Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Еуразияшылдык

ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ ҒАЛЫМДАР - Н.С.ТРУБЕЦКОЙ МЕН П.И. САВИЦКИЙДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Мақсаты: Н.С. Трубецкой мен П.И. Савицкийдің еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясын қарастыру.

 

1. Н.С. Трубецкойдың өмірі және ғылыми еңбектері.

2. П.И. Савицкийдің творчестволық және өмір жолы.

 

    Негізгі түсініктер: «Тұран элементі», классикалық еуразияшылдық.

1. Трубецкой Николай Сергеевич1890-1938 жж.- шетел орыстарының әмбаба ойшылдарының бірі, ірі лингвист, филолог, тарихшы, саясаттанушы. 1890 ж. Мәскеуде Мәскеу университетінің ректоры отбасында дүниеге келген. Әкесі атақты профессор, филолог Н.Трубецкой. Бұл отбасы ерте кездегі князь Гедиминович әулеті ұрпақтарынан. Отбасы жағдайы оның ерте уақыттан ғылыммен айналысуына ықпал еткен. Гимназияда оқи жүргенде этнография, фольклористика, тілтану, тарих және философиямен айналысады.

1908 жылы Мәскеу университетінің тарих-филолог факультетіне оқуға түседі. Осы кезде, сондай-ақ, философиялық-психологиялық бөлім және батыс еуропа әдебиет бөлімдері сабақтарына қатысқан. 1912 ж. салыстырмалы тіл оқыту мамандығы бойынша тәмәмдап, университет кафедрасына қалдырылады. Лейпцигте младограмматикалық мектеп доктринасын оқыған. Мәскеуге келген соң, Солтүстік Кавказ фольклоры, фин-угор тілі және славян тілдері мәселелері бойынша мақалалар жариялаған. Мәскеу лингвистикалық үйірмесі мүшесі болған. Онда болашақ еуразиялық тақырыбына жақын. Халықтану, этнография, мәдениет тарихы зерттеген. 1917 жылы табысты университетінде еңбек үзіліп, ол Кисловодске кетеді, біраз уақыт Ростов университетінде оқытушылық қызметін атқарған. Праславяндар Батыстан гөрі шығыспен жақын болды деген қағиданы ұстанған.

1920 ж. Болгарияға кеткен. Мұнда София университетінде профессор болған. Осы жылы «Еуропа және адамзат» деген әйгілі еңбегін шығарады. Еуразиялық идеология жасалады. Осы кезде Трубецкойдың ғылыми қызметі екі бағытта дамыды:

  • таза ғылыми, филологиялық, лингвистикалық мәселелерге арналған. Прага үйірмесі, Венадағы зерттеулері;
  • Мәдени-идеологиялық, еуразиялық қозғалысна байланысты зерттеулер жүргізген.

Трубецкой П. Н. Савицкий және П. П. Сувчинский, г. В. Фроловскиймен пікірлес болған.  Өмірінің соңғы кезін Венада өткізген. «Евразийский временник» журналында мақалалар жариялаған. Вена университеті славистика профессоры болды. Австрияны фашистер басып алған кезде оны бірнеше рет гестапо тергеуге алады. Оның қолжазбалары тәркіленіп, жойылған.

Л.Н. Гумилевке П. Н. Савицкийдің берген ақпараты бойынша  Трубецкой князь, ақсүйек болуы себепті тұтқындамаған. Жиі тінту жасалуы Трубецкойдың жүйкесін тоздырып, соңында инфаркт миокардқа ұшыратып, 1938 жылы 48 жасында қайтыс болады.

2. Петр Николаевич Савицкий1895 жылы 15 мамырда Черниговта дүниеге келген. 1968 ж. 13 сәуірде Прагада қайтыс болған. Орыс географы, экономист, геосаяттанушы, мәдениеттану, философ, ақын, қоғам қайраткері, еуразияшылдық көсемдерінің бірі.

Ақсүйектер тегінен. Чернигов помещигі,  земстволық қайраткер, Ресей империясы Мемлекеттік кеңесі мүшесі (1906 ж.) Николай Петрович Савицкийдің ұлы. Гимназияда оқып білім ала жүріп, ғылыми жұмыстармен айналысқан. Ұлы Петр атындағы Петроград политехникалық  институтында экономикалық факультетінде оқиды. Осында оқи жүріп,  Петр Струев жетекшілігімен  ғылыммен айналысқан. Струев арқылы осы кезде кадет партиясының оң қанатында болады. П. Б. Струевтің жетекшілігімен шығарылған «Великая Россия», «Русская мысль» атты журналдарында мақалалары жарияланған. 1916-1917 жж. Норвегияда орыс елшілігінде жұмыс істейді. Ресейге Қазан төңкерісі алдында келген. Бұдан кейін Украинаға кетеді. Бұл уақытта Петлюра әскері құрамында соғысқан. 1919 жылы деникиншілдермен бірге болып, Деникин мен Врангель үкіметтерінде сыртқы істер министрі орынбасары қызметін атқарады. 1920 жылы қалған врангельдік әскерімен Константинопольге кеткен.  Мұнда ол Струвемен бірге «Русская мысль» журналын қайта шығарады. Н. С. Трубецкойдың «Европа и человечество» (София, 1920) атты еңбегінің ықпалында еуропоцентризм тұжырымдамасынан алыстай бастаған. Бұл Струвенің ұлттық-либерализм идеясы негізіне қайшы болды. Ол Трубецкойдың Ресейді «орталық материк» ретінде, яғни Ресей Еуропа мен Азияның ортасындағы- Еуразия деген түсінігіне сайып келді.  Осылайша, П. Н. Савицкий еуразияшылдықтың негізін салушылардың бірі болды.

1920 жылы Болгарияға қоныс аударады.  Ол Софияда «Исход к Востоку. Предчувствия и свершения. Утверждение евразийцев» атты бірінші еуразиялық жинақтың шығарылуына қатысқан. 1921 жылдың соңында Чехословакияға ауысады. Прагадағы орыс заң университетінде приват-доцент болып қызмет жасаған. Орыс халық университетінде, Орыс ауылшаруашылық кооперация институтында, Орыс азат университетінде география және экономика пәндерінен дәріс берген. 1930 жылдары Прага неміс университетінде орыс, украин және ресейтанудан сабақ берген. 1940 жылы Прагада орыс гимназиясының директоры болған. Ол еуразияшылдыққа шаруашылықпен айналысу, экономика тарихы және еуразияшылдық тарихы циклдерінің теорияларының негіздерін жасады. Көшпелілікті оқыту сияқты жаңа ғылымның пайда болуына үлес қосқан. Орыс геосаясатының еуразиялық нұсқасын жасаушы болды. Еуразиялық қозғалысының басқару органдарының мүшесі болған. Атап айтқанда, Үшеудің Кеңесі, Бесеудің Кеңесі, Жетеудің Кеңесі. 1920 жылдары большевиктер биліктен кетеді дегенге сеніп, басқа еуразияшылдармен бірге Ресейге келуді жоспарлаған. КСРО-да еуразияшылдықты таратуға әрекет жасаған. Алайда ОГПУ-дың «Трест» операциясының құрбаны болады. Олар ОГПУ-шілдердің большевиктерге қарсы «жалған» еуразияшылдарына алданып қалады.  1927 жылы «Трест» арқылы КСРО-ға құпия келген.  Бұл кезде ОГПУ жасырын қызметкерлерін білмеген. Сондықтан «Тресттің» әшкереленуі, еуразияшылыдықққа оңдырмай соққы жасады. 1930 жылдары  құрылымдық география жасаумен айналысқан.  Осылайша, Н. С. Трубецкой мен Р. О. Якобсон сияқты лингвисттармен жасалынған еуразияшылыдыққа  құрылымдық әдіс қолданды. Эмиграцияда Еуразиялық партияны құрушылардың (1932) және Эмигранттық қорғаныс қозғалысын жасаушылардың бірі болды. Бұл ұйымдар фашистер басып алған Еуропа мемлекеттерінде нацизммен күресуде үлкен үлес қосқан болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антинацистік үгіттер жасауға қатысқан.  Сол үшін гестапомен қуғындалған.

1945 жылы Праганы Кеңес әскері азат еткеннен кейін СМЕРШ органдарымен бұрынғы ақгвардияшыл ретінде тұтқындалып, ұшақпен Мәскеуге жіберіліп, одан 8 жылға лагерьге айдалған болатын. Мордовияда Дубровлагерьде отырған. 1954 ж. Мәскеу маңына ауыстырылған. 1956 ж.босатылып, ақталған. Мәскеуде қалу ұсынылғанымен, ол одан бас тартып, Чехославакияға кетеді. Онда ол аударма жұмыстарымен айналысады. 1950 ж. Л.Н. Гумилевпен хат жазысып тұрған. 1960 ж. Батыста «П. Восток» бүркеншік есімімен, өлеңдер жинағын шығарған. Лагерьде болған күндері туралы жазады. Алайда сол үшін 1961 жылы ЧКР Мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен ұсталған. Алайда әлемдік қауымдастықтың араласуымен  босатылады. Әсіресе,  британ философы  Бертран Рассель ықпал етті.

Әдістемелік нұсқаулар: П.Савицкий мен Н.Трубецкойдың ғылыми қызметін қарастырғанда еуразияшылдық идеясының мән-маңызына ден қою керек.

 

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Савицкий П.Н. Евразийство.// Основы евразийства – М., 2002. – С.280.
2. Савицкий П.Н. Географические и геополитические основы евразийства // Основы евразийства – М., 2002. – С.298-299.
3. Трубецкой Н.С. Наследие Чингисхана//Европа и человечество. –М., 2000 г. – С.88-90.
 
Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.      Савицкий П.Н. К вопросу об экономической доктрине евразийства//Евразийская хроника. 1926. Вып. 6.

2.      Трубецкой Н.С. Европа и человечество. София, 1920.

3.      Трубецкой Н.С. Об истинном и ложном национализме// 1921. Кн. 2.

Категория: Еуразияшылдык | Добавил: nauriz (31.01.2014)
Просмотров: 2212 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 3922
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!