Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Еңбек

Құрастырмалы өрнек
Құрастырмалы өрнек. « Қазақ ою – өрнегі құрастырмалы өрнегігің орындалу жүйелілігі ».
Сабақтың мақсаты. Матадан жасалған құрастырмалы өрнекті орындаудың техникалық шарттарымен және дағдыларымен таныстыру.

Сабақтың міндеті. Құрастырмалы өрнек, құрастырмалы өрнектің түрлері және оның технологиясы, матадан жасалған құрастырмалы өрнекті қолдану.
Сабақтың тәрбиелік мәні. Оқушыларды көркемдік танымға, жұмысты орындау кезінде ұқыптылық пен дәлдікке, жасалатын бұйымға ықтияттылықпен қарауға тәрбиелеу.
Дамыту. Инешаншымдардың көмегімен құрастырмалы өрнекті жасау дағдысын қалыптастыру, құрастырмалы өрнек үшін мата мен жіптерді таңдай білуге үйрету. Ойлау қызметін дамыту.
Көрнекі құралдар және дидактикалық материалдар.
Инешаншымдармен тігім түрлері, олардың графикалық бейнесі көрсетілген кесте.
Құрастырмалы өрнекте қолданылатын тігістерді орындау әдістерін графикалық бейнелеу: «алға инеге» тігісі, «артқа инеге» тігісі, ілгекті тігіс, сабақты тігіс, тамбур тігісі немесе «алқа», барқыт тігісі немесе «лақша». « Гүлді шеңбер және гүлдердің үйлесуі», «құрастырмалы өрнекті киімде және тұрмыста қолдану» кестелері. Маталардың үлгілері (қиық), жіп үлгілері, мулине, жібек мата, мақта – мата, люрекс.
Құрастырмалы өрнек жасауға арналған нобайлар.
Тақырыптың практикалық мәні. Құрастырмалы өрнек – сәндік – қолданбалы өнердің кең тараған түрі. Құрастырмалы өрнекпен сәндік функцияны, мысалы, қабырға панносының алуан түрлері мен еркін коипозицмяны ғана емес, сонымен қатар улитар функцияны да, сөмкелер, зат жапқыштар, жастықтар, қабырға мен еден кілемдерін де жасай алады.
Әр түрлі сюжеттерге, сондай – ақ жеке бұйымдарға тақырыптық композициялар жасауға болады.
Сөздік жұмыс. Құрастырмалы өрнек, гүлді шеңбер, суық, жылы, хроматикалық түрлер, қарсылас түстер, ашық түс.
Техникалық – технологиялық деректер. Қол тігіншілері, құрастырмалы өрнек туралы түсінік, құрастырмалы өрнек, гүлді шеңбер және гүлдер үйлесімділігі туралы түсінік, заттық құрастырмалы өрнекті жасаудың технологиясымен таныстыру, өзін – өзі және бірін – бірі бақылау.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Сабаққа дайындықты тексеріп, қатыспағандарды белгілеу.
Үйге берілген тапсырманы тексеру. өткен материалды қайталау.
1. инешаншымдар мен тігімдер түрлері.
2. қолмен жасалған қандай инешаншымдар уақытша, ал қандай инешаншымдар тұрақты?
3. қол тігімдерінің графикалық белгіленуі.
4. инемен, түйреуішпен, қайшымен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтау.
1 – 4 сыныптарда өткен материалды қайталау.
Сұрақтардың қортындысын шығару, баға қою.
Жаңа тапсырмаман таныстыру. Сабақтың мақсатымен және сабақ міндеттерімен таныстыру. Инешаншымдар мен тігімнің көмегі арқылы заттық құрастырмалы өрнек жасауға үйрету. Құрасытырмалы өрнек түрлерімен таныстыру. Құрастырмалы өрнекке арналған мата мен жіптерді гүлдік үйлесіміне сәйкес дұрыс таңдай білуге үйрету. Практикалық жұмыста заттық құрастырмалы өрнек жасайды.
Тұрмыфстық заттар, киімдер қолайлы әрі іске ыңғайлы ғана болып қалмай, эстетикалық, көркемдік талғамға да тәрбиелеуі керек. Сәндік қолданбалы өнер бұған толығымен көмектеседі. Сұрақ. Сәндік қолданбалы өнердің қандай түрлерінің көмегімен тұрмыс заттарын, киімдерді безендіреді (макраме, кестелеу, маржан ілу, тоқу, иіріп тоқу, батик және т. б. , құрастырмалы өрнек)?
Құрастырмалы өрнек түсінігі. Аппликация (латынның жақын қою деген сөзінен шыққан) дегеніміз – құрастырмалы өрнекті матаға немесе материалды әр түсті бөлік қағаздарға желімдеу, тігу арқылы көркем бейне жасау, яғни осындай әдіспен жасалған бейне, өрнек.
Әр отбасында драптан, шұғыдан, киізден жасалған үлкендер мен балардаың пайдаланбайтын киімдерін қайда қою керектігі туралы проблеманың туындауы сөзсіз. Ал бұл бұйымдарды пайдаланудың мүмкіндігі сан алуан әрі қызықты түрлі түсті, жақсы сақталған, әр түрлі қиылған материалдардан ірі ашық композициялы шағын сәндік бұйымдар жасауға болады, жұмсақ және иілгіш құрақтар құрастырмалы өрнекке бедерлі, тіпті көлемді пішін береді.
Қолға түскен құрақтардың көлемі мен сапасына байланысты әр түрлі суреттер салуға, өрнек немесе геометриялық, еркін, жинақы элементтер жасап, жұқа бояу жүгіртіп, белгілі бір бейнелер жасауға болады.
Құрастырмалы өрнек әдістерін пайдалана отырып, әр түрлі сюжетті тақырыптық композициялар құрауға да болады. Стильдері бірыңғай, түрлі түсті бояуға малынып жасалған қабырға кілемі немесе диван жастықтары демалыс бұрышын әдемілеп тұрса, төсекжапқыш және біркелкі матадан жасалған перделердегі өрнекті жиектер жатын бөлмеге сән беріп тұрады.
Өз қолымен құрастырып жасаған алғашқы заттарға құптау алған соң, оны жасаған шебер тағы да бір нәрсені қолға алғысы келеді. Құрақпен жұмыс істеу мен құрастырмалы өрнек жасаудың сәндік – қолданбалы өнердің басқа көптеген түрінен айырмашылығы ешқандай ерекше құралдарды қажет етпейді. Оған қолмен тігудің алғашқы дағдылары жеткілікті.
Кіріспе нұсқау. Жаңа материалды оқып үйрену.
Құрастырмалы өрнек пайдаланған материалға байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
- матадан жасалған құрастырмалы өрнек (өңдеу матасы ретінде атлас, жібек, барқыт, парча, трикотаж, тюльді пайдалануға болады);
- былғарыдан жасалған құрастырмалы өрнек (табиғи былғарыны да, жасанды былғарыны да пайдалануға болады);
- қағаздан, фольгадан жасалған құрастырмалы өрнек;
- үйреншікті емес материалдан жасалған аралас құрастырмалы өрнек (жіптер, өсімдік шемішкелері және т. б.).
матадағы құрастырмалы өрнектер жасалуына қарай мынадай топтарға бөлінеді:
- геометриялық және өсімдік тәрізді құрастыру өрнектері;
- ішкі құрастырмалы өрнек;
- жай беткі жағындағы құрастырмалы өрнек;
- түсіру құрастырмалы өрнегі;
- көлемді құрастырмалы өрнек.
Гүлді шеңбер түсінігі. Гүлдер үйлесімдігі. Құрастыру кезінде гүлдердің ыңғайлы үйлесімділігін таңдай білу керек. Барлық гүлдерді охроматикалық (ақ, қара және қоңыр түстің барлық белгілері) хроматикалық (спектральдық, түссіз) түрлерге бөледі. Хроматикалық түрлерді жылы және суық түстерге ажыратады. Жылы түстерге: қызыл, сары, қызғылт сары түстер жатады. Суық түстерге: көгілдір, көк, жасыл түстер жатады.
Жаңа материалды сұрақтар қою арқылы пысықтау.
1. құрастырмалы өрнектің қандай түрлерін үйрендіңдер?
2. қосу құрастырмалы өрнегі көлемді құрастырмалы өрнегінен қалай ерекшеленеді?
3. мына суреттерде құрастырмалы өрнектің қандай түрлері бейнеленген?
Жұмыс қортындысын шығару.
Практикалық жұмыс. Матадан құрастырмалы өрнектер жасайды.
Ағымдағы нұсқау. Қимаүлгілердің ауыстырылуын, мата қиықтарының дұрыстығын, сондай – ақ тігістердің дұрсытығын тексеру. Өзін – өзі және бірін – бірі бақылау.
«Алма», «Алмұрт» құрастымалы өрнектерінің жасалу жүйелілігі.
Дәптерге бөлшектер санын жазады. Бұл құрастырмалы өрнектердің жоғарғы бөліктері 2 бөлшектен, ортасы 2 бөлшектен, шемешке 4 бөлшектен, № 1 жапырақ 1 бөлшектен, № 2 жапырақ 1 бөлшектен тұрады.
Қимаүлгілерді ауыстырып, матаны пішеді, жоғарғы бөліктің 2 бөлшегі мен ортасының 2 бөлшегін қосақтап « инеге қарай артқа» тігісімен көктеп тігісті үтіктейді. «Шемешке» 4 бөлшегін қосақтап айнада көрінетіндей етіп ортасына қарай сабақты тігіспен көктейді. Ортасын жоғарғы бөлігіне барқыт тігіспен көктеп тігеді.
Жұмыс қортындысын шығару. Бағалау. Жұмыс орнын, кабинетті жинастырады.
Категория: Еңбек | Добавил: nauriz (10.12.2012)
Просмотров: 3936 | Рейтинг: 2.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!