Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Дипломдар

Қаржылық есептеменің халықаралық стандарты (ҚЕХС) – қаржылық есептеменің жахандану моделі
Мазмұны

Кіріспе

І Қаржылық есептеменің халықаралық стандарты (ҚЕХС) – қаржылық есептеменің жахандану моделі 
1.1 Сыртқы жарнама түсінігі және оның өзіндік ерекшеліктері 
1.2 Сыртқы жарнаманы ұйымдастырудың міндеттері мен қағидалары 
1.3 Сыртқы жарнама есебі мен аудитінің әдістемелік негіздері

2 Қазақстандық, американдық және халықаралық есеп стандарты бойынша қаржылық есептеменің қалыптасу тәртібі 
2.1 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі мен есеп саясатына жалпы сипаттама 
2.2 Жарнама шығындарын аналитикалық есептеуді ұйымдастыру 
2.3 Жарнама шығындарын синтетикалық есепке алуды ұйымдастыру

3 Преимущество и недостатки применение МСФО 
3.1 Кәсіпорын шығындары аудитінің міндеттері, мақсаттары және ақпараттық қамтамасыз етілуі 
3.2 Жарнамалық шығындарға аудит жүргізудің негізгі кезеңдері мен әдістемесі

Қорытынды ..........................................................................................

Пайдаланылған ақпараттар тізімі ...................................................

Тіркемелер ............................................................................................

КІРІСПЕ

Еліміздің нарықтық экономикаға көшуіне байланысты біздің өмірімізде жарнама секілді құбылыс пайда болып, мықтап орын алды. Жарнама Marketing-mix – маркетингтік байланыстар (немесе тауарды ұсыну - promotion) кешені элементтерінің бір тобына кіреді. Жарнамамен қоса бұл топқа жеке сату (public relation) мен сауданы ынталандыру да кіреді. Осылайша, жарнама маркетинг құралдарының бірі болып табылады және оның сыртында өмір сүре алмайды. 
Қазіргі уақытта Қазақстанда жарнаманың қалыптасып, дамып келе жатырғанын жақсы байқауға болады, өйткені біздің еліміз осы сәтте капитал салудың ірі және тиімді нарығы болып табылады және түрлі тауарлар нарығының едәуір үлкен сыйымдылығына ие. Нарықтың осы даму кезеңінде ең өзекті мәселелердің бірі – сыртқы жарнама. 
Сыртқы жарнама объектілерін орналастырудың «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және елдi мекендерде сыртқы жарнама объектілерін орналастырудың бiрыңғай тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi. 
Заңнамада белгiленген тәртiппен тарихи, мәдени құндылықтар және қорғалатын ландшафтық объектiлер болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, мемориалдық және салт жораларының кешендерiнде, тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң аумақтарында, ғибадат ету ғимараттарында, үйлер мен ғимараттарда жарнаманы орналастырған кездегi тыйым салулар, сондай-ақ жарнамалық ақпараттың мазмұнына байланысты шектеулер заңнамалық актілермен белгiленедi. 
Олар көбіне адамдардың көп жүретін жерінде, көлік желілерінде, магистралдар бойына қалқандарға қондырылған плакаттар түрінде қолданылады. Плакаттардың негізгі түрі – ірі көлемді плакаттар. Плакаттарды бір жерден екінші жерге көшіру ротация деп аталады. Сыртқы жарнаманың келесі түрі – электрленген немесе газжарықты маңдайшалар мен таблолар. Сондай-ақ көлік сырты мен тұтыну тауарларының орамасында көрсетілетін сыртқы жарнамалар. 
Жарнаманың осындай көп түрлі формаларынан зерттеу пәні ретінде сыртқы жарнама таңдалып алынды. Жарнама, соның ішінде сыртқы жарнама, күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Жарнамалық плакаттармен барлық жерде: жұмысқа бара жатырғанда, келе жатырғанда, жай қыдырып, дүкен аралағанда да кездесеміз. Және осы уақыттарда жарнамалық қалқандарға көңіл аудармау мүмкін емес. 
Жарнама фирманың нарықтағы орнын сақтауға және нығайтуға үлкен роль ойнайды. Кәсіпорынның өнімдері мен қызметтерін жарнамалау – маркетингтік іс-шаралардың құрамдық бөлігі, өзінше бір тұтынушыға шығатын ақпараттық жол. 
«Жарнама – сауданың қозғаушы күші» деген жады болған сөз орамы жарнаманың негізгі маркетингтік қызметтерін: тауар жөнінде ақпарат беру, оларды болашақ тұтынушыларға таныстыру, тауарды сатып алу қажеттілігіне сендіруді іс жүзінде толықтай ақтай алады. Сонымен, қарапайым ақпараттық хабардан жарнама ақырғы нәтижеге мүдделігімен ажыратылады. Бұл жай ғана ақпаратты зерделеу емес, бұл белгілі бір, нақты мақсатпен – тауар немесе қызметке деген сұранысты арттыру үшін зерделеу. 
Дұрыс ұйымдастырылған жарнама өте тиімді және өндірілген өнімді үздіксіз тез өткізуге мүмкіндік тудырады. Алайда, жарнама өз деңгейінде жұмыс жасау үшін жарнамалық кампанияның стратегиясын жасақтау керек. Көбіне оны тығырыққа тірелгенде, «жедел жәрдем» ретінде қолданады және тез арады оң нәтижелерін күтеді. Мұндай көзқарасты қазіргі заманғы жарнама деп атау қиындау, және ол өнім мен қызметті өткізуді арттыру түріндегі күтілетін нәтижені алуға көмектесуі неғайбіл. 
Жарнамалық кампанияның стратегиясын жасақтау келесі көзқарас ретінде қызмет етеді. Бұл көзқарас жарнаманы жүрігізуде қателік жіберуден сақтандырады. Ол тұтынушының түсіне алмай қалуымен байланысты қатерді азайтуға, жарнама тиімділігін арттыруға көмектеседі. Жарнамалық кампанияның стратегиясын жасақтау фирмаға өзінің өткізу мәселелерін сәтті шешуге, тіпті басқа фирмалармен сәтті бәсекелесуге жәрдемдеседі. 
Егер фирма жарнамалық кампанияның стратегиясын жасақтаса, олар оны жүргізуде көптеген қателіктер жібермейді және тұтынушыға тікелей бағытталған жарнама жасай алады. Фирма имиджін түсіруге себепші болатын, фирмаға зиян тигізілетін ойланбаған және мән-мағынасыз жарнамалардан сақтайды. 
Бұл жұмыстың өзектілігі, ең алдымен, сыртқы жарнаманың компания жарнамалық бюджетінің негізгі бірлігі болып табылатындығында. Сурет дизайнінің дұрыс таңдалуы, сондай-ақ құрастырманы дұрыс орналастыру жарнамалық бюджеттің осы бабының көмегімен сату өсімінің артуына көмектеседі. 
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты: Сыртқы жарнама есебі мен аудитінің ерекшеліктері. 
Зерттеу нысаны «Эталон» жарнама компаниясы болып табылады. 
Міндеттер: 
- Сыртқы жарнама құрылғысын дайындау түрлері мен тәсілдері, сондай-ақ сыртқы жарнама суреттері дизайнін жасау тәсілдері мен идеялары. Алынған білімдер сыртқы жарнама құралдарымен әрі қарай жұмыс жасауда қолданылады. Бұл үшін сыртқы жарнама нысандарын жасау түрлері мен тәсілдерін сипаттаған отандық және шетелдік авторлардың бірталай теориялық әдебиеттері зерделенді. 
- Компанияның жарнама-ақпараттық жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық аспектілерін зерделеу; 
- «Эталон» жарнамалық агенттігінің жарнамалық шығындар есебін ұйымдастыруын көрсету; 
- Жарнамалық шығындар аудитін ұйымдастыру ерекшеліктері; 
- «Эталон» компаниясының кешенді жарнамалық қызметіне талдау жасау. 
Осы дипломдық жұмыста мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) сыртқы жарнаманы орналастыру объектiсi – сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi орнатылған (бекiтiлген) үйлер мен ғимараттар, өзге де құрылыстар, сондай-ақ жер учаскесі; 
2) салынып жатқан объектiнiң паспорты – құрылыс салудың аумақтық ережелерiне сәйкес құрылыс алаңдарында орналасқан ақпараттық қалқан және тек осы объектiнiң паспорттық деректерi бар: объектiнiң кескiнi мен атауы; мердiгерлiк құрылыс ұйымының атауы; лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi; құрылыстың мерзiмi туралы мәлiметтер; құрылыс жетекшiсiнiң – жұмыс жасаушының тегi және аты-жөні; 
3) өтiнiш берушi – берiлген елдi мекенде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға ниетi бар және Ережелермен белгiленген шарттарды қабылдауға дайын мүдделi жарнама берушi (жарнама жасаушы, жарнама таратушы не өзге де жарнама берушi сенiм бiлдiрген адам); 
4) рұқсат беретiн құжаттама – өтiнiш берушiге жергілікті атқарушы органдар беретін және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру жөнiндегi оның ойын iске асыруға және жарнамалық ақпараттың таралуына құқық беретiн құжаттар. Рұқсат беретiн құжаттама мыналарды қамтиды: 
ведомстволық бағыныстағы жер учаскесінің аумағын жеке тұрған сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыруға беру немесе қосымша беру (бөлiп беру) туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмi не өтiнiш берушiнiң меншiк немесе жер пайдалану құқығында болатын учаскені осы мақсатқа пайдалануға арналған рұқсат; 
қосымша жер учаскесін берумен (бөлiп берумен) байланысты емес не байланысты сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін орналастыруға және (немесе) орнатуға арналған рұқсат; 
құрылысы орналастырумен және (немесе) орнатумен байланысты сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсi бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға арналған рұқсат; 
жарнама берушiлермен (жарнама таратушылармен) жарнама объектiлерiн орналастырушы меншiк иелерiнiң (жер пайдаланушының), кондоминиум объектiсiн басқару органының (басқарушының) не өзге де заттық құқықтарға ие тұлғаның арасындағы күшiне енген шарт; 
5) бастапқы материалдар – сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін орналастыруға жер учаскесін, үйлердi, ғимараттарды немесе өзге де құрылыстарды пайдалану, инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық жағдай жасау, аумақты инженерлiк жағынан дайындау шарттары, абаттандыру мен көгалдандыру жөнiндегi регламенттер, жарнама объектiсiнiң тұрған орны және мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының деректерi жөнiндегi басқа да көмекшi құжаттар немесе мәлiметтер бар құжаттар. Елді мекенге осы объектіні орналастырған кезде жарнама объектісінің үлгісіне (нысанына, түріне) және бастапқы материалдарға қажеттілігіне байланысты бастапқы материалдар жеке немесе жиынтық түрде ресімделуі мүмкін.

Категория: Дипломдар | Добавил: Frenzy (13.12.2012)
Просмотров: 1718 | Рейтинг: 2.2/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4008
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!