ (?-1303) "Бағдатқа келіп Низамийа махалласында тұрған. Фиқһ, адаб ғылымымен айналысқан. Араб тілінің грамматикасынан сабақ берген. Кітапхана қызметкері де болған. Қазыларға куәлік еткен өнегелі, ілтипатты жан болған. Мен одан өлеңдер жазып алып, қызметінде жүрдім. 1302-1303 жылы ол дүниеден өтті”, – деп жазады Ибн әл-Фуати.

14. Мадж ад-дин Әбу Әли Фадлаллаһ ибн Мухаммад ибн Ахмад әл-Утрари (Отырари) әл-Мунаджим – жұлдызшы ғалым. 
Мына жеті жұлдыз әсер етуді жалғастыра бергенше, 
бақытты және рахатта болуды үзбейсің. 
Олар: Мах Миһр, Кайван және Кәтиба, 
әл-Мұштари, Анахид және Бахрам [жұлдыздары] 
Бұл үлкен жеті жұлдыздың аттары 
[История Казахстана в арабских источниках. ІІІ том. Извлечения из сочинений ХІІ-ХІІІ в. Алматы, "Дайк-Пресс”, 2006, 75-76, 85 беттер]. 
Ала ад-диннен басқа отырарилердің туылған және қайтыс болған жылдары мәлімсіз.



Категория: Дінтану | Добавил: nauriz (01.09.2013)
Просмотров: 1215 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!