Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Еуразияшылдык

КЕДЕН ОДАҒЫ ЖӘНЕ БІРЫҢҒАЙ ЭКО¬НО¬МИ¬КАЛЫҚ КЕҢІСТІК: МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

Мақсаты: Кеден одағы мен  Біртұтас экономикалық кеңістіктің еуразиялық ықпалдастықты жүзеге асырудың басты жобалары ретінде мәнін айқындау.

 

1. Кеден Одағының қалыптасуы және дамуы.

2. БЭК: еуразиялық ықпалдастық жобасы.

 

Негізгі түсініктер: Кедендік Одақ, БЭК, ЕурАзЭҚ.

1. 2010 жылдың 1 қаң­та­ры­нан бастап үш ел - Ресей, Бе­ларусь, Қазақстан үшін бір­ыңғай кедендік тариф күшіне ен­ді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас­тап бірыңғай кедендік кодекс ен­гізілетін болады. 2011 жыл­дың ортасынан бастап тауа­р­лар­дың кедендік бақылауы Беларусь Рес­публикасының, ал бір жылдан ке­йін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының сыртқы шекарасына кө­ші­рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «То­­лыққанды және толық ауқым­дағы Кедендік 2011 жылдан бас­тап енгізіледі және Ресей мен Қа­­зақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік жә­не тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз­гертіледі» деп атап көрсетті.

Кедендік одақ 170 млн. адам өмір сүретін ірі рынокты қамтиды. Біздің елдеріміздің өнеркәсібі 600 млрд. долларды, тек мұнайдың жиынтық резервінің өзі 90 млрд. баррельді құрайды. Біздің елдеріміз энергия ресурстары рыногында да әлемнің алпауыт мемлекеттері есептесетін маңызды ойыншыға айналып отыр.

Сарапшылардың бағалауынша, Кеден одағы үш елге 2015 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 15 пайыздан астам өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кеден одағынан келетін жалпы әсер Ресей үшін 400 млрд. доллар, Беларус пен Қазақстан үшін 16 млрд. доллар немесе ішкі жалпы өнімдерінің 14 пайызы.

Кедендік одақтың құрылуына халықаралық сарапшылар да елеулі көңіл бөліп отыр. Мәселен, Ресейдегі «Еуразия мұрасы» коммерциялық емес қорының президенті Елена Яценко: «Кедендік одақтың құрылуы үш ел арасындағы экономикалық байланыстардың жеделдеуіне, тауар айналымының өсуіне ықпал етуі тиіс. Бұл экономикалық кедергілерді алып тастаудың сөзсіз әсері. ЕурАзЭҚ сарапшылары үш елдің өзара саудасындағы кедендік кедергілерді жою 2015 жылы «интеграцияланған үштіктің» ІЖӨ өсуін 15-20 пайызға қамтамасыз етеді деп болжамдайды» деген пікірін жеткізді.

 Кедендік одақ – бұл біздің ықпалдастығымыздың келесі сатысы. Бұған дейін Беларус, Қазақстан, Ресей арасында еркін сауда аймағы жүзеге асқан болатын. Бұл еркін сауда аймағының мәнісі – үш ел арасында нөлдік, яғни кедендік баждың жоқ екендігін білдіреді, ал басқа елдермен әрбір елдің өзіне тән кедендік баж салығы жүйесі болды. Ал ендігі Кедендік одақ нені білдіреді дегенге келетін болсақ, үш ел арасында ешқандай да кедендік баж болмайды, ал үшінші елдерге қатысты барлық кедендік баж салығы бірыңғайланады.

2. БЭК-тің толық көлемде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 2011 – 2015 жылдар аралығында тағы да 55 халықаралық келісімдерді және басқа да құжаттарды қабыл­дап, белгіленген нақты мерзімдеріне сәйкес БЭК қалыптастыратын келісімдер бойын­ша 74 міндетті шаралардың орындалуын қамтамасыз ету қажет.

БЭК-тің құқықтық негізін қалыптасты­ратын келісімдерді шартты түрде алты топқа бөлуге болады: келісілген экономи­калық саясат жүргізу және экономиканы реттеу жүйесін үйлестіру; қызмет көрсе­тудің ортақ рыногын жасау; капиталдың ортақ рыногын қалыптастыру және келісілген валюталық саясат жүргізу; еңбек ресурстарының ортақ рыногын жасау; ортақ энергетикалық рынок қалыптастыру, энер­гетика мен көлік саласында табиғи моно­полиялардың қызметіне қолжетім­ділікті туғызу; техникалық реттеу деген сияқты.

БЭК-ті құрайтын төрт құрамдас бөліктің біреуі – тауарлардың ортақ рыно­гы – жұмыс істеп тұрған Кеден одағымен атқарылып отыр. БЭК-тің тағы бір маңызды бөлігі – қызмет көрсетудің ортақ рыногының алғышарттары 2012 жылдың басында жасалмақ. Осының шеңберінде БЭК-ке қатысушы мемлекеттер өздеріндегі заңды және жеке тұлғалардың қызмет көрсету рыноктарына енудің ұлт­тық режімдерін бекітуге ұмтылып, арнайы лицен­зияны қажетсінетін қызмет түрлеріне берілген лицензияларды мойындауды қамта­масыз етеді және ұлттық заңнама­ларды үйлестіреді, ал қызмет көрсету саудасы бойынша үшінші елдерге қатысты келісілген саясат жүргізеді.

2013 жылғы 1 қаңтардан жүктерді тасымалдаудың темір жол тарифтері бір жүйеге түсіріліп, әрбір мемлекеттің тер­риторияларында қолданылып келген бұрынғы экспорттық, импорттық және ішкі тарифтер жойылады. Олардың орнына ортақ тариф енгізіледі. 2015 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше мемлекеттердің жүк тасымалдаушылары үшін темір жол инфрақұрылымын еркін пайдалану мүмкін­дігі қамтамасыз етіледі.

2014 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мү­ше елдер үшін мемлекеттік (муници­палдық) сатып алу жүйесінде ұлттық режім қолданылатын болады.

2014 жылғы 1 қаңтардан капиталдың ортақ рыногын құру шеңберінде БЭК-ке мүше елдердің ұлттық режім жағдайында қаржы, банк және сақтандыру қызмет­теріне еркін ену қамтамасыз етіліп, инвес­тициялық қызметке теңқұқықтық жағдай жасалады, валюталық операцияларға шектеу алынып тасталады.

2015 жылғы 1 қаңтарға дейін газ бағасы бойынша (нарықтық) бірдей пайда түсе­тіндей жағдайға қол жеткізіледі.

БЭК-те ортақ еңбек рыногы қалыпта­сады. БЭК-ке мүше елдердің еңбек миг­рант­тары белгілі бір әлеуметтік кепілдіктерді пайдаланып, олардың құқықтары қорғалатын болады. Осы аталған шаралар­дың бәрі 2016 жылдың 1 қаңтарынан БЭК-тің толық сипатта жұмыс істеуін қам­та­масыз етеді.

БЭК-ті құру – бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсен­діліктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұн­дай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсе­тудің сапасын жақсартудың ма­ңыз­ды ынталандырушысы болып табылады. БЭК-ті қалыптастыруда нормалар мен ережелерді бір ізге түсіру мен үйлестіру кәсіп­орындарда бәсекеге қабілетті өнім­дер шығаруға және оларды дамудың ин­нова­ция­лық жолына салуға қолайлы жағдай жасайды.

Биылғы жылдың 18 қарашасында посткеңестік аумақ елдері үшін тарихи оқиға болып, Ресей, Қазақстан және Беларусь президенттері Еуразиялық эконо­микалық интеграция туралы Декларация мен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жөніндегі келісімді қабылдады.

2011 жылғы 26 қазанда «Известияда» Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразиялық одақ: идеядан болашақтың тарихына» деген бағдарламалық мақала­сы жарияланып, онда Еуразиялық эконо­ми­калық одаққа ұласатын Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің одан әрі дамуының мүмкіндіктері на­нымды түрде бейнеленді.

ЕурАзЭҚ-тың дамуының практикалық нәтижелерін бағалай келе, Қазақстан Президенті 11 жыл ішінде қоғамдастықта интеграцияның әр түрлі өлшемдердегі тиімді жылжуын қамтамасыз ететін тораптық механизмдерінің, оның ішінде, салалық деңгейде, сондай-ақ кәсіпкерлер, ғылым қайраткерлері, жастардың баста­масымен құрылған құрылымдарының қалыптасқанын атап көрсетті.

Жақында жарық көрген «Евразийский проект Нурсултана Назарбаева, вопло­щен­ный в жизнь» деп аталатын кітапта тұңғыш рет құжаттық негізде іргелес Еуразия мемлекеттерінің интеграциялық үдерістері қарастырылды және тиімді жұмыс істеп тұрған әрі Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия жобасының жүзеге асуының өзекті құралдарына айналған ЕурАзЭҚ, Кеден одағы және қалыптасып келе жатқан Біртұтас экономикалық кеңістіктің дамуы талданды.

Қазақстан Көшбасшысы өрісі кең Еура­зиялық мемлекеттер одағын қалып­тас­тыру идеясын ұсынып, мұндай инте­грациялық ұсыныстың тиімділігіне іргелес мемлекет­тердің басшыларын сендіре отырып және солардың белсенді қаты­суымен осынау еуразиялық жобаны табысты түрде жүзеге асыра білді. Ой мен практиканың осындай тұтастығы және оларды сабақтас та нық сипатта ілгерілету Еуразия жобасының табысты болуын қамтамасыз етті.

Әдістемелік нұсқаулар: Қазіргі кезде посткеңестік елдер арасындағы экономикалық ықпалдасудың тиімді және тиімсіз жақтарын салыстыра отырып қарастыру.

 

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1.      Назарбаев Н. А. Проект Евразийского союза: проблемы и перспективы интеграции. // Евразийский университет и мир Евразии.- Астана, 2006.

2.      Назарбаев Н.А. Евразийский экономический союз: теория или реальность. // Известия.-2009.-19 марта.

3.      Абуталипов С. Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестердің бүгінгі бағыты мен бағдары. // Ақиқат, №2, 2004.- Б.29-31.

 

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.      Евразийство в ХХІ веке: проблемы и преспективы. / Под ред. А.Н. Нысанбаева.- Алматы, 2009.- 334 с.

2.      Назарбаев Н.А. Евразийский экономический союз: теория или реальность. // Известия.-2009.-19 марта.

3.      Абуталипов С. Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестердің бүгінгі бағыты мен бағдары. // Ақиқат, №2, 2004.- Б.29-31.

 

Категория: Еуразияшылдык | Добавил: nauriz (31.01.2014)
Просмотров: 1610 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!