Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Еңбек

Тігін бұйымдарының сызбасын жасау үшін өлшем алу
Тігін бұйымдарының сызбасын жасау үшін өлшем алу.
Сабақтың мақсаты: өлшем алу машықтарын жетілдіру.
Міндеттер Білімдік: жеңіл иық бұйым түрлерімен таныстыру; денебітімдерді өлшеу туралы білімдерін жетілдіру, денебітімдер өлшемдерінің қосымша кеңдігін ажырата білуге үйрету; оқушыларды жаңа өлшемдерді алу ережелерімен және бағыттарымен таныстыру; тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамассыз ету.

Дамытушылық: білім біліктілерін жетілдіру; материалды есте сақтау қабілеттерін дамыту; талдау жасауға және ЖКаI және ЖкаII өлшемдерін алу ережелерін анықтай білуге үйрету.
Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтау; өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдістері
- Түсіндірмелі – суретті (әңгіме, дидактикалық материалмен жұмыс, көрсету), репродуктивті; Жартылай ізденіс; Нұсқаулық; зертханалық, өз бетінше жұмыс.
Оқыту құралдары: табиғи объектілер, көрнекі құралдар;
эмоционалды-шығармашылық қызығушылық, жұмысқа қанағаттанушылық.
Көрнекі құралдар мен құрал-жабдықтар: оқулық, өлшем алу ережелері, нұсқаулық карталар, иық киімінің үлгісі, сантиметірлік таспа, дәптер.
Еңбек обектісі: сәнмүсін, сантиметірлік таспа.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Жаңа тақырыпты баяндау. Өлшем алу.
Суреттен иық бұйымдарын көрсету. Конструкциялау туралы және пішім дайындауда қолданатын әдістер туралы әңгімелеу.
Оқушылардың назарын өлшемді дұрыс алу мен сызба негізін жасауға ғана емес, сонымен бірге дайын пішімдерді дұрыс таңдау, өз өлшемдеріне қарай оларды тексеруге және өңдеудің маңызды екендігіне аударады.
Матаны пішіп пішімдер лау үшін алдын ала сызбалар дыйындайды. Пішімдер жасау – өте жауапты операция. Ол үшін тігін бұйымының қандай бөлшектерден тұратынын және өлшемін дәл білу керек.
Пішімді дайындаудың бірнеше әдісі бар: есепті-графикалық жүйе және макет жасау, муляжды әдіс, яғни матаны сәнмүсінге немесе денебітімге түйреу. Соңғы әдіс күрделі пішімді киім моделдерін жасағанда қолданылады. Бұл үшін алдын ала макет жасайтын матаға пішім жасайды, конструкциялайды, керек болса, өзгерістер енгізеді. Көптеген есепті-графикалық жүйе әдістері үшін кез келген пішімнің негізі сызба болып табылады. Мұндағы өлшемдер стандартты денебітімге арналады.
Киімді конструкциялауда негізгі операциялардың бірі «өлшем алу» болып табылады. Киім тігу үшін алдын ала өлшемін алу керек. Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптеріиен белгілейді. Мысалы, айналым – А, жартылай айналым – Жа, ені – Е (кеуде ені – Ке), биіктік – Б, ұзындық – Ұ. Бас әрәптің оң жағындағы әріп өлшем бөлшектерін көрсетеді. Мысалы, жартылай бел айналымы – ЖБа, жартылай мықын айналымы – ЖМа, иықтың қиғаш биіктігі – ИҚб.
Өлшем алғанда белді белбеумен алдын ала буып алады. Денебітімнің шығыңқы тұстарында (кеуде бездері, мықын айналасы) таспаны көлденең жағдайда ұстайды. Сантиметірлік таспаны қатты тартып ұстауға немесе бос ұстауға болмайды.
Оқушылар адамның денебітімінің конструктивті сызықтарын еске сақтауы керек. Үлестірмелі материал немесе жұмыс дәптерлерін қолдана отырып, оқушылар өз дәптерлеріне түзу көйлек сызбасын жасауға қажетті негізгі конструктивті сызықтар мен өлшемдерді жазады. Оқушылар иық бұйымдарына қойылатын талаптарды ескереді.
Пысықтауға арналған сұрақтар
1. Өлшем алудың қандай ережелерін білесіңдер?
2. Жеңіл иық бұйымдарына қойылатын талаптарды атаңдар.
Зертханалық жұмысты орындау үшін кіріспе нұсқаулық.
- Тапсырманы орындау (өлшем алу ережесін еске түсіру).
- Өзіндік және зертханалық жұмысты ұйымдастыруға арналған нұсқаулық.
Зертханалық жұмыс. Өз денебітімінің өлшемін алу.
Жұмыс барысы
1. Нұсқаулық картамен танысыңдар.
2. Өлшем алып, кестені дәптерлеріңе сызып толтырыңдар.
Өлшем аттары Әріппен белгіленуі Өлшем орындары Өз өлшемдерін алу
Ағымдағы нұсқаулық. Зертханалық жұмысты оқушылар топ – топқа бөлініп орындайды. Қыздар бір-бірінің өлшемін алып үйренеді. 3-кестені дәптерлеріне жазып толтырады.
- жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру;
- зертханалық жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру;
- техника қауіпсіздігі ережесін сақтау;
- үлгерімі жақсы оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.
Материалды бекіту. Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Жартылай мойын айналымы қалай белгіленеді?
2. ЖМа өлшемінің қолданылуы? Бұл өлшем қалай алынады.
3. ЖБа өлшемінің қолданылуы?
4. Албұ өлшемінің қолданылуы?
5. Арбұ өлшемінің қолданылуы?
6. Бұл өлшем қалай алынады?
7. ЖМойа өлшемі қалай алынады?
8. Арбұ өлшемі қалай алынады?
9. Бұ өлшемі қалай алынады?
10. ЖкаI, ЖкаII өлшемі қалай алынады?
Соңғы нұсқаулық.
- Сабақты қортындылау. Қателіктер мен оның себептеріне талдау жасау.
- Баға қою.
Категория: Еңбек | Добавил: nauriz (10.12.2012)
Просмотров: 3160 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4014
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!