Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Еңбек

Белдемшені модельдеу
Белдемшені модельдеу.
Білімдік: белдемшені модельдеу әдістерімен таныстыру, таңдап алған белдемше фасонын модельдеуге үйрету; тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамассыз ету.

Дамытушылық: модельдеу саласында алған білімдерін дамыту, жұмыс істеу әдіс- дағдыларын дамыту; қиялындағы фасонды қағаз бетіне сурет қып түсіре білуге, қиялдай білуге үйрету.
Тәрбиелік: жұмыс тәртібін сақтау; еңбекті бағалауға үйрету; еңбек және тұрмыс гигиенасы ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу; өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: оқулық, модельдеу бойынша кестелер, дәптер, белдемшенің 1:4 масштабындағы бөлшек қимаүлгілері, сызғыш, пішу үшін қажет сызба, қалам, түрлі түсті қағаз, қайшы.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру, қатыспағандарды белгілеу. Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар.
А) Сендер «модельдеу» терминін қайдан кездестірдіндер және ол нені білдіреді?
Б) «Фасон» дегеніміз не? Мысалдар келтіріндер.
В) Бұйымдарды қалай өңдейді?
С) Бұйымдардың бөлшектерімен пішіні және түр-түсі өзара үйлесуі керек пе ? Мысалдар келтіріндер.
II. Жаңа материалды баяндау. Оқушылар жасалған сызбалар базасында маусымдық сән үрдестеріне сәйкес модельдеу дағдыларын жетілдіреді. Түрлі киім модельдерін (сән журналдарын), маталарды, киімге арналған фурнитураларды пайдалана отырып, сәндегі бағыттарды көрсетеді. Киімнің дамуы өндірістің, техниканың дамуымен, қоғамның әлеуметтік жағдайымен байланысты екендігін атап айту. Алдыңғы бөошек, артқы бөлшек, белдік және т. б. пішіндерін қалай өзгертуге болатынын түсіндіру және көрсету.
Киімді модельдеудегі үш негізгі принципі
1. Киімнің адамның сыртқы және ішкі кескініне сәйкес болуы;
2. Арнаулы киімдердің мақсатқа сай, қолдануға ыңғайлы болуы;
3. Киімнің қолданылатын аясына, түріне пайдаланылатын материалдың сәйкес болуы.
Киімді модельдеу – бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі. Киімді модельдеумен суретші-модельер айналысады. Модельер адамның денебітімін, оның пропорциялары мен пластикаларын, сондай-ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімдік заңдары мен ережелерін, пішім сызықтарын, әрлеуді білуі керек. Қосымшалар мен безендірулерді, сондай-ақ тігін ісінің технологиясын жақсы ажырата алуы қажет.
Модельдеудің мақсаты және міндеті – қоғамның дамуына сәйкес әдемі, қолайлы киімдер жасау. Сән мен костюм әрқашанда стиль мен дәуірді бейнелейді.
Стиль – киім мәдениеті саласындағы маңызды ұғым. Киімге байланысты үш негізгі стильді ажыратуға болады: классикалық (келісті әрі сәнді); спорттық (қозғалысқа, белсенді демалыс пен жұмысқа қолайлы); романтикалық немесе фантазиялық.
Костюмдер тарихи дәуірге байланысты өзгеріп отырған.
Бұйым дайындалатын үлгіні жасап шығаруды «модельдеу» дейді. Ертеректе модельдеуді сәнмүсінге (манекенге) немесе тұлғаға (фигураларға бөлшектерді шындау) өлшеп жасаған. Алайда мұндай модельдеуге мата көп жұмсалатындықтан ол өте тиімсіз болды. Оның үстіне адамдардың бәрінің тұлғалары бірдей емес, ауытқулар бар, сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде модельдеу арқылы матаның адам денесіне, бет-бейнесіне қонымдылығын, үйлесімділігін алдына ала білуге болады.
Модельдегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтелеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш көлденең және бойлық жіптер (долевой нити) бойымен орналасуын да осылай тексереді. Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуға да болады.
Модельдеу адамдардың талғамын тәрбиелейді, адамның сұлулығын арттырады. Киім кию арқылы адам өзінің сыртқы көрінісін өзгертіп, әдемілейді, кем-кетігін жасырып, өзін тартымды, сымбатты етіп көрсете алады. Модельдеу көпшіліктің қолынан келетін іс. Кез келген адам өзінің қиялын жүзеге асырып, әдемілік туралы түсінігін жеке шеберлігі арқылы көрсетуіне болады. Өз дәуіріміздің бет-бейнесіне сай сәнді киімдер жасауға болады. Француздың белгілі суретші-модельері Пьер Карден «Мен сәнді көшеден аламын да, оны кері қайтарамын», – деген екен.
Модельдеу – жаңа модельдегі киімдерді шығару, жаңа пішімдерді ойлап табу, бұрынғы киімдерге конструкциялық және әшекейлік сызықтар енгізіп өзгерту.
Конструкциялық сызықтар – бөлшектің негізгі пішімін жасайтын және бұйым бөлшектерін (артқы бөлшек, алдыңғы бөлшек, белдік) қосатын сызықтар болып табылады.
Әшекейлік сызықтар тек қана бұйымды әшекейлеуге арналған. Әшекейлеу сызықтарына әр түрлі өңдеу сызықтары жатады: бүкпесіндер, қатпарлар, бүрмелеу, кестелеу, шеттіктер, өңдеу тігістері, т. б.
Модельдеудің екі түрі болады:
көркемдік (шығармашылық);
техникалық.
Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің, тігін фабрикалары эксперименттік лабораторияларының суретші-модельерлері айналысады. Олар сән бағыттарын, модельдің кімге арналғанын, оның қызметін, қандай матадан жасалатынын, өндеу түрлерін, модельдің түр түсін таңдауды, ұсақтүйекті (фурнитураны) аксессуарларды ескере отырып, бөлшектер коллекцияларын жасайды.
Техникалы модельдеу дегеніміз – нобайлар, суреттер, фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер – конструкторлар шұғылданады. Олар модельдің нобайына байланысты сызбаның жекелеген бөлшектерін өзгертеді. Техникалық модельдеу жұмысын бастау үшін, біріншіден, модель эскизімен мұқият танысу қажет. Екіншіден, эскизбен сәйкес келуі үшін алдыңғы және артқы бөлщектердің қай тұстарын, сызбаның қай бөліктерін өзгерту керек екенін анықтау керек. Үшіншіден, фасондық сызықтар енгізіп, төртіншіден, пішімдерді қию қажет.
Белдемше сызба құрылымын негізге ала отырып, әр түрлі белдемше модельдеуге болады.
Сонымен, модельдеу – бұл жаңа модельдерді жасаудың шығармашылық процесі.
4. сабақтың практикалық бөлігі. Кіркспе нұсқау. Консрукциялы сызбаға өзгерістер енгізу арқылы белдемше модельін жасау.
Модельдеу бөлшектерге өзгерістер негізу әдістері көрсетілген нұсқаулық карта бойынша орындалады.
Жаңа материалды пысықтау.
Модельдеу дегеніміз не?
Модельдеудің қандай түрлерін білесіңдер?
Белдемше бөлшектерін ауыстыруға болатын сызықтарды атап шығыңдар.
Қортынды. Бұйым негізі сызылған сызбаны және қосымша модельдеу элементтерін пайдалана отырып, әр түрлі белдемше бұйымдарын тігуге болады.
Баға қою. Үйге тапсырма беру.
Категория: Еңбек | Добавил: nauriz (10.12.2012)
Просмотров: 4218 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4014
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 3
Қонақтар: 3
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!