Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Еңбек

Стиль, сән және костюм туралы түсінік
Стиль, сән және костюм туралы түсінік
Мақсаты. Сән туралы түсінік беру. Терминдік сөздердің мағынасын түсіндіру. Әсемділікке тәрбиелеу, танымдық қабілеті мен оқуға деген қызығушылықты дамыту.
Материалдық – техникалық жабдықтау. Мода журналдары, оқушылардың сабақтан тыс оқуына арналған әдебиеттер.

Сабақта қолданатын әдістер. Материалды әңгімелесу арқылы пысықтау. Мұғалімнің бақылауы бойынша өздігінен жұмыс істеу.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Сабаққа дайындықты тексеріп, қатыспағандарды белгілеу. Үйге берілген тапсырманы тексеру. өткен материалды қайталау.
жиек торлайтын тігін машиналары не үшін қолданылады?
жиек торлайтын тігін машинасының қандай тетіктері бар?
жиек торлайтын тігін машинасының қайығының инешаншымды машиналардан ерекшілігі неде?
Электр үтігімен жұмыс техника қауіпсіздігі ережелерін қайталау.
Сабақтың барысы.
Сабақтың мақсатымен және сабақ міндеттерімен таныстыру.
Сән ( modus деген латын сөзі) – өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік құбылыс. Киім – бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнекәсіптің әр түрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.
Археологиялық қазбалар нәтижесі киімнің қарапайым түрі көне палеолит дәуірінде пайда болғанын анық дәлелдейді. Бұл дәуірде тек тікелей табиғаттан алынатын өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық, не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Бұл кезеңде костюм сыртқы ортаның әсерінен қорғайтын қабыршық рөлін атқарған. Неолит дәуірінде ең қызығы сол – әлі күнге дейін өзінің өзектігін жоймаған киімнің негізгі үлгілері пайда бола бастады. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеметтік, мүлікткі белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерді көрсетеді.
Костюм (франц. сostume – «киім – кешек») – белгілі бір ұлттың, дәуірдің, сословияның тұрақты киім үлгісі. Костюм әр дәуірдің эстетикалық идеалын көрсетеді.
«силуэт», «пішін», «пішім», «пропорция», «стиль» деген түсініктермен таныстыру.
Силуэт (siluett деген француз сөзі) – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ, т. б.) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні. Силуеттің мынадай түрлері болады: тік силуэт, белдес стлуэт, сопақ силуэт, X – силуэт, трапеция силуэт, жартылай жантайған силуэт.
Пішім – бұйымның ойластырылған үлгісін жасауға мүмкіндік беретін пішім сызықтары (бел сызығымен кесілген көйлек, реглан үлгісіндегі жеңдер, драпталған көкрекше, тұтас пішілген жең және т.б.).
Пропорция – көйлектің ұзындығы мен енінің, жакеттің ұзындығы мен белдемше ұзындығының, бұйымның тұтас көлеміне қарай әр бөлшек мөлшерінің арақатынасы.
Стиль (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде бірнеше – классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық) стильдер болады.
Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильдегі заттар – ағылшын жакеті, тік тар белдемше, ерлердікі секілді шалбарлар және т.б. оған ғасырлар ең тұрақты, «таңдамалы», «сәннен тыс» өзгермейтін сән үлгілері жатады.
Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады.
Спорттық стиль –(спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер).
Фольклорлық стильді этникаль (этникалық) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Фольклорлық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді. Онда ұлттық құрастырмалы ою – өрнек, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланады. Бұл стильге жататын киім түрлі халықтың және дәуірдің ұлттық рухын бейнелейді.
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельлер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап, дамытуда, көненің құндылықтарын біздің замандастарымызға жеткізуге тырысады.
Қазіргі заман тұрмыстық киім стилі, өзінің таза көрінісін сирек қолданады. Көбінесе стильдердің араласуы кездесіп отырады. Бұл құбылыс электика деп аталады.
Орта ғасырларда тігу техникасы жетіле түсті.бұл дәуірдің костюмінде тұңғыш рет қосылып тігілген жең және бүрме пайда болды. Тар иықты, белі жоғары, өзі ұзын көйлек және тар ұзын белдемше, биік баскиім әйелдер костюміне ұзарған силэтті әсер берді. Ал ерлеркиімі туниканың бұрынғы сипатын сақтап, өте тар болды. Ортағасырлық даму кезіңінің киім силуэтіне тән кескін – созылған үшкір пропорциялар. Конус сипатты бас киімі ұзын биік башняны еске салады.
ХVII ғасырда біртұтас әлемдік көркем мәдиенеттің контурлары жоспарланады. Өнерде екі жаңа стиль – Барокко және классицизм туындайды. Барокко стилі өте салтанатты және сәнді. Ал ғимараттар бейнелі және мүсінді, (қабырғалары бедермен безендірілген, бұрқақтары статуэтка түрінде жасалған қуыстар мен текшелерге мүсіндер қойылған, т. б.), интерьлерлері жарық монорлы түстерге толы, (алтындандырылған күрделі безендірулер, үйдің төбесі өрнектелген, қабырғаларына айналар ілінген (хрустальды аспа шамдар, көптеген жабыстырмалы әшекейлер). Осыған байланысты Барокко дәуірінің костюмі бүтіндей сарайлық этикетке бағынышты болды. Костюмдер өте көп безендірулері бар салтанатты және кең етіп тігілді.
Костюм – өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін көрсетеді. Сонымен, адам қоғамда этикетке, ал костюм өз кезегінде дәуірдің стиліне бағынышты. ХVIII ғасырда жаңа рококо (фрнац. «раковина» таңғажайып түрлі әшекей) стилі пайда болады. Рококо – сәнді, нәзік, кейбір сезімталдық, нақыштық, майысқақтық белгіні алып жүретін сәндік стиль. Бароко стиліндегі киімдермен салыстырғанда, рококо стилінің киімдері көп өзгеріске ұшырамады.тек сызықтары бұрынғысынан да көріктірек, мәндірек болды.
Ал қазіргі заманғы костюмдерді шартты түрде қарапайым геометриялық мүсіндерге жатқызуға болады.
«Түзу» силуэт өзінің ерекшілігі бойынша тіктөртбұрышқа немесе шаршыға жақындау. «Трапеция» силуэті үстіңгі жағы тар, төменгі жағы кең трапецияны елестетеді. «Үшбұрыш» силуэті төменгі жағы үшкірлеу келеді де, үстіңгі жағы кеңейіп кеоген үшбұрышқа жақын. «Сопақ» және «Жартышар» силуэттері геометриялық сопақ мүсінді елестетеді. Бұл силуэттерді екі геометриялық фигуралардың қосындысы деуге де болады: жартылай сопақ және төменгі бөлігі төртбұрыш.
Бұйымның ұзындығы мен енінің арақатынасы, бұйымның жалпы көлеміне қарай әрбір бөлшектің өлшемі келесі бөлщектің өлшеміне байланысты алынады. Мысалы: үсті қысқа, төменгі жағы ұзын; үстіңгі жағы ұзын, төменгі жағы қысқа; үсті мен төменгі жағы бірдей.
Костюмді композициялауда түс үлкен рөл атқарады. Түсті дұрыс қолдану киім моделін жасауда көп көмегін тигізеді.
Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл – спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады.
Оқушылар түстер үйлесімділігін көз алдарына келтіріп, елестете алуы керек.
Әйелдердің жеңіл киімдерін жіктеу және сипаттау.
Әйелдердің жеңіл киімдері көйлектерден, белдемшелер мен блузкалардан, белдемшелер мен көкрекшелерден, бешпенттерден, блузкалар мен жеңсіз көйлектерден тұрады. Қазіргі заманғы киімдерді шалбарсыз елестету мүмкін емес. Бешпент, блузкамен немесе көкрекшемен үйлесе тігілген шалбарлар әйелдер гардеробының ажырамас бөлігі болып табылады.
Әйелдер киімін қолданылуына қарай; тұрмыстық, спортық, әр түрлі арнайы киімдер, сахналық киімдер болып бөлінеді.
Тұрмыстық киімдерді екі тәсілмен өндіреді. Тігін өнеркәсібі жүйесінде немесе – ателье, нақты тапсырыс берушінің талаптарын есепке ала отырып, жеке тігуге болады.
Жаңа материалды сұрақтар қою арқылы пысықтау.
Зертханалық жұмыс. Тарихи дәуірлерге байланысты костюмге сипаттама беру.
Құрал – жабдықтар мен материалдар: қаламсап, дәптер, өшіргіш, нұсқаулық карталар.
Жұмыс барысы
Нұсқаулық картамен танысыңдар.
Кез келген бір дәуірдің костюмін таңдаңдар.
Костюмді жазбаша сипаттаңдар.
Сол дәуірде қандай түстер сәнді болғанын айтыңдар.
Шашты қалай сәндегенін атаңдар.
Костюмнің ерекшелігін атаңдар.
Ағымдағы нұсқаулық.
Жұмыс орнының ұйымдастыруылуын тексеру;
Жұмыс тәсілдерінің орындалуын тексеру;
Үлгірімі жақсы оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.
Пысықтауға арналған сұрақтар
«Сән», «костюм», «киім» ұғымдарына анықтама беріңдер.
Костюмнің стилі дегенімізді қалай түсінесіңдер?
Классикалық стиль дегеніміз не?
Спорттық стиль дегеніміз не?
Романтикалық стиль дегеніміз не?
Жұмыс қортындысын шығару. Баға қою. Үй тапсырмасы. Жұмыс орнын кабинетті жинастырады.
Категория: Еңбек | Добавил: nauriz (10.12.2012)
Просмотров: 5531 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!